92. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
нақты кәсіптер бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктерін жедел және орта мерзімді болжау;
кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту;
тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;
Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында Бағдарламаның іске асырылуына кешенді мониторинг жүргізу, оның ішінде нақты уақыт режимінде Жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу; Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «ЗТМО» РМҚК тиісті дерекқорларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды;
«Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын, «Жұмыс» ақпараттық порталын қолдау;
6) Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады;
7) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында елді мекендердің даму әлеуетін айқындау бойынша зерттеу.
Бағдарлама операторының көрсетілген бағыттарды іске асыруы үшін Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым айқындалатын болады.
93. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
94. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған. Осы мақсатта әлеуметтік көмек көрсетудің мынадай тәртібі мен шарттары ұсынылады.
Осы мақсатта келісілген әлеуметтік көмекті енгізу қарастырылуда. Ол атаулы қолдаудың шартсыз түрінен «өзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі) қағидатына өтуді болжамдайды.
Отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі еңбек әлеуетін жандандыру және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың әрекеттерінің өзара міндеттемелерін көрсете отырып, әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер көрсету есебінен отбасының өмірлік қиын жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады. 2014 жылы келісілген әлеуметтік көмек көрсету Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жамбыл облыстарында пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
95. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын болады.
Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.
2020 жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары
адам
Өңірлер | 2013 ж. | 2014 ж. | 2015 ж. | 2016 ж. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | Ақмола облысы | 4172 | 2613 | 2560 | 2569 | 2695 | 3046 | 3523 | 3860 | Ақтөбе облысы | 4105 | 2571 | 2519 | 2527 | 2652 | 2997 | 3466 | 3798 | Алматы облысы | 9701 | 6077 | 5954 | 5973 | 6267 | 7083 | 8191 | 8976 | Атырау облысы | 2767 | 1733 | 1698 | 1704 | 1788 | 2020 | 2337 | 2560 | Батыс Қазақстан облысы | 3148 | 1972 | 1932 | 1938 | 2034 | 2299 | 2658 | 2913 | Жамбыл облысы | 5557 | 3481 | 3410 | 3422 | 3590 | 4057 | 4692 | 5141 | | 7012 | 4393 | 4304 | 4318 | 4530 | 5120 | 5921 | 6488 | Қостанай облысы | 5075 | 3179 | 3115 | 3125 | 3278 | 3705 | 4285 | 4695 | Қызылорда облысы | 3278 | 2053 | 2012 | 2018 | 2118 | 2393 | 2768 | 3033 | Маңғыстау облысы | 2550 | 1597 | 1565 | 1570 | 1647 | 1861 | 2153 | 2359 | Оңтүстік Қазақстан облысы | 11709 | 7336 | 7187 | 7210 | 7565 | 8550 | 9888 | 10834 | Павлодар облысы | 4136 | 2591 | 2539 | 2547 | 2672 | 3020 | 3493 | 3827 | Солтүстік Қазақстан облысы | 3268 | 2047 | 2006 | 2012 | 2111 | 2386 | 2759 | 3024 | Шығыс Қазақстан облысы | 7102 | 4450 | 4359 | 4373 | 4589 | 5186 | 5997 | 6571 | Алматы қ. | 3942 | 2470 | 2420 | 2427 | 2547 | 2878 | 3329 | 3648 | Астана қ. | 7304 | 4576 | 4483 | 4498 | 4719 | 5333 | 6168 | 6758 | Қазақстан Республикасы | 84826 | 53139 | 52063 | 52231 | 54802 | 61934 | 71628 | 78485 |
13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
96. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, 2016 – 2020 жылдар.
97. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, микрокредиттер, кредиттер және Қаржылық лизинг, гранттар беру шарттары бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.
98. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады, еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады.
14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
99. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:
1) 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;
2) 2014 жылға – 98,3 млрд. теңге;
3) 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с№
|
Iс-шараның атауы
|
Шығыстар
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзiмi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Ұйымдастыру iс-шаралары
|
1
|
Жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
|
-
|
Еңбекмині
|
Бұйрық
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
2
|
Сейсмологиялық аймақ пен сипаттамаларды ескере отырып қоныс аударатын Бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлердің (жеке немесе көппәтерлі), жатақханалардың үлгілік жобаларын әзірлеу
|
|
ӨДМ
|
Жобалау-сметалық құжаттама
|
2014 жылғы 4-тоқсан
|
3
|
Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелеріне, әлеуметтік келісімшарттың нысанына, әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының өтініштеріне (хабарламаларына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
|
Еңбекмині
|
Бұйрық
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
4
|
Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
|
-
|
БҒМ
|
Бұйрық
|
2014 жылғы 1-тоқсан
|
5
|
Пилоттық режимде кешенді дамыту үшін тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзілеу
|
|
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері
|
Тірек ауылды дамытудың мастер жоспары
|
2014 жылғы 2-жартыжылдық
|
6
|
Іріктелген тірек ауылдарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын сынақтан өткізу
|
2014 жылға көзделген қаражат шегінде
|
Еңбекмині, ӨДМ,
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері
|
|
2014 жылғы 2-жартыжылдық
|
7
|
Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
|
«ЖҚП АТО» АҚ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Еңбекминіне ұсыныстар
|
2014 жылғы 4-тоқсан
| 2. Кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру |
8
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы № 817 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, ӨДМ
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы қаңтар
|
3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
|
9
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы № 817 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, Қаржымині, ЭБЖМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы қаңтар
|
4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
|
10
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
Еңбекминi, ӨДМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2014 жылғы қаңтар
|
5. Ақпараттық жұмыс
|
11
|
Халықтың жұмыспен қамту мемлекеттік саясаты мәселелерінде хабардар болуын арттыру
|
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар
|
тұрақты
|
12
|
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін құру
|
2013–2015 жылдарға көзделген қаражат шегінде
|
Еңбекминi
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы
|
2014-2015 жылдар
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«ЖҚП АТО» АҚ – Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы акционерлік қоғамы
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |