§ 408. Тазартушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пештің оттығын, көп қабатты пештердің газ өткізгіштері мен бу өткізгіштерін, ерітуші термиялық пештерді және қондырғыларды, сыршы камераларды, булаушы бағаналарды және кондитерлік пештерді даттан, күлден тазалау және тексеру. Өндірістік желдетпе каналдарының күрделі бөлшектерін тексеру және тазалау. Күрделі өндірістік және арнаулы пештердің өртке қарсы және техникалық қалпын қорытынды тексеру және ол бойынша жазбаша қорытынды рәсімдеу. Көп қабатты үйлер мен өндірістік объектілердгі газ өткізгіштерінің қашауының және байлануының схемасын құру. Істегі өртке қасы ережелер мен нормалары негізінде сәйкесінше техникалық құжаттарды құрумен пештерді ауыстыру және газды отынға қондыру мүмкіндіктерін анықтау. Пештің оттығын, пештерді, газ және бу өткізгіштерін тазалауда қолданылатын құрылғылар мен құралдарның барлық түрлеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізу. Түп аралық бөлшектерді және танкілі қайықтарды тазалау.
Білуге тиіс: өндірістік көп қабатты, калилді, термикалық, ерітуші және басқа арнаулы пештердің конструктивті құрылымы және оларға қойылатын өртке қарсы талаптар; өндірістік пештер мен қондырғыларды футерлеу мен айналдыра қалау, қалау, жөндеу тәсілдері; пештің оттығы, пештер, газ өткізгіштері, бу өткізгіштері және өндірістік желдетпе туралы техникалық құжаттамаларды құру ережесі.
§ 409. Аяқ киім тазалаушы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Клиенттің көзінше аяқ киімді тазалау: аяқ киімге қосымша темір салады, кір – қоқыстан тазалау, аяқ киімге арнайы аяқ киім щеткасымен кремді бір келкі қылып жағу, жылтырағанға дейін аяқ киімді жұмсақ аяқ киім щеткасымен және бархоткамен тазалау. Аяқ киімнің ұсақ – түйек жөндеуі: нәлді ауыстыру, нәлді тығындап қағу, өкшені биіктету. Аяқ киімнің ұсақ – түйектін жөндеу және оны қарау жөніндегі заттар үшін фурнитураны шеберден алады және клиенттерге сату. Қызметтерін орындағаны үшін ақы алады және оны кәсіпорын кассасына тапсыру, дүмбершекті жинау.
Білуі тиіс: аяқ киімді ұсақ жөндеуді, тазалау және т.б. түрлерінің ережесі мен қабылдауын; гигиеналық және санитарлық ережесін; аяқ киімді күту жөніндегі фурнитуралар мен заттардың түрлерін.
§ 410. Швейцар
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. кәсіпорындарда келіп – кетушілердің кіруі мен шығыуын бақылау. Бөлімдерін, секцияларын, сауда залдарын, бар бос орындарға орналастыру туралы келіп – кетушілерді хабарландыру. Вестибюльді тәртіпке келтіру, тамбурдағы және кіреберістегі әйнек пен қабырғаны сүрту. Есіктегі метал заттарын тазалау және олардың дұрыстығын тексеру. Байқалған ақау туралы әкімшілікке хабарлау. Жарық жарнамаларының жанып – сөну, сигнал беру жүйесін тексеру.
Білуі тиіс: келіп – кетушілерге қызмет көрсету ережесін; бөлімдерді, секцияларды, сауда залдарын, такси шақыру телефон нөмірлерін, жедел – жәрдем, милиция, өрт сөндіру командаларын және т.б. орналасуын; жалпы тамақтану, сауда, коммуналдық шаруашылық және т.б. жақын жердегі кәсіпорындардың тұрған жерін; өртке қарсы қорғау және сигнал беру құралдарының орналасуын және оларды пайдалану ережесін; санитарлық және гигиеналық ережені; металдық заттарды тазалау тәсілін.
§ 411. Затбелгілерді штемпельдеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолымен немесе белгіленге жазуы бар машиналарлардың көмегімен затбелгілерлерде, бандерольдерде, ампулаларда, сауыттарда штемпельдеу, штампілеу немесе компостирлеу. Бояуларды даярлау. Машиналарға қағаз орамын және бояуларды қую. Штемпельдеуші машинаның жұмысын реттеу.
Білуге тиіс: штемпельдеуші машиналардың жұмыс істеу қағидасы; өнімнің ассортименті; ассортимент продукции; затбелгілерлерде, бандерольдерде, ампулаларда, сауыттарда штемпельдеудің тәсілдері; мәтіннің мазмұны; пайдаланатын бояулардың сорттары.
§ 412. Лифті бойынша электрмеханик
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мөлшерлерді сақтаусыз бөлшектерді слесарлық өңдеу. Метчиктер мен плашкалармен бұрандаларды түзету. Қарапайым бөлшектерді шаблон бойынша белгілеу. Құрыштан жасалған арқандарды қолымен кесу. Бөлшектерді жуу және майлау. Сигналды және жарық беруші лампаларды ауыстыру. Лифттің механизмдерін, байланыстарын және электрлі аппараттарын әрекетке қабілеттілікке тексеру. Шахтаның, кабинаның және машиналық бөлменің жарық түсіруінің болуын және оның дұрыс қызмет арқаруын, сонымен қатар шахта мен кабинаның қоршау қалпын тексеру. Лифттің аяқ асты тоқтап қалуы жағдайында жолаушыларды эвакациялау. Бөлшектерді жуу және майлау. Лифттік жабдықтарды қарапайым және орта күрделілікті жөндеу, жинақтау және бөлшектеу жұмыстарын анағұрлым жоғары білікті электромеханиктің жетекшілігімен орындау.
Білуге тиіс: бөлшектерді слесарлық өңдеу тәсілдері; слесарлық құралдар және қарапайым өлшеу құралдарын қолдану жағдайлары мен міндеттері; бекіту бөлшектерінде қолданылатын бұрандалардың көп пайдаланылатын мөлшерлері; майлаушы материалдардың атаулары және міндеттері; лифттің міндеттері, құрылымы және оның құрамдас бөліктері туралы қарапайым мәліметтер; электрлі аппараттардың міндеттері; лифттерде пайдаланылатын сымдардың маркалары мен қимасы.
Жұмыс үлгілері.
1. Болттар, бұрандалар, гайкалар - метчиктер мен плашкалармен бұрандаларды айдау.
2. Жапырақтық және бұрыштық болаттан жасалған бөлшектер – сыртқы жақты егеу және заусенцтерді тазалау.
3. Жолақтық, домалақ, бұрыштық болат – дайын белгі бойынша қол арамен кесу.
4.Механизмдер мен электроаппараттардың тораптары және бөлшектері – сұрыптаудан кейінгі тазалау, жуу және майлау.
§ 413. Лифті бойынша электрмеханик
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11-14 квалитет бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу (дәлділіктің 4-7 классы). Айлақтан арқанды тарқату және қажетті ұзындықты өлшеу. Дайын белгі бойынша құбырларды электр өткізгіштері астына бекіту және даярлау. Құралдарды даярлау. Төсемелерді сызбалар және эскиздер бойынша белгілеу және шабу. Механикалық және автоматты құлыптарды, жапқыштарды, соңғы ажыратқыштарды, қабаттық ауыстырып қосқышты, кнопкалы және жарушы аппараттарды құрастыру және ажырату. Лифттердің жетектерін басқару, сигнал беру және жарық беру тізбектеріндегі қарапайым ақаулықтарды анықтау және жою. Лифттердің электрлі схемалары мен қарапайым сызбаларын оқу. Лифттік жабдықтарды қарапайым және орта күрделілікті жөндеу, жинақтау және бөлшектеу жұмыстарын анағұрлым жоғары білікті электромеханиктің жетекшілігімен орындау.
Білуге тиіс: бөлшектерді слесарлық өңдеу операциясының бірізділігі және тәсілдері, лифттердің механизмдері мен бос тораптарын құрастыру мен бөлшектеудің реті;металлдардың қасиеттері мен таңбалануы; руқсатнама мен отырғызулар туралы жалпы мәліметтер және олардың сызбаларда белгіленуі; болат арқандар мен шынжырларды пайдалану ережелері; көтеру механизмдері, блоктары, шкифтері, барабандарының құрылымы; типтік лифттердің міндеттері мен құрылымы туралы негізгі мәліметтер; лифттердің жарық және сигнал беру тізбектерінің электрлі және электрокүшті сызбалары және лифттердің жетектерін басқару жүйесі; электротехника негіздері, айнымалы токтың электроқозғалтқышының құрылымы; қарапайым электроөлшеуші құралдар және сызықтық-бұрыштық өлшеу тәсілдерін пайдалану ережелері.
Жұмыс үлгілері.
1. Болттар, бұрандалар, гайкалар - метчиктер мен плашкалармен бұрандаларды кесу.
2. Жолақ және бұрыштық болаттан жасалған қарапайым бөлшектер – көшірілетін электроқұралдармен белгілеу, керновкалау және тесіктерді бұрғылау
3. Қуыста, жыртылған жерлер, қалқадағы және қабырғалардағы тесіктер – дайын белгілер бойынша тесу және бітеу.
4. Электроөлшеуші аспаптар – қысымның болуын анықтау.
5.Шырағдандар, патрондар, ажыратқыштар, штепсельді розеткалар, кнопкалы және шақырушы аппараттар, байланыстар - қуат беру және қондыру.
6. Электроқозғалтқыштар – бөлшектеу, тазалау, құрастыру.
7. Жарық беру және сигнал берудің электроөткізгіші – машиналы және блокты бөлмелер бойынша дайындау және төсеу.
§ 414. Лифті бойынша электрмеханик
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лифттік жабдықтарды жөндеу, құрастыру және бөлшектеу бойынша қарапайым жұмыстарды орындау. 0,71 м/сек жылдамдығымен қозғалатын, жеке басқарылатын лифттердің механикалық, электрлі жабдықтарын сынау, реттеу және жөндеу. Жетекті лифттерді басқару, сигнал беру және жарық беру тізбектеріндегі күрделі ақаулықтарды анықтау және жою. 7-11квалитет бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу (дәлділіктің 2-4 классы). Электроқозғалтқыштарды қондыру, жалғау және орталықтандыру. Кабельдерді, сымдарды бөлі, шахта немесе машиналы бөлме бойынша құбарларда немесе жгуттарда төсеу. Лифттердің электрлі сызбаларын және орта күрделі сызбаларын оқу. Болат арқандарды ауыстыру және оларды кабина мен қарсы салмақтардың ілмек тораптарына бекіту. Механизмдердің бөлшектерін түрлі дәнекерлермен тойтару және дәнекерлеу.
Білуге тиіс: лифттерді бөлшектей, құрастыру және жөндеуге техникалық жағдайлар; лифттерді жеке басқарудың ұстанымды сызбалары; механикалық тораптарды және электроаппараттарды жинау және бөлшектеудің бірізділігі; реттелмейтін асинхронды қозғалтқыштардың, трансформаторлардың, релелердің және магнитті босатушы, аулаушылардың құрылымы. Мемлекеттік қалалық техникалық бақылаудың «Лифттерді қауіпсіз пайдалану мен құрылымының ережелері»; Лифттері жөндеу, техникалық қызмет көрсету және құрастыруға қойылатын талаптар бойынша «Электроқондырғылардың құрылымы ережелері»; электротехника негіздері.
Жұмыс үлгілері.
1. Басқару станциясы - электроаппараттарды ретту, байланыстарды тазалау.
2. Трансформаторлар – қондыру және жалғау.
§ 415. Лифті бойынша электрмеханик
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лифттік жабдықтарды жөндеу, жинақтау және бөлшектеу бойынша орта күрделі жұмыстарды орындау. 0,71 м/сек жылдамдығымен қозғалатын, жеке басқарылатын лифттердің механикалық, электрлі жабдықтарын сынау, реттеу және жөндеу. Жинақтаушы, жөндеу жұмыстарын жеңілдететін және жылдамдататын бағыт беруші және белгілеуші шаблондар мен құрылғыларды даярлау. Оқшаулану қалпын мегометрмен тексеру және электроқозғалтқыштар, трансформаторлар, кабельді желілерде және басқа жүйесінің тізбектерінде оның қарсылығының мөлшерін өлшеу. Лифтті Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау инспекторымен куәландыруға даярлау. Лифттердің электрлі сызбаларын және күрделі сызбаларын оқу. Қажетті техникалық құжатнаманы жүргізу.
Білуге тиіс: лифттік жабдықардың орта күрделі және күрделі тораптарын жинау және бөлшектеудің технологиясы; қызмет көрсетілетін лифттердің ұстанымды электрлі сызбалары; сызбалардың жартылай өткізгіштік элементтерінің құрылымы; барлы түрдегі электрлі өткізгіштерді және оларға қойылатын талаптарды орындау; токтық жүктемеге сәйкес өткізгіштердің қимасын, балқығыш ендірмелерді және қорғау аппараттарын таңдау; радиотехника негіздері; лифттерді диспечерлік басқаруда екі жақты дауыс ұлғайтқыш байланыстың әрекеті ұстанымдары;
Жұмыс үлгілері:
1. Жартылай өткізгішті түзеткіштер – құрастыру, ауыстыру және тізбекке қосу.
2. Түрлі типтегі шығырлар – құрастыру, бөлшектеу, реттеу, майлағыш, подшипниктерін ауыстыру.
3. Лифттердің темір торлы және қаңқалы-аспалы шахталары – белгіленген сызба бойынша мқлшерін өлшеу және құрастыру.
§ 416. Лифті бойынша электрмеханик
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лифттік жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру, жөндеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Электронды микроэлементтерімен басқарудың электрлі сызбаларының баспалы құрастыруын қолданумен, булы басқармамен 1 м/сек жылдамдықпен қозғалатын лифттерді сынау, реттеу және жөндеу. Лифттердің аса күрделі электрлі сызбалары мен схемаларын оқу. Булы басқару жүйесіндегі ақаулықтарды анықтау және оларды жою.
Білуге тиіс: лифттерді сынаудың техникалық жағдайлары; лифттердің электрлі, механикалық жабдықтары, сынауына, жинақтаудың сапасына қойылатын талаптар, бөлшектер мен тораптардың қызмет мерзімдері және оларды узарту бойынша іс-шаралар; жоспарлы-салдын алу жөндеу жұмыстарының жүйесі; лифттің құрамдас бөліктерінің конструктивті құрылымы; лифттерді жұппен басқарудің ұстанымды сызбалары; радиоэлектронды техниканың негіздері.
Жұмыс үлгілері.
1. Баспалы ақылар, электрониканың дербес элементтері - айырбастау.
2. Телескопиялық есіктердің жетектері – жөндеу және реттеу.
§ 417. Лифті бойынша электрмеханик
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Лифттік құрылғыны жөндеу, бөлшектеу және құрастыру бойынша аса күрделі жұмыстарды орындау. Жұпты және топтық басқарумен, 1 м/сек жоғары жылдамдықпен қозғалатын, сонымен қатар басқарудың электрлі сызбаларында логикалық элементтерді қолданумен сынау, реттеу және жөндеу. Жылдамдықты лифттердің механикалық тораптарында, басқару жүйесінде, жарық беруінде және сигнал беруіндегі ақаулықтары анықтау және оларды жою. Жартылай өткізгіш элементтердің сипаттамаларын шешу.
Білуге тиіс: жылдамдықты лифттерді жөндеуге және құрастыруға техникалық жағдайлар; жылдамдықты лифттердің электрлі сызбалары; радиоэлектротехника негіздері; лифтті топпен басқарудың ұстанымды сызбалары; майлы буферлердің құрылымы; жылдамдықты лифттерде қолданылатын терристту реттеушілердің, генераторлардың, тұрақты токтың электрлі машиналары орамаларының ішкі байланыс сызбалары; жабдықтарда пайда болатын дірілдердің себептері және оларды жою; бақылаушы-өлшеуші аспаптары пайдалану әдістері; жылдамдықты лифттерге динамикалық және статистикалық сынау жүргізудің тәсілдері.
Жұмыс үлгілері.
1. Майлы буферлер – құрастыру және сынаулар.
2. Кабина мен шахта есіктерінің автоматты жетектері бар лифттер – құрастыру және жөндеу.
§ 418. Диспетчер жабдығының және телеавтоматиканың электрмонтері
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Токсызданған телеавтоматика аппаратуралары мен диспечерлік жабдықтарды жөндеу және пайдаланушы-техникалық қызмет көрсету барысында бөлшектерді тазалау, жуу және айырбастау бойынша қарапайым көмекші жұмыстарды орындау. Вольтметр немесе бақылаушы машинаның көмегімен кернеудің бар болуын тексеру. Кабельден кендірді шешу. Темір тұтқалар мен бқрандаларды даярлау. Құймадан кейін күрделі емес бөлшектерді слесарлық өңдеу. Бұйымдар мен материалдарды сыртқы түрі бойынша сұрыптау және бөлшектеу. Электроөлшеуіш аспаптар мен аппаратураларды оларды орналастыру және тасымалдау үшін буып-түю. Сыртқы беттерді термикалық өңдеусіз бояулармен бояу және таңбалау. Бөлшектерді коррозияларға қарсы майлау.
Білуге тиіс: аппаратура, диспечердік жабдық, телеавтоматика және электротехника туралы қарапайым мәліметтер; анағұрлым көп таралған бақылау-өлшеу аспаптарының қарапайым құрылғылары; қарапайым тексеру және өлшеу аппаратурасының міндеттері және атаулары; металлдарды коррозиядан қорғау тәсілдері; майлаушы материалдар, ораушы сымдар, оғаштаушы материалдар, алюминий, латунь, мыс, болат қасиеттері туралы жалпы мәліметтер; майлы бояулар жіне еріткіштерді пайдаланудың ережелері; жамылғы лактар, бояулар, кабельді мастиктердің негізгі маркалары.
Жұмыс үлгілері
1. Биркалар, маркалар - ауыстыру.
2. Бүрмелердегі қысқыштар – тазалау.
3. Кабелдер – аяқтамаларды тазалау және дәнекерлеу.
4. Сигналды және жарық беруші лампалар - ауыстыру.
5. Қабырғалардағы және қалқалардағы тесіктер – тесіп өту.
6. Панелдер және басқа бөлшектер – сырлау және бояу.
7. Төсемелер, тұтқалар, тығырықтар – даярлау.
8. Баулар - дайындау.
§ 419. Диспетчер жабдығының және телеавтоматиканың электрмонтері
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Телеавтоматика аппаратураларын және диспечерлік жабдықтарды жөндеу, бөлшектеу және жинақтау, пайдалану-техникалық қызмет көрсету. Анағұрлым жоғары білікті электромонтер жетекшілігімен тексеру үшін жалғанған щиттерге аспаптарды қондыру. Қатты және жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлеу. Панельдердегі сақтардырғыштардың барлық типтерін құрастыру. Бақылау кабельдерін дәнекерлеу, мүшелеу және төсемелеу. Байланыстар мен байланыс беттерін тазалау.
Білуге тиіс: кабельді және жолақты құрылыстарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау ережелері; қызмет көрсетілетін кабелдердің, оғаштаушы материалдардың, орауыш және жинақтаушы сымдардың типері және конструкциялары; орта күрлелілікті бақылау-өлшеу аспаптарының және анағұрлым көп тараған әмбебап, арнаулы құрылғылардың міндеттері және пайдалану шарттары; қара және түсті металдарды, оңашалау материалдарды өңдеу әдістері; сіңдіруші және жамылғы лактарының, тығыздаушы және майлаушы материалдардың қаситтері.
Жұмыс үлгілері
1. Аппаратура және аспаптар – мөлшер бойынша шыныларды кесу, оларды ендіру, бекіту және майлау.
2. Аспаптардың бөлшектері – дөңгелек емес тесіктерді бұрғылау, буындау және егелеу.
3. Кабелдер – шылдырату.
4. Қысатын қораптар – қысқыштарды айырбастай отырып құрастыру.
5. Бақылаушы кабельдер – конструкция бойынша бұрғыларда қабырғаға төсеу және кабельді шахталар мен туннельдерге бекіту.
6. Панелдер – тесіктерді бекіту, лампалар мен ажыратқыштарды қондыру.
7. Металлдық беттер – тотықтау, қалайылау, дәнекерлеуге тазарту және тегістеу.
8. Баулар, штепселдер, кнопкалар, микрофонды түтіктер - жөндеу.
§ 420. Диспетчер жабдығының және телеавтоматиканың электрмонтері
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диспечерлік жабдықтардың сызықтық құрылыстарына және кабельдеріне, жоғары жиілілікті каналдарға, телеавтоматика аппаратураларына пайдалану-техникалық қызмет көрсету және олардың белгіленген жұмыс тәртібін сүйемелдеу. Радиолампалардың эмиссияларын тексеру. Лампалардың, желілердің және сигнал деігейлерінің қызу кернеуін өлшеу. Телеавтоматиканың релелерінің сызбаларын реттеу. Қорек блоктарын тексеру. Түйіспелер және басқару кілттерін реттеу және жөндеу. Щиттерге аспаптарды қондыру және оларды тексеру үшін байланыстыру. Жгуттарды тоқу және телеавтоматика тізбектерін реттеу. Құрастырушы және ұстанымды сызбалардың маркировкаларын тексеру. Оғаштаушы материалдарды – текстолит, асбоцемент, гетинаксты және т.б. сызба бойынша өңдеу. Кабельдердің бұзылуларын жою. Бқйымдарды ыстық дәнекерлеу. Оғаштауды қайта қалпына келтіру. Қарапайым бұйымдарға сызбалар мен эскиздерді құру және олар бойынша жұмыстар атқару. Тұрақты ток тізбегінде «жерді» іздестіру.
Білуге тиіс: электротехника және радиотехника негіздері; көп каналды желілер және электро өткізгіш сызық бойынша телеавтоматика және жоғары жиілікіті байланыстың негіздері; қызмет көрсетілетін жабдықтың, жоғары жиілікіті байланыс каналдарының, телемеханика және радиобайланыстың блок-схемалары; номиналды кернеу бойынша сақтандырғыштарды таңдау; тұрақты және ауыспалы токпен қорек сызбасы және көздері туралы жалпы мәліметтері; аккумуляторлық батареяның жұмыс тәртібі; әмбебап және арнаулы құрылғылардың, қарапайым және орта күрделілікті бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы.
Жұмыс үлгілері
1. Селенді түзеткіштер – тексеру.
2. Қалдық өшулер - реттеу.
3. Барлық типтегі басқару кілттері – жөндеу және реттеу.
4. Клеммді қораптар - тексеру.
5. Өткізбе сым - асимметрияны өлшеу.
6. Жоғары жиілікті тұғырлар – механикалық бөлшектерді жөндеу.
7. Секцияларды бірізді және параллельді қосумен секционды реостаттар - жөндеу.
8. Кедергілер, конденсаторлар және жартылай өткізгіш аспаптар – ақауларын ауыстыру.
9. Шлейфтің кедергісі - өлшеу.
10. Түрлі тереңдікті кабельдерді сөгу үшін шаблондар – даярлау.
11. Қалқандар – тексеріс пен реттеу үшін жалғанған аспаптарды қондыру.
§ 421. Диспетчер жабдығының және телеавтоматиканың электрмонтері
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Канализациондық құрылыстарға, телеавтоматика каналдарына, кабельдік тізбектердің қарапайым және орта күрделілікті штативті жабдықтарына және релелі коммутаторларға, телеавтоматика аппаратуралары мен жоғары сапалы тығыздаушы жүйелерге пайдаланушы-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Олардағы ақаулықтарды іздеу және жою; кабель-росттарды бөлшектеу және құрастыру; Телеавтоматика сызбалары релесін және кілттерін бөлшектеу және құрастыру. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматика аппатарураларына электрлі тексеріс жүргізу. Диспечерлік пункттер мен қызмет көрсетілмейтін энергетикалық объектілерден телемеханикалық мәліметтерді жіберумен қамтамасыз ететін стационарлы станциялар және қозғалыстағы объектілермен байланыс үшін радиостанцияларға қызмет көрсету. Көп қабатты және жасырын құрастыру ментелеавтоматика құрылғыларын дауыстату. Телеавтоматиканың сызбаларын тексеру үшін кешенді сынаушы құрылғыларға қызмет көрсету. Анғұрлым жоғары білікті электромонтер жетекшілігімен телеавтоматика сызбаларын жөндеу және тексеріс үшін сынау сызбаларын жинастыру. Телеавтоматика сызбалары тізбектерінің оғаштығын сынау.
Білуге тиіс: көпканалды жүйелер, электрөткізгіш сызықтық бойынша мәліметтерді жіберу және қабылдау ұстанымдары; телеавтоматика аппаратурасыны және диспечерлік жабдықтардың негізгі ұстанымды және жинақтаушы сызбалары, электроқоректі жібері және бөлшектеу сызбалары мен сыигнал беру сызбалары; қызмет көрсетілетін жабдықты, кабельді тізбектерді және телеавтоматика каналдарын жөнге салудың негізгі электрлік қылаптары, оларды өлшеу мен тексеру әдістері; кабельдік және сызықтық құрылыстар туралы негізгі мәліметтер, олардың құрылысы және қызмет көрсету реті; бөлшектер мен аппаратуралардың кемшіліктерін анықтау және оларды жою тәсілдері; оғаштықтың қарсы тұруын тексеру әдістері және оны жоғары кереумен сынау; қорек көзі жабдықтары әрекетінің ұстанымдары; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі, құрылымы және пайдалану шарттары.
Жұмыс үлгілері
1. Бақылаушы-сигнал беруші кабельдер - ашық ұштардың резиналарына қорғаныс жабындарын жағу.
2. дыбыстық және дырықтық сигнал беру бойынша аспаптар – таңдау, қондыру және тексеру.
3. Телеавтоматика сызбаларының релесі – тексеру және реттеу.
4. Тұрақты ток желісінің оғаштануын бақылаушы құрылғы - жинақтау.
5. Оғаштануды тексеру құрылғысы – тексеру және жөндеу.
§ 422. Диспетчер жабдығының және телеавтоматиканың электрмонтері
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабельдік тізбектердің күрделі штативті жабдықтары мен дербес жазушы және электронды-реттеуші аспаптардың телеавтоматикасына, тығыздаушы жүйелердің жоғары жиілікті жартылай өткізгіш аппаратураларына пайдаланушы-техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ақаулықтарын анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін диспетчерлік жабдықтар мен телеавтоматиканың электрлі сипаттамаларын өлшеуді жүргізу. Есептеуіштерді, кілттерді реттеу. Телеавтоматика сызбаларын тексеру және жөндеу үшін сынау схемаларын жинау. Телеавтоматика жабдықтарын құрастыру бойынша жұмыстарды орындау. Жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру, сонымен қатар оларды механикалық және электрлі реттеу. Жаббақытарды құрастыру және модернизациялау. Техникалық құжатнамаларды жүргізу. Телеавтоматика аппаратурасын қондырған орнында қарау жолымен бөлшектердің тозу себептері мен кемшіліктерді анықтау. Телеавтоматика аппаратурасын реттеу және сынау үшін арналған күрделі электрлі сызбасы бар арнайы қондырғыларды икемдеу. Күзетші станциясына қызмет көрсету және жөндеу. Бақылаушы құрылғыларды жөндеу және тексеру. Телеавтоматика сызбаларының тізбектерін сынау және жөндеу. Байланыстырушы – релелі аппаратурыны жөндеу және қылыпқа келтіру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың техникалық сиппаттамалары; телеавтоматика және коммутаторлар, кқп каналды жоғары жиілілікті тыңыздау жүйелерінің ұстанымды және құрастырушы сызбалары; топтық генератор және қоғамдық жабдықтардың ұстанымды схемалары және жұмыс қағидалары; телесигнал беру және телеавтоматика тізбектерінің ұстанымды сызбалары; телеавтоматика каналдары мен жабдықтарының электрлі қалыптары; жабдықтар мен басқару жүйелерін иекемдеу, реттеу және өлшеудің негізгі әдістері; өзіндік жазушы және электронды-тіркеуші аспаптардың конструктивті құрылымы; ток қорегі көзінің құрылымы, күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын икемдеу және реттеудің ережелері.
Жұмыс үлгілері
1. Топтық және жалпы станциялық жабдықтарды тапсыратын шақыру генераторлары - икемдеу.
2. Модуляторлар және демодуляторлар – тексеру және икемдеу.
3. Телеавтоматика сызбалары – жөндеу және қалпына келтіру.
4. Фильтрлер және бөгеуіштер - икемдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |