Қазақстан Республикасы



жүктеу 5,08 Mb.
бет1/27
Дата14.11.2017
өлшемі5,08 Mb.
#160
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығымен

бекітілген




Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифті-біліктілік

анықтамалығы

1 шығарылым

Экономиканың барлық салалары үшін

ортақ жұмысшылардың кәсіптері


Астана 2009


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі


р/с


Шығарылым №

Бөлім аттары


1

1

Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері;


2

2
1-бөлім

2-бөлім

Құю жұмыстары; Дәнекерлеу жұмыстары; Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары; Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар;

Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу; Металмен қаптау және бояу; Эмальдеу; Слесарлық және слесарлық –құрастыру жұмыстары;

3

3

Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары;

4

4

Тау-кен және күрделі тау-кен жұмыстарының жалпы кәсіптері; Байыту, агломерация, брикеттеу жұмыстарының жалпы кәсіптері; Көмір және тақта тас өндіру мен байыту, көмір және тақта тас шахталары мен қабаттарын салу; Метрополитендерді, тоннельдерді және арнайы жер асты құрылыстарын салу; Руда және ұсақ тау жыныстары пайдалы қазбаларын өндіру және байыту; Руданы агломераттау; Тау-кен химиялық шикізатты өндіру және байыту; Құрылыс материалдарын өндіру және байыту; Торфты өндіру және қайта өңдеу; Қоңыр көмір мен озокерит рудаларын қайта өңдеу;

5

5

Геологиялық барлау және геодезиялық -топографиялық жұмыстар;

6

6

Ұңғыма бұрғылау, Мұнай мен газ өндіру;

7

7

Қара металлургияның жалпы кәсіптері; Домна өндірісі; Болат балқыту өндірісі; Прокаттау өндірісі; Құбыр өндірісі; Ферроқорытпа өндірісі; Коксты химия өндірісі; Отқа төзімділер өндірісі бөлімі; Металдарды екінші реттік қайта өңдеу;

8

8

Түсті металлургиядағы жалпы кәсіптер; Түсті, сирек металдар мен түсті металдардан ұнтақтар өндірісі; Түсті металдарды өңдеу; Қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар мен ұнтақ тау-кен өнімдерінің өндірісі; Электродты өнімдердің өндіріс;

9


9

Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету; Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу;

Жылу электр станциялары; Гидроэлектр станциялар; Электр желілері; Жылу желілері; Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын (энергия өткізу);

10

10

Сағаттар мен техникалық тастар өндірісі, сағаттарды жөндеу;

11

11

Ине өндірісі;

12

12

Ремиз-берд өндірісі;

13

13

Қаңылтыр-банкі және туб өндірісі;

14

14

Металды электродтар өндірісі;

15

15

Метал канаттар, торлар, серіппелер,щеткалар мен шынжыр өндірісі;

16

16

Медициналық аспаптар, құралдар мен жабдықтар өндірісі;

17

17

Абразивтер өндірісі;

18

18

Синтетикалық алмаздар, аса қатты материалдар және олардан жасалған бұйымдар мен табиғи алмаздар өндірісі;

19

19

Электртехника өндірісінің жалпы кәсіптері; Электр изоляция материалдары өндірісі; Электр көмір өндірісі; Кабель өндірісі; Изоляция және орау-орамалау жұмыстары; Химиялық және басқа да ток өндірісі;

20


20

1-бөлім

2-бөлім

Электронды техника бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптері; Жартылай өткізгіштер өндірісі;

Радиобөлшектердің өндірісі; Электровакуумдық өндіріс, Пьезотехникалық өндірістер;

21

21

Радиоаппаратура және өткізгіш байланыс аппаратурасының өндірісі;

22

22

Ұшу аппараттарының, қозғалтқыштардың және оның жабдықтарының өндірісі мен жөндеу жұмыстары;

23

23

Кеме құрастыру және кеме жөндеу;

24

24

Химиялық өндірістердің жалпы мамандықтары;

25

25

Азот өндірістері және органикалық синтез өнімдері; Негізгі химиялық өндірістер;

26

26

Анилиндеу-бояу өндірісі; Полиграфиялық бояу өндірісі; Лак-бояу өндірісі;

27

27

Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім;

28

28

Шыныталшық, шыныталшық материалдар, шыныпластик, химиялық талшық және солардан жасалатын бұйымдар өндірісі;

29

29

Гидролиз өндірісі және сульфитті сілті өңдеу; Ацетон-бутил өндірісі; Лимон және шарап тасты қышқыл өндірісі; Ашытқы өндірісі; Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі;

30

30

Синтетикалық каучуктар, май алмастырушылар және мұнайхимия өнімдерінің өндірісі;

31

31

Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері; Резеңке техникалық бұйымдардың, резеңке аяқ киім мен кеңінен тұтынылатын резеңке бұйымдарының өндірісі; Шиналардың өндірісі, қалпына келтіру және жөндеу; Техникалық көміртегінің өндірісі; Регенерат өндірісі;

32

32

Химиялы-фотографиялы өндіріс;

33

33

Жасанды тері өндірісі;

34

34

Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету;

35

35

Төлкелі ағаштың қабығынан жасалған бұйымдар;

36

36

Таскендір техникалық бұйымдарын өндіру;

37

37

Ағаш дайындау өндірісінің жалпы кәсіптері; Ағаш дайындау жұмыстары; Ағаш ағызу; Ағаш шырынын ағызу; Қамыс дайындау және өңдеу;

38

38

Ағаш өңдеу өндірісінің жалпы кәсіптері; Ағаш аралау және ағаш өңдеу; Сүрек және талшық плиталар өндірісі; Фанера өндірісі; Жиһаз өндірісі; Сіріңке өндірісі; Қарындаш өндірісі;

39

39

Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру;

40

40

Құрылыс материалдарының өндірісі;

41

41

Шыны және шыны бұйымдарының өндірісі;

42

42

Керамика, фарфор және фаянс бұйымдары өндірісінің жалпы кәсіптері; Құрылыс керамикасы бұйымдарының өндірісі; Электр керамика бұйымдарының өндірісі; Фарфор және фаянс бұйымдарының өндірісі;

43

43

Мақтаны және тінді дақылдарды алғашқы өңдеу;

44

44

1-бөлім

2-бөлім

Тоқыма өндірісінің жалпы мамандықтары;

Мақта-мата өндірісі; Зығыр өндірісі; Жүн өндірісі; Жібек өндірісі; Жібек түту өндірісі; Трикотаж өндірісі; Киіз өндірісі; Тоқыма галантереясының өндірісі; Кендір жіп өндірісі; Мақта өндірісі; Беймата материалдар өндірісі; Ау тоқу өндірісі; Қолмен тоқымашылығы;

45

45

Жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің жалпы кәсіптері; Былғары және тері шикізаты өндірісі; Былғары аяқ киім өндірісі; Былғары өндірісі; Былғары галантерея өндірісі; Қайыс-ер бұйымдары өндірісі; Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі; Қыл-щетка өндірісі; Тері илеу- экстракты өндірісі;

46

46

Тігін өндірісі;

47

47

Парашют өндірісі;

48

48

Тамақ өнімі өндірісінің жалпы кәсіптері;

49

49

Ет өнімдері өндірісі; Сүйек өңдеу және желім өндірісі; Құс және қоян өңдеу; Май жасау, ірімшік жасау және сүт өндірісі;

50

50

Балық және теңіз өнімдерін аулау және өңдеу;

51

51

Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі; Нан-макарон өндірісі; Кондитерлік өндіріс; Крахмал-сірне өндірісі; Қант өндірісі; Тамақ концентраттары өндірісі; Темекі-макарон және ферментациялық өндіріс;

Эфир майы өндірісі; Шай өндірісі; Парфюмерлік-косметика өндірісі; Май-тоңмай өндірісі; Ас тұзы өндірісі; Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу; Элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі; Сауда және қоғамдық тамақтану; Консерві өндірісі;

52

52

Темір жол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және ішкі су көлігі;

53

53

Ұшатын аппараттарды (әуе құрылғылары) экспулатациялау және ұшу сынақтары;

54

54

Байланыс жұмысшы мамандары және жұмыстар;

55

55

Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері; Полиграфиялық өндірістің қалып процесі; Басылым процесі; Брошюра жасау - беттеу және өңдеу процесі; Шрифт өндірісі;

56

56

Көрнекті құралдар өндірісі;

57

57

Жарнамалық - безендіру және макет жұмыстары; Қалпына келтіру жұмыстары;

58

58

Жалпы мамандықтар; Киностудия и кәсіпорын, теледидар мен радиохабарламаны ұйымдастыру; Киножүйе және кинопрокат; Театр-көрініс кәсіпорындары.

59

59


Музыкалық аспаптары өндірісінің жалпы кәсіптері; Клавиштік аспаптар өндірісі; Қияқты аспаптар өндірісі; Шертпелі аспаптар өндірісі; Тілдік аспаптар өндірісі; Үрмелі және ұрмалы аспаптар өндірісі; Музыкалық аспаптарды жөндеу және қайта жаңарту;

60

60

Ойыншық өндірісі;

61

61

Көркемөнер бұйымы өндірісінің жалпы кәсіптері; Зергерлік-филигран өндірісі; Металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Ағаштан, капе тамыры және қайың қабығынан көркемөнер өндіру; Қырлау өндірісі; Тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Миниатюралық сурет салынған папье-маше көркемөнер бұйымдарын өндіру; Сүйек және мүйізден көркемөнер бұйымдарын өндіру; Янтарьдан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Мүсіндеу өндірісі; Боялған кенеп және картон өндірісі; Тері және былғарыдан көркемөнер бұйымдарын өндіру; Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі;

62

62

Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар;

63

63

Қала, ауыл және елді мекендердегі газ шаруашылығы; Су құбыры-кәріз шаруашылығы; Өсімдік шаруашылығы; Фото жұмыстары;

64

64

Мал шаруашылығындағы жұмыс;

65

65

Оптикалық-механикалық өндіріс;

66

66

Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау;

67


67

Бұрын қолданыста болған БТБА бойынша кәсіптердің атаулары көрсетілген, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің тізбеcі;

68

68

Жұмысшылар кәсіптерінің өзгертілген атаулары мен олар енгізілген жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының бөлімдері көрсетілген, бұрын қолданыста болған БТБА-да көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


________________________________

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы ережесі
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (БТБА) Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің барлық ұйымдарында пайдалануға міндетті.

2. БТБА жұмыстарды тарифтеуге, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беруге, сондай-ақ экономикалық қызметтің барлық саласындағы жұмысшыларды даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде бағдарламалар жасауға арналған.

3. БТБА меншік нысанына қарамастан өндірістер мен жұмыстардың түрлері бойынша бөлімдерге топтастырылған жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамаларынан тұрады. БТБА-ға орналастырылған жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамалары ғылыми-техникалық прогрестің, бригадалық ұйым нысандары талаптарының және еңбек төлемінің кеңінен пайдаланылуын, сондай-ақ артып келе жатқан өнім сапасы талаптары, жұмысшыларға жалпы білім беру деңгейі мен арнайы даярлау сапасы ескеріле отырып әзірленді.

4. Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары тиісті сипаттамаларда көрсетілген жекелеген жағдайларды қоспағанда, сегіз разрядты тарифтік кестеге сәйкес әзірленді.

Жұмыс разрядтары олардың күрделігіне қарай, әдеттегідей еңбек жағдайларының есебінсіз белгіленді. Қажет болғанда еңбек жағдайлары (ауырлығы, зияндылығы және т.б.) арттырылған лауазымдық жалақылар (тарифтік ставкаларды) немесе заңнамаға сәйкес қосымша ақыларды есептеу арқылы белгіленеді.

5. Анықтамалықта келтірілген тарифтік-біліктілік сипаттамалар жұмысшылардың кәсіптері бойынша негізгі, анағұрлым жиі кездесетін жұмыстарды сипаттаудан тұрады. Әрбір жұмыс орнындағы жұмыстың нақты мазмұны, көлемі мен орындалу тәртібі ұйымдарда технологиялық карталармен, жұмыс нұсқаулықтарымен немесе басқа да құжаттармен белгіленеді.

Жұмысшылар тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көзделген жұмыстардан басқа ауысымды қабылдау және тапсыру, өз жұмыс орнын, жабдықтарды, аспаптарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақтылы даярлау және жинаумен, оларды тиісті жағдайда ұстаумен; белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізумен байланысты жұмыстарды да орындауға тиісті.

Барлық кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Білуге тиіс» деген бөлімдерінде орындалатын жұмыстар шегінде білімінің болу қажеттігін ескеру керек.

6. Көптеген БТБА бөлімдерінің жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында осы разрядқа жататын жұмыс мысалдары келтірілген. Бұл мысалдар экономиканың барлық саласындағы жұмыстарды қамтымайды. Сондықтан қажет болған жағдайларда жұмыстарды тарифтеу және кәсіпорындарда, министрлік пен ведомствоның экономикалық қызметінің әртүрлі түрлерінің ұйымдарында жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде тұтастықты қамтамасыз ету мақсатында оларды ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдарда қолдану үшін БТБА-ның жекелеген бөлімдеріне қатысты қосымша жұмыс мысалдарының тізбесін әзірлеуге және бекітуге болады. Қосымша тізбеге енгізілген жұмыстар орындалу күрделігіне қарай БТБА-ға орналастырылған тиісті разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстарға сәйкес болуға тиіс.

7. Анықтамалықта бір немесе өзге кәсіп үшін бірнеше разряд және де тарифтік-біліктілік сипаттамада көзделген жағдайларда анағұрлым жоғары білікті жұмысшының оның тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстардан басқа білімі, дағдысы және осы кәсіп бойынша төмендеу білікті жұмысшының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алатын болуға тиісті. Сондықтан да, төмендеу разрядты тарифтік-біліктілік сипаттамаларда келтірілген жұмыстар әдеттегідей, жоғары разрядты сипаттамаларда көрсетілмеген.

Жекелеген кәсіптердің төменгі разрядтарының жұмыс сипаттамаларында өндірістің жағдайы немесе орындалатын жұмыс суреттемесіне сүйене келе, технологиялық процесті жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды орындау анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп жазылған. Мұндай жағдайларда анағұрлым жоғары разрядты жұмысшылар сол кәсіптегі төмендеу разрядты жұмысшыны басқара білуге тиісті. Технологиялық процестерді жүргізумен айналысатын жоғары разрядты жұмысшылар сол процестерді жүргізуге қатысатын жұмысшыларды басқарулары керек.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттамада баяндалған білікті жұмысшының тиісті теориялық және практикалық білім деңгейіне қойылатын талаптармен қатар жұмысшы мыналарды білуге тиіс:

а) өз жұмыс орнында еңбекті оңтайлы ұйымдастыруды; еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысанында әрбір жұмысшы өз бригадасының да еңбегін ұйымдастыруды;

б) орындалатын жұмыстың технологиялық процесі; өндіріс жұмыстары кезінде ағымдағы сипаттағы ақаулықтарды анықтау және жою қызметін көрсететін жабдықтарды, айлабұйымдар мен аспаптарды техникалық пайдалану және күту ережесі; орындалатын жұмысқа кететін жағар май, энергия және материалдардың шығыс нормалары;

в) орындалатын жұмыстың, оның ішінде аралас операциялар немесе процестер бойынша сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері, оның туындау себептері, және оның алдын алу және жою тәсілдері;

г) қауіпсіз және санитарлық-гигиеналық еңбек әдістері; өз жұмыс орнында өрттің алдын алу және сөндірудің негізгі құралдары мен жолдары; дабыл қағу, жұмыс орнында еңбекті ұйымдастырумен көзделетін жерлерде ілмектеу жұмысының ережесі;

д) өндірістік (кәсіп бойынша) нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі ережесі;

ж) өндіріс тиімділігін арттыру жолдары – еңбек өнімділігін, шығарылатын өнім сапасын, учаскеде, бригадада, өз жұмыс орнында материалдық ресурстарды үнемдеуді арттыру, өнімнің құнын және еңбек сыйымдылығын төмендету, шаруашылық есепті, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық нысанын пайдалану;

з) тарифтік ставкаларды, нормалар мен бағаларды тағайындау және белгілеу тәртібі; жұмысты тарифтеу, жұмысшы білік разрядтарын, нормаларды және бағаларды қайта қарау, техникалық негізделген нормаларды белгілеу тәртібі;

и) өндірісте жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі ережелері мен нысандары;

к) еңбекақы нысандары мен жүйесі; көп станокты қызмет көрсету және кәсіптерді алмастыру кезіндегі еңбекақы шарттары, бригададағы еңбекақы және еңбекақыны бөлу жүйесінің ерекшеліктері;

Жұмысшы өзінің практикалық қызметінде экономикалық білімді қолдануды, өзінің және бригада жұмысының нәтижелерін талдауды білуге тиіс.

а-д тармақшаларында көрсетілген талаптардан басқа, машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен тікелей айналысатын жұмысшылар, машиналардың машинистері, мотористері, жүргізушілері, тракторшылар, баптаушылар, краншылар, электр монтерлері, жөндеушілер, монтаждаушылар, құюшылар, аппаратшылар, каландрлаушылар және т.б. орындалатын жұмыстың шарты бойынша жұмыс процесінде туындайтын ағымдағы сипаттағы ақаулықтарды өз бетінше жоюға және оны жөндеуге қатысуға жеткілікті көлемде слесарлық істі игеруге тиіс.

Теміржол және су көлігіндегі қозғалыспен, қопару жұмыстары өндірісімен, қопару материалдары және улы заттарды сақтау және қолданумен, көтеру-көлік жабдықтарында, қазандық құрылғыларында, қысыммен істейтін аппараттар мен ыдыстарда қызмет көрсетумен байланысты немесе басқа да жұмыстарда істейтін жұмысшылар қолданыстағы ереже және нұсқаулықтармен оларды орындаудың ерекше талаптары көзделгенде сол ережелерді білуге және сақтауға және қажет болған жағдайларда қопарушының тиісті бірыңғай кітапшасы, дәнекершінің дипломы болуға тиіс.

Тиісті кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында баяндалған бақылау-қабылдау функцияларды орындайтын жұмысшылар екі жылда бір рет берілген біліктілік деңгейіне сәйкестікке және бақыланатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды білуге аттестациядан өтуге тиісті. Бұл жұмысшыларды аттестациялау тәртібін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдар айқындайды.

9. Жұмыстарды тарифтеу тарифтік-біліктілік сипаттамалардың негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тарифтелетін жұмыс тарифтік-біліктілік сипаттамаларда сипатталған тиісті жұмыстармен және анықтамалықта немесе осы Ереженің 6-тармағына сәйкес бекітілген қосымша жұмыс мысалдарының тізбесінде орналастырылған үлгілік мысалдармен салыстырылады.

Жұмысты бригада орындаған жағдайларда жұмысты тарифтеу әрбір операция немесе осы жұмыстың құрамына кіретін операциялардың сомасы, оның орташа разряды бойынша сараланып жүргізіледі.

10. Жұмысшыға разряд (сынып, санат) беру немесе жоғарылату туралы мәселені оқудан өткен жұмысшының өтінішінің және тиісті бөлімше басшысының (шебер, ауысым бастығы және т.б.) ұсынымының негізінде ұйымның (кәсіпорынның) біліктілікті айқындау комиссиясы өндірістік бригаданың кеңесін ескере отырып қарайды.

Біліктілік емтихандарына әдетте, теориялық білімін алдын ала тексерусіз және сынақ тапсырмай-ақ тиісті оқу бағдарламалары бойынша теориялық және өндірістік оқудың толық курсынан жақсы өткен адамдар жіберіледі.

Технологиялық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ басқа да әзірленетін өнім сапасының төмендеуіне алып келген елеулі бұзушылықтар үшін ұйым (кәсіпорын) басшылары жұмысшылардың біліктілік разрядтарын (сыныбын, санатын) 3 айға дейінгі мерзімге төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте разрядты (сыныбын, санатын) қалпына келтіру разряд (сынып, санат) беру үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

11. Ұйымның (кәсіпорынның) біліктілікті айқындау комиссиясының төрағасы басшының орынбасары, бас инженер болып табылады. Біліктілікті айқындау комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады, оның құрамын ұйымның (кәсіпорынның) басшысы бекітеді.

Разряд беру немесе өзгерту туралы мәселені қарауға біліктілік комиссиясы қажеттігіне қарай осы кәсіптегі білікті жұмысшыларды немесе басқа да қызметтердің мамандарын тартады.

12. Жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе оны жоғарылату цехтағы, учаскедегі, құрылыс-монтаждау, құрылыс-жөндеу ұйымдарда орындалатын жұмыстың күрделігіне қарай жүргізіледі.

13. Біліктілікті айқындау комиссияның жұмысшылардың теориялық білімдерін тексеруін және олардың сынақтарды тапсыруын ұйымдастыру шебердің, жұмысты өндірушінің (прорабтың), ауысым бастығының немесе басқа да тиісті бөлімше басшысының міндеттемесі болып табылады.

14. Біліктілік разряды берілетін немесе жоғарылатылатын жұмысшы тиісті разрядтың тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес ауызша түрде «Білуге тиіс» деген бөлімнің сұрақтарына жауап беруге және сынақ тапсыруға, яғни аталған ұйымдағы «Жұмыс үлгілері» немесе «Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімдерде көрсетілген жекелеген жұмыстарды өз бетінше орындауға тиіс. Бұған қоса, жұмысшы осы Жалпы ереженің 8-тармағында баяндалған білім деңгейіне қойылатын талаптардан туындайтын сұрақтарға да жауап беруге тиісті. Сынақ тапсырғанда жұмысшы жұмыстың қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін белгіленген әзірлеу, уақыт, қызмет көрсету нормаларын орындауы керек. Сынақ жұмыстарын орындауға болмайтын учаскедегі жұмысшының практикалық даярлық деңгейін (учаске, цех және т.б.) жетекшісі бағалайды.

15. Егер жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе жоғарылату үшін сынақ ретінде бөлінген жұмысқа басқа жұмысшылардың қатысуы талап етілетін болса, сынақ тапсырған уақытқа қажетті бригаданы (звено) жетекші (шебер, прораб, ауысым бастығы немесе тиісті бөлімшенің басқа да басшысы) ұйымдастырады.

Бригадада істейтін жұмысшыға біліктілік разрядын беру немесе жоғарылату анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен орындалатын жұмыстың күрделік дәрежесіне қарай емес, біліктілік сынағын тапсырғанда өз бетінше орындай алатын жұмыстың күрделігіне қарай жүргізілуге тиіс.

16. Негізгі кәсібі бойынша жұмыспен қатар бригада басшылығы функцияларын орындау да жүктелген жұмысшыларға біліктілік разрядын беру жалпы негізде жүргізілуге тиіс. Жұмысшының бригадир етіп тағайындалуы оның разрядын көтеру үшін негіз бола алмайды.

17. Бір және одан да көп кәсіпті бірге алып жүрген кезде разряд беру тәртібі жоғарыда айтылғандарға ұқсас болады.

18. Уақытша жұмысшылардың разрядтарын көтеруді тиісті разряд жұмысының күрделігіне қарай жүргізуге болады.

19. Жұмысшы кәсібінің атауы өндірісте орындалатын нақты жұмысы ескеріле отырып БТБА-ға қатаң сәйкестікте белгіленуге тиіс.

Жұмысшы түрлі кәсіптерді орындаған жағдайда, жұмысшы кәсібінің атауы негізгі жұмысы бойынша олардың орындайтын жұмысының көлеміне қарай белгіленеді.

20. Біліктілік комиссиясының қорытындысы (хаттамасы) негізінде ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігі жұмысшыға БТБА-ға сәйкес тиісті құжаттарды ресімдей отырып, кәсіп атауын және біліктілік разрядын бекітеді. Жұмысшыға негізгі жұмысы бойынша берілген разряд пен кәсіп атауы қызметкердің еңбек қызметін растайтын оның құжаттарына енгізіледі.

Жұмысшыға қоса атқаратын кәсібі бойынша берілген разрядқа растайтын құжат беріледі.

21. Кәсіби құрамы бойынша ұйымдарда (кәсіпорындарда) жұмысшыларды есепке алу, сондай-ақ жұмысы туралы барлық құжаттардағы жазбалар БТБА шығарылымдарында көрсетілген жұмысшы кәсіптерінің атауларына сәйкестігін қатаң сақтай отырып жүргізілуге тиіс.

22. Жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға жаңа кәсіптер бойынша белгіленген тәртіппен біліктілік разрядтарын бекіткенге дейін беру қолданыстағы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен жұмысшылар кәсіптерінің анықтамалығында қамтылған осыған ұқсас кәсіптер мен жұмыстардың атаулары мен сипаттамаларына қатысты жүргізіледі. Бұл ретте ұйымдар (кәсіпорындар), уәкілетті органдар жаңа жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлеп, бекітеді.

23. Жұмысшылардың кәсіптері мынадай санаттарға бөлінеді: білікті және білікті емес.

Білікті санатқа еңбегі БТБА-ға сәйкес кәсіптік даярлауды және арнайы білімді талап ететін жұмысшылар жатады.

Білікті емес жұмысшылар қол құралдарын пайдаланумен және белгілі бір күш жұмсаумен байланысты қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды. Кәсіптердің аталған санатының көбі үшін негізгі жалпы немесе жалпы орта білімінің болуы және жұмыс орнында жеке үйренуі тән.

Жұмысшылар кәсіптерін топтар бойынша сыныптау Қазақстан «Қызметтер сыныптауышын» Республикасының мемлекеттік сыныптауышында айқындалған, оған сәйкес білікті жұмысшылар 5-тен 8-ге дейінгі кәсіптер тобына, білікті емес жұмысшылар кәсіптердің 9-тобына қатқызылған.



Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) 1-шығарылымының «Экономиканың барлық салаларына ортақ жұмысшы кәсіптері» бөлімі бұрын қолданылған БТБА-ның КСРО еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитетінің және Бүкілодақтық Кәсіптік одақтардың орталық кеңесі хатшылығының 1985 жылғы 31 қаңтардағы № 31/3-30 қаулысымен бекітілген шығарылымы негізінде әзірлденді.

Бөлімде ұқсас жұмыстарды тарифтеу жетілдірілді, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату, өнімнің сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беру және арнайы даярлауға қойылатын талаптардың артуының әсерінен еңбек мазмұнының өзгеруімен байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалар нақтыланды.

БТБА-да әдеттегідей, әрбір мамандық бір бөлімде ғана кездеседі. Осы бөлімге нақты өндіріс немесе жұмыс түрі үшін айрықша болып табылмайтын жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды пайдалану, разрядтар беру және арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы ережесінде, сондай-аұ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен бекітілген және қазіргі кезде қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынаудан өткізу, қайта қарау, бекіту және пайдалану ережесінде көрсетілген



Тарифтік - біліктілік сипаттамалар

жүктеу 5,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау