Қазақстан республикасы шкі істер министрлігінің



жүктеу 0,96 Mb.
бет2/5
Дата15.05.2018
өлшемі0,96 Mb.
#13888
түріСабақ
1   2   3   4   5

2-сурет. Автоматтың негізгі бөліктері мен мехнаизмдері және оның жабдықтары: а - автомат;

1 -ұңғы қорабымен, соққы - ағыткыш мехнизмімен, көздеу жабдықтарымен, дүмі және тапанша сабымен; 2 -ұңғылы тежеуіш компенсатор; 3 - ұңғы қорабының қақпағы; 4 - газ поршенді бекітпе жактауы; 5 - бекітпе; 6 - қайтармалы механизм; 7 -ұңғы жабуы бар газ түтігі; 8 - құндақ; 9 - оқжатар; 10 - сүңгі-пышақ; 11 - сүмбі; 12 - жабдығымен пенал;

- ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;

- ұңғы корабының қақпағы;

- газ поршені мен бекітпе жақтауы;

- бекітпе;

- қайтармалы механизм;

- ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;

- соққы-ағытқыш механизм;

- құндақ;

- оқжатар;

- ұңғылы тежеуіш компенсатор.

Сонымен қатар, автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышағы болады. Автомат толымына керек-жарақ, бау жөне оқжатарды салуға арналған сөмке кіреді.

Жиналмалы дүмі бар автомат толымына, сонымен қатар оқжатар салынатын қалтасы бар автоматқа арналған қапшық кіреді.

Автоматтың автоматтық әрекеті ұңғы арасынан газ камерасына бөлінетін оқ-дәрі газдарының қуатын пайдалануға негізделген.

Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дәрі газдарының бір бөлігі үңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жактауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты алып сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы кайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).

Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқжатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен жөне бекітпенің ұрыстық дөңестерінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кіруімен жүзеге асырылады.

Егер ауыстырғыш автоматы атысқа қойса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.

Егер ауыстырғыш жекелей атуға қойылатын болса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.



АК жартылай бөлшектеу және жартылай бөлшектенген автоматты жинастыру реті.

Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққы-ламай жүргізу керек.

Автоматты жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Ұрыс автоматтарын бөлшектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.



Автоматты жартылай бөлшектеу реті:

1) Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмбінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды (3- сурет), бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны "АА" немесе "ЖА" жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан (взводтан) босатылады.



2) Жабдықтар пеналын дүмі ұясынан шығарып алу.

Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының кақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады . Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің

ұшын тартып суырып алады.



4) Автоматтан — ұңғылық тежеуші-компенсаторын алу қажет.

Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың орнықтығышы батырылады.



Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қаққыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы мехнизмның бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы кақпағының, артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмбінің мойнынан сол колмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап түрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады ; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жактауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жап-қышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.

Автоматты жартылай бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

1) Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының айығына кіргенше бұрайды.

2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де, ұңғы қорабының қайырамалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

4) Қайтармалы мехнизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

5) Ұңғы қорабының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді, қақпақтың артқы шетін оң колдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабы қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.

7) Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысын саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес).

8) Сүмбіні қосу.

9) Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді; оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады (10-сурет). Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салады.

10) Оқжатарды атоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойын-шасынан немесе шетмойыннан ұстап түрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатар-дың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

Сонымен, автомат негізгі 10 бөліктер мен механизмдерден тұрады.

Автоматтың жинағына кіреді: жабдықтар, қайыс пен оқ затар дорбасы. ЖЖКА автоматтың жинағына одан басқа қалтасы бар оқ затарға арналған автомат қапшығы бар.



Автоматтық әрекеті автоматтың оқ -дәрі газдар қуатының қолдануына негізделген, діңгек кернейінен қақпақ ергенегінің газ поршеніне кетеді.

2 сұрак

Калашников автоматының бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, атаулары.

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары карай және оңға қарай иреленген төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге кызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы кашықтық, ұңғы арнасының калибрі деп аталады; автоматта ол - 5,45 мм-ге тең. Ұңғы арнасының оқталатын бөлігі жылтыр, тегіс және ол оқсауыт формасы іспетті; ұңғы арнасының бұл бөлігі патронды орналастыруға арналған. Ол-оқтық деп аталады, Оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.



12-сурет.Ұңғы: а - автомат ұңғысының сыртқы түрі; б - оқтау бөлігінің жармасы; в – ұңғының қимасы; 1 - ойық бөлігі; 2 - оқтың шығуы; 3 - оқтық; 4 –қарауыл негізі; 5 - газ камерасы; 6 - қосқыш жалғастырғыш; 7 -қалыбы; 8 - ұңғының бұрама сұқпасына арналған ойық;



жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау