Мұнай өнеркәсібі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы мұнайдың расталған қоры шамамен 4,8 млрд. тоннаны құрайды. Аталған қорлар мұнайдың әлемдік қорының шамамен 2%-ын құрайды және елдің мұнай қоры бойынша әлемнің жетекші 12 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік береді. Бұл ретте елдегі перспективалы мұнай қоры 17 млрд. тонна көлемінде бағаланады.
Мұнайлы-газды аудандар ел ауданының 62%-ын алып жатыр және онда 252 мұнай кен орны бар, олардың 130 барлану үстінде.
Мұнай қорларының 90%-ынан астамы аса ірі 15 – «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ», «Өзен», «Жетібай», «Жаңажол», «Қаламқас», «Кеңқияқ», «Қаражанбас», «Құмкөл», «Солтүстік Бозашы», «Әлібекмола», «Орталық-Шығыс Прорва», «Кенбай», «Королевское» кен орындарында шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының жетеуінің аумағында орналасқан – бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл ретте көмірсутегі қорларының шамамен 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.
Мұнайдың анағұрлым барланған қорлары Атырау облысында, оның аумағында алынатын қорлары 3,5 млрд. тоннадан асатын 100-ден астам кен орны ашылған.
Облыстың жұмыс істеп тұрған ең ірі кен орны – Теңіз (бастапқы алынатын қорлар – 781,1 млн тонна). Анағұрлым перспективалы мұнай кен орны Қашаған кен орны болып табылады, оның қайта қорытудағы перспективалық қоры 1,5-тен 10,5 млрд. тоннаға дейін бағаланады.
1-кесте – Газ конденсатын қоса алғанда мұнай өндіру, мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
76 513
|
79 686
|
80 060
|
79 216
|
81 789
|
80 845,4
|
Ақтөбе
|
7 689
|
7 978
|
8 482
|
8 674
|
8 340
|
7 400,4
|
Атырау
|
26 583
|
30 087
|
30 241
|
28 962
|
32 183
|
31 919,0
|
Шығыс Қазақстан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
1,3
|
Жамбыл
|
26
|
24
|
22
|
21
|
22
|
20,7
|
Батыс Қазақстан
|
12 228
|
11 749
|
12 461
|
12 956
|
12 528
|
13 060,0
|
Қызылорда
|
11 241
|
11 156
|
10 955
|
10 883
|
10 588
|
9 919,8
|
Маңғыстау
|
18 746
|
18 692
|
17 899
|
17 720
|
18 127
|
18 524,2
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректері бойынша.
2014 жылғы мұнай экспортының көлемі 62 млн. астам тоннаны құрады. Еуропа елдері (шамамен 55 млн. тонна) – Италия, Нидерланд, Франция, Аустрия, Швейцария және өзгелері, сондай-ақ Қытай (11 млн. тонна) шикі мұнай нарығындағы Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестері болып табылады.
Газ өнеркәсібі
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 3,9-трлн. м3 деңгейінде алынатын газ қорын, оның ішінде 2,6 трлн. м3 – ілеспе газ және 1,3 трлн.м3 табиғи (бос) газ қорын бекітті.
Дегенмен, әлемдік танымал салалық ақпарат көздерінің бірі «British Petroleum» компаниясының деректері бойынша Қазақстандағы газ
қоры 1,3 трлн. м3 құрайды, бұл осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының әлемде 22-орынға және ТМД елдерінің арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-орынды иеленуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштердің мұндай сәйкессіздігі Қазақстан Республикасындағы газ қорында ілеспе мұнай газы үлесінің жоғарылығына да, сол сияқты қорларды есептеу әдістемелеріндегі айырмашылыққа да байланысты туындап отыр, бұл әдістемелер бойынша республика жуық арада халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
2014 жылы республикадағы мұнай-газ өндіретін компаниялардың газ өндіруі 43,2 млрд. м3 құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 102,1% құрайды.
2-кесте – Қазақстан Республикасының өңірлері бөлінісіндегі ілеспе және табиғи газ өндірісі, млн.м3
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
36 015,1
|
37 413,0
|
39 532,4
|
40 127,7
|
42 294,7
|
43 183,0
|
Ақтөбе
|
3 482,4
|
3 334,5
|
3 995,6
|
4 333,0
|
4 252,6
|
4 497,5
|
Атырау
|
11 867,9
|
13 801,7
|
13 720,3
|
12 917,0
|
14 821,2
|
14 384,0
|
Шығыс Қазақстан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
206,8
|
419,6
|
Жамбыл
|
354,2
|
344,1
|
326,5
|
324,1
|
321,8
|
327,8
|
Батыс Қазақстан
|
15 686,2
|
15 176,3
|
17 262,7
|
18 715,7
|
18 993,4
|
19 994,8
|
Қызылорда
|
1 558,8
|
1 606,0
|
1 537,5
|
1 553,6
|
1 496,4
|
1 476,3
|
Маңғыстау
|
3 065,6
|
3 150,5
|
2 689,7
|
2 284,3
|
2 202,6
|
2 083,0
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректері бойынша.
Көмір өнеркәсібі
Қазақстанның дәлелденген көмір қорлары бойынша ең берік позициясы – әлем бойынша 7-орын. Отын шығарудың ағымдағы құрылымында көмір негізгі үлеске ие – жиынтық тұтынудың 74%-ын құрайды (шартты отын тоннасында). Қазақстанда көмір қоры 34,2 млрд. тонна (әлемдік қорлардың 3,9%-ы) деңгейінде бағаланады.
Соңғы жылдары Қазақстан жыл сайын 100 млн. тоннадан астам көмір өндіреді. Бұл ретте барлық өндірілген көмірдің 91%-дан астамы Қарағанды және Павлодар облыстарына тиесілі.
Өндірілетін энергетикалық көмірдің негізгі үлесі елдің электр энергиясы саласының қажеттіліктеріне және экспортқа (тиісінше 51% және 31%), қалған көлемі – халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне және өнеркәсіптік кәсіпорындарға (тиісінше 13% және 5%) жұмсалады.
3-кесте – Көмір өндіру көлемі (көмір концентратын қоса есептегенде), мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
100 854
|
110 929
|
116 449
|
120 528
|
119 574
|
113 843,5
|
Ақмола
|
245
|
1 477
|
1 989
|
3 500
|
3 200
|
2 006,9
|
Ақтөбе
|
5
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
Алматы
|
15
|
15
|
15
|
20
|
20,8
|
26,4
|
Шығыс Қазақстан
|
5 353
|
5 813
|
6 173
|
6 167
|
6045
|
6 388,6
|
Жамбыл
|
355
|
375
|
281
|
80
|
80,0
|
90,1
|
Қарағанды
|
30 722
|
32 585
|
35 241
|
35 388
|
37 211
|
38 195,8
|
Қостанай
|
8
|
50
|
30
|
23
|
2,6
|
-
|
Павлодар
|
64 150
|
70 613
|
72 717
|
75 346
|
73 015
|
67 135,7
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қорлардың қомақты көлеміне байланысты Қазақстандағы көмірдің ресурстық базасы ұзақ мерзімді перспективада көмір өнеркәсібін дамыту үшін шектеу болып табылмайды.
Энергетикалық, сол сияқты кокстелетін көмір қоры өндіруді белсенді арттырғанның өзінде жүздеген жылдарға жетеді.
Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі
Тау-кен металлургиясы саласы – бұл Қазақстан өнеркәсібінің базалық секторларының бірі. Мұнда негізгі кәсіптегі 164,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының – 30%-ы, марганец кенінің – 25%-ы, темір кенінің 10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қорлары әлемдік қорлардың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды.
Менделеев кестесінің 105 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70-і бойынша қорлар барланған, өндіріске 60-тан астам элемент тартылған.
4-кесте – 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қоры
Пайдалы қазба түрі
|
Баланстық қорлар
|
Темір кені, млн. тонна
|
18 814,6
|
Марганец кені, млн. тонна
|
684,1
|
Хром кені, мың тонна
|
366 191,3
|
Бокситтер, мың тонна
|
338 066,7
|
Қорғасын, мың тонна
|
17 185,11
|
Мырыш, мың тонна
|
35 513,17
|
Мыс, мың тонна
|
38 805,5
|
Титан, мың тонна
|
24 031,1
|
Вольфрам, мың тонна
|
2 080,0
|
Алтын, тонна
|
2 348,7
|
Күміс, тонна
|
51 864,6
|
Қалайы, мың тонна
|
138,4
|
Уран, мың тонна
|
838,1
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
Қатты пайдалы қазбалар өндірудің жалпы көлемі бойынша республика әлемдегі 70 тау-кен өндіру державасының ішінде 13-орынға ие.
Темір кенін өндіру көлемі жыл сайын шамамен 51,5 млн. тоннаны құрайды. Өндірудің негізгі көлемі Қостанай облысында (Рудный моноқаласы) шоғырланған. Жыл сайын темір кенінің шамамен
15-16 млн. тоннасы экспортталады, қалған бөлігі одан әрі өңдеуге жіберіледі.
5-кесте – Агломерацияланған және агломерацияланбаған темір кенін өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
22 281
|
24 016
|
24 736
|
25 889
|
25 228,2
|
24 561,7
|
Ақмола
|
839
|
280
|
285
|
272
|
363,2
|
401,2
|
Ақтөбе
|
2
|
232
|
302
|
296
|
123,0
|
-
|
Қарағанды
|
2 947
|
2 669
|
3 221
|
4 003
|
4 075,6
|
4 688,1
|
Қостанай
|
18 493
|
20 835
|
20 928
|
21 318
|
20 666,4
|
-
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Мыс кенін өндіру көлемі 2014 жылы 38,6 млн. тоннаны құрады, оның басым бөлігі Қарағанды облысына тиесілі. Өңделмеген кен экспортының көлемі шамалы – жыл сайын 0,5 млн. тонна. Кеннің негізгі бөлігі одан әрі өңдеуге жіберіледі. Мәселен, 2014 жылы 293,9 мың тонна тазартылған мыс өндірілді.
6-кесте – Мыс кенін өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
30 594
|
32 039
|
34 396
|
38 906
|
41 291,3
|
38 660,6
|
Ақтөбе
|
2 111
|
3 297
|
3 838
|
4 734
|
4 985,2
|
4 703,8
|
Шығыс Қазақстан
|
350
|
225
|
752
|
2 167
|
1 787,4
|
1 907,8
|
Жамбыл
|
-
|
-
|
573
|
648
|
1 538,4
|
1 190,7
|
Қарағанды
|
27 406
|
27 765
|
27 672
|
30 267
|
32 031,3
|
29 616,5
|
Қостанай
|
727
|
752
|
1 509
|
1 031
|
655,6
|
725,0
|
Павлодар
|
-
|
-
|
53
|
60
|
293,4
|
516,8
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Алюминий кенін (бокситтер) өндіру толығымен Қостанай облысында шоғырланған, кенді байыту Павлодар облысында жүргізіледі. Өңделмеген алюминий және алюминий оксидінің экспорты 2014 жылы 651,4 млн. АҚШ долларды құрады.
7-кесте – Алюминий кенін (бокситтер) өндіру көлемі, млн. тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
5 130
|
5 310
|
5 495
|
5 170
|
5 192
|
4 514,6
|
Қостанай
|
5 130
|
5 310
|
5 495
|
5 170
|
5 192
|
4 514,6
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қорғасын мен мырышты өндіру және бастапқы өңдеу негізінен Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. 2014 жылы қорғасын концентратындағы қорғасын өндіру – 37,8 мың тоннаны, мырыш концентратындағы мырыш өндіру 346,6 мың тоннаны құрады. Мырыш пен қорғасынның негізгі бөлігі экспортталады.
Осылайша, табиғи ресурстарды өндіру және экспорттау елге аз уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы, өнімді өткізудің негізгі нарықтарына дейінгі үлкен қашықтық өндірістік, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын жедел дамытуды талап етеді.
Көлік инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде табиғи ресурстарды анағұрлым оңтайлы жолмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлау қажет.
Бұдан басқа, елдің бай шикізаттық әлеуеті қосылған құны жоғары тауарларды шығаруға бағдарланған заманауи өнеркәсіптік индустрияны дамытудың негізіне айналуға тиіс.
Жер ресурстарымен қамтамасыз етілу
Еуразия құрлығының ортасында 272,5 млн. га алаңға орналасқан республикамыз жер ауданы бойынша әлемде 9-орынға ие. Шекаралас мемлекеттермен құрлықтағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы
13 383 км құрайды, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 548 км, Өзбекстан Республикасымен – 2 351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 782,8 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен – 459 км.
Елдің бір тұрғынының жермен қамтамасыз етілуі бір адамға 17 га-дан асады, оның ішінде, егістікпен қамтамасыз етілу – 1,51 га/адам. Салыстыру үшін басқа елдерде мұндай индекстер тиісінше мынадай болып келеді: Ресей – бір адамға 11,6 га және 0,89 га, АҚШ – 3,8 га және 0,75 га, Канада – 37,1 га және 1,72 га, Қытай – 0,8 га және 0,08 га, Жапония – 0,31 га және 0,03 га.
Осылайша, елде жер ресурстарымен қамтамасыз етілу бойынша айтарлықтай шектеулер жоқ. Жерді ұтымды, мүмкіндігінше экологияға келеңсіз ықпалды барынша азайта отырып пайдалануды жүзеге асыру қажет.
Су ресурстарымен қамтамасыз етілу
Қазақстанда су ресурстарының негізгі көлемін орташа жылдық көлемі 100,4 км3 жерүсті сулары қамтамасыз етеді, оның ішінде 56%-ы жергілікті жерлерде шоғырланады (негізгі бассейндер: Есіл, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай), ал қалған 44%-ы Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден және Қырғызстаннан трансшекаралық өзендер ағыны есебінен қамтамасыз етіледі (негізгі бассейндер: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий). Қазақстан көрші елдер аумақтарынан трансшекаралық өзендер ағынына тәуелділік индексі бойынша Израиль және Португалия сияқты елдермен бір қатарда тұр. Бұл елдің қазір орын алып отырған және әлеуетті су проблемаларын шешу үшін трансшекаралық ағындарды реттеудің маңыздылығын барынша арттырады.
8-кесте – Қазақстан бассейндерінің жерүсті суларымен және өзге су көздерінен алынатын су ресурстарымен қамтамасыз етілуі
Бассейннің атауы
|
Жергілікті су ресурстары, км3
|
Трансшека-ралық су ресурстары, км3
|
Жерасты сулары, км3
|
Өзге су көздері, км3
|
Су ресурстарының жиыны, км3
|
Арал-Сырдария
|
3,4
|
14,6
|
0,2
|
3,2
|
21,4
|
Балқаш-Алакөл
|
15,4
|
12,2
|
0,4
|
0,4
|
28,4
|
Ертіс
|
25,9
|
7,8
|
0,2
|
0
|
33,9
|
Есіл
|
2,6
|
-
|
0,1
|
0
|
2,6
|
Жайық-Каспий
|
4,1
|
7,1
|
0,2
|
0,3
|
11,7
|
Нұра-Сарысу
|
1,4
|
-
|
0,1
|
0,1
|
1,5
|
Тобыл-Торғай
|
1,3
|
0,3
|
0
|
0
|
1,6
|
Шу-Талас
|
1,6
|
2,6
|
0,1
|
0
|
4,4
|
ҚР бойынша барлығы
|
55,7
|
44,7
|
1,2
|
3,9
|
105,5
|
Дереккөз: Қазақстан Респубикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері.
Пайдалануға бекітілген жерасты сулары тұщы судың қосымша көздері болып табылады, олардың қорлары 15,4 км3 құрайды, оның ішінде қазіргі уақытта жылына 1,2 км3 өндіріледі, теңіз суы тұщыландырылады және өзге су көздері (шахталардан су бұру, су қоймаларынан тікелей тұтыну, ағын суларды пайдалану, тұзсыздандыру), барлығы жылына 3,9 км3 бар. Жерасты суларының негізгі қорлары Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейндерінде орналасқан (қорлардың жалпы көлемінің 66%-ы).
9-кесте – Қазақстан бассейндерінің жерасты су қорларымен қамтамасыз етілуі
Бассейннің атауы
|
Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары, км3/жыл
|
Жерасты суларын өндіру, км3/жыл
|
барлығы
|
оның ішінде
|
ШАСҚ
|
ӨТСҚ
|
СЖ
|
бальнеологиялық
|
Арал-Сырдария
|
1,14
|
0,79
|
0,16
|
0,19
|
0,002
|
0,2
|
Балқаш-Алакөл
|
7,26
|
1,73
|
0,22
|
5,31
|
0,005
|
0,4
|
Ертіс
|
2,87
|
1,10
|
0,12
|
1,65
|
0,001
|
0,2
|
Есіл
|
0,16
|
0,11
|
0,03
|
0,02
|
0,001
|
0,1
|
Жайық-Каспий
|
0,97
|
0,51
|
0,22
|
0,24
|
0,002
|
0,2
|
Нұра-Сарысу
|
0,82
|
0,35
|
0,34
|
0,13
|
0,0004
|
0,1
|
Тобыл-Торғай
|
0,48
|
0,40
|
0,08
|
0,00
|
0,0008
|
0,0
|
Шу-Талас
|
1,75
|
0,79
|
0,24
|
0,72
|
0,001
|
0,1
|
ҚР бойынша барлығы
|
15,44
|
5,76
|
1,41
|
8,27
|
0,01
|
1,2
|
Дереккөз: Қазақстан Респубикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері.
Өзендер мен көлдердің экожүйелерін сақтау, табиғатты қорғау мақсатында (экологиялық ағын) пайдалану қазіргі уақытта жылына жалпы су ресурстарынан 38,6 км3 үшін қажет. Оның үстіне қажетті инфрақұрылымның болмауы, арналар мен өзендерде булану мен сүзгілеу және шекаралас мемлекеттерге міндетті ағынды қамтамасыз ету салдарынан жылына 29 км3 қолжетімсіз болып отыр. Бұдан басқа, қамтамасыз етілудің 75%-дық өлшемшартын негізге алсақ, су ресурстарының 12,8 км3 сенімсіз болып табылады. Осылайша, қазіргі уақытта қолжетімді, тұрақты және сенімді су ресурстарының көлемі жылына 23,2 км3құрайды.
Тұтастай алғанда, елдің табысты дамуы үшін Қазақстандағы су ресурстары жеткілікті. Бұл саладағы негізгі проблема Арал теңізін қалпына келтіру, сондай-ақ халықты сапалы әрі сенімді ауыз су көздерімен қамтамасыз ету қажеттігінде болып отыр. Жерасты сулары ауызсудың неғұрлым перспективалы көздері болып табылады.
Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу
2014 жылы тиісінше 8961,9 және 8510 мың адамды құрап, талданып отырған кезеңде (2009-2014 жылдар) экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 5,9%-ға, ал жұмыспен қамтылған халық саны 7,6%-ға ұлғайды. Қарастырылып отырған кезеңде жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеу үрдісінде болды және 2014 жылы 5%-ды құрады.
Қазақстанның еңбек нарығында соңғы жылдары елеулі құрылымдық өзгерістер орын алды. Өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны қысқарды, бұл жұмыс күшінің жекеменшік көрсетілетін қызметтер саласына – саудаға, автомобильдерді, тұрмыстық заттар мен жеке тұтыну бұйымдарын жөндеуге, қаржылық қызметке және басқа көрсетілетін қызметтерге ауысуына алып келді.
Сонымен, қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 6,3% және тиісінше 18,8% құрағанда, жұмыспен қамту құрылымының көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс істейтіндердің үлесі 60,3%-ға жетті.
Өңірлік бөліністе еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі оңтүстік өңірлерде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Алматы қаласында) және батыс өңірлерде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында) жоғары әлеуетімен сипатталады. Сонымен бірге елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде еңбекке жарамды жастағы халық санының бірте-бірте азаюы салдарынан төмен қамтамасыз етілу байқалады.
Демографиялық және көші-қон әлеуетін бағалау
Соңғы онжылдықта елде болып жатқан демографиялық процестердің оң сипаты бар. 2014 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны
2009 жылмен салыстырғанда 9%-ға (абсолюттік мәнде – 1 435,3 мың адамға) ұлғайып, 17417,7 мың адамды құрады.
Талданып отырған кезеңде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан басқа, елдің көптеген өңірлерінде халық санының өсуі байқалады.
Елдегі халық санының ұлғаюы негізінен халықтың табиғи өсімі есебінен болып отыр. Бұдан басқа, соңғы жылдары халықтың табиғи өсімінің коэффициенті тұрақты өсу серпініне ие. Мәселен, 2009 жылы ол
1000 тұрғынға 13 адамды құраса, 2014 жылы 1000 тұрғынға 16 адамға дейін ұлғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |