Қазақстан республикасы шкі істер министрлігінің



жүктеу 0,96 Mb.
бет5/5
Дата15.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#13888
түріСабақ
1   2   3   4   5

20-сурет. Соққыш-ағытқыш механизмінің бөліктері: а—шүріппе; ә— ұрыстық шүріппе; б— ағытқыш ілмек; в—жекелей ату дөңесі; г— автоаткыш; д— автоатқыш серіппесі; е— ауыстырғыш; ж— өсь; з— жекелей ату дөңесінің серіппесі; и—шүріппе баяулатқышы; к— шүріппе баяулатқышының серіппесі; л—түтікті өсь; 1—ұрыстық қайырма, 2— автоағытқыш қайырма; 3—бүгілген ұштары; 4—ілмек; 5—фигуралы шығыңкы; 6—тікбүрышты шығыңқы; 7—құйрыкша; 8—ойық; 9— дөңес; 10—түтқа; 11—бекіткіш; 12—алдыңғы шығыңқы; 13—сектор; 14—шетмойын

Соққыш-ағытқыш механизм ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш өсьпен бекітіледі және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоатқыштан, ауыстырғыштан және түтікті өсьтен тұрады.



Ұрыстың серіппесімен қоса шүріппе сокқышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағыткыш қайырмасы, шетмойын және өске арналған тесік болады.

Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен - ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.

Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары өсь, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада ұстауға және шүріппені ағытуға арналған. Оның фигуралы шығыңқысы, өське арналған тесігі, тік бұрышты шығыңқылары және құйрықшасы болады. Өзінің фигуралы шығыңқысымен ол шүріппені ұрыстық кайырмада ұстап тұрады.

Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді. Ол ағытқыш ілмекпен бір өсьте болады. Жекелей атыс дөңесінің серіппесі, өське арналған тесігі және автоматты атыс жүргізу кезінде ауыстырғыш секторы кіретін және дөңесті тоқтататын ойығы болады. Бұдан басқа осы ойық ауыстырғышты сақтандырғышқа қойған кезде сектордың алға бұрылуын шектейді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді. Оның шүріппені автоағытқыш қайырмасында ұстап тұратын дөңесі, бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға келген кезде оның шығыңқысымен автоағытқышты айналдырып тұратын иінтірегі және серіппесі болады.

Автоағытышпен бір өсьте оның серіппесі болады. Ол қысқа ұшымен автоағытқышпен қосылған, ал оның ұзын ұшы ұңғы қорабының сол қабыр-ғасын бойлай өтеді де, автоағытқыштың, шүріппенің, ағытқыш ілмек өсь-терінде шығыршықты ілмектерге кіріп, өсьті түсіп кетуден ұстап тұрады.



Ауыстырғыш автоматты түрде және даралай атуға немесе сақтандыр-ғышқа қою үшін қызмет етеді. Оның шетмойыны бар секторы ұңғы қорабы-ның қабырғасындағы тесіктерінде болады. Ауыстырғыштың төменгі жағ-дайы оны даралап атуға (ЖА), орта жағдайы автоматты атуға (АА) және жоғары жағдайы сақтандырғышқа қоюға сәйкес келеді.

Құндақ (21-сурет) автоматпен кимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол автоматта ағаш немесе пластмастан жасалады. Құндақ ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен жөне ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңкы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық козғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.



21-сурет.Құндақ (ағаш): 1 - саусақтарға арналған тіреу; 2 - шығыңқы; 3 -тілімшелі серіппе; 4 - сүмбіге арналған тесік

Пластмасты құндақта атыс кезінде құндақ қызуын азайтуға арналған металл экран болады.



Оқжатар патронды орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтырдан, серіппе мен бергіштен тұрады. Оқжатар корпусы оқжатардың барлық бөліктерін біріктіреді; оның бүйір кабырғаларының патрондары түсіп кетуден сақтай-тын иілмелері жөне бергіштің көтерілуін шектейтін дөңестері болады; алдыңғы қабырғада ілмек, ол артқы қабырғада тірек шығыңқысы бар, осылар арқылы оқжатар ұңғы қорабына қосылады.

Корпус төменде кақпақпен жабылады. Қақпақта тоқтатқыш қаңыл-тырдың шығыңқысына арналған тесік болады. Корпустың ішінде бергіш пен серіппе орналасады. Беруші серіппенің үстіңгі ұшында берушінің оң жақ қабырғасындағы ішкі бүгіс көмегімен ұстап тұрылады. Тоқтатқыш қаңылтыр серіппенің төменгі ұшында бекітіліп, өз шығыңқысымен оқжатар қақпағын орын ауыстырудан сақтайды.



Сүңгі-пышақ қарсыласты шайқаста жою үшін автоматқа шабуыл алдын-да кигізіледі. Сонымен қатар, ол пышақ, ара (металды кесу үшін) және қайшы (сым қию үшін) ретінде қолданылады. Ол жүз бен саптан тұрады. Сымды кесу кезінде сүңгі-пышақ пен қынның металл бетін қолмен ұстауға болмайды. Электрленген сым темірлі бөгеттерде сүңгі-пышақ көмегімен өтпелер жасауға тыйым салынады.

Сүңгі-пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның сүңгі-пышақ жүзін-де кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы өсіне кіріп тұратын саңылау болады.



Сап ұстауға ынғайлы болуы үшін сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Сүңгі-пышақ сабының алдында-ұңғының жалғастырғышына кигізілетін шығыршық болады, осы арқылы сүңгі-пышақ қарауыл негізінің тірегіндегі тиісті ойыққа кіріп тұрады; белдікке арналған ілгішек артта, сүңгі-пышақта газ каморасының тірегіндегі тиісті бүртікке кигізілетін бойлық саңылаулар, бекіткіш, сақтандырғыш шығыңқы, бауға арналған саңылау болады.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге арналған. Бұдан басқа ол сүңгі-пышақпен бірге сым қию үшін пайдаланылады. Қын шалмалы аспадан, шығыңқы өсьтен, тіректен жөне сүңгі-пышақты ұстап тұратын тілімшелі серіппеден тұрады.

Сонымен автоматпен ату кезінде негізгі газдалған порох күші қолданылады.Калашник автоматының барлық механизімінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.Сонымен бірге автоматпен түнгі кезде ату үшін көмекші құралдар беріледі.

3 сұрак.

Автоматтың бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы

Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы механизм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ каморасының келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық өсь бойымен оңға қарай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қора-бы ойықтарында болады - бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.

Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұрылады.

Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріп-пені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тік-бұрышты шығыңкыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағыт-қыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.

Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдынғы шығыңқысы әсерінен ұңғы корабының түбіне қысылады.

Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып ұңғы қорабының қақпағындағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тікбұрышты шығынқысының үстінде болады (ағытқыш ілмекті жабады).



Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы

Автоматты оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты автоматты атуға (АА) немесе даралап (ЖА) келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда авто-мат оқталды. Егер дереу оқ ату міндеті туаса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.

Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы патрон астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қакпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық бос-айды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойығында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұрылуына кедергі жасамайды.

Бекітпе жактауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтірегін босатады да, авто-ағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.

Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз өсінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріп-пенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе авто-ағыткыштың дөңесіне тұрады; автоағыткыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға түрады.

Бекітпе жактауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, патрондар окжатар серіппесі әсерінен жоғарғы патронмен бірге оқжатар қабырғасының иілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.

Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы меха-низм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық өсін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.

Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығың-қысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппе автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады (22-сурет).





22-сурет. Соққыш-ағытқыш механизм бөліктерінің ату алдындағы жағдайы: 1-ағытқыш ілмек; 2-ауыстырғыш секторы; 3-шүріппе баяулатқышы; 4-шүріппе; 5-автоағытқыш дөңесі; 6-бекітпе жақтауы;

Патрондар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғары патрон бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.

Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).

Автоматтың бөліктер мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің автоматты ату кезіндегі жұмысы

Автоматты атыс жүргізу үшін ауыстырғышты автоматты атысқа қойып, ағытқыш ілмекті басу керек, егер ол оқталмаған болса, ағытқыш ілмекті де басу керек.

Ауыстырғышты автоматты атуға қойғанда ауыстырғыш секторы ағыт-қыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. Ағытқыш ілмек өз өсінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмек пен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрылады.

Ағытқыш ілмектің құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығың-қысы шүріппенің; ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыс-тық серіппе әсерінен өз өсінде айналып соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен патронның капсюлін қиратады. Патронның капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады.

Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен козғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ камора-сына өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегер-гендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы өсь бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқы шығарады - бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағыткыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысы-на тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық тежеуіш компенсатордың артқы каморасына түседі, кеңейеді де, компенсациялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққа (солға төмен) бұрады. Дәрілік газдардың бір белігі алдыңғы және артқы камораның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камора саңылауынан шыққан газдар-дың алдыңғы камораның алдыңғы қабырғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыста дыбысын бәсеңдетеді.

Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабы-ның шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, патрон сыртқа лақтырылады.

Бұдан әрі бөліктер мен механизмдер жұмысы, шүріппе мен баяулатқыш жұмысын қоспағанда, нақ оқтау кезіндегідей болады.

Шүріппе автоағытқыш дөңесінің жоғарғы бөлігіне қойылады да, онда бекітпесі бар бекітпелі жақтауы бұрынғы орынға қайтып келгенше ұсталады. Бекітпе оқжатардан жоғарғы патронды патрон салғышқа жібергеннен кейін ұңғы арнасы жабылады және бекітіледі, ал бекітпе жақтауы алға қарай жыл-жи отырып, автоағыткыш дөңесін шүріппе автоағытқыш қайырмасынан шығарады. Шүріппе ұрыстық шүріппе әсерінен айналады да, шүріппені баяулаткыш саңылауына соғады; баяулаткыш алдыңғы шығыңқыны шүріппе соққысына қалдыра отырып, артқа айналады; бұл соққылардан соң шүріппе алға жылжуы сәл бәсеңдейді, бұл ұңғыға бекітпесі бар бекітпе жақтауын соғылуынан соң оның бастапқыға жақын жағдайға келуіне мүмкіндік береді және осы арқылы ұрыс шоғырын арттырады. Баяулатқыш шығыңқысының алдына соғылған соң, шүріппе соқкышқа соққы береді. Ату басталады. Автомат бөліктері мен механизмдерінің жұмысы кайталанады. Ағытқыш ілмек басылып, оқжатарда оқ таусылғанша атыс жүреді.

Атысты токтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағыткыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқы-сы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқталады, бірақ автомат одан әрі автоматты атыс жүргізуге дайын болып оқталған күйде тұрады.

Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ЖА) қойып, ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты "сақтандырғыштағы" жағдайынан "жекелей атыс" жағдайына қойған кезде ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш-ты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол "жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмінің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің өсінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс атқарады, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының козғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесімен бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайыр-масымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде онын фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.

Автоматты тексеріп қарау және оны атысқа дайындау

Автоматтың атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атыска дайындау үшін автоматты, керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстары жүргізіледі.

Автоматты:

• күн сайын;

• сабаққа шығар алдында, ұрыс жағдайында - күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;

• тазалау кезінде тексеруі керек.

Автоматтың оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Егер оны бөлімшеде жөндеуге болмаса, онда автоматты оқжатарлар мен керек-жарақтарды жөндеу шеберханасына жібереді.

Автоматтың қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:

• қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоға-рыға қарай орнынан жылжығанда - оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;

• көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда - оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды;

• ұңғы майысқанда-оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды;

• ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі - мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.

Автоматты тексеріп қарау тәртібі

Күнделікті қарау кезінде: автоматтың барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын; ағаш бөліктерінде жарылған, бұзылған жерінің болмауын, сүмбінің бекітілуінің беріктігін тексеру керек. Бұдан басқа, автоматтың бөліктеріндегі бөлшектемегенде көрінетін майлану жағдайы, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеріледі.

Сабаққа шығар алдында және тазалау кезінде күнделікті қараудағыдай тексеру жүргізіледі; бұдан басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы тексеріледі, ұңғы арнасы қаральш, оған ештеңенің түспеуі қадағаланады; бөліктер мен механизмдердің дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі.

Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақта-шасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне, табандықтың қарауыл негізіне нық ұсталуына, тіркелуіне көз жеткізу керек.

Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:

а) ауыстырғышты автоматты атуға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдай-ға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа карай тартып, ағытқыш ілмекке басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда "сырт" еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады;

б) ауыстырғышты жекелеп атуға қойып, ағытқыш ілмекке басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып, ағытқыш ілмекке басканда шүріппенің соққышка соғылғаны естіледі.

Ауыстырғыштың орнын ауыстыру кезінде оның берілген жағдайда сенімді ұсталып тұрғанын тексеру керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматта тіркегіш әрекетінің сенімділігін, дүмнің ілгешегі мен тоқтатқышы ашық және жиналған күйде тұруын және оның тербеліп тұрмауын тексеру керек.

Автоматты тазалау кезінде оның металл беліктерінде майысу, тоттану, ластану, ал ағаш беліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ каморасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.

Керек-жарақтарды карау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.

Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.

Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмау керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс

Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.

Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.

Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқтізер мен бұрама-сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Патрондар оқтізер саңылауында жеңіл козғалып, түспеуі үшін серіппе пластинасы бүгілімдерімен ұсталуы керек. Оқтізер кез келген ұшымен бұрама сұқпаға еркін еніп, оған пластина серіп-пемен ұсталуы керек.

Бұрама сұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.

Автоматты қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы тыңдаушылар атыс жетекшісіне дереу баяндауы керек.



Ұрыстық патрондарды қарау

Ұрыстық патрондар атыс алдында, атыс жетекшісінің бұйрығы бойынша тексеріледі. Патрондарды қарау кезінде:

— оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;

— капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;

— ұрыс патрондарының арасында жаттығу патрондарының болмауы тексеріледі.

Барлық бүлінген патрондар қоймаға тапсырылады. Егер патрондарды шаң басқан немесе ластанған, жасыл қақ немесе тат тұрған болса, оларды қүрғақ таза шүберекпен сүрту керек. Патрондарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарды көп майланған патрондармен жарақтауға тыйым салынады.



Автоматты атысқа дайындау

Автоматты атысқа дайындау — оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Автомат атысқа атыс жетекшісінің басшылығымен дайындалады.

Автоматты атуға дайындау кезінде:

- автоматты бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;

- автоматты жиналған түрде қарау;

- оқжатарларды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықты бөлік пен оқтық) кұрғаты-лып, сүртіледі.

Егер автомат ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын колмен ілгері-кейін қозғап алу керек.

Автоматтан ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері

Автомат бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс жасайды. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және автоматтың ұқыпсыз ұсталуы, сондай-ақ патрон-дардың жарамсыздығы салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.

Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен, қайта оқтау арқылы түзеп қарау керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек (1-кесте).

1- кесте


Кідіріс және оның сипаты

Кідірістің себебі

Кідірісті жою әдісі

1

2

3

Патронның берілмеуі

Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ.



1. Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы

2.Оқжатар ілгішінің ақау-лығы



Автоматты қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс кайталанғанда оқжатарды алмастыру Оқжатардың бекіт-песі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберхана-сына жіберу

Патронның кептелуі

Патрон оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірел-ген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған

Оқжатардың ақаулығы

Бекітпе жақтауы-ның тұтқасынан ұстап тұрып, кеп-телген патронды алып тастап, атыс-ты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру




Атылмай қалу

Бекітпе алдыңғы жағдайда, патрон оқтықта, шүріппе босатылған- атыс болмады

І.Патронның жарамсыз-дылығы

2.Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулылығы;

ластану немесе майдың қатып қалуы (соқ-кыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы). 3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы


Автоматты қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, сокқыш пен соққыш-ағыткыш механизмді карап тазалау; бұзылған немесе тозған болса, автомат жөндеу шеберхана-сына жіберіледі. Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекіт-педегі соққыш ас-тындағы саңылау тазаланады




Оқсауыттың алынбай қалуы Оқсауыт оқтықта, кезекті патрон оран орымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған

І.Патрон лас немесе оқтық ластанған.

2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ласта-нуы не ақаулылығы



Бекітпе жақтауы-нық тұтқасын кері тартып, оны артқы жағдайда ұстай түр-ып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген патрон алынады. Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады.

Кідіріс қайталанса, оқтық пен патрон тазалануы керек

Л а к т ы р ғ ы ш т ы қарап, тастан тазар-тып, атысты жалғастыру. Лактырғыш ақаулы болғанда автомат жөндеу шеберхана-сына жіберіледі





Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы.

Оқсауыт ұңғы қорабынан лактырылмай, сонда – бекіт-пенің алдында калған немесе бекітпе арқылы кайтадан оқтыққа жіберілген




3. Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе октықтың ластануы.

2.Лақтырғыштың ласта-нуы немесе ақаулылығы




Бекітпе жактауы-ның тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын,үйкелуші бөліктерді және оқ-тықты тазалау; үй-келуші бөліктерді майлау.

Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберхана-сына жіберу







Бекітпе жақтауының алдыңғы жағдайға жетпеуі


Қайтарма сынған серіппе


Серіппені алмас-тыру (ұрыс жағ-дайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшы-мен артқа бұрып, атысты жалғастыру)






Автоматтың керек-жарағы

Керек-жарак автоматты бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарларды патрондармен жедел жабдықтау үшін қызмет етеді. Оған жататындар: сүмбі, сүрткіш тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрамасұқпа, пенал оқтізер және майсауыт.



Сүмбі үңғы арнасын, автоматтын басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады. Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады.

Тазалағыш үңғы арнасын, сондай-ақ автоматтың басқа да бөліктерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет. Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек не кендірге арналған саңылауы болады.

Сүрткіш ұңғы арнасьн ҰТЕ(РЧС) ерітіндісімен тазалау үшін қолданылады.



Бұрауыш жән қаққыш автоматты бөлшектеу және жинау кезінде колданылады. Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған. Бұрауышты пайдалануға ыңғайлы болуы үшін ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады.

Пенал тазалағышты, сүрткішті бұрауышты, қаққышты сақтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады.

Пенал ұңғы арнасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышы ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұткасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады. Пеналдың автоматты тазалау кезінде сүмбі тығылатын өтпе тесіктері, бұрауышқа арналған сопақша тесігі және автоматты бөлшектеу мен жинау кезінде газ түтігінің жапқышын бұрауға арналған тікбұрышты саңылауы болады. Қақпақ ұңғы арнасын тазалау кезінде ұңғы бастырмасы ретінде пайдаланылады. Онда сүмбінің қозғалысын бағыттауға арналған тесігі, ұңғының жалғастырғышында бекітуге арналған ішкі дөңестері мен ойықтары

болады.

Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады.

Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау

Автомат толық жарамды жөне әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде жөне тазалау және майлау, дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Автоматты тазалау:

- атысқа дайындық кезінде;

- ұрыстық және оқтық патрондармен атыс алаңында, атыс аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі: мұнда ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау мен бекітпе тазартылып, майланады; автоматты ақырғы тазалау атыстан оралған соң, одан кейінгі 3-4 күн бойы күн сайын;

- ұрыстық жағдайда жөне ұзақ жаттығулар кезінде, ұрыс тынышталған кезде жөне жаттығудағы үзілістер кезінде күн сайын жүргізіледі;

- егер автомат қолданылмаса, онда сирек дегенде аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты тазалаған соң, майлау керек. Металл беті жақсы тазартылып, құрғатылған соң, тазалаған бойда металға ылғал әсер етпес үшін дереу май жағу керек.

Автоматты тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Бөлім командирі бөлшектеуге, тазалау мен майлау жұмыстары қандай дәрежеде жүргізілуі керектігін; керек-жарақтардың жарамдылығы мен тазалауға қажет құралдардың сапасының жақсылығын; сондай-ақ өткізілген тазалау жұмысы дұрыстығы мен сапасын анықтап, майлау мен жинауға рұқсат беруі; автоматқа жүргізілген майлау және жинау жұмыстарының дұрыстығын тексеру керек.

Офицерлер автоматты тазалау кезінде оқтын-оқтын қатысуға және оның дұыс жүргізілуін бақылауға міндетті.

Казармада немесе далада орналасу кезінде автоматты тазалау осы мақсатқа арнайы жабдықталған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайлар мен жаттығулар кезінде - таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты атыс аяқталғаннан соң ҰТЕ-сі немесе сұйық қару майымен арнаулы орындарда тазалау керек. Автоматты ҰТЕ-мен тазалау тек офицер немесе бөлімше старшинасы жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат казармаға қайтарылғаннан кейін ҰТЕ-мен қайта тазалануы кажет.

Далалық жағдайда автоматты тазалау және майлау тек сұйық кару майымен жүргізіледі.



Автоматты тазалау және майлау үшін:

- сұйық қару майы: автоматты тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5°С-тан +50°С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде майлау үшін;

- қару майы: тазаланған соң, ұңғы арнасын автомат бөліктері мен механизмдерін майлау үшін; бұл майлау жұмыстары ауаның +1 - +5°С және одан жоғары температурасында жүргізіледі;

- ҰТЕ (ұңғы тазалау ерітіндісі) ерітіндісі: ұңғы арнасын тазалау және дөрілі газ әсеріне ұшыраған автоматтың басқа да бөліктерін тазалауға арналған;

- шүберек немесе КВ-22 қағазы: автоматты сүрту, тазалау жөне майлау үшін;

- талшықтан тазартылған кендір (қыска зығыр талшықты): тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін ҰТЕ бөлімшелерде 1 тәулік бойы қару тазалауға жететіндей мөлшерде дайындалады.

Ерітіндінің құрамы мынадай:

• ішуге жарамды су -1 л;

• көмірқышкыл аммоний - 200 г;

• екі хромоқышқылды калий - 3-5 г.

(ҰТЕ-нің аз мөлшерін жеті төуліктен артық емес уақыт қақпақпен жабылған шыны құтыда, қараңғы жерде жөне жылыту аспаптарынан қашықта сақтауға рұқсат етіледі. ҰТЕ-ні металл май құтысына құюға тыйым салынады).

Саңылауларды, қуыстар мен тесіктерді тазалауға ыңғайлы болу үшін ағаш таяқшаларды қолдануға болады.

Автоматты тазалауға қырғыш материалдарды (зімпара қағазды, құмды және т.б.) колдануға болмайды.

Автоматты тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;

2) Автоматты бөлшектеу;

3) Керек-жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау

4) Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы тыңдаушы бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты майлап, жинауды жүргізеді. Автоматты тазалағаннан кейін металға ылғалдың әсерін болдырмау үшін майлайды.

Автоматты қару тазалауға арналған ойыққа немесе қарапайым үстелде, ал үстел жок кезде оның дүмін жерге не еденге тіреп қояды.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, мұнда кендір ұшы тазалағыш өзегінен қысқа, ал қабат қалыңдығы кендірлі тазалағыш ұңғы арнасына аз ғана қол күшін жұмсау арқылы енетіндей болуы керек; кендірге аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты жөне кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын қайтадан тазалайды. Осылай бірнеше рет қайталайды. Бұдан кейін сүмбіні, ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды. Егер онда күйенің ізі (қарайған), тат немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын өткізілетін шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ұңғыны қолмен баяу айналдырып тұрып, ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтың ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ ерітіндісіне батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. ҰТЕ-мен тазалау күйені толық кетіргенше ерітіндімен ылғалданған сүрткіш не кендір ұңғы арнасынан күйесіз немесе көгергенсіз шыққанша жалғастырады. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді. Келесі күні жүргізілген тазалау жұмысының сапасын тексеру керек; егер ұңғы арнасын таза шүберекпен сүрту кезінде одан күйе табылса, онда тазалауды да сол тәртіппен жүргізу керек.

Ұңғы арнасының ойықты бөлігін тазалау аяқталған соң, осы тәртіппен оқтықты ұңғы қорабы жағынан тазалайды.

Ескерту. Егер тазалау кезінде сүмбі мен тазалағыш ұңғы арнасына қыстырылып қалса, арнаға аздап қыздырылған сұйық қару майын енгізіп, оны бірнеше минут өткен соң шығарып алуға тырысу керек. Егер сүмбі алынбаса, автоматты жөндеу шеберханасына жібереді.

5) Газ каморасын, газ түтігін, ұңғылық тежеуіш-компенсаторды мылтық майымен немесе ҰТЕ-мен жуады, сүмбінің немесе ағаш таяқшаның көмегімен шүберекпен тазартады, одан соң құрғатып сүртеді.

6) Ұңғы қорабын, бекітпе жақтауын, бекітпені, газ поршенін сұйык қару майы не ҰТЕ сіңірілген шүберекпен тазалайды, одан соң оны құрғатып сүртеді. Егер атыстан кейін тазалауда сұйық кару майымен, ал газ поршенін, сондай-ақ бекітпенің цилиндр ойығына май жағып, оны майға батырылған шүберекпен 3-5 минут орап қою керек. Бұл ұңғының тежегші-компенсаторыньщ ішкі бетіне де қатысты.

7) Қалған металл бөліктер шүберекпен құрғатылып сүртіледі.

8) Ағаш бөліктерін құрғақ шүберекпен сүртеді.

9) Жарқырауық саптамаларды суға не керосинге батырылған шүберекпен сүртіп, кірді алған соң, көздеуіш пен карауылды құрғақ шүберекпен сүртеді.



Автоматты майлауды былайша жүргізеді:

1) ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылык тежеуіш-компенсаторды тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;

2) автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа кабат май жағады. Бүл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Қарауыл мен көздеуіштегі ағаш бөліктер мен жарқырауық нүктелер (жолақтар) майланбайды.

3) майлап болғаннан кейін автомат жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.

Жылдың суық мезгілінде -4°С-5°С одан да төмен температура кезінде автоматты тек сұйық кару майымен майлау кажет. Бір майлаудан келесі майлауға кірісу кезінде автомат бөлшектеріндегі ескі майды мұқият тазалап тастау керек.

Майды кетіру үшін автоматты толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту қажет.

Ескерту. Ауа температурасы +5°С төмен кезде қару майын қолдануға тыйым салынады. Сұйық қару майын жаз мезгілінде төмен температуралы аудандарда жыл бойы қолдануға рұқсат етіледі.

Аяздан жылы жерге алып келінген автоматты 10-20 минуттан соң тазалау керек (терлеген (буланған) соң ғана). Жылы жерге кіргеннен соң автоматтың сыртқы бетін сұйық қару майы сіңдірілген шүберекпен сүрту ұсынылады.

Ұзақ уакыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты сұйық қару майымен майлап, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.

Автоматты газсыздандыру, дезактивизациялау және дезинфекциялау бөлімше командирінін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына қару-жарақ қоймашысы жауапты болады.

Автомат оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, ауыстырғыш-тежегішке, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне қойылады. Автомат оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі. Соққыш-ағытқыш механизм жұмысын тексеру кезінде шүріппені артық баспау кажет.

Автомат қоймада немесе далалық жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады. Окжатарларға арналған сөмкелер, баулар мен қапшықтар таза және құрғақ түрде сақталуы тиіс.

Қандай да бір ғимаратта уакытша орналасу жағдайында автоматты есіктен, пештен жөне жылытқыш аспаптардан қашык, құрғак жерде, ал соғыс кезінде - өзінде (қолда) ұстау керек.

Автомат жаттығуға барар кезінде және жорықта "белдікке" немесе "арқаға" жағдайында белдікте алып жүріледі. Белдік автомат жабдықтың қатты заттарына соғылмайтындай етіп, тартылып тұруы керек. Автомат қосылған оқжатарымен алып жүріледі. Қалған оқжатарлар сөмкеде жатады. Жиналмалы дүмді автомат, өдетте, жиналған дүмімен алып жүріледі.

Автомат автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал жаяу өскердің ұрыс машинасында автомат төсеуде болуы мүмкін. Автоматтарды темір жол немесе су арқылы тасьмалдау кезінде арнайы пирамидаларда ұстау керек. Егер вагон немесе пароход пирамидалармен жабдықталмаса, онда автоматты құлатып немесе зақымдалмауы үпін қолда, я болмаса сөрелерде ұстау кажет.

Ұңғының жарылуы немесе кеуіп кетуінің алдын алу үшін оны қандай да бір затпен тығындауға тыйым салынады. Автоматтың ұңғы арнасына су тимеуінен сақтау керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.

Патрондар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек.

Патрондарды күтіп, зақымдалудан, ылғал және ластанудан сақтау керек. Патрондарды майлауға тыйым салынады. Патрондардың жоғалуын болдырмау керек.

Сонмен, автоматтың материалдық бөлімінің зерделеу кезінде қауіпсіздігін жоғары тәртіппен қамтамасыз етіледі .


    • Қолға қаруды алғанда, оқталмағаның жеке тексеру қажет

    • Командирдің рұқсатынсыз өзінің қаруын біреуге беріп, басқалардікін алмауы керек

    • Ешқашанда қаруды,оқталмасада, қараусыз қалдыруға болмайды

    • Бөліктер мен механизмдер шашу тәртіп ретімен қою қажет, абайлап қолданып, артық күш салып ұрмау керек

    • Басқа автоматтың бөліктерімен ауыстырып алмас үшін жинау кезінде бөліктердің нөміріне назар аудару керек.



ҚОРЫТЫНДЫ

Калашник автоматы – қарсылас тірі күшті жою үшін арналып,жекеленген қару болып табылады.Қарсыласын жою барысында қолмен күрес кезінде автоматқа сүңгі-пышағы қосылады.НАТО үлгі өлшеміне сәйкес Калашник автоматы 5,56мм патронды қолдануға ұсынады.

Автоматтан оқ бір рет немесе автоматты түрде атылады (бір рет ату).әскери – қызметтік тапсырмаларын шешу кезінде Калашник автоматы ДАҚ (дыбыссыз атылатын құрал),түнгі көріністерді көздейтін,гранаттық ствол мен қолданылады.Автоматтық түрде ату-бұл автоматпен атудың негізгі түрі болып табылады,ол қысқа аралықта (5 атысқа дейін) және алыс аралықта(10 атысқа дейін ) кезекпен тоқтаусыз атылады.





жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау