Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет6/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

      2) макроөңір елдерімен интеграциялану есебінен Қазақстанның технологияларға 

қол жеткізу мүмкіндігі бар;

      3) макроөңір елдерімен сауда-саттық мүмкіндігі өседі, бұл Қазақстанға нарықтарға 

қолжетімділік  есебінен  нарықтық  позицияларын  жақсартуға  және  шикізат  емес 

экспортты өсіруге мүмкіндік береді;

      4) экономика құрылымы біртіндеп шикізат емес салаларға қарай өзгереді.

            Осы  сценарий  іске  асырылған  кезде  өнімділікті  және  сол  арқылы  бәсекеге 

қабілеттілікті арттыру негізгі мақсатқа айналады. Базалық реттеу:

            1)  мемлекет  тарапынан  фискалды  және  фискалды  емес  ынталандырулар  мен 

преференцияларды ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға;

            2)  Қазақстан  үшін  жаңа  және  инновациялық  өндірістерді  дамыту  үшін  басым 

секторларға ТҰК тартуға;

            3)  Дүниежүзілік  сауда  ұйымының  (бұдан  әрі  -  ДСҰ)  және  Еуразиялық 

экономикалық  одақтың  (бұдан  әрі  -  ЕАЭО)  қағидаларымен  тыйым  салынбаған 

әдістермен экспортты қолдауға;

            4)  кәсіпкерлікті,  шағын  және  орта  бизнесті  (бұдан  әрі  -  ШОБ)  ынталандыруға 

бағытталуға тиіс.

            Бұл  ретте  күтілетін  межелер  нақты  болуға  тиіс.  Мемлекет  тарапынан  көп  күш 

жұмсалған  күннің  өзінде  ықтималдық  үлесі  жоғары  болжанып  отырған  кезеңде 

күтілетін  нәтижелер  (жүргізілетін  макроэкономикалық  саясатты  ескере  отырып), 

өңдеуші  сектордың,  ондағы  ШОБ  үлесінің,  өңделген  өнім  экспортының  өсуі 

салыстырмалы түрде жоғары болмайды.




      Алайда, химияда және мұнай химиясында, түсті және қара металлургияда қайта 

өңделуі жоғары өнімдер өндірісіне, оқшауландыру үлесі жоғары толыққанды машина 

жасауды  құруға  өту  арқылы  базалық  индустрияны  қалыптастыруды  аяқтау 

индустриялық  дамудың  жаңа  деңгейіне  өтуге  және  экономиканың  мұнай  секторына 

тәуелділігін азайтудың бастапқы міндетін шешуге мүмкіндік береді.

      Атап айтқанда, 2025 жылға қарай мыналарға:

      1) экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлар экспортының 43%-ға дейінгі 

үлесіне;


      2) өнімді көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіпте ЭЫДҰ елдері 

бойынша орташа деңгейдің 68%-ына дейінгі еңбек өнімділігіне қол жеткізу күтіледі.

      Осы көрсеткіштерге қол жеткізу жаңа өндірістік технологияларды жалқы енгізуден 

жаппай  енгізуге  өтуге,  ең  заманауи  ғылым  мен  инженерия  негізінде  жоғары  тиімді 

индустриялық кәсіпкерлік құруға мүмкіндік береді.

      Осылайша, біртіндеп жылдамдатылған эволюциялық жолдың сәтті болу мүмкіндігі 

мейлінше  жоғары.  Мұны  Оңтүстік  Кореяның,  Қытайдың  және  басқа  да  елдердің 

тәжірибесі дәлелдейді.

            Атап  айтқанда,  Оңтүстік  Кореяның  индустриялық-инновациялық  қалыптасуына 

1962 жылдан бастап 1991 жылға дейін экономикалық дамудың жүйелі және кезеңдік 

бесжылдық  жоспарларын  іске  асыру  есебінен  қол  жеткізілді .  Бұл  ретте  бірінші 

11

онжылдық кезең (1962 жылдан бастап 1972 жылға дейін) өнеркәсіптік инфрақұрылым 



мен  базалық  салаларды:  тоқыма  өнеркәсібін,  қара  металлургияны,  ауыр  машина 

жасауды,  химия  өнеркәсібін  дамытуға  бағдарланды.  Екінші  онжылдық  кезең  (1972 

жылдан  бастап  1981  жылға  дейін)  инфрақұрылымды  одан  әрі  дамытуға,  базалық 

салаларды  қайта  құрылымдауға  және  технологиялық  қабілеттілікті  дамыту  үшін 

негіздер  құруға  бағытталды.  Келесі  онжылдық  кезеңде  (1982  жылдан  бастап  1991 

жылға  дейін)  салалардың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  жоғары  технологиялық 

өндірістерді дамыту және инновациялық даму үшін негіз құру мақсаты көзделді.



            Қазіргі  уақытта  білім  экономикасын  құру  Оңтүстік  Кореяның  экономикалық 

саясатының ұзақ мерзімді басымдығы болып табылады.

      Қытайда әзірленіп жатқан "China Manufacturing 2025"  бағдарламасы 2050 жылға 

12

қарай  өңдеуші  өнеркәсіпте  әлемдік  көшбасшылыққа  қол  жеткізу  жолындағы  3 



онжылдық  жоспардың  біріншісі  ғана  болып  табылады.  Бұл  ретте  1949  жылы 

тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап Қытай өнеркәсібі дамудың отыз жылдағы 2 

кезеңінен өтті:

            1952-1978  жылдар  -  ауыр  өнеркәсіпке  назар  аудара  отырып,  базалық  индустрия 

құру;

      1979-2014 жылдар - ауқымды (сандық) индустрияландыруды дамыту.



      "China Manufacturing 2025" Қытайдың өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін

одан әрі арттыруға бағытталған. Ол Қытай өңдеуші өнеркәсібіндегі "Қытайда жасалған

"  басымдығынан  "Қытай  жасаған"  басымдығына,  жылдамдықтан  сапаға  және 

өнімдерден брендтерге өтуді меңзейді. Қытай экономикасының "орташа кіріс тұзағына

"  түсу  қаупін  еңсеруі,  сондай-ақ  оның  орташа  даму  мәртебесінен  жоғары  даму 

мәртебесіне көшуі бұл бағдарламаны іске асырудың жалпы тиімділігі болуға тиіс.

        Дереккөз: Корея даму институты (Korea Development Institute) http://www.kdi.re.

11

           



  Дереккөз:  Қытай  Инженерлік  Академиясының  интернет-ресурсы  (Chinese 

12

Academy of Engineering) - негізгі идеолог "China Manufacturing 2025") http://en.cae.cn.



4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы

индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамытудың мақсаты, 

міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары




            Бағдарламаның  мақсаты:  Еңбек  өнімділігін  арттыруға  және  өңделген  тауарлар 

экспортының  көлемін  ұлғайтуға  бағытталған  өңдеуші  өнеркәсіптің  бәсекеге 

қабілеттілігін екпінді ынталандыру.

      Бағдарлама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін 

болады (1-кесте):

      1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге 

қарағанда 19%-ға өсуі;

      2) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты 

мәнде 22%-ға өсуі;

            3)  өңдеуші  өнеркәсіпте  негізгі  капиталға  инвестициялар  көлемі  4,5  трлн.  теңге 

сомасында;

            4)  өңдеуші  өнеркәсіптегі  энергия  сыйымдылығының  2014  жылғы  деңгейге 

қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.

      1-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі нысаналы индикаторлар

Р/с



Нысаналы индикаторлар



Ө л ш .  

бірл.


Ақпарат

көзі


2014 

жыл  (


факт)

Болжам


Орындауға 

жауаптылар

2015 

жыл


2016

жыл


2017 

жыл


2018 

жыл


2019 

жыл


1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

1.



Өңдеуші  өнеркәсіп  өнімдері 

экспортының 

құндық 

көлемінің өсуі



алдыңғы

жылға %


Ұ Э М  

СК

94,3



106,3

*

86



112,8 110,3 111,2

И Д М ,  

АШМ, ЭМ

2015  жылға 



қарай %

134 100


86

97

107



119

2

.



Өңдеуші 

өнеркәсіптегі 

еңбек 

өнімділігінің нақты өсуі



алдыңғы 

жылға %


ҰЭМ 

СК

85,2



113,2

*

101,3 104,2 106



109,1

ИДМ,


АШМ

, ЭМ



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау