Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 6М011400 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік



жүктеу 0,69 Mb.
бет15/22
Дата29.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#27730
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Дәрістің мазмұны:


  1. Көрнекілік оқыту. Көрнекі құралдар топтары. Тарих сабағындағы оқу картинасы.

  2. Шартты-кескіндемелік көнекілік. Сұлбалық карта. Аппликация. Оқытудың техникалық құралдары. Кодоскоп. Компьютерлік бағдарламалар.

Оқу картиналары оқиғалық, типологиялық және мәдени – тарихи болып бөлінеді. Оқиғалық кртиналар нақты жеке оқиғалар туралы түсінік береді. Олар тарихтағы шешуші кезеңді бейнелейді де одан әрі оқытушуының түсіндірмесін қажет етеді. Оқиғалы картиналар сюжеттік түсіндірмесін қажет етеді.


Мәдени – тарихи картиналар тұрмыстық заттармен, материалдық мәдениет есукерткіштерімен таныстырады. Ондағы сәулет ескерткіштері, мүсін өнері олардың орындалу ерекшеліктері мен механизмдері бейнеленуі мүмкін. Бір процестің сырын ашу үшін бірнеше картинаны қатар қолдануға болады.

Шартты кескіндімелік көрнекілік тарихи процестің суандық және сапалық мазмұнын ашып, қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағыттарын айқындап, тарихи ұғымдардың, заңдылықтардың себеп – салдарлы байланыстарын игеруге көмектесетін рәміздік бейнелердің жиыны. Шартты кескіндемелік көрнекілікке сұлба, кескіндеме, диаграмма, апликация, сұлбалық суреттер жатады. Олар тарихи оқиғаның мәні мен байланыстарын, даму динамикасын айқындауда жекелеген, шектеулі ұғымдарды қалыптастыруда қолданылады.

Сұлбалық карта заттың ең басты ерекшеліктерін көрсету арқылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Аппликация – қағаз немесе картоннан сол кезеңде қолданылған заттың кескінін, силуэтін, рәміздерін жасау.

Шартты – кескіндемелік көрнекіліктің ерекше түрі тақтаға салынатын сурет.

Әдебиеттер:


  1. Г. Назарбаева, Х.Әбжанов. Қазақстан : тарих, тұлға, теория. Алматы, 2004. 126-152 бб.
  2. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. Алматы, Мектеп, 1984. 87-96 бб.


  3. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  4. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері». Алматы, Кітап, 1990 ж.

  5. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  6. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  7. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  8. Ақназаров Б.З. Некоторые вопросы обучение истории Казакстана в школе. А.,1997г.

  9. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.

  10. Сарсекеев Д.С. «Задания для самостоятельной работы учащихся по истории Казахстана». А, 1991.

  11. Төлеубаева К.М. «Отаншылдық рухы әлсіремесін десек». Қазақ тарихы, А, №2, 1998.


11 дәріс

Тақырып: Картографиялық көрнекі құралдар.

Дәріс мазмұны:


  1. Тарихи карталар сипаттамасы. Тақырыптық карталар. Локализация.

  2. Кеңістік туралы түсінік. Картографиялық білім. Тарихи-географиялық білім. Картографиялық білім және дағды.

  3. Картосұлбалар. Жергілікті жердің жоспары. Кескін карталар. Картографиялық ойындар. Аукцион.

Тарихи карталар георграфиялық негізде жасалады және тарии оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған бейнелі – шартты көрінісін танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте орналасуы белгілі бір масуштабқа түсіріледі. Карталарджа тарихи оқиғалар мен құбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Ең ежелгі карталар б.з.д. ІІІ-І мың жылдықтарда Вавилон мен Египетте жасалса, арнайы оқу карталары Ресейде ХҮІІІ ғасырдың соңында дүниеге келді.

Тарии және географиялық карталардың бір – бірінен айырмашылықтары бар. Географиялық картадағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына береді. Тарихи картаның тағы бір ерекшелігі – онда оқиғалар мен процестердің қозғалысы ашылады.



Тарихи карталар аумақтарды қамтуы, мазмұны, масштабы бойынша ерекшеленеді.

Әдебиеттер:

  1. Г. Назарбаева, Х.Әбжанов. Қазақстан : тарих, тұлға, теория. Алматы, 2004. 126-152 бб.
  2. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. Алматы, Мектеп, 1984. 87-96 бб.


  3. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  4. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері». Алматы, Кітап, 1990 ж.

  5. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  6. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  7. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  8. Ақназаров Б.З. Некоторые вопросы обучение истории Казакстана в школе. А.,1997г.

  9. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.

  10. Сарсекеев Д.С. «Задания для самостоятельной работы учащихся по истории Казахстана». А, 1991.

  11. Төлеубаева К.М. «Отаншылдық рухы әлсіремесін десек». Қазақ тарихы, А, №2, 1998.


12 дәріс

Тақырып: Тақырып: Тарихты оқытудағы хронология.

Дәріс мазмұны:

  1. Хронология. Оның мақсаттары мен міндеттері. Хронологияны оқыту әдісі.

  2. Синхрондық кестелер. Хронологияны есте сақтау әдістері. Хронологиялық дағды.

Оқиғаның барысы мен бейнесін, олардың себептері мен салдарын белгілейтін хронологияның тарих ғылымындағы маңызы ерекше. Оқиғаның болған уақыты белгілі болған соң барып оның бұрынғы және кейінгі оқиғалармен байланысын, сабақтастығын айқындауға болады. Хронология – халықтар мен мемлекеттердің күнтізбесі мен ыл санау жүйесін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Ол тарихи оқиғалардың айы, күнін белгілеуге, қайсы оқиға бұрын, қайсысы кейін боғанын анықтауға көмектеседі. Хронология тарихи құбылыстардың ұзақтығын анықтап, тарихи процестерді, тарихи дерек көздерінің қалыптасу уақытын жүйелейді.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау