3 қосымша
«Айналамыздағы математика» жобасы аясында
«Облыс оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту»
тақырыбындағы педагогикалық жобалар байкауының
ережесі
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Осы ереже «Айналамыздағы математика» педагогикалық жобасының шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының математикалық біліктілігін дамытуға бағытталған педагогикалық жобалар байқауын өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды (бұдан әрі – Байқау).
1.2. Байқау өткізу тәртібі ережемен анықталады.
1.3. Байқау бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқытудың зерттеу әдістерін жүзеге асыруға қосу жолымен жобаны жүзеге асыру шеңберінде бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін анықтауға және таратуға бағытталған.
2. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ
Педагогикалық тәжірибені көрсету және дәріптеу, білім беруді жаңарту жағдайларында білім беру үрдісінің нәтижелілігі мен қарқындылығын арттыруға ықпал ету.
3. БАЙҚАУ МІНДЕТТЕРІ
Педагогтердің кәсіби өсуі, табысты педагогикалық жобаларды дайындау мен жүргізу үшін жағдай жасау, педагогтердің ақпараттық мәдениеті мен біліктілігінің деңгейін арттыру, педагогтердің жобалық қызметінің тәжірибесін дәріптеу.
3. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ШАРТТАРЫ
4.1. Педагог жобаларын қорғау 2018 жылдың 2 қарашада Қарағанды қаласында өтеді.
4.2. Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді (бұдан әрі – ОӘО).
5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ
5.1. Байқауға аудан/қалалардың жобаға қатысушы мектептері қатысады.
5.2. Ұжымдық жобаларды қорғауға үміткерлерді ұсыну орындарда байқау өткізілгеннен кейін қалалық/аудандық білім бөлімдерімен жүзеге асырылады. (аудан/қаладан бір жоба қабылданады).
6. ЖОБА ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
6.1. Байқау материалдары қағаз және электронды нұсқаларда (диск CD, CD-R) қабылданады.
6.2. Байқау жұмысы қамтуы тиіс:
жоба атауын;
тақырып маңыздылығын;
мәселенің берілісін (мәселе неде, қандай сұрақтарға жауап беру керек?);
жобаның мақсаттары мен міндеттері;
жүзеге асыру кезеңдері;
ресурстар: адамдар, мерзімі;
күтілетін нәтижелер;
нәтиже: жүзеге асыруға дайын жоба.
9. қосымшалар (жоба шеңберінде іс-шара сценарийі, сауалнама материалдары және авторлардың шешімі бойынша т.б.).
6.2. Қазылар алқасы байқау материалдарын бағалауда келесі критерийлерді негізге алады:
мазмұнның жоба тақырыбына сәйкестілігі;
жоба маңыздылығы негізделген, шешуге бағытталған жоба мәселесі анық көрсетілген;
жобаның мақсаты мен міндеттері бір-біріне және шешілетін мәселеге сәйкес;
жобаның күтілетін нәтижесі жоба мақсатымен байланысты. Оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы үшін нәтижелер болжанған;
іс-әрекет пен іс-шара жоспары қойылған міндеттерді, мәселелерді шешуге, мақсатқа жетуге және күтілетін нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Жоба бойынша іс-әрекет жоспары шынайы, орындалатын және қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген (кадрлық, материалдық, қаржылай);
жобада одан әрі даму келешегі бар;
жобаға қатысушылар қызметі түрлерінің әр түрлілілігі және оңтайлы үйлестірілуі;
жобаның толықтығы және технологиялылығы;
қосымшалар сапасы;
рәсімедуге қойылатын талаптарды орындау.
Жобаны бағалау критерийлері:
сәйкестілігі – 2 ұпай;
толық көлемде сәйкес болмауы – 1 ұпай;
сәйкес болмауы – 0 ұпай.
6.3. Әзірлемелер мәтінінің көлемі 10-нан 15 бетке дейін (қосымшаларды қоса алғанда), Microsoft Word мәтіндік редакторында (14 шрифт Times New Roman) жалаң интервалда жасалады, жиектері 2 см, абзац 1 см. Негізгі бетте білім беру ұйымының атауы (толық), жоба атауы, автордың (-лардың) тегі, аты, әкесінің аты (толық) көрсетіледі.
6.4. Жобаны көпшілік алдында қорғау:
баяндаманың, презентацияның ұзақтығы 5 минуттан көп емес, сұрақтар мен талқылаулар – 2 минут;
жұмысты қорғау көрнекі материалдармен сүйемелденуі тиіс:
сызбалар, фотосуреттер, суреттер және т.б. Баяндаманы мультимедиялық презентациямен, бейнефильм, слайд-фильм көрсетумен сүйемелдеген дұрыс.
6.4. Жоба қорғалуын бағалауды қазылар алқасы келесі критерийлерге сәйкес жүзеге асырады:
педагогикалық идеялардың, оқуға тарту мақсатында оқушылардың оқу қызығушылығына әсер ететін белсенді формалар мен әдістердің толықтығы мен көлемі;
рәсімдеудің көрнекілігі, мазмұндылығы және мазмұндау сапасы;
авторлардың құзыреттілігі;
авторлардың жобалық-зерттеу жұмысына қатысу деңгейі;
педагог тұлғасының мәдениеті, эмоционалдығы, бейнелілігі, педагогикалық әртістілігі және эрудициясы;
мазмұндау логикасы, ашықтығы, түпнұсқалылығы, мазмұндау түрі, сауаттылығы, мәдениеті және сөз сөйлеу мәнерлілігі.
6.5. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |