Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы циклы
Дәріс
Тақырып № 2. «Калашников автоматының мақсаты, жауынгерлік қасиеттері, құрылысы»
ІІО қатардағы кіші және орта басшы құрам қызметіне үміткерлерге «Атыс дайындығы» пәнінен сабақ жүргізуге арналған
(алғашқы дайындық).
Қарастырылатын сұрақтар
Кіріспе
АК ұрыстық қасиеті, құрылымы және атауы………………………….20 мин
Калашников автоматының бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы
мен атауы………………………………………………………………...20 мин
Калашников автоматының бөлшіктері мен механизмінің жұмысы . ..20 мин
Берілген әдебиеттер:
1.Приказ МВД Республики Казахстан № 10 от 1 марта 2013 года « Наставление по огневой подготовке сотрудников ОВД РК».
2. Дворяка И.А.Боевая подготовка работников ОВД . М-1991.
3.Леви А.А.; Линин Р.А. Организация занятий по огневой подготовке.М,1970.
4.Курс стрельб из стрелкововго оружия для рядового и начальствующего состава ОВД.(КС-94)
КІРІСПЕ
Калашников М.Т. 1919 жылы Алтай өңірінің бір ауылында, шаруа отбасында дүниеге келген.1926 жылы мектепті бітіргеннен кейін Түркістан-Сібір жолдарында саяси бөлімінде техник-хатшы болып істеді.1937 жылдың күзінде Қызыл әскер қатарына танк бөліміне шақырылды. М.Т. Калашников қол мектебінде механик –жүргізуші болып, оқып жүріп техникаға деген үлкен қызықтылық танытты. Технакаға деген махаббаты мен тапқырлығы іздену жолына әкелді, онымен әзірленіп және ұсынылған танкіге арналған құрал, сол кездегі қарулықтарда болған қарулардың ішінде ең жақсысы болып шықты.
Бұл өзіндік-тапқырдың алғашқы табысы Ұлы Отан соғысымен сәйкес келді. Неміс-фашист басқыншылармен ұрыс шайқасында Калашников танкімен басқарды. 1941 жылдың қыркүйек айында Брянск шайқасында ауыр жарақат алған аға сержант Калашников Орта Азиядағы әскери ауруханаға түседі. Емделгеннен кейін ол денсаулығына байланысты алты айлық демалыс алады.
Осы айларда Калашников қаруды құрастырумен айналыса бастайды, оған Алматыда орналасқан МАИ шеберханасында жұмыс істеуге рұқсат береді. Осы институттың көмегімен Калашников тапанша-оқшашардың үлгісін шығарып, ол Ф.Э. Дзержинский атындағы Зеңбіректік Академияға пікір-сарап үшін жолданып, тексеріліп қолдау алмайды. Бірақ дарынды тапқырға қызуғышылық тудырып, әрі қарай жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды. Бес жылғы толассыз еңбегінен кейін жолдастарының көмегімен сынақ полигонында Калашников автоматы пайда болды, ол 7,62 мм Калашников автоматы (КА) атауымен Совет әскерінің қарулығына қабылданды. Бұл үлкен табыс болды, содан бері М.Т. Калашников құрастырушы болып істеді. Отан М.Т.Калашниковтың еңбегін жоғары бағалады, ол Социалистік Еңбегінің ері, мемлекет лауреаты және Ленин сыйлығын иеленді.
Бұдан кейін қарулыққа оның жаңартылған автоматы (ЖКА), алдағы уақытта – патронға арналған қол оқшашардың1943 жылғы үлгісі (КҚО), мылтықтық патронға арналған біртұтас тірегі бар оқшашары (КБО), тұғырдағы және жаңа 5,45 мм АК-74 қабылданды.
1 сұрак
АК ұрыстық қасиеті, құрылымы және аталуы.
5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы (1-сурет) атқыштың дербес қаруы болып табылады. Олар қарсыластың адам күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүнгі-пышақ бекітіледі.
а
ә
1-сурет 5,45 мм Калашников автоматының жалпы керінісі- а тұрақты дүмімен (АК74); ә- жиналмалы дүмімен (АК74);
Автоматтан атыс жүргізу үшін жай (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш-өртегіш оқтары колданылады.
Автоматтан автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) жөне ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын оқжатардан жүргізіледі. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта - 500 метрге дейін.Калибрі-5,45 мм. Ұңғы ішіндегі ойық саны-4. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан ату қашықтығы - 500 м-ге дейін.
Автоматпен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға - 625 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық.Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы-900 м/с. Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтық-1350 метр.Оқтың шекті ұшу қашықтығы-3150 метр. Ұрыстық ату жылдамдығы: автоматтан минутына кезекпен ату 100-ге дейін, жекелей атқанда 40-қа дейін.Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы: АК74-3,6 кг; АК74-5,9 кг; Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы салмағы -490г.
Сипаттамалары
|
Қару түрі
|
АКМ
7,62 мм
|
АК-74
5,45 мм
|
Қол
пулемет РПК-74
5,45 мм
|
Ұңғы калибрі,
|
7,62
|
5,45
|
5,45
|
Нақты атыс қашықтығы, м
|
400
|
500
|
600
|
Атудың көздеулі қашықтығы, м
|
1000
|
1000
|
1000
|
Тұра атыс қашықтығы:
|
|
|
|
кеуделік фигураға
|
350
|
440
|
460
|
жүгіруші фигураға
|
525
|
625
|
640
|
Шоғырланған атыс
|
|
|
|
қашықтығы, м:
|
|
|
|
жер үстіндегі нысаналар
|
800-ге дейін
|
1000-ға
|
1000-ға
|
Бойынша
|
|
дейін
|
дейін
|
ұшақтар мен парашютшілер
|
|
|
|
Бойынша
|
500-ге дейін
|
500-ге дейін
|
500-ге дейін
|
Атыс қарқыны, ату/мин
|
600-ге жуық
|
600-ге жуық
|
600-ге жуық
|
Ұрыстық ату жылдамдығы,
|
|
|
|
Ату/мин:
|
|
|
|
үзбей атқанда
|
140-ге дейін
|
100-ге дейін
|
150-ге дейін
|
жекелей атыспен атқанда
|
40-қа дейін
|
40-қа дейін
|
50-ге дейін
|
Жарақталған оқжатарымен
|
|
|
|
қосқандағы салмағы, кг
|
3,6
|
3,6 ^ 3,3
|
5,0
|
Сүңгі-пышақтың салмағы, г
|
450
|
490
|
-
|
Оқжатардың сыйымдьлығы,
|
|
|
|
Патрондар
|
30
|
30
|
45
|
Оқтың шекті ұшу алыстығы
|
3000
|
3150
|
3150
|
Оқтың қиратқыш әрекеті
|
|
|
|
сақталатын қашықтық, м
|
1500
|
1350
|
1350
|
Оқтың бастапқы
|
|
|
|
Жылдамдығы, м/с
|
715
|
900
|
960
|
Автомат мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады. (2-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |