15-сурет. Көздеуіш: а - автоматта; 1 - көздеуіштің қалыбы; 2 - сектор; 3 - көздеуіш тақташа; 4 - қамытша; 5 - көздеуіш тақташаның қыры; 6 - қамытшаның бекіткіші;
Ұңғы қорапшасында:
а) ішінде - бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тіреулер болып табылады; бекітпе жақтауы мен бекітпенің жылжуын бағыттауға арналған бағыттаушы ойықтар мен бүгілмелер; оқсауыт шағылысуына арналған шағылдырғыштық шығыңқы; бүйірлі қабырғаларды бекіту үшін ұқстатқыш; оқжатар ілгегіне арналған шығыңқы мен оқжатарды бағыттауға арналған бүйірлі қабырғалардағы бір-бірден сопақша шығыңқылар;
ә) артында үстіне қарай саңылаулар; бойлық қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің өкшелігше арналған жөне көлденең-ұңғы қорапшасы-ның кақпағына арналған; ұңғы қорапшасындағы дүмді бекітуге арналған саңылаулы құйрықша;
б) бүйірлі қабырғаларда - төрт саңылаудан, оның үшеуі соққы-ағытқыш механизмнің өсі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында - алмастыруды автоматты атуға (АА) және даралай атуға (ЖА) қоюға арналған белгілеп қоятын екі ойықтар;
в) астыңғы жағында - оқжатарға арналған терезе және ағытқыш ілмекке арналған терезе болады;
Жиналмалы дүмі бар автоматта, сонымен қатар орнықтырғышқа және дүм бекіткішіне арналған тесіктері болады.
Ұңғы қорабына антабкасы бар дүм, тапанша сабы және ағытқыш қапсырма бекітілген түнгі көздеуіштері бар автоматтың сол жақ бүйірлі қабырғаларына түнгі көздеуішті қосуға арналған тақташа бекітілген.
Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматты көздеу үшін қызмет етуді және көздеуіш пен қарауылдан тұрады.
Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан жөне қамытшадан тұрады.
Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде - тілімшелі серіппеге арналған ұялар жөне бекітпе жақтауына арналған қуыс, артқы қабырғасында - ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.
Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.
Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көз-деуіш тақташаны белгіленген жағдайда ұстап тұрады.
Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамыт-шаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.
Автоматта бұған коса көздеуіш тақташада "П" әрпі салынған - бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы - 440 м).
Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.
Қарауыл сырғымаға бұралып кигізілген, ол қарауылдың негізіне бекітіледі. Сырғымада және қарауылдың негізінде қарауылдың жағдайын анықтайтын ізікшелер жасалған.
Ұңғы қорабының қақпағы (16-сурет) – ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында - қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар. Қақпақ көздеуіш қалыбындағы жарты шеңбер ойық, ұңғы қорабының көлденең саңылауы,
16-сурет. Ұңғы қорабының қақпағы: 1 - сатылы ойық; 2 -тесік; 3 - қақпақтық кабырға
17-сурет. Газ поршеньді бекітпе жақтауы: 1 - бекітпеге арналған арна; 2 – сактандырғыш шығыңқы; 3 - автоағытқыш тұтқасын босататын шығыңқы; 4 -ұңғы қорабының қайырмасына арналған саңылау; 5 - тұтқа; 6 - фигуралы ойық; 7 - шағылыстыру шығыңқысына арналған саңылау; 8 - газ поршені
қайтармалы механизміндегі бағыттаушы өзектің шығыңқысы көмегімен ұңғы қорабына бекітіледі.
Газ поршеньді бекітпе жақтауы (17-сурет) бекітпені және соққыш-ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған.
Бекітпе жақтауында: ішінде - қайтарылмалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында - сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде - бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында - автоатқыш тұтқасын босатуға (бұруға) арналған шығыңқы жөне автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде - бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.
Бекітпе (18-сурет) патронды оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты (патронды) алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен өсі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.
Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқ сауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде — бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстың шығыңқы; үстінде - жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында — ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде - лақтырғыш пен бұрама сұқпа өсьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.
Сокқышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.
8
18-сурет. Бекітпе: а — бекітпенің негізі; ә -- соққыш, б-лақтырғыш; 1 — оқсауыт түбіне арналған ойық; 2 — лақтырғышқа арналған ойық; 3 — жетекші шығыңқы; 4 — лақтырғыш өсіне арналған тесік; 5 — ұрыстық шығыңқы; 6 —шағылыстырғыш шығыңқысына арналған бойлық саңылау; 7 — лақтырғыш серіппесі; 8 — лақтырғыш -өсі; 9 — бұрама сұқпа
Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және өсь үшін ойық болады.
Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш өсін бекіту үшін кызмет етеді.
Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы өзектен, жылжымалы өзектен және жалғастырғыштан тұрады.
Бағыттауыш өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы қорабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік жөне ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.
Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.
Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі (19 -сурет) алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, металл жартышығыршықтан және тілімшелі серіппеден тұрады.
19-сурет. Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі: 1 — газ түтігі; 2 — газ поршеніне арналған бағыттаушы қырлар; 3 — алдыңғы қосқыш жалғастырғыш; 4 — ұңғы бастырмасы; 5 — артқы қосқыш жалғастырғыш; 6—шығыңқы; 7 — тілімшелі серіппе
Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ каморасының келте түтігіне кигізделеді.
Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін кызмет етеді. Автоматта ол ағаштан немесе пластмастан жасалады.
Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы қысқыш жалғастырғышта газ түтігінің тұйықта-ышы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.
Соққыш-ағытқыш механизм (20-сурет) шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты даралай атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |