2. 2001 жылмен салыстырғанда 2012 жылдың соңында жұмыспен қамтылған халықтың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға дейін көбейді, ал жұмыссыздық деңгейі 12,8 %-дан 5,3 %-ға төмендеді .
Қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, елімізде
1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ – 34 жасқа дейінгі адамдар;
2) 1,1 млн.-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар (тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері);
3) 2,8 млн. жұмыспен қамтылған адам зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды;
4) жұмыс орындарына тапшылық проблемасы ауылдық жерлерде аса өткір болып отыр. Бұл:
жұмыстардың маусымдық сипаты мен санаулы өндірістік базаға;
көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымағына;
өткізу нарықтарынан шалғайлығына;
ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігін;
қаржыландыру қызметтерінің жеткілікті қолжетімділіктің болмауына (ауылда екінші деңгейдегі банктер жоқ) байланысты.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. Олар:
еңбек ресурстарын дамытуды (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);
жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз етуді (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелер құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
еңбек уәждемесін күшейтуді (кәсіби бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) болжамдайды.
Қазіргі проблемаларды шешу және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігін ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары
4.1. Бағдарламаның мақсаты
3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
4.2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
4. 2016 жылға қарай:
3) кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;
1) жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды;
2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін болады.
5. Бағдарлама шеңберінде:
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдар: 2013 жылы – олардың санынан 3,0 %, 2014 жылы – 3,8 % және 2015 жылы – 6,1 %;
2) жұмыссыздар: 2013 жылы – 15,0 %, 2014 жылы – 18,0 % және 2015 жылы – 21,0 % ;
3) табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелері: 2013 жылы – олардың жалпы санынан18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.
4.3. Бағдарламаның міндеттері
6. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту.
2) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту.
3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру, бірінші кезекте, оқытуға, жұмысқа орналастыруға, жеке ісін ашуға және кеңейтуге, ал ондай мүмкіндіктер болмаған жағдайларда нәтижелі жұмыспен қамтуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында өз еркімен көшуге жәрдемдесуге бағытталған.
7. Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету;
2) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын ескере отырып, оқыту және жұмысқа орналастыруға және қоныс аударуға жәрдемдесу.
8. Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:
республикалық деңгейде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы);
облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар;
аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың құралы болып табылады.
5. Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету
9. Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін қаржыландыру лимитін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныс енгізеді.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінген лимиттің жалпы көлемінің 3 % аспайтын қаражаты республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға көзделеді. Республикалық меншіктегі объектілерді күрделі және ағымдағы қаражат бөлу қолданыстағы заңнамаға сәйкес техникалық құжаттамалар болған кезде жүргізіледі. Мәлімделген жобалардың жалпы құны лимит сомасынан асып түскен кезде жобаларды алып тастау туралы шешім Оператордың ұсынысы бойынша ВАК-та қаралады.
Қалған қаражат өңірлер арасында мынадай тәртіппен бөлінеді:
80 % – халықтың санына барабар түрде;
20 % – өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне байланысты. Жұмыс нәтижелері ретінде Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздар, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың, табысы аз халықтың сатын қысқарту бойынша көрсеткіштер ескеріледі.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасынан:
кемінде 10 % Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге;
50 % асырмай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жіберіледі, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың кемінде 70 % Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, ауылдық жерлерге жіберілуге тиіс.
Республикалық меншіктегі объектілерді қоспағанда, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жергілікті атқарушы органдар есебінен кемінде 10 % қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің сметалық құнынан кемінде 10 % мөлшерде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар белгіленген лимиттерді негізге ала отырып, Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, алдағы қаржы жылына бюджеттік өтінімді қалыптастырады және тиісті орталық мемлекеттік органдарға бюджет заңнамасымен белгіленген нысандарда жыл сайын 15 сәуірге дейінгі мерзімге ұсынады.
Орталық мемлекеттік органдар Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарлама операторына бюджет заңнамасымен белгіленген нысандарда бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 1 мамырға дейінгі мерзімге ұсынады.
Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімге бюджеттік өтінімдерді бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органға ұсынады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға тиісті кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу, онымен қоса облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге дамуға ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы трансферттерді республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері төмен тұрған бюджеттерге дамуға аудару бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өңірлер немесе республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінген қаражаттан бас тарқан немесе тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда Бағдарлама операторы ВАК-тың қарауына қаражатты басқа өңірлер мен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізеді.
Республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғарыда көрсетілген мерзімдер сақталады,бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.
Ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардың арасында мынадай негізгі өлшемдер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады:
жұмыссыздық деңгейін төмендету;
тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған қатысушылардың жалпы санының үлес салмағы;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесін ұлғайту;
отбасының еңбекке жарамды мүшелерін олардың жалпы санынан үлесін қысқарту;
Бағдарламаның әрбір бағыттарында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
инфрақұрылымдық жобалар бойынша құралатын жұмыс орындарының (тұрақты және уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |