Азық-түлік өнімдерінің өндірісі. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көлемінің
болжалды өсуі әлем халқының ұлғаюымен байланысты. Планета халқының негізгі өсуі
дамушы елдерге тиесілі. Сондай-ақ азық-түлік өнімдерін тұтынудың негізгі драйвері
урбандалу болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) жанындағы Азық-түлік және ауыл
шаруашылығы ұйымының деректері бойынша 2030 жылға қарай өндірілетін тамақ
өнімінің жартысына жуығы Азия өңіріне тиесілі болмақ. Аталған тренд 2050 жылға
қарай да күшейе түсетін болады - өндірілген өнімнің үштен екісі Азияға тиесілі болады
.
Климаттың өзгеруі жер және су ресурстарын пайдалануға кері әсерін тигізуі мүмкін
. Дүниежүзілік Банктің болжалды деректері бойынша 2030 жылға қарай климаттың
жылыну тренді Цельсий бойынша 2 градус деңгейінде болжанады, бұл егістік
алқаптарының 10%-ға азаюына алып келеді.
Осының салдарынан жер ресурстарын сапалы басқару практикасын енгізу, су
ресурстарын басқарудың "ақылды жүйелерін" енгізу, ауыл шаруашылығы саласындағы
тәуекелді басқару құралдарын жақсарту және басқалары есебінен аграрлық сектор да
өнімділікті арттыру болжанады.
Халықаралық үрдістерді және ішкі факторларды ескере отырып, сондай-ақ Ресей
мен Қытайдың ірі нарықтарының жақындығын назарға ала отырып, Қазақстанда
азық-түлік өнімдерінің өндірісі секторының жоғары экспорттық әлеуеті бар.
Агрохимия. Әлемде минералды тыңайтқыштарды тұтынудың өсуі 2050 жылға
қарай Жер тұрғындарының және азық-түлік өнімдерін тұтынудың өсуіне байланысты
1,9 есе ұлғаяды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері
бойынша 2050 жылға қарай азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілік екі есе артады, ал
тұрғындар кірісінің өсуі рационның өзгеруіне ықпал етеді (БҰҰ баяндамасы). Бұл
ретте, әлемдік тұтынудың құрылымында калий тыңайтқыштарының үлесі айтарлықтай
ұлғаяды, бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның дамушы елдерінде, Қытайда, Үндістанда,
Бразилияда тұтынудың өсуімен байланысты.
Әлемдік үрдістер Қазақстанда бәсекеге қабілетті агрохимия өндірісінің дамуына оң
ықпалын тигізеді. Қазақстанның ішкі нарығы да жоғары даму әлеуетіне ие,
тыңайтқыштарды енгізу деңгейі орташа әлемдік деңгейге дейін ұлғайса, минералды
тыңайтқыштарды тұтыну 3 есе өседі.
Мұнай-газ химиясы. Әлемдік практикада бастапқы жартылай өнімдерді химиялық
өңдеуді тереңдету және олардан синтетикалық мономерлер, полимерлер және басқа да
химиялық өнімдер алу шамасына қарай олардың бағасының шамамен 3-5 есе қарқынды
өсуі байқалады. Осыған байланысты мұнай-газ химиясы әлемдегі мұнай-газ саласын
одан әрі дамыту басымдықтарының бірі болады.
Дамушы елдерде байқалатын тұрғындардың өсуі және тұрғындардың жан басына
шаққандағы кірісінің артуы оларда дамыған елдермен салыстырғанда тауарларды
тұтынудың неғұрлым тез өсуіне алып келеді. McKinsey бағалауы бойынша 2025 жылға
қарай орта тап 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 млрд. адамнан 4,2 млрд. адамға дейін, 2
есе дерлік ұлғаяды. Сондықтан мұнай-газ химиясы саласының базалық өнімдерінің
әлемдік импортының назары дамушы елдерге қарай ығысады.
Осылайша, мұнай-газ химиясы өнімдерін тұтынудың екі есе артуын күтуге болады.
Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия (Қытай, Жапония және басқалары) нарықтарына
бағытталған мұнай-газ химиясы өндірістерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, макроөңірдің басқа да нарықтарында (Түркия, Ресей) сұраныс артатын
болады.
Ұзақ мерзімді перспективада әлемдік нарықтағы мұнай-газ химиясы өнімдерінің
арасында полиэтилен мен полипропилен ең көп сұранысқа ие болады, ал бұл барлық
полимерді жалпы тұтынудың 60%-ы. Бұл ретте, аталған полимерлердің әлемдік өндірісі
, тіпті 2025 жылға дейін болжанған барлық жобалар іске асырылғанның өзінде,
сұраныстан артта қалатын болады. Халықаралық Platts және IHS маркетингтік
9
10
компанияларының деректері бойынша полипропиленге сұраныс 2025 жылы 90 млн.
астам тонна, ал ұсыныс тиісінше 90 млн. тонна құрауы мүмкін. Сондай-ақ
полиэтиленге сұраныс 2025 жылы 160 млн. тоннаға дейін артуы, ал ұсыныс тиісінше
шамамен 120 млн. тонна болуы мүмкін.
Әлемнің әртүрлі өңірлерінде саудаланатын мұнайға, мұнай өнімдеріне, табиғи
9
газға, мұнай химиясы өнімдеріне және өнеркәсіптік металдарға баға белгілеуді
жариялауға маманданған ақпараттық агенттік (баға белгілеу агенттігі) (АҚШ).
Аэроғарыш саласы, қорғаныс және қауіпсіздік; автомобиль жасау; химия
10
өнеркәсібі; энергетика; теңіз көлігі және сауда; технология сияқты салалардағы
талдауды және ақпаратты ұсынатын компания (АҚШ).
Қытай, Жапония және басқалары сияқты Азия елдері әлемдік сұраныстың өсу
драйвері болады. Бұл ретте, өндіріс тұрғысынан сапалы және арзан шикізаттың болуы
мұнай-газ химиясының негізгі бәсекелік артықшылығы болып қалатынын атап өту
керек.
Аталған үрдістер әлемдік нарықта, Қытайдың урбандалу және индустриялану
процестерін қоса алғанда, экспорт тұрғысынан Қазақстанның мұнай-газ химиясы
секторының дамуына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, мұнай-газ химиясынсыз балама
энергетиканы (күн панельдері, жел генераторларының қалақшалары, биохимия), жаңа
материалдарды (композиттер) дамыту мүмкін емес.
3.4. Индустриялық дамудың ағымдағы сценарийі
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019
жылдарға арналған тұжырымдамасында екі стратегиялық шарт: әлемдік ресурстар
нарығының конъюнктурасы және макроөңір ішіндегі интеграциялық дәрежесі негізінде
4 индустриялық даму сценарийі көзделді.
Бағдарламаны іске асыру уақытында шикізат бағасы төмен болған жағдайда,
макроөңірдегі интеграцияланудың тереңдеуі ықтимал, бұл орта мерзімді перспективада
мынадай салдар тудыратын үшінші сценарийдің басталуына әкеледі:
1) ресурстар бағасының төмендеуі экономиканы тұрақты жоғары кіріс көзінен
айырады;
Достарыңызбен бөлісу: |