Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет4/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

      Жаңа буын кемелері мен автомобильдері болаттың жаңа түрлерін талап етеді, олар 

барынша  берік  әрі  жеңіл  болмақ.  Таяудағы  10  жылда  автомобиль  корпорациялары 

ерекше беріктігімен, салмағының жеңілдігімен және экологиялылығымен сипатталатын

болаттың  AHSS   (Advanced  High-Strength  Steels)  жаңа  маркаларын  белсенді  түрде 

4

енгізетін болады.



            Сонымен  бірге,  әлемдік  қара  металлургияның  дамуы  экологиялық,  энергия 

тиімділігі  және  еңбек  өнімділігі  бойынша  талаптарды  күшейту  жағдайларында 

жүргізілетін болады.

        Әлемдік болат өндірушілер қауымдастығы https://www.worldsteel.org.

3

        Алдыңғы қатарлы өте берік болаттар.



4

            Жаһандық  трендтер  мен  өсіп  келе  жатқан  жергілікті  өткізу  нарықтарын  (Иран, 

Батыс  Қытай,  Шығыс  Ресей)  ескере  отырып,  Қазақстанның  қара  металлургия 

секторының экспорттық әлеуетін кеңейту бойынша перспективалары бар.

      Түсті металлургия. Түсті металлургия бойынша ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың 

өсуі  болжанып  отыр.  Айталық,  мыстың  қажеттілігі  2030  жылға  қарай  70%-ға, 

алюминий  -  50%-ға,  мырыш  -  тиісінше  70%-ға  артатын  болады.  Бұған  дәстүрлі 

секторлардағы  тұтынудың  өсуі  (өсіп  келе  жатқан  халық  пен  урбандалудың 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру),  экономиканың  секторларында  (ЖЭК,  жаңа  көлік) 

артып  келе  жатқан  тұтыну,  сондай-ақ  балама  өніммен  (қорғасыннан  басқа) 

алмастырудың қиындығы ықпал етеді.

            Көліктің  жаңа  түрлері  (электромобильдер),  ЖЭК  (жел  және  күн  энергетикасы) 

сияқты  экономиканың  жаңа  секторларында  мыс,  алюминий,  мырыш,  титан  сияқты 

дәстүрлі металдар сұранысқа ие болады. Мысалға электромобильде мыс пен алюминий

шығыны іштен жанатын қозғалтқыштары бар автомобильдерге қарағанда, тиісінше, 4 

және  2  есе  көп  болады.  Неғұрлым  жетілдірілген,  сапалы  және  экологиялық  таза 

металдарға  (құрамдастырылған  металдар)  сұраныс  күшейеді.  Сондай-ақ,  кен 



орындарының  сарқылуы  есебінен  әлемде  қалдықтар  мен  сынықтардан  жасалатын 

металдардың қайталама өндірісінің (recycling - өңдеу) үлесі ұлғаятын болады.

            Өндіріс  процестерінің  өзгеруі  де  түсті  металлургия  саласына  ықпал  ететін 

трендтердің бірі болып табылады. Олардың ішінде: өндірістің экологиялығы бойынша 

талаптарды күшейту және энергия тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру; шикізатты 

кешенді  өңдеу  (ілеспе  металл  алу)  мен  қалдықтарды  өңдеудің  маңызының  артуы; 

шикізатты тереңдетіп қайта өңдеуге және дайын өнімдерге көшу.

      Халықаралық үрдістер Қазақстанның түсті металлургия өнімінің көлемін кеңейтуге 

және экспортын әртараптандыруға оң ықпалын тигізетін болады.

            Автомобиль  өндірісі.  KPMG   болжамына  сәйкес  2020  жылға  қарай  жаһандық 

5

деңгейде  автомобильдер  саудасы  ағымдағы  деңгеймен  салыстырғанда  23%-ға  өседі. 



Бұл ретте, тұтынудың өсуінің басты драйвері дамушы елдер болады. Бұл тұрғындардың

жан  басына  шаққандағы  автомобильмен  қамтамасыз  етілуінің  төмен  деңгейіне  және 

дамушы  елдерде  автомобиль  паркінің  орташа  пайдаланылу  мерзімінің  жоғары 

деңгейіне  байланысты.  Мәселен,  IHS  Automotive   болжамдарына  сәйкес  2019  жылға 

6

қарай әлемде шығарылған автомобильдердің барлығының 57%-ы дамушы нарықтарға 



тиесілі болады.

        Үлкен төрттіктің аудиторлық компанияларының бірі.

5

        Автомобиль өнеркәсібіндегі халықаралық консалтингтік компания.



6

            Өндіріс  процесінде:  тігінен  интеграцияланған  ірі  зауыттардан  тікелей  өткізу 

өңірінде орналасқан жинақы өндірістік құрастыру алаңдарына кезең-кезеңмен көшу.

      Өнімде: сұранысты балама отынмен (электр тогы, сутек) жүретін автомобильдерге 

ығыстыру.  Бұл  ретте  дәстүрлі  автомобильдердің  де,  балама  отынмен  жүретін 

автомобильдердің  де  өндірісі  тиісті  құзыреттер  болған  жағдайда,  құрастыру 

алаңдарында салыстырмалы түрде оңай іске асырылады.



      Тұтыну тәсілінде: автомобильді жеке пайдаланудан бірлесіп пайдалануға көшу (car 

sharing,  операциялық  лизинг  және  т.б.).  Автомобильдерді  бірлесіп  пайдалану  жүйесі 

автомобильмен қамтамасыз етілу және адами даму индексінің деңгейі жоғары елдерде 

кеңінен таралған (1000 адамға 500-ден астам автомобиль).

      Әлемдік трендтер Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал ететін 

болады,  бұл  металлургия,  резеңке  бұйымдарының  өндірісі,  шыны  өндірісі,  тоқыма 

өнеркәсібі,  электр  жабдықтары  мен  аспаптарының  өндірісі,  ҒЗТҚЖ  және  т.б.  сияқты 

аралас салаларды дамытуға ықпал етеді. Мықты ғылыми базасы мен технологиялары 

бар  елдермен  және  ТҰК-пен  әріптестік  аталған  аспектідегі  түйінді  шарт  болып 

табылады. Отандық автомобиль өнеркәсібін Қазақстан Республикасының халықаралық 

міндеттемелеріне  қайшы  келмейтін  әдістермен  қолдаған  жағдайда,  осы  өнеркәсіптің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі пайда болады.

      Электр жабдығының өндірісі. Electrical & Power Review  деректеріне сәйкес әлемдік

7

электр жабдықтарының нарығы 2030 жылға қарай 3 трлн. АҚШ долларынан 6,8 трлн. 



АҚШ долларына дейін артады. Бұл ретте 30%-дан артығын трансформаторлар нарығы 

иеленетін  болады.  Бұл  өсу  жекеше  және  мемлекеттік  электр  энергетикалық 

компаниялар тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты болады. The Business Research 

Company   деректеріне  сәйкес  электр  моторлары,  жарық  түсіру  жабдығы,  ауа  баптау 

8

жүйелері  сияқты  сектордың  негізгі  өнімдерінің  өндірісі  мыс,  алюминий  және  болат 



сияқты шикізатқа деген сұранысты тудыратын болады. Тұрақты ток электр энергиясын 

тұтынушылардың  өсуі  өнеркәсіптік  автоматтандыру  нарығының  негізгі  10  трендінің 

бірі болып жарияланды.

        Дереккөз http://www.empmagazine.com/article.php.

7

              Тұтынушылар  нарығын  зерттеуге  маманданған  халықаралық  консалтингтік 



8

компания https://www.newswire.com/press-release/electronic-equipment-global-market.

      Урбандалудың артып келе жатқан тренді, сондай-ақ орта тап өкілдерінің, әсіресе 

Үндістан мен Қытайда өсіп келе жатқан саны сектордың дамуында барынша үлкен рөл 

атқаратын болады.



жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау