Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 6М011400 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік



жүктеу 0,69 Mb.
бет11/22
Дата29.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#27730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Дәрістің мазмұны:

Таным тәсілі. Тарихты оқыту әдістемесі. Оқытудың негізгі факторлары. Тарихты оқыту мақсаттары. Жүйе. Оқыту мазмұны, әдістері. Оқыту құралдары. Қабілеттілік. Оқыту нәтежелері. Әдістеменің маңызы. Ғылыми-зерттеу әдістері. Эксперимент. Педогогикалық бақылау. Қалыптастырушы эксперимент.


«Тарих пәндерінің оқыту әдістемесі» пәні оқу орны дайындығының бірінші сатысында «бакалавриат» бағыты бойынша дайындалатын студенттердің педагогикалық мамандығын айқындайды. Тарихты оқыту әдістемесінің іргелі мәселелерін, жалпы және арнайы ұғымдарын, оқыту процесінде әр түрлі әдістемелік тәсілдерін тану, тарихты оқыту барысындағы заңдылықтарын, оның тиімділігін, жас ерекшеліктеріне байланысты зерттеу негізінде практикалық дағдыларын, тарихи пәндердің мақсатын, мазмұнын және оқыту әдісін қарастырады.

Курстың мақсаты: теориялық, оқу - әдістемелік дайындық тарихи білім берудің түрлерін, тәсілдері мен үлгілерін білумен және сонымен қатар оқытудың негізінпайдаланудың практикалық ілімдерін, яғни оқытудың ұтымды тиімді ұйымдастырылуын меңгеруімен анықталады.

Курстың міндеті:

  • Оқытудың әр түрлі әдістері мен бағыттарын үйрену, оқудың мазмұнымен және педагогикалық құралдарымен танысу, тарихты оқыту әдістемесінің іргелі мәселелерін анықтау;

  • Тарихты оқытудағы білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарының әдістемелік алғышарттарын анықтау;

  • Тарихи пәндерді, тақырыптарды, бөлімдерді оқыту мақсатын нақтылау;

  • Оқыту мақстаны нақты қою және әр түрлі кезеңдерден жұмыстың нәтижесін анықтау;

  • Оқытудың мақсат пен міндеттерін, студенттердің танымдық мүмкіншіліктеріне сәйкес мазмұнды таңдау;

  • Оқыту нәтижесін анықтағаннан кейін педагогикалық қызметіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу.

Әдебиеттер:


  1. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Халық кеңесі газеті, № 36, 20 ақпан 1992 ж.

  2. Қазақстан Республикасының конституциясы. Жас алаш газеті, № 114-115, 12 маусым 1992 ж.

  3. Қазақстан тарихының хрестоматиясы. Алматы, Рауан, 1992.

  4. «Отантану» курсының бағдарламасы. «Отантану» курсын оқыту туралы әдістемелік қосылыстар. Алматы, 1992ж.

  5. Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней. Алматы, 1992 г.

  6. Тұрлығұлов Т. «Тарих сабағын жетілдіру жолдары». Алматы, 1984 ж.

  7. Тұрлығұлов Т. «Қазақ ССР тарихының эпизоттық әнгімелері».А.,1990.


2 дәріс

Тақырып: Тарихты оқыту әдістемесін негізгі қалыптасу және даму кезеңдері.

Дәрістің мазмұны:
  1. Оқыту әдістемесінің теориялық – методологиялық кезеңдері.

  2. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасуы және даму кезеңдері.

Тарихты оқыту әдістемесі-тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге араналады.


ХХ ғасыр басындағы көрнекі әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.

60-70 жылдары тарихты оқыту әдістемесін А.А.Вагин, Д.И.Никифиров, н.Г.Дайри, П.В.Гора, П.С.Лейбенгруб, Ф.П.Коровкин сиқты ғалымдар одан әрі жалғастырды.


Әдебиеттер:


  1. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  2. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері». Алматы, Кітап, 1990 ж.

  3. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  4. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  5. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  6. Ақназаров Б.З. Некоторые вопросы обучение истории Казакстана в школе. А.,1997г.

  7. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.

  8. Сарсекеев Д.С. «Задания для самостоятельной работы учащихся по истории Казахстана». А, 1991.

  9. Төлеубаева К.М. «Отаншылдық рухы әлсіремесін десек». Қазақ тарихы, А, №2, 1998.

  10. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  11. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  12. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  13. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.


3 дәріс

Тақырыбы: Сабақ типтері мен оқыту түрлері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Сабақтың құрылымдары.Сабақты топтастыру.

  2. Сабақтың міндеттері. Аралас сабақ. Білімді тексеру талаптары. Әңгіме. Жаңа материалды оқу, меңгеру. Бекіту, оның мақсаты.

  3. Білімді тексеру және есепке алу сабағы. Әңгіме және өзара сұрақ. Жинақтап қайталау сабағы:мақсаты, түрлері, мазмұны.

Кіріспе сабақ студенттерге алдыңғы курстарда алған негізгі білімдерін жаңғыртып, тарихтың жаңа курсының негіздеріне жалпы сипаттама беруі тиіс. Кіріспе сабақтың мазмұнында студенттердің жаңа тақырыпты игеруіне көмектесетін мақсаттардың боғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда оқытушы бұл сабақта оқушылардың базалық білімін, негізгі дағдыларын айқындайды.


Жаңа материалды игеру типіндегі сабақтардың мынадай түрлерін атауға болады: материалды оқытушының мазмұндау сабағы, дәріс, саяхат сабағы, студенттердің баяндамаларына арналған сабақ.

Аралас сабақта оқу процесінің барлық негізгі бөлімдері қамтылатын болғандықтан оны құрама деп те атайды. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім мен дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұнымен байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта өтілгенді қайталап, жаңа сабақты оқып-үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.

Білімді тексеру және есепке алу сабағы өз міндеттері бойынша бақылау сабағына жақын. Бұл жерде білімді жинақтау емес, оны анықтау және бағалау міндеті қойылады. Бұл сабақ тақырып бойынша оқытушының кіріспе сөзімен басталады.

Оқылған материалды қорытып және жинақтауға мәселелер, тақырыптар, курстың бөлімдері және тұтас курсты қорытып қайталау үшін жинақтып қайталау сабақтары қызмет етеді. Оның мақсаты-білімді жүйелеп, оқиғаның тұтас картинасын жасау; оқып танысқан деректер мен процестердің қатынастары мен жаңа байланыстарын ашу; деректерді жинақтау; маңызын анықтаудан себеп-салдарлы байланыстың мәнін ашуға өтуіне көмектесу.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау