Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет8/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Р/с 

Нәтижелер көрсеткіштері



Өлш. 

бірл.


2 0 1 4  

ж ы л  


(

факт)


Болжам

Орындауға 

жауаптылар

2015


жыл

2016


жыл

2017


жыл

2018


жыл

2019


жыл

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

1.



Өндіріске  енгізілген  технологиялар 

саны


бірл.

2

-



2

6

6



6

И Д М ,  

"

ҰТДА" АҚ


2.

Салалардың технологиялық міндеттерін 

шешуге бағытталған жобалар саны

бірл.


-

-

2



2

2

2



И Д М ,  

"

ҰТДА"



3.

Құрылған


бірл.

-

-



1

1

2



1

ИДМ,


технологияларды дамыту орталықтарының саны

"ИТП" 


АКҚ

4

.



"ИТП"  АЭА  қатысушыларына  қосу  үшін  кластерде  инкубацияланған 

технологиялық жаңа компаниялардың саны

бірл

.

-



7 11 14 18

ИДМ,  "


ИТП" 

АКҚ


5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға

қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      Қазақстанның мемлекеттік өнеркәсіптік саясаты шынайылық (ағымдағы жағдайды 

және  экономиканың  нақты  мүмкіндіктерін  объективті  бағалау),  дәйектілік  (алға 

қойылған  ұзақ  мерзімді  мақсаттарға  жоспарлы  қол  жеткізу),  прагматикалық  (алға 

қойылған мақсаттарға қол жеткізудің айқын пайымы) қағидаттарында жүргізіледі.

            2010  жылдан  бері  экономиканы  әртараптандыру  элементі  ретінде  проактивтік 

өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру басталды.

      Бұл ретте шикізат нарықтарындағы құбылмалылыққа және басқа да бақыланбайтын

факторларға тәуелділігі мейлінше аз секторларды ынталандыру арқылы тау-кен өндіру 

секторының ықпалын төмендету жолымен экономиканың айтарлықтай орнықтылығын 

қамтамасыз ету әртараптандыру ретінде түсініледі.

      Мұндай секторларға өңдеуші сектор және өнімді көрсетілетін қызметтер секторы 

жатады.



            Өнімді  көрсетілетін  қызметтер  -  қосылған  құнды  қайта  бөлумен  (қаржы,  сауда, 

делдалдық  көрсетілетін  қызметтер)  емес,  шынайы  экономикалық  құндылықты 

қалыптастырумен  байланысты  көрсетілетін  қызметтер.  Өнімді  көрсетілетін 

қызметтерге  инжиниринг  пен  сервисті,  көліктік,  ақпараттық-коммуникациялық, 

ғарыштық,  білім  беру  және  денсаулық  сақтау,  зерттеу  саласындағы  әлеуметтік 

көрсетілетін  қызметтерді,  қызмет  көрсету  және  тұрмыс,  туризм  және  т.б.  салаларды 

жатқызуға болады.

      Жағдайы (аумағы, халқы, шикізаттық бағдары және т.б.) ұқсас елдер - Канада және 

Аустралия  бойынша  талдау  бұл  елдер  экономикаларының  орнықтылығы  ұзақ  кезең 

бойы  өңдеуші  сектордың  және  өнімді  көрсетілетін  қызметтердің  жиынтық  үлесін 

ЖІӨ-ден  44-47%  деңгейде  сақтап  тұрумен  қамтамасыз  етілетінін  көрсетті  (2014 

жылдың  қорытындысы  бойынша  өңдеуші  сектор  -  тиісінше  11%  және  6%,  өнімді 

көрсетілетін қызметтер - 33% және 41%).

            Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика 

комитетінің  деректері  және  "Қазақстандық  индустрияны  дамыту  институты" 

акционерлік  қоғамының  (бұдан  әрі  -  "ҚИДИ"  АҚ)  есептері  бойынша  2014  жылдың 

қорытындысы  бойынша  Қазақстандағы  өңдеуші  өнеркәсіп  пен  өнімді  көрсетілетін 

қызметтердің  жиынтық  үлесі  39%  құрады.  Орнықты  сервистік-индустриялық 

экономиканы құру үшін бұл көрсеткіш 2035 жылға қарай 46%-ға дейін жеткізілуге тиіс 

(елдің  шынайы  мүмкіндіктері  мен  әлемдік  экономикадағы  көрсетілетін  қызметтер 

үлесін ұлғайту бойынша жаһандық үрдісті ескере отырып).

      Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіптің үлесі салыстырмалы төмен деңгейде - шамамен 11-

12%  деңгейінде  қалып  отыр.  Алайда,  өңдеуші  секторды  дамытудың  маңыздылығы 

жоғары технологиялы көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыруға, оларсыз "

инновациялық  экономиканы"  қалыптастыру  мүмкін  болмайтын  инженерлік 

құзыреттіліктерді және сапалы жұмыс орындарын құруға сайып келеді.

            Осылайша,  таяудағы  уақытта  Қазақстан  алдында  "шикізаттық  бәсекелестік" 

факторымен  алға  ілгерілейтін  экономикадан  кейіннен  "инновациялар  факторы" 

ілгерілететін  экономиканы  қалыптастыруды  бастау  алғышарттарына  қол  жеткізу 



арқылы  "инвестициялар  факторы"  есебінен  өсуге  негізделген  экономикаға  көшу 

процесін жалғастыру міндеті тұр деуге болады.

      Өңдеуші секторда ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігімен салыстыруға 

келетін  еңбек  өнімділігінің  деңгейіне  қол  жеткізу  ондағы  тиімді  инновациялық 

экономикаға өтудің негізгі көрсеткіші болады. Есептер бойынша 2035 жылға қарай бұл 

көрсеткіш бір жұмыскерге 105,3 мың АҚШ долларын құрайтын болады.

      2014 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек 

өнімділігі  шамамен  42,6  мың  АҚШ  долларын  құрады  (ЭЫДҰ  бойынша  орташа 

көрсеткіштен шамамен 45% ). Алайда, 2015 жылдың нәтижесі бойынша құнсыздану 

13

әсерін ескере отырып, көрсеткіш бір жұмыскерге шамамен 30-33 мың АҚШ долларына 



дейін төмендеп, еңсеру қажет алшақтықты одан сайын ұлғайтуы мүмкін.

           

  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика  министрлігі  Статистика 

13

комитетінің  және  ЭЫДҰ  деректерінің  негізінде  "ҚИДИ"  АҚ  есептері  http://



stats.oecd.org.

            Бұл  өндірісті  жаңғырту  және  заманауи  жаңа  жобаларды  іске  асыру  саясатынан 

басқа,  өнімнің  өзіндік  құнының  азаюмен,  энергияны  үнемдеумен  және  ресурс 

тиімділігімен,  оның  сапасы  мен  игерілу  жылдамдығының  артуымен,  өз  өнімін 

маркетингтік  сүйемелдеумен  және  ілгерілетумен  байланысты  үздік  практикаларды 

енгізуге  отандық  кәсіпорындарды  ынталандыруды  күшейту  қажеттілігін  айқындап 

береді.

            Негізгі  шикізаттық  экспорттық  тауарлар  бағасының  құлдырауы  сауда  теңгерімі 



көрсеткіштерінің  нашарлауына  кері  әсер  етеді,  бұл  ұлттық  валютаның  құбылмалы 

айырбас  бағамы  режиміне  өтуіне  әкелуі  мүмкін.  Осыған  байланысты  таяудағы 

жылдары  өнеркәсіптік  саясат  шеңберінде,  ең  алдымен,  шикізат  емес  өнімді 

экспорттауға  бағдарланған  кәсіпорындарды  дамыту  мен  қолдауға  баса  назар 

аударылатын болады.

      Сондай-ақ ұлттық валютаның бағамы құбылмалы айырбас режиміне өтуі шетелдік 

технологиялар  мен  жоғары  технологиялы  жабдықтарды  сатып  алу  мүмкіндіктерінің 



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау