Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,91 Mb.
бет7/38
Дата05.03.2018
өлшемі2,91 Mb.
#11266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Тісті беріліске қарағанда буынтықты берілістің кинематикасының айырмашылығы неде?

  2. Тісті беріліске қарағанда буынтықты берілістің ПӘК неге аз?

  3. Қандай жағдайда және қандай мақсатта буынтықты берілісті пайдаланады?

  4. Буынтықты берілістің ілінісу күштері. Оларады қалай анықтайды?

  5. Буынтықтың жұмыс істеу қабілеттілігі қандай критериямен есептеледі?

  6. Тісті беріліспен салыстырғанда буынтықты беріліс үшін есептік қатынастарының айырмашылықтары неде?

  7. Буынтық пен буынтықты дөңгелектерге жасағанда қандай материал қолданылады?

  8. Буынтықты берілісті суыту мен майлау қалай жүзеге асады?


Дәріс 6. Біліктер мен өстер. Негізгі құрылымдары. Біліктер мен өстерді тексеру есебі және жобалау негізі.
Дәріс жоспары:

  1. Біліктер мен осьтер, жалпы түсінік.

  2. Біліктердің материалдары және оларды өңдеу.

  3. Біліктер мен өстерді тексеру есебі және жобалау негізі.


Жалпы түсінік. Тісті дөңгелектер мен шкивтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады (8-сурет).

«Машина бөлшектері» курсында тек түзу біліктердің конструкциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер түзу етіп жасалады.

Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердін, бірқалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әр түрлі және отырғызылатын белшектердің ішкі диаметріне сәйкес жасайды. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды.

Біліктердің әр түрлі диаметрлі бөліктері өзара 9-суретте көрсетілген әдістермен жалғасады.

1. Арнаулы ойыктар арқылы. Бұл ойықтар ажарлағыш дөңгелектін, шығуына арналған. Диаметрі 10...50 мм біліктердің оймаларының ені 3 мм, тереңдігі 0,25 мм болып, ал диаметрі 50... ...100 мм біліктердің оймаларының ені 5 мм етіп жасалады.

2. Радиусы тұрақты қисық сызык арқылы. Бұл радиус өлшемдері білікке қондырылған бөлшектердің фаскасының өлшемдерінен кіші болады және олар стандартталған.



Біліктердің материалдары және оларды өңдеу. Түзу біліктерді кебінесе легирленген және көміртекті болаттардан жасайды. Себебі легирленген болаттар біліктің салмағы 1 мен габаритін азайтады және шлицті (тісті) берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді. Бұл үшін төмендегі болаттар колданылады. Мысалы, Ст5 маркалы болат — шынықтырылмаған біліктер үшін, 40, 50 және 40Х маркалы болаттар — шынықтырылған біліктер үшін, 10, 20Х, 40ХН және 40ХНМА болаттары өте жоғары жылдамдықпен айналатын біліктерді жасауға қолданылады.

Диаметрі d<150 мм біліктерді дайындау кезінде көбінесе жұмыр прокаттар пайдаланылады. Біліктердің бөлшектер отырғызатын беттері өңделеді және олардың кедір-бұдыр шамасы 0,32...1,25 мкм аралығында дайындалады. Бөлшектердің қондырылуын жеңілдету үшін, біліктердің кесілген бүйір жақтары жұмырланып өңделеді.



Біліктерді беріктікке есептеу. Біліктер ездерінің атқару қызметіне байланысты айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, шкивтерді, жұлдызшалар, мен муфталарды т. б. айналмалы бөлшектерді орналастыруға қолданылады. Осыған байланысты біліктерге айналдырушы момент пен отырғызылған бөлшектердегі күшпен пайда болған ию моменті әсер етеді. Сонымен, біліктерді ию мен айналу моменттеріне есептеу кажет, бірак жаңа машинаны жобалауда ию моментінің шамасы белгісіз болады. Сондықтан біліктерді есептеу үш кезеңмен: алдын ала есептеу; жобалап есептеу; тексеріп немесе анықтап есептеу жолдарымен орындалады.

Алдын ала есептеу. Біліктерді алдын ала есептеу тек қана айналу моменті арқылы жүргізіледі. Біліктер тек айналу моментіне жұмыс істейді деп жорамалдаймыз, бірак, ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік кернеу шамасын аз аламыз [τ]=10...40 (МПа)



жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау