Ќазаќстан республикасы єылым жјне білім министірлігі


Өзін -өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 2,91 Mb.
бет6/38
Дата05.03.2018
өлшемі2,91 Mb.
#11266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Өзін -өзі тексеру сұрақтары.


  1. Конусты тісті беріліс туралы негізгі түсінік.

  2. Конусты тісті берілістердің негізгі гоеметриялық параметрлері. Олара өзара қандай байланыста?

  3. Конусты тісті берілістегі дәлдік дәрежесі туралы түсінік және олардың берілістің сапасын сипаттаудағы әсері.

  4. Конусты тісті беріліс, цилиндрлі тісіті беріліс қатысты салыстырмалы бағалау.



Дәріс 5. Буынтықты берілістер.

Дәріс жоспары:

  1. Буынтықтардың түрлері.

  2. Артықшылығы және кемшіліктері.

  3. Қолданылу аймағы.

Жалпы түсінік. Өзара айқасатын біліктер арасында (әсіресе перпендикуляр айқасатын біліктер) қозғалысты беруге буынтықты берілістер колданылады (5-сурет). Буынтықты берілістерінің қозғалысы бұрама жуптарының қозғалысына ұксас. Бұрама қызметін буынтық аткарады да, буынтық дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан буынтықты берілісте тісті берілістің, сондай-ақ бұрама берілістің қасиеттері бар. Доға пішінді етіп жасалған буынтық дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүм-кіндік береді.

Буынтықты берілістердің тісті берілістен артықшылықтары:

а) беріліс саны-ның кептігі и = 8...80 (кейбір кинематикалык берілістерде и = 500-ге дейін жетеді);

ә) бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істеуі;

б) өздігіыен тежеу қабілеттілігі;

в) көлемі мен салмағының аздығы.

Сонымен қатар мынадай кемшіліктері болады: 1) Сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан: а) пайдалы әсер коэф-фициенті төмен (и = 0,7...0,9); б) тез қызады, п. ә. коэффициентінің аздығынан қуаттың біршама бөлігі жылуға айналып кетеді; в) антифрикционды қымбат материалдар қолдануға мәжбүр етеді, олар да үйкеліс күшін азайту үшін керек;

2) жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктарды қажет етеді;

3) пайдалы әсер коэффициенті аз болғандыктан өте көп куат беруге жарамайды (куаты не бары 50 кВт-тан аспайды).

Буынтықты жұптың кинематикасы мен геометриясы. Буынтықты беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіншіден, буынтықты пен дөңгелектерінің шеңберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланысты, олардың шамасы мен бағыты да әрқилы келеді. Сондыктан буынтықты берілістерде, әлбетте сырғанау пайда болады.

Буынтықты жүптардың беріліс саны, буынтық бір айналғанда, буынтықты дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады



мұндағы п2, z2 - дөңгелектің айналым тістер саны:



п2, z2 - буынтықты айналым және буынтықты бұранда сызығының кірме саны.

Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде червякті берілістердің беріліс саны да стандартталған (МЕСТ 2144-76).

Сырғанау үйкелісінің көп болуы салдарынан буынтықты берілістің куаты 50 кВт-тан артпайды. Буынтықты бұраманың кадамы Рt ілініс кадамы деп аталады да, ал оның π-ге катынасы ілініс модулі деп аталады

Буынтық бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін. Ол 2\ аркылы белгіленеді. Буынтықты берілістің негізгі өлшемдері стандартталған, МЕСТ 2144-76 (2-кесте).



Бұрама бұрандалы бұрамаға ұқсас (6-сурет), сондыктан оларда бұранда сызығының кіру санына байланысты бір, екі және төрт кірмелі болып келеді. Кірме саны артқан сайын буынтықты берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды.

Буынтықтың бұранда сызығының көтерілу бұрышы

мұндағы


- буынтық жүрісі.

Бұрама диаметрлері



Ал буынтықты бұрандаларының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады (МЕСТ 19650-74).



Егер буынтықты ажарлау қажет болса, онда бұранданың ұзындығы 3т мәніне ұзартылады.



Буынтықтың дөңгелектері. Буынтық дөңгелектері көбінесе екі бөліктен тұрады. Білікке орналасатын негізгі бөлігі — күпшегі болаттан немесе шойыннан дайындалады да, оған коладан жасалған құрсау, тәж (венец) қондырылады. Қола мен болат жанасу кезінде үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты, олар берілістердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіншілік туғызады.

Буынтықтың дөңгелектерінің ілінісу жағдайы мен негізгі өлшемдері 21.3-суретінде көрсетілген. Тістер санын z2=26...28-ден кем алмау қажет, ал негізгі өлшемдері төменгі қатынастармен анықталады:



Буынтық дөңгелектерінің ені буынтықтың сыртқы диаметріне байла-нысты анықталады:



Буынтықтың дөңгелекпен жанасу бұрышы 2δ.



Буынтықтың берілістердің осьаралық қашықтығы буынтық пен буынтық дөңгелегінін бөлгіш шеңберлері диаметрлерінің қосындысының жартысына тең болады





жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау