Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы



жүктеу 7,85 Mb.
бет1/19
Дата25.11.2017
өлшемі7,85 Mb.
#1416
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:



  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 тамыз


№73

Қазақстан Республикасы


Президентінің

2015 жылғы 25 тамыздағы


№73 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір

жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлейді. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасы – бұл елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісінде өндірістік күштерді, өндірістік, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды ұтымды орналастыру, ел халқын қоныстандыру жүйесі.

Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Іске асыру процесінде, макроэкономикалық жағдай өзгерген кезде Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.

Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және оның іске асырылуын бақылау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.».

2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларында:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидалары» тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғарыда тізбеленген құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға, мониторингіне, бағалауға және бақылауға бірыңғай және біртұтас тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.»;

56 және 59-ның тармақтарындағы «Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасы» деген сөздер алып тасталсын;

62, 63, 64, 65, 66, 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«62. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау;

2) аумақтық кеңістікте дамытудың бағыттары;

3) елді дамытудың болжамды өлшемдері;

4) өңірлерді перспективалық дамыту схемалары.

63. «Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау» бөлімі ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдауды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу мәселелерін, өңірлерді экономикалық мамандану, қоныстандыру және нарықтық байланыстардың сипаты бойынша жіктеу мен талдауды, елдің аумақтық даму ерекшеліктерін, өңірлердің экологиялық дамуын талдауды қамтуға тиіс.

64. «Аумақтық кеңістікте дамытудың негізгі бағыттары» бөлімі елді аумақтық кеңістікте дамытудың мақсаттарынан, міндеттерінен және негізгі тәсілдерінен, макроөңірлердің стратегиялық даму бағыттарынан тұрады.

65. «Елді дамытудың болжамды өлшемдері» бөлімі алдағы онжылдық кезеңге арналған елді және өңірлерді дамытудың негізгі болжамды көрсеткіштерін қамтиды.

66. «Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары» бөлімі өңірлердің перспективалық экономикалық мамандануының, перспективалық қоныстандырудың, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды перспективалық дамыту схемаларын қамтиды.»;

«67. Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжаттары арқылы жүзеге асырылады.»;

3.3. және 3.4. кіші бөлімдер алып тасталсын.

3. «Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің


2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


____________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 25 тамыздағы

№73 Жарлығына

ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 21 шілдедегі

№ 118 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі

БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе

1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау

2-бөлім. Аумақтық кеңістікте даму бағыттары

3-бөлім. Елді дамытудың болжамды өлшемдері

4-бөлім. Өңірлерді 2020 жылға дейін перспективалық дамыту схемалары
Кіріспе
Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) елді дамытудың маңызды құралы болып табылады, өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындайды.

Болжамды схема дамудың ағымдағы және ұзақ мерзімді, макроэкономикалық, салалық және өңірлік аспектілерін ұштастыруды қамтамасыз етеді, бизнестің, салалық және аумақтық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Болжамды схеманың ұзақ мерзімді бағыты мен кешенді сипаты оны қолда бар резервтер мен мүмкіндіктерді анықтау, оның негізінде іске асырылып жатқан даму бағыттарын толықтыратын немесе дамытатын экономиканың перспективалы даму бағыттарын қалыптастыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Болжамды схема ел аумағында әлеуметтік-экономикалық әлеуетті ұтымды ұйымдастырудың және орналастырудың негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

2014 жылғы деректер бойынша ел ауданының бірлігіне жалпы қосылған құнның саны ретінде есептелген экономикалық тығыздық Қазақстанда 80,0 мың АҚШ долларын құрады, бұл Шығыс Еуропаның Польша (1790 мың АҚШ доллары), Мажарстан (1514 мың АҚШ доллары) сияқты елдерінің, сондай-ақ Ресей (113,6 мың АҚШ доллары) сияқты ТМД-ның экономикалық тығыздығынан едәуір артта қалып отыр.

Қазақстанда өзен көлігі тораптарының болмауы және ашық теңізге шыға алмау Қазақстанның экономикалық тығыздығына кері әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан үшін экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарда және өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырландыруға ынталандыру, нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігінің өсуі және әлемдік экономикамен үйлесімді интеграцияланған бірыңғай ішкі экономикалық кеңістікті қалыптастыру үшін жағдай жасау міндеті аса өзекті болып отыр.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық тығыздығы сараланудың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді, бұл аумақтық бөліністе елдің экономикалық дамуы әркелкі екенін сипаттайды.

Бірқатар елдердің табысты дамуының әлемдік тәжірибесі оның жоғары урбандалу аймақтарында өндірістің, капиталдың және адами ресурстардың аумақтық шоғырлануы жағдайында өтетінін көрсетіп отыр.

Осылайша, қазіргі жағдайларда кеңістік пен орналасу орны мемлекеттік саясаттың екінші дәрежелі факторлары ретінде қарастырылмай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторына айналады. Соңғы екі онжылдықта дамыған елдерде прогресс қозғаушысы болған қалалар мен агломерациялардың өсуі, халықтың ұтқырлығының артуы, сауда мен көрсетілетін қызметтерді дамыту сияқты факторлар қазіргі уақытта дамушы елдер үшін де қозғаушы күш ретінде әрекет етеді.



1-бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау
1. Ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдау

Табиғи ресурстар



Қазіргі уақытта Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша ең бай елдердің бірі болып табылады. Көмірсутегінің, түсті, қара және жерде сирек кездесетін металдардың, уранның барланған қорлары бойынша ел алдыңғы қатарда (1-сурет).

1-сурет – Қазақстанның табиғи ресурстар қоры бойынша әлемдік рейтингтегі орны


Аса бай табиғи ресурстар Қазақстанның табиғи ресурстарды өндіретін және экспорттайтын көшбасшылар қатарына кіруіне мүмкіндік береді
(2-сурет).

2-сурет – Қазақстанның табиғи ресурстарды өндіру бойынша әлемдік рейтингтегі орны


жүктеу 7,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау