Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ



жүктеу 0,65 Mb.
бет4/6
Дата14.05.2018
өлшемі0,65 Mb.
#13003
1   2   3   4   5   6

35. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерді іріктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларында айқындалады.


36. Микрокредит беру шарттары:

1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;

2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;

3) кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;

4) кредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

5) кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып, белгіленеді;

8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді;

10) кредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейту үшін кредит алуға қайта өтініш беруге және 5 млн. теңгеге дейін кредит алуға құқығы бар.

37. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шарттары.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (салу және реконструкциялау) Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен, газбен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді көздейді.

Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға жабдық сатып алу кәріз, жылу және сумен, газбен жабдықтау желілерін, телефон және электр желiлерiн алмастыратын қажетті жабдықпен, сондай-ақ блок модульдармен (арнайы жабдықталған жылжымалы үйлер) жарақтандыруды көздейді.

Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.

Нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде пайдаланады.

38. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған ілеспе технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды.

Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе жабдықтың құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай, берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.

Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте кредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы ілеспе технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.

Жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту (салу және реконструкциялау) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.

39. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:

1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;

2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша оны бекітеді;

Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;

3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін өңірлік комиссияның шешімімен уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды;

4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.

Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;

5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей соңғы тұтынушымен жасалады.

40. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:

1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды;

3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.

Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан немесе алдын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар, не микрокредит алар алдындағы үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті курстарынан өткені туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер бола алады;

4) микрокредиттер беру:

Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;

микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;

5) Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;

6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:

халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;

инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;

7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.

8.2.2. Тірек ауылдарды кешенді дамыту
41. Тірек ауылдарды кешенді дамыту мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде нысаналы нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.

42. Кешенді дамуға қажетті экономикалық және еңбек ресурстары бар ауылды елді мекендер, мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының басымды жобалары іске асырылып жатқа не көп зерттеуді балап ететін технологиялар, озық өндірістер, ғылыми-білім беру, мәдени-демалыс және қаржылық-делдалдық қызметтер орталықтары болып табылатын және әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды талап ететін ауылдар тірек ауылдар болып табылады.

43. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

44. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек ауылдарды айқындау, тиісті қорытындыны келісу әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес баға беру үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қоса тірек ауылдар тізбесінің жобасын жібереді.

45. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға енгізу үшін және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін ауылдарды таңдап алады.

46. Тірек ауылдың мастер-жоспары экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған тірек ауылды кешенді дамытудың стратегиялық жоспарын білдіреді.

Тірек ауылдың мастер-жоспары:

тірек ауылдың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық

жай-күйіне талдауды;

экономикалық қызметтің нақты түрінде оны ерекшеліктерін ескере отырып, тірек ауылды кешенді дамыту мүмкіндіктері мен шарттарын айқындауды;

мемлекеттік қолдау шараларын, жеке бастамаларды қамтитын мастар-жоспарды іске асырудың тетіктері мен құралдарын;

инвестицияларды тартуды көздейтін тірек ауылды дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың қадамдық жоспарларын, шикізат базасын, қайта өңдеуді дамытуды, ілеспе және қосалқы өндірістерді, инфрақұрылымды дамытуды, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз азаматтарды ауылды дамыту жөніндегі жұмысқа тартуды;

қаржыландыру көлемі мен көздерін, іске асыру мерзімдері мен жауапты орындаушыларды белгілеуді қамтиды.

47. Тірек ауылдың мастер-жоспарында көзделген іс-шараларды қаржыландыру Бағдарламаны іске асыруға бөлінген жалпы лимиттер шегінде жүзеге асырылады.

48. Тірек ауылдың мастер-жоспарын іске асыру барысында Бағдарламада көзделген құралдар шектеусіз қолданылатын болады.

49. Тірек ауылдардағы жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушыларды қосымша ынталандыру:

1) 5 жылдан аспайтын мерзімге 5 млн. теңгеге дейін сомада кредит беру;

2) бір айға дейінгі мерзімге кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып бизнес-жоспар даярлауға көмек көрсету, жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер және ИКИ дамыту, ілеспе жабдық сатып алу;

3) Бағдарлама қаражатынан тыс тірек ауылдарда жобаларды іске асырып жатқан адамдарға берілген екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

4) тірек ауылдарда тұратын және Бағдарламаға қатысушы болған адамдарға өздерінің таңдаған Бағдарлама бағыттарына сәйкес мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары ұсынылады.

50. Екінші деңгейдегі банктер және өзге де қаржы институттары берген кредиттер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың шарттары

1) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейдегі банктермен/өзге де қаржы институттарымен бес миллион теңгеден аспайтын кредит/микрокредит алған/алуға шарт жасаған;

көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес экономиканың тиісті секторларында өндірісті сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе кеңейтуге бағытталған тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспары шеңберіндегі жобаларды іске асыратын;

осы жобаларды іске асыру шеңберінде кемінде он пайыз жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін Бағдарламаға қатысушыларға жүзеге асырылатын болады.

2) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларға берген микрокредиттер бойынша Бағдарлама қаражатынан тыс 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 %-ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.

3) тұтыну мақсатына, алдыңғы қарыздарды жабуға және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға берілетін овердрафт түріндегі кредиттер/микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.

4) субсидиялау мерзімі екінші деңгейдегі банктер немесе өзге де қаржы институттары берген кредиттің/микрокредиттің мерзіміне сәкес келеді және 5 жылдан аспайды.

51. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы оң шешім алған үміткерлермен әлеуметтік келісімшарт жасалады.

52. Тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі функцияларды іске асыруды қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) жүзеге асырады.

53. Тірек ауылдарда тұратын адамдардың екінші деңгейдегі банктер және өзге де қаржы институттарының кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі, қаржыландыру шарттары мен көздері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген Бизнестің 2020 жол картасында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

54. Іске асыру тетігі:

1) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ауыл округтерінің әкімдері тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлейді;

2) тірек ауылдың мастер-жоспары жергілікті қауымдастық жиынына талқылауға шығарылады және жеке және заңды тұлғалар ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында іске асырады;

3) жергілікті қоғамдастық жиынында келісілген тірек ауылдың мастер-жоспары аудандық комиссияның қарауына шығарылады және оң қорытынды алынғаннан кейін өңірлік комиссияның қарауына жіберіледі.

4) өңірлік комиссияның оң қорытындысын алған тірек ауылдың мастер-жоспары тиісті орталық уәкілетті органмен бірлесіп қаржыландыру және ВАК-тың қарауына енгізу жөнінде қорытындыны бағалау, ұсыну үшін Бағдарлама операторына жіберіледі.

5) ВАК мақұлдаған мастер-жоспарды аудан (қала) мәслихаты бекітеді және жергілікті атқарушы органдар іске асырады.

55. Бағдарлама операторы өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады.

56. Тірек ауылдарды кешенді дамыту жөніндегі ұсынылатын шаралар пилоттық режимде 2014 жылы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында сыналатын болады.

8.3.Үшінші бағыт:

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
57. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

58. Үшінші бағыттың мынадай құрамдас бөліктері бар:

1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.



8.3.1. Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
59. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:

1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;

2) тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;

3) материалдық көмек беру;

4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;

6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.

Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау

60. Кәсіптік бағдарлау кәсіптерді саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан адамдарды қосқанда үміткерлердің бейімділіктерін, қабілеттерін айқындауға бағытталған. Кәсіптерді таңдау Жалпыұлттық деректер қорынан мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Кәсіптік бағдарлау білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган әзірлеген Қағидаларға сәйкес:



  • жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар санаты арасында;

  • білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылар арасында жүзеге асырылатын болады.

61. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік сатып алулар туралы қолданыстағы заңнамаға және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа сәйкес тарта алады.

62. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге орналастырылады.

63. 2014 жылы кәсіптік бағдарлау Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өтеді.

Кәсіптік оқыту

64. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, кәсіптік қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды.

65. Оқуға үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлерді де жұмыс беруші іріктейді.

Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісім бойынша кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды өз бетінше таңдайды.

Оқуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама Операторының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.

66. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамалық белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталық» акционерлік қоғамда куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді модулі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

67. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады және оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы мынадай:

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды;

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды;

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды.

68. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жергілікті атқарушы органдар кәсіптік оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандығы мен біліктілік деңгейіне байланысты, бірақ ақылы негізде көрсетілетін орташа білім беру қызметтерінің құнынан асырмай белгілейді және өңірлік комиссия бекітеді.

Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты жұмыспен қамту орталығымен және облыстың білім беру уәкілетті органымен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды және өңірлік комиссия бекітеді.

69. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген тұрақты жұмыс орнына жіберіледі.

70. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдарды оқытуды қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдарды оқыту толық аяқталғанға дейін жүзеге асыратын болады.

Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу

71. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады.

Субсидиялау мөлшері, экологиялық үстемелер бойынша төлемдерді есепке алмағанда, айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.

72. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекет 12 ай ішінде жүзеге асырады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алынбаған пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, жалақы мөлшерінің 35 % құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төмен жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған

73. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіби оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес. жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тартуы мүмкін.

74. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.

75. Іске асыру тетігі:

1) үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:

ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;

3) қажетті біліктілігі болмағандықтан жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;

4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік шарт жасалады.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер де әлеуметтік келісімшарт тараптары бола алады.

Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;

5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бақылайды.



8.3.2. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек

ресурстарының ұтқырлығын арттыру
76. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілер мен өз еркімен қоныс аударылатын азаматтардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдауды алу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.

77. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:

1) бір ауданның ішінде;

2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.

77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

Әзірленген критерийлерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.

79. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.

80. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:

1) көшумен байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;

2) қызметтік тұрғын үй беруді;

3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;

4) қажетіне қарай кәсіптік оқу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды қамтиды.

5)жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді.

81. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.

Жиырма жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айрылған балалар) арналған жатақханалардан бөлме олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұруына қарамастан беріледі.

Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады.

82. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді.

2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер Халықты жұмыспен қамту орталықтарына:

- мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшін көрсете отырып;

- Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй құрылысының мүмкіндіктерін (сатып алу) және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру жағдайларында) тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін не Бағдарлама шеңберінде олар кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді.

3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бөледі, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.

4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті елді мекендерге байланыстыру жергілікті бюджет және жұмыс берушінің пропорционалды түрде салған қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті елді мекендерге байланыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады:

тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібі және сатып алу;

қоныс аударған азаматтардың міндетті жұмысқа орналасуы;

жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері;

тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшін таңдау, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады.

6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.

83. Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:

1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді.

2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, құжаттардың қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;

3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:

өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды;

аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

4) Бағдарлама операторы, өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;

2014 жылдан бастап барлық өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үміткерлерді қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады.

5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың облыс орталықтарының шегінде тұратындар қатарындағы Бағдарламаның қатысушыларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде қызметтік тұрғын үйге көшіруге рұқсат беріледі;

6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерінің) әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтиды;

7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау