84. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
85. ВАК мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
1) өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар бойынша қаржыландыру лимиттеріне және қаражатты бөлуге келісім береді;
2) Бағдарламаны орындаудың негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін қарайды және келісім береді;
86. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мақсатында:
1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар бойынша қаржыландыру лимиттерін белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
3) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
4) жалпыұлттық дерекқорларын қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар талап еткен мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді;
5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) әзірлейді және бекітеді;
6) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;
7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде Бағдарламаға қатысушылардың бір облыстан басқа облысқа көшуіне келісім береді.
87. Өңірлік комиссиялар:
1) Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне келісім береді;
2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына келісім береді;
3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттеріне келісім береді;
4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне келісім береді;
5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшеріне ;
6) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарына келісім береді;
7) Бағдарлама операторына Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі бойынша жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде ұсыныс енгізеді;
8) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнына келісім береді;
9) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
10) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.
88. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға келісім береді екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарына келісім береді;
3) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.
89. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобаларға және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарына келісім береді;
2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;
3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына мониторинг жүргiзу және заңнамаға сәйкес оның талаптарын орындамаған жағдайда санкция қолдану;
4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау.
91. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |