Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,91 Mb.
бет3/38
Дата05.03.2018
өлшемі2,91 Mb.
#11266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Механикалық берілістерді кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

  2. Механикалық берілістердің қандай түрі кеңінен қолданылады?

  3. Механикалық берілістердің енгізі есептеулерінде анықталатын параметрлер.

  4. Механикалық берілістердің қандай негізгі көрсеткіштері бар?


Дәріс 3. Тісті берілістер.
Дәріс жоспары:

  1. Жалпы мағлұмат.

  2. Классификациясы.

  3. Артықшылығы және кемшіліктері.

  4. Қолданылу аймағы.

Жалпы түсінік. Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге езгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, же-ңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30...35 болса, жону станоктарында 70...80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн тісті дөңгелектер дайындалуы керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (1-сурет).

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық ось-терінің орналасуына байланысты:

1) осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады;

2) осьтері өзара қиылысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады;

3) осьтері азара айқаскан берілістер, оған буынтықты тісті берілістер жатады;

4) осьтері бір түзудің бойында орналасқан берілістер, оған планетарлық берілістер жатады.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді:

1) сырттай ілінісетін тісті берілістер;

2) іштей ілінісетін тістті берілістер.

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

1) эвольвент профильді тісті берілістер;

2) циклоид профильді тісті берілістер;

3) профилі шеңбер доғасымен шектелген тісті берілістер, оған Новиков ілінісі;

4) толқынды ілініс.

Тістердің орналасуына байланысты:

а) тік тістілер;

б) киғаш тістілер;

в) шеврон тістілер;

г) дөңгелек тістілер;

д) кисық тістілер болып бөлінеді.

Артықшылықтары. 1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен куат беруге болады (100000 артық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді. 2. Басқа берілістерге карағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі. 3. Тісті берілістер ете шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді. 4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін η = 0,97...0,98) болады.

Кемшіліктері. 1. Дайындауы күрделі. 2. Жұмыс кезінде шу кеп болады. 3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.

Салыстырмалы қасиеттері. 1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады. 2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30%-ке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын. 3. Конусты тісті берілістер кым-бат. Қонструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

Өзін -өзі тексеру сұрақтары


  1. Тісті берілістердің негізгі гоеметриялық параметрлері. Олара өзара қандай байланыста?

  2. Сырғанау кездегі ілініс. Олар тістің профилінде қалай таралады?

  3. Тісті берілістегі дәлдік дәрежесі туралы түсінік және олардың берілістің сапасын сипаттаудағы әсері.

  4. Жұмыс істеу қабілеттілігінің критериясы және тісті берілістегі тістердің бүліну түрлері. Олар қандай кернеуге қатысты?



Дәріс 4. Конусты тісті берілістер.
Дәріс жоспары:

  1. Берілістің түрлері.

  2. Артықшылығы және кемшіліктері.

  3. Қолданылу аймағы.

Осьтері қиылысатын біліктердің арасында қуат беру үшін конусты тісті берілістер қолданылады, олар көбінесе 90° бұрыш-пен қиылысқан біліктер арасында куат алмастыру үшін кездеседі.



Цилиндрлі тісті берілістерге қарағанда конусты берілістерді дайындау және жинау қиынға түседі, оған арнаулы станоктар мен құралдар керек. Ілінісу өлшемдерінің ауытқуынан баска құраушы конустардың төбе бұрыштарының дәлдігін және ұйқасуын сақтау керек. Бір конусты дөңгелек іс жүзінде көбінесе консольды күйде орналасады. Бұл жүктін, бірқалыпты тарамауына әкеліп соғады. Бірақ мұндай кемшілігіне қарамастан, конусты берілістер машиналарда көп тараған, себебі машина тораптарының орналасу шартына байланысты әр түрлі бұрышпен қиылысқан біліктерді қосуға мәжбүр боламыз. Олар тік тісті, қисық және дөңгелек тісті болып жасалады.

Айналу жылдамдығы 2...3 м/с-қа дейін болғанда, тік тісті конусты берілістер, егер жылдамдыры одан жоғары болса, дөңгелек тістілер қолданылады, себебі олар шусыз жұмыс істейді.



Конусты дөңгелектің геометриялың өлшемдері. Конусты берілістердің негізгі геометриялық өлшемдеріне ко-нус қашықтығы Ке және конустар төбесіндегі бұрыштар жата-ды. Қонус кашықтығы деп, конустың төбесінен тістің табанына дейінгі ара қашықтықты (2-сурет) айтамыз:

мұндағы тіесыртқы шеңберлік модуль, тік және қиғаш тісті конусты дөңгелектердін негізгі параметрі ретінде стандартталған.

Конусты берілістің беріліс қатынасы төмендегіше анықталады:



Конусты тузу тісті берілістердің өлшемдері бүйірлік және орташа модульдер арқылы шешіледі, ал қисық тісті конусты берілістерде қосымша қалыпты модуль өлшемі енгізіледі. Бүйірлік модулінің өлшемін үлкен диаметрі аркылы ажыратамыз.



Аспапты таңдап алу және дөңгелектің геометриялык өлшемдерін анықтау үшін осы бүйірлік модуль қолданылады. Конусты тісті дөңгелектің енінің ортасынан жүргізілген жазыктық бойынша анықталған модульді орташа модуль деп атайды:

Тік тісті конусты дөцгелектер үшін теменгі қатынастарды жазуға болады (3-сурет):





жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау