Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 2019



жүктеу 338,05 Kb.
Pdf просмотр
бет9/22
Дата29.12.2019
өлшемі338,05 Kb.
#25384
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

қымбаттауы  есебінен  нашарлауына,  сондай-ақ  отандық  екінші  деңгейдегі  банктер  (

бұдан әрі - ЕДБ) арқылы кредиттік ресурстарға қолжетімділіктің нашарлауынан бизнес 

белсенділіктің жалпы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

            Бағдарлама  қызметінің  бүкіл  кезеңінде  макроэкономикалық  көрсеткіштердің 

орнықтылығын  қамтамасыз  ету  өнеркәсіптік  саясаттың  сәтті  болуының  ең  қажетті 

шарты  болып  табылады,  атап  айтқанда,  ұлттық  валюта  бағамының  күрт  құбылуы, 

өңдеуші  секторды  дамытуға  бағдарланбаған  салық  және  ақша-кредит  саясаты, 

экономиканың  шынайы  секторын  кредиттеудің  жеткіліксіз  көлемі  Бағдарламаның 

міндеттері мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге шектеуші ықпал етеді.

            Есептер  бойынша,  2015  жылмен  салыстырғанда  2019  жылға  қарай  өңдеуші 

сектордағы  экспорт  көлемін  19%-ға  ұлғайту  және  еңбек  өнімділігі  деңгейін  22%  -ға 

арттыру  үшін  негізгі  капиталға  4,5  трлн,  теңге  инвестициялар  қажет.  Сондықтан, 

отандық  қаржы  секторының  жағдайын  тез  арада  қалыпқа  келтіру  ғана  жеке  бизнесті 

өңдеуші сектордағы жобаларды іске асыруға қажетті қолжетімді ақша ресурстарымен 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

            Шетелдік  компаниялармен,  ең  алдымен  ТҰК-пен  жұмыстың  тиімділігі  мен 

атаулылығын  арттыруға,  сондай-ақ  ЭЫДҰ  елдерінің  стандарттарына  сәйкес  келетін 

тартымды инвестахуал құруға бағдарланған шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа 

саясаты ішкі нарықты қажетті ақша қаражатымен толықтыру бойынша маңызды шара 

болмақ.


            Жаңа  нарықтарды  игеруге  және  өнімділікке  назар  аударылып,  мемлекеттік 

қолдаудың  ағымдағы  жүйесі  түбегейлі  өзгереді.  Экономика  салалары  мен  әлеуметтік 

саланың  цифрлы  тұғырнамаға  өтуі,  креативті  адами  капиталды  дамытуды 

ынталандыратын  орта  құру  түйінді  бағдарларға  айналады.  Бұл  ретте  5  саладағы  (

металлургия,  химия,  мұнай  өңдеу,  машина  жасау,  азық-түлік  өнімдерінің  өндірісі)  8 

басым сектор (қара металлургия, түсті металлургия, агрохимия, мұнай өңдеу, мұнай-газ

химиясы,  автомобильдер  өндірісі,  азық-түлік  өнімдерінің  өндірісі,  электр 

жабдықтарының өндірісі) кәсіпорындары неғұрлым көп қолдауға ие болады.




            Баяндалғанды  ескере  отырып,  Бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  мынадай  негізгі 

тәсілдер қолданылатын болады:

      1. Жеке бастамаларды қолдаудың мемлекеттік бастамалардан басым түсуі.

      Мемлекеттік бастамалардан жеке бастамаларды ғана қолдауға кезең-кезеңмен өту 

жүзеге асырылады.

      Ұлттық басқарушы холдингтер мен даму институттары арқылы тікелей мемлекеттік

қаржыландыру құралдары негізінен іске қосылуы индустриялық өсудің жаңа базасын 

құруға  мүмкіндік  беретін  басталған,  жаңа  сала  түзуші  ірі  жобаларды  аяқтауға, 

сондай-ақ  шикізат  емес  тауарларды  өткізу  үшін  жаңа  нарықтарды  игеру  бойынша 

өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға шоғырландырылатын болады.

      Даму институттарының атаулы қолдау шараларын ұсынуы бойынша өлшемшарттар

(кредиттеу,  қоса  қаржыландыру,  кредиттер  бойынша  пайыздық  мөлшерлемелерді 

субсидиялау  және  т.б.)  бастамашының  көбірек  қаржылай  қатысуы  жағына  қарай 

өзгертіледі.  Еңбек  өнімділігін  ұлғайту  және  өңделген  өнімдерді  өткізу  үшін 

нарықтарды  кеңейту  қаржылай  қолдау  көрсету  үшін  түйінді  өлшемшарттар  болады. 

Даму  институттарының  мемлекеттік  қолдау  құралдарын  ұсынуының  тәсілдері  мен 

өлшемшарттарын қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізіледі.

            Экспортқа  шығатын  және  (немесе)  еңбек  өнімділігінің  деңгейін  арттыруды 

қамтамасыз  ететін  мұнай  емес  сектордың  жұмыс  істеп  тұрған  кез  келген  кәсіпорны 

қолдау алады. 2017 жылдан бастап барлық қаражаттың кемінде 60%-ы, ал 2018 жылдан

бастап  -  80%-ы  жаңа  схема  бойынша  беріледі.  Бұл  шаралар  ДСҰ,  ЕАЭО  және  басқа 

ұйымдар  шеңберінде  Қазақстан  Республикасы  қабылдаған  халықаралық 

міндеттемелерге сүйеніп көрсетіледі.

            2.  Қолдаудың  жалпы  жүйелік  шараларының  тікелей  жобалық  қолдаудан  басым 

түсуі.

            Бюджет  шығындарын  негізінен  жалпы  жүйелік  сипаттағы  шараларға  - 



инфрақұрылым  салуға,  сервистік  қолдауға  және  жаңа  нарықтарды  игеру  мен  еңбек 


өнімділігін  ынталандыруға,  ақпаратты-талдамалық  қолдауға,  инвестициялық  ахуалды 

жақсартуға, еңбек ресурстарының қолжетімділігіне, білім беру мен ғылыми зерттеулер 

сапасына,  ынталандырушы  техникалық  стандарттарға  және  т.б.  біртіндеп  қайта 

бағдарлау процесі басталады.

            3.  Назарды  ішкі  нарықта  отандық  кәсіпорындарды  қорғаудан  оларды  Қазақстан 

Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге қайшы келмейтін әдістермен 

сыртқы экспорттық нарықтарға бағдарлауға аудару.

            Кәсіпорындарды  қолдау  туралы  шешім  қабылдау  кезіндегі  негізгі  өлшемшарт 

осындай  қолдау  нәтижесінде  салыстырмалы  еңбек  өнімділігі  мен  өңделген  өнімнің 

жалпы экспортын ұлғайту болып табылады. Бұл ретте импортты алмастыруда негізгі 

екпін отандық тауар өндірушілердің мүддесін тікелей ілгерілетуден ауысатын болады.

            Отандық  өндірушілерді  оқшауландыруды  күшейту  бойынша  мақсатты  жұмыс 

жүргізіледі,  мемлекеттік  және  квазимемлекеттік  сектордың,  сондай-ақ  жер  қойнауын 

пайдаланушылардың  сатып  алуына  тең  қолжетімділік  қамтамасыз  етіледі.  Сондай-ақ 

халықаралық актілер нормасы шеңберінде "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық

кәсіпкерлер  палатасының  (бұдан  әрі  -  "Атамекен"  ҰКП)  сертификаттауымен 

расталатын  индустриялық  дамудың  тиісті  деңгейі  бар  кәсіпкерлік  субъектілерінен 

отандық өнімді жол берілетін басымдықпен сатып алу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Осы қағидаттарға негізделе отырып, Бағдарлама шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті 

мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру жалғасатын болады.

            Бірінші  бесжылдық  кезеңде  жаңа  өнеркәсіптік  саясатты  белсенді  іске  асыру 

басталған кезден бері елді индустриясыздандыру процесін тоқтату жөніндегі міндеттер 

шешілді,  индустриялық  кәсіпкерліктің  жаңа  толқынын  қалыптастыру  үшін  базалық 

жағдайлар  жасалды  -  бірінші  кезекте,  индустриялық  әлеуетті  іске  асырудың 

инфрақұрылымдық  шектеулері  алып  тасталды.  Бөлінген  бюджет  қаражатының 

шамамен 90%-ы осы мақсаттарға жұмсалды.

      Екінші бесжылдық барысында бұрын қол жеткізілген нәтижелерді бекітуден басқа, 

тиімді  базалық  индустрия  құру  аяқталады,  өзінің  еңбек  өнімділігін  арттыруға, 




жүктеу 338,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау