Қазақстан Республикасы


§ 326. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы



жүктеу 5,08 Mb.
бет19/27
Дата14.11.2017
өлшемі5,08 Mb.
#160
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
§ 326. Ауыл шаруашылық азық-түліктер және шикізат қабылдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды сорттау және қабылдау. Техникалық жағдайларға немесе мемлекеттік стандартқа сәйкес тапсыралатын өнімнің сапасын, сондай-ақ өнім түрлерін, оның сортын, таксатын, класын, класқа бағыныстылығын, ақаулық жағдайын, консервілеу, мөлшері мен салмағын анықтау. Алушыларға өнімдерді өткізу. Алушыларға өнімдерді ресімдеу. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.

Білуі тиіс: тапсырылатын өнімнің сапасын анықтау ережесін және ауылшаруашалық азық-түлектер мен шикізаттарды қабылдау ережесін; мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайларды; ақауларды жою және оларды болдырмау тәсілдерін; белгіленген құжаттарды ресімдеу ережесін.
§ 327. Сынама іріктеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынама іріктегіштердің және арнайы құрылғылардың көмегімен қолмен кеннің, металдардың, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, ерітінділердің, мұнай өнімдерінің, қатты минералды отынның, құрылыс материалдарының және басқ. сынамаларын алу және өңдеу. Зертханашының басшылығымен талдаулар, механикалы байқаулар және сынаулар өткізу. Сынамаларды тығындау, оларға этикеткалар дайындау. Оларды зертханаға жеткізудің сақталуын қамтамасыз ету. Сынамаларды сұрыптауға арналған ыдысты жуу және сақтау.. Алынған сынамалардың есебін жүргізу.

Білуге тиіс: әр түрлі қоймалық және өндірістік жағдайларда сынамалар алу ережесі мен тәсілдері; қызмет көрсетілетін объектіде немесе учаскеде сыналатын материалдардың, шикізат мен дайын өнімнің қасиеттері; сынамалардың сапасына қойылатын талаптар; сынама алғыштардың құрылысы.
§ 328. Сынама іріктеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынама іріктегіштер мен арнайы құрылғылардың немесе қысыммен немесе вакуумдағы аппараттарды және респираторларды пайдаланудың көмегімен агрессиялық немесе улы заттардың сынамаларын алу. Трихенеллезге сынамаларды сұрыптау. Сынамаларды пакеттерге ілу, кварттау, қысқарту, ауыстыру. Орта сынамалар дайындау. Қатты минералды отынның сынауларын алу және бөлу кезінде сынама алу және сынама бөлу машиналардың жұмысын қадағалау. Сынамаларды бөлу және қабаттау. Алып қойылған және өңделген сынамалардың есебін жүргізу және сәйкес актілер ресімдеу. Қызмет көрсетілетін машиналарды және механизмдерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сынамалар алу және сынама өңдеу машиналарының және механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; оларды ұстау ережесі; қысым мен вакуумдағы аппараттардан агресситвті және улы заттарды алу ережесі мен тәсілдері; улы және жанатын заттарды ұстай білу ережесі.
§ 329. Сынама іріктеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Домналық пештердің колошнигінің радиусы бойынша газдың сынамаларын алу. Домналық пештің шахтасынан газды алу үшін тесіктерді тесу және тазалау. Шахтаның көкжиектерінде және домналық пештердің көрігінде температура мен қысымды өлшеу. Газдың сынамасын алу және фурмендік аймақтың температурасын өлшеу, сондай-ақ домналық пештердің әр түрлі көкжиектеріне жартылай сұйық қыздырылған материалдардың сынамаларын алу. Фурмалар бойынша ауаның шығынын өлшу. Шойын мен қождың сынамаларын алу. Сынамалар алу үшін жабдықтың ақаусыздығын тексеру және дайындау.

Білуге тиіс: домналық пештің құрылысы; шойынды балқыту процесінің негіздері; газдардың, шойынның және қождың химиялық және физикалық қасиеттері; пештегі қысым мен температурасынөлшеуге арналған аспаптардың құрылысы; газдардың, шойынның және қождың сынамаларын алу ережесі мен тәсілдері; оттегі аппараттарының құрылысы және жұмыс істеу ережесі.
§ 330. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (бастаушы)

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген қызмет иттерін қарау, оларды үйретедә және жаттығулар жүргізеді, күзет орындарында қою және одан алу. Иттерге, күзетке, жадық заттарына, керек – жарақтарына және т.б. арналған орындарды тәртіппен ұстау.

Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; қызмет иттерін үйретудің тәртібін; қарау, ұйымдастыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қызмет иттерін дамыту және өсіру жөніндегі талаптарын; әрбір есептегі иттердің сиппатамасын, оның жұмысқа қабілеттелігін және кемістігін.
§ 331. Қызмет иттерінің жол көрсетушісі (бастаушы)

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иттің көмегімен күзетілетін объектлердің аумағын арнаулы маршрут бойынша бөтен адамдардың болуын және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында аралап шығу. Іздестіру итімен қылмыс жасалған жерге шығу және қалдырған із бойынша қылмыскерді ұстауға әрекет жасау. Қызметтік – іздестіру итіне қарау және үйрету. Арнаулы керек – жарақтар мен жабдықтардың дұрыс жағдайда ұсталуы.

Білуі тиіс: қызметтік иттермен ұйымдастыратын жұмыстарды реттейтін нұсқаулықтарды, бұйрықтарды; тығылып қалған қылмыскерді және материалдардың жақсысын ұрлауға дайындап қойғанын анықтау мақсатында орындары мен объект аумағын қарау тәртібін; қызметтік – іздестіру иттерін үйрету жүргізудің тәртібін; : қызметтік иттерді тамақтандыру және ветеринарлық қызмет көрсету, қарау жөніндегі талаптар.
§ 332. Өнеркәсіптік альпинист

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Биік конструкцияларда, радиотелемұнараларда, тіректерде, көпірлерде, түтіндік құбырларда, газағарларда, тоннельдердің күмбездерінде, көпірлердің бұқаларында жөндеу - құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде альпинистік технологияларды пайдаланумен тірексіз кеңістікте технологиялық операцияларды орындау. Биік конструкцияларға тексерістер, ақауларын қарау мен анықтаулар жүргізу. Әр түрлі беттерді антикоррозиялық материалдармен жабу. Сырлау жұмыстарын жүргізу. Бірегей сәулетшілік объектілерді, храмдарды, ескерткіштерді, күмбездерді, стелаларды, құрылыстардың және ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіру. Жүк көтергіш механизмдерді: жүк арбаларды, жүкшылығларды пайдаланумен сәулетшілік элементтерін, балкондарды, ернеулерді өңдеу, қаптап жөндеу. Панельаралық жапсарларды бітеу, су ағатын құбырларды ауыстыру, терезелерді жуу. Автомобиль және темір жолдарының маңында тау баурайларын бүру, өндірістік қызмет аймақтарында қауіпті, еркін жатқан тастарды алып тастау немесе бекіту. Көтеру- төмен түсіруші жабдықты жинау және бөлектеу. Қиын қол жететін таулы аудандарға экскурсияларды мен экспедициялар өткізу кезінде көшкін және тас көшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Көшкінге қарсы шараларды қамтамасыз ету. Фильмдер түсіру, бұқаралық шараларды өткізу кезінде таулы рельефте қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: биіктікте жұмыс жасау кезінде жұмыстардың ерекшеліктері мен және сәйкес құжаттама; объектілерінің негізгі конструктивті ерекшеліктері, орындалатын жұмыстардың технологиясы; биікте құтқаратын жұмыстарды ұйымдастыру; көмек көрсету қабылдаулар; биіктіктерде объектілерде жұмыстарды орындау кезінде арқандарды, арқансымдарды, альпинистік жабдықтауды қауіпсіз қолдану ережелері; альпинистік жабдықтауға арналған қабыл алмауға байқаулардың ережелері және істеген жұмыс нормалары; қол және механикалы жүк арбалардың, жүкшығырлардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; сигналдар және қызметкерлермен, басқарушы жүк көтергіш механизмдармен әрекеттестік кезінде оларды қолдану тәртібі; арқансымдарды және арқандарды қосуға арналған түйіндерді пайдалану ережесі және негізгі қасиеттері; биіктікте жүктерді және адамдарды көтеру және түсіру, альпинистік жабдықтарды, контрукция элементтерін және тау рельефті қолданумен тіреусіз кеңістікте орын ауыстыру жүйесін ұйымдастыру.

Газ- немее электр дәнекерлеу жұмыстарын орындау, плазмалық кесу, тік ұшақтардың экипаждарымен бірлесіп биіктікте торкреттеу кезінде - 6-разряд.

Радиоактивті сәулеге түсіру көздерімен электрондық - сандық кешендерді, радио ұзындық өлшеуіштерді, магнит өлшеуіштерді, гиротеодолиттерді және лазер шағылдырғыш аспаптарды пайдаланумен жұмыстар орындаған кезде - 7-разряд.

Қосымша кәсіби білім қажет.


§ 333. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта күрделі ағаш бұйымдар мен конструкцияларды, әр түрлі материалдар мен маталарды қолмен жаққышпен немесе бояу пульттар мен бүріккіштерді пайдаланумен оттан қорғайтын құрамдармен жабу. Әр түрлі конструкцияларды және ағаш бұйымдарын, маталарды және материалдарды оттан қорғайтын өңдеуге даярлайтын жұмыстарды орындау. Берілген рецептура бойынша өрттен қорғайтын құрамдарды дайындау. Анағұрлым жоғары білікті сіңдірушінің басшылығымен күрделі сіңдіру жұмыстарын орындауға қатысу.

Білуге тиіс: конструкцияларды және ағаш бұйымдарын, маталарды және материалдарды оттан қорғайтын сіңдіру туралы жалпы мәліметтер; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; ағаш бұйымдарға және конструкцияларға, материалдар мен маталарға қолмен жаққышпен немесе бояу пульттар мен бүріккіштерді пайдаланумен оттан қорғайтын құрамдарды түсіру тәсілдері мен ережесі.
§ 334. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және жауапты ағаш бұйымдарын, маталарды және бағалы материалдарды, театрлық декорацияларды, макеттерді және көркем стенділерді, арқандарға арналған органикалық өзекшелерді оттан қорғайтын құрамдарымен жабу және өңдеу. Әр түрлі оттан қорғайтын қоспаларды және құрамдарды даярлау. Сіңірілетін материалдардың үлгілердің даярлау және оларды отқа төзімділікке тексеру. Ерітінділерді даярлаудың механикаландырылған тәсілі және сіңдіру жұмыстарын орындау кезінде механизмдерді басқару. Орындалған жұмыстарды және химиялық заттардың және материалдарының шығынын есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымдағы жөндеу және орта және күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: конструкцияларды және күрделі ағаш бұйымдарын, маталарды және бағалы материалдарыны, театрлық декорацияларды, макеттерді және көркем стенділерді, арқандарға арналған органикалық өзекшелерді оттан қорғайтын сіңдіру ережелері; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; оттан қорғайтын сіңдірудің әр түрлі түрлеріне техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау кезінде және сіңдіру жұмыстарын жасау кезінде қолданылатын жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; химикаттар мен материалдардың шығынын есептеуді жүргізу, сондай-ақ орындалған жұмыстарға техникалық құжаттама ресімдеу ережесі.
§ 335. Оттан қорғап сіңдіру бойынша сіңдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше бағалы көркем театрлық декорацияларды, суреттерді, панноны және басқа өнер туындыларын оттан қорғайтын құрамдармен жабу және өңдеу. Ерекше жауапты сіңдіру үшін құрамдарды және рецептура дайындау. Сынамалар алу және қолданылатын қоспалар мен ерітінділердің сапасын тексеру. Химиялық заттарды іріктеп алу және біреулерін басқаларымен ауыстыру.

Білуге тиіс: Ерекше бағалы көркем театрлық декорацияларды, суреттерді, панноны және басқа өнер туындыларын оттан қорғайтын сіңдіру ережесі мен технологиясы; улы химиялық заттарды, қолданылатын қоспаларды және оттан қорғайтын ерітінділерді ұстай білу ережесі; оттан қорғайтын құрамдарды дайындау тәсілдері және оларды сақтау шарттары; оттан қорғайтын сіңдірудің әр түрлі түрлеріне техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар; химикаттар мен материалдардың шығынын есептеуді жүргізу, сондай-ақ орындалған жұмыстарға техникалық құжаттама ресімдеу ережесі.
§ 336. Жеміс-көкөніс қоймасының жұмысшысы

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Картоп, көкөніс, жемістерді вагондардан, барждан, автокөліктен қолмен немесе машина мен механизмнің көмегімен түсіру. Сақталу мерзімі бойынша өнімді сақтау және басқа белгіленген түрлерімен өлшеу және сақтауға салу. Сақталу процесіндегі өнімнің жағдайын бақылау. Өскінге қарсы репарат себу. Қоймаларды әкпен өндеу, қойма люктерін жылыту. Картоп пен көкөніс жемістерді іске асыруға даярлау: қолмен немесе машинамен іріктеп алу, өнімді және қалдықтарды толтыру, өлшеу, жәберу үшін буып – түю. Өнімді автокөлікке арту. Ыдыстарды жөндеу және сорттау.

Білуі тиіс: өнімнің түрлері мен оның сақталу ережесін; өнімнің сақталу мерзімін арттыру тәсілдерін; қызмет көрсететін механизмдерді пайдалану ережесін және құрылғысын.
§ 337. Елді мекендерді жайластыру жөніндегі жұмысшы

3 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Канализация құбырлары мен күрелген қоқыс төгілетін ордан қолмен немесе қалақтың көмегімен тұрып қалған заттар мен қоқыстарды тазалау. Қаладағы қоқыс тастайтын жерді қатты шіріген лақтырындылардан оларды оқшаулайтын жердің қабатымен жабу арқылы зиянсыз ету. Ауру тудыратын микробтар мен шыбындардың көбнюіне кедергі келтіретін жағдайларды жасау. Қоқыс тастайтын жерлерге кеміргіштердің бару мүмкіндігін шектеу және жағымсыз иістерді болдырмау. Малдардың өлекселері мен сыпырындыларды жағу. Канализация құдықтарының және күрелген қоқыс төгілетін ордың қақпақтарын ашу және жабу. Күрелген қоқыс төгілетін орды, қоқыс тастайтын жерді және төгу орындарының стансаларын (пунктерін) зарарсыздандыру. Төгуді бақылаумен төгу стансаларында ассенизациялық машиналар мен керуенді қабылдау. Қар төгетін, қоқыс тастайтын жерге қармен келген машинаны қабылдау және қар еритін жерді көрсете отырып қарды төккізу. Сұйық қоқым – соқымдар мен жеткізілген қарлардың санына есеп жүргізу және бақылау. Жол жүру құжаттарын ресімдеу.

Білуі тиіс: қоқым – соқымды жинау туралы санитарлық ережесін; күрелген қоқыс төгілетін ор және қоқыс тастайтын жерді зарарсыздандыру тәртібін; малдардың өлекселерін құртудағы ветеринарлық – санитарлық бақылау ережесін; қоқыс тастайтын және қар ерітетін жерлерді пайдалану және орналастыру жөніндегі санитарлық ережесін; қатты қоқым – соқымдарды зиянсыз ету әдістерін; жол құжаттарын ресімдеу.
§ 338. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ғимараттарды және оларға жабысып жатқан аумақтарды (аулаларды, тротуарларды, ағынды су каналдарды, урналарды, қоқыс жинағыштарды, қоқыс өткізгіштерді, марштарды және саты алаңдарын, жалпы пайдалану жайларын, лифтілердің кабиналарын, үй астын, шатырды және т.б.) тиісті санитарлық күй-жағдайда ұстау және жинау. Қызмет көрсетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты және механизмдерді маусымдық дайындау. Аула алаңдарын, тротуарларды, төбелерді, қар мен мұздан тазалау. Өтініштер бойынша зақымдарды және ақауларды жою.

Білуге тиіс: санитария, сәулеттендіру, ғимараттарды сыртқы ұстау сұрақтары бойынша жергілікті органдардың қаулылары; көшелерді, жайларды, қоқыс құбырларын ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесі.
§ 339. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты және механизмдерді мерзімді байқау, төсемсатыларды, люлькаларды, аспалы және басқа сақтандыру және көтеру құрылғыларды пайдаланумен жөндеу- құрылыс жұмыстарының (сылақтар, сыршы, қаптау, бетон, темір ұста, ағаш шеберлігі) барлық түрлерін орындаумен оларға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Слесарлық, дәнекерлегіш және пісіретін жұмыстарды орындаумен орталық жылу беру, сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, су ағарлар, жылумен жабдықтау, желдету, ауа тазарту жүйелерін және басқа контрукцияларды, механизмдерді ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Электротехникалық жұмыстарды орындаумен электр желілері мен электржабдықты жинақтау, бөлшектеу және ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: жөндеу- құрылыс жұмыстарының негіздері және оларды орындау тәсілдері; материалдардың түрлері; жұмыстар жүргізу кезінде құралдардың, құрылғылардың, машиналардың, механизмдердің және жабдықтың белгіленуі және құрылысы; жөндеу- құрылыс жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі.
§ 340. Ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жөндеу- құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындаумен ғимараттардың, құрылыстардың биік бөліктерін ағымдағы жөндеу. Барлық түрлі ғимараттар мен құрылыстардың биік бөліктерінің техникалық күйін мерзімді тексеру және қызмет көрсету: мұнараларын, күмбездерін, карниздарын және т.б. Кез келген заттардың, сонымен қатар ғимараттардың конструкциялардың бөлімдерінің биіктіктен опырылып құлауларының алдын алу және болдырмауға шаралар қабылдау. Қысқы уақытта биік ғимараттар мен құрылыстардың төбелерін қар ме мұздан тазалау. Көтеру механизмдерін, құрылғылар мен құралдарды таза және дұрыс ұстау.

Білуге тиіс: санитария, сәулеттендіру, ғимараттарды сыртқы ұстау сұрақтары бойынша жергілікті органдардың қаулылары; көшелерді, жайларды, қоқыс құбырларын ұстау бойынша санитария және гигиена ережелері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі; жинау жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережесі.

Орындауда және ғимараттарды жабдықтауда инженерлі пайдаланумен Жөндеу жөніндегі жұмыстары.


§ 341. Жуу және арнайы киімдерді жөндеу жөніндегі жұмысшы

2 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы киімдерді, орамалдарды, перделерді жуу машиналарында және қолмен жуу. Кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру, престерде, каландрларда немесе қолмен үтіктеу. Арнайы киімдерді қолмен және тігін машиналарында жөндеу, тамға тігу. Жуу және зарарсыздандыру ерітінділерін даярлау. Арнайы киімдерді қабылдау, сорттау және беру. Белгіленген құжаттарды ресімдеу.

Білуі тиіс: әртүрлі материалдардан жасалған арнайы киімдерді жуу технологиясын; жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; құрылғысын; жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданудағы қасиетін, турлерін және оларды қолдану мен әзірлеу тәсілдерін; белгіленген құжаттың жүргізілу ережесін.
§ 342. Малдарға, оның ішінде аса қиын және ерекше малдардың қаупті топтарына қарау жөніндегі жұмысшы
Жұмыс сипаттамасы. Малдарға (байқау, тамақтандыру, суару және т.б.): жыландарға, рептилияға, құстарға т.б. қарау. Торды, торлы қора мен қашаны, сорғыиһтатын мен көң жиналатын жерлерді тазалау. Төсеніштерін ауыстыру, тамақтандыратын және суаратын, көмекші орындарды мен ұялы үйлерін ауыстыру, бассейндерді жуу. Малдар үшін жасалған орындардың температурасын, ылғалдылығын ұстау және жарық түсіру. Тамақ және тамақ қоспаларын әзірлеу. Қызмет көрсетілетін малдардың тобын көбейту жөніндегі бағдарламаларын жүзеге асыру және жоспарлау. Малдардың тіршіліктануын зерттеу жөніндегі дала жұмыстарына қатысады, ал керек жағдайда оларды ұстау, тіркеу, қайта отырғызу және тасымалдауға қатысады. Малдардың тобындағы жасын жасанды қоректендіреді, оларды үйретеді және элементарлы көмекті жүзеге асырады. Биологиялық бақылаудағы күнделігін жүргізу және ғылыми – зерттеу жұмысына қатысу.

Білуі тиіс: биологиялық негіздерін және тіркелген малдар тобындағы қамтамасыз ету жағдайын; өз тобындағы малдарды көбейту негіздерін, үйрету негіздерін, торлардың, торлы қоралардың, қашалардың орналасуын, сондай – ақ айдалып әкелінген және тіркелген торлардың ережесін; санитарлы – гигиеналық және ветеринарлық талаптарының негіздерін; зарарсыздандыру ерітінділерін пайдалану және оларды даярлау тәсілдерінің ережесін; еңбекті қорғау туралы, техника қаупсіздігі, кәсіптік санитария мен өрт қаупсіздігі ережесін.

Зертханалық малдар, аз қоректенетін және қаупсіз құстарға дербес қызмет көрсету кезіндегі – 2 – разряд.

Қауіпті малдарды дербес қамтамасыз етуде-3-разряд

Қиын жағдайда жыртқыш және қауіпті малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде – 4 – разряд.

Ең қауіпті және улы малдарды ұстауда дербес қызмет көрсетуде - 5 разряд.

Лекция мен экскурссия жүргізген кезде демонстрация үшін оларды үйретуге және қауіпті малдар тобын және қиын жағдайда қамтамасыз етуде және ұстауда дербес қызмет көрсетудегі - 6 - разряд.


§ 343. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

5 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
§ 344. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

6 - разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңіз деңгейінің үстіндегі 1000 – нан 2000 – ға дейінгі метр биіктігінде жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністері (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Аппаты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антеналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу–құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.
§ 345. Ауылды қорғау құрылымдарын пайдалану жөніндегі жұмысшы

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 2000 метр биіктіктегі жетуі қиын биік таулы аудандардағы қауіпті табиғи көріністер (сел тасқыны, себептер, опырылым, көшкін т.б.) жұмыстарының орындалуы. Теңіз деңгейінің үстінде. Қызмет көрсету құрылымдары, жабдықтар мен механизмдерінің техникалық жағдайын қарау, олардың барлық жөндеу – құрылыс жұмыстарының (бетон, ағаш шебері, арматура, дәнеркелеу, сырлау) түрлерін кезеңді орындаумен мінбелерді, люлькаларды және басқа да сақтандыру мен көтермелі қолдануды ыңғайландыру. Электр жұмыстарын орындаумен уақытша бетон түйінінің көтеру крандарды және кіре беріс жолдары, электр жүйесі және электр жабдықтаудың монтажы, демонтажы. Аппаты – құтқару шаралары жұмыстарының барлық түрлеріндегі апаттық жұмыс өндірісіндегі жарылғыш заттарды сақтау, жүк тасу және қалау жөніндегі жұмыстардың орындалуын. Антеналық және аккумуляторлық радиостансаларды пайдалану және монтаждау, демонтаждау.

Білуі тиіс: ауылды қорғау және басқа да қорғау құрылымдарын тағайындау, олардың конструкциялық элементтерін, құрылыс материалдарының барлық түрлерін, механизм, машина жұмыс жүргізу кезінде бейімділігінің тағайындалуын және құрылуын, жарылғыш заттармен айналысу ережесін; альпинистерді дайындау және тау бағыттары бойынша жүру негізгі жаттығуларын, қалып құралдарының тәсілдерін меңгеру, арматуралық қаңқаны байлау, құрылысты қорғау конструкциясының атағы, жөндеу – құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі қаупсіздік техникаларының ережесін; аппатан қорғау жұмыстары кезіндегі медициналық көмек ережесін.

жүктеу 5,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау