Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының



жүктеу 0,71 Mb.
бет1/5
Дата01.12.2017
өлшемі0,71 Mb.
#2510
  1   2   3   4   5


«Атамекен»

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 

Басқарма төрағасының
2017 жылғы «__»_______
№_____ бұйрығына     
2-қосымша  




«Қонақ үй шаруашылығы»

кәсіби стандарты


1. Жалпы ережелер





  1. «Қонақ үй шаруашылығы» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, соның ішінде кәсіпорындардағы қызметкерлер құрамын оқытуға, білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен түлектерін сертификаттауға, қызметкерлер құрамын басқару саласындағы міндеттердің кең ауқымын шешуге арналған.

  2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

біліктілік – нақты еңбек функцияларын сапалы түрде орындауға қатысты жұмысшының дайындық дәрежесі;

біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, бейстандарттығы, жауапкершілігі және дербестігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне түскен сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық түрде реттейтін механизмдердің жиынтығы;

салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

сала/негізгі топ – істеп шығарылатын өнімдердің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмысшылардың кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән болып келетін кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

кәсіптік топ – ортақ ықпалдастық негізіне ие (ұқсас немесе жақын арналым, нысандар, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) болып табылатын және оларды орындауға арналған еңбек функциялары мен құзыреттерінің орайлас жинағын талап ететін кәсіптік кіші топтардың жиынтығы.

кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;

кәсіби стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек үдерісінің міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.

2. Кәсіби стандарт паспорты




  1. Кәсіби стандарт атауы: Қонақ үй шаруашылығы.

4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: кең ауқымды қолданушылар тобының қолдануына арналған: жұмысшылар – жоспарлау саласындағы мамандыққа қойылған талаптарды түсіну, өз біліктілігін арттыру және мансабын ілгерілету үшін; жұмыс берушілер – жұмысшыларға қолданылатын талаптарды/нұсқауларды/міндеттерді әзірлеу, персоналды жалдау және аттестаттау кезінде өлшемдер қалыптастыру, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру, дамыту, жоғарылату және алмастыру бағдарламаларын құру үшін.

5. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: кәсіби стандарт қонақ үй қызметтерін ұйымдастырумен және ұсынумен айналысатын мамандардың біліктілік деңгейіне, кәсіби біліміне және атқаратын жұмыстарының мөлшеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

6. Негізгі топ: Қоныстануды ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Кәсіби топ: Қонақ үйлер ұсынатын қызметтер.


3. Кәсіп карточкалары
7. Кәсіптердің тізімі:

швейцар - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 1 біліктілік деңгейі.

киім-кешекті қараушы әйел - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 1 біліктілік деңгейі;

арнаулы жұмыс киімін жуу және жөндеу бойынша қызметші - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 1 біліктілік деңгейі;

нөмірлерді брондайтын оператор – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 2 біліктілік деңгейі;

консьерж - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 2 біліктілік деңгейі;

кассир - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 2 біліктілік деңгейі;

химиялық тәсілмен тазалаудың аппаратшысы - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 2 біліктілік деңгейі;

қызметші әйел - Салалық біліктілік шеңбері бойынша 2 біліктілік деңгейі;

әкімші – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 3 біліктілік деңгейі;

аудитор Салалық біліктілік шеңбері бойынша 4 біліктілік деңгейі;

супервайзер – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 5 біліктілік деңгейі;

бөлім басшысы (брондау, қабылдау және орналастыру, кадрлар, маркетинг және сату және т.б.) – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 6 біліктілік деңгейі;

департамент директоры (сату және маркетинг, қызметкерлер құрамын басқару, мейманхана шаруашылығының қызметтері, тамақтану және сусындар және т.б.) – Салалық біліктілік шеңбері бойынша бойынша 7 біліктілік деңгейі;

бас директордың орынбасары – Салалық біліктілік шеңбері бойынша бойынша 7 біліктілік деңгейі;

бас директор (бас менеджер), директор (мейманхана кәсіпорнының директоры) – Салалық біліктілік шеңбері бойынша 8 біліктілік деңгейі.

Кәсіп карточкалары осы кәсіби стандарттың 1 Қосымшасында келтіріледі.
«Қонақ үй шаруашылығы»

кәсіби стандартына

1 - Қосымша


КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Швейцар»

Кәсіп коды

9152

Кәсіп атауы

Швейцар

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

1

-


БА бойынша біліктілік деңгейі

1-ші разряд

Кәсіби білім деңгейі

Негізгі орта, бірақ бастапқы білімнен төмен емес білімнің бар болуымен жұмыс орнындағы нұсқамалық және/немесе қысқа мерзімді курстар.

Еңбек функциялары

  1. Меймандарды қарсы алу.

  1. Меймандарды ақпараттандыру.

  1. Автокөлікке отыру/түсу кезінде көмектесу.

  1. Меймандарды шығарып салу.

1 еңбек функциясы

Меймандарды қарсы алу



Біліктер мен дағдылар:

1. Мейманхананың кіріс аймағында меймандарды қарсы алу.



Білім:

1. Мейманхананың кіріс аймағында меймандарды қарсы алу және оларға қызмет көрсету ережелері.

2. Санитария, тазалық және униформаны кию талаптары.

3. Мейманхананың кіріс аймағының алдында көлік ағынын реттеу әдістері.



2 еңбек функциясы

Меймандарды ақпараттандыру



Біліктер мен дағдылар:

1. Өз құзыретінің шектерінде меймандарды мейманхана қызметтері мен оның айналасы жөнінде ақпараттандыру.



Білім:

1 Мейманхана мен көрсетілетін қызметтер жөнінде негізгі ақпарат.

2. Мейманхананың ішкі тәртібінің ережелері.


3 еңбек функциясы

Автокөлікке отыру/түсу кезінде көмектесу



Біліктер мен дағдылар:

1. Меймандарға автокөлікке отыру/түсу кезінде, жүкті жүк арбасына қауіпсіз тиеу/түсіру және жүкті мейманхана холлына шығару/кіргізу кезінде көмектесу.



Білім:

1. Жол қозғалысының ережелері.

2. Мейманхананың кіріс аймағында меймандарға қызмет көрсету бойынша кеңестер.


4 еңбек функциясы

Меймандарды шығарып салу



Біліктер мен дағдылар:

1. Меймандарды орналастыру қызметінің үстелшесіне дейін сүйемелдеу және қауіпсіздік қызметін оқыс жағдайларда хабардар ету.



Білім:

1. Меймандарды бөлмеге дейін сүйемелдеу үшін жеткілікті көлемде шетел тілін білу.



Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Жауаптылық, зейінділік, тіл табыса білу

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

3431

Әкімші

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Киім-кешекті қараушы әйел»

Кәсіп коды

9132

Кәсіп атауы

Киім-кешекті қараушы әйел

Салалық біліклік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

1

-


БА бойынша біліктілік деңгейі

2-3-ші разряд

Кәсіби білім деңгейі

Жалпы орта, бірақ негізгі орта білімнен төмен емес білімнің бар болуы, практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымының негізіндегі қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Еңбек функциялары

  1. Мейманханалық төсек-орын тысын сақтау үшін қабылдау.

  1. Тауар-материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету және сақтау тәртібін орындау.

  1. Тапсырыстар бойынша мейманханалық төсек-орын тысын, шығын материалдарын үлестіру және беру, қорлар есебі мен қозғалысын жүргізу.

  1. Қосымша мейманханалық төсек-орын тысына тапсырысты рәсімдеу.

  1. Түгендеуді жүргізу.

1 еңбек функциясы

Мейманханалық төсек-орын тысын және шығын материалдарын сақтау үшін қабылдау



Біліктер мен дағдылар:

1. Таза мейманханалық төсек-орын тысын және шығын материалдарын сапасы мен саны бойынша қабылдау және сақтау үшін орналастыру.



Білім:

1. Мейманханалық төсек орын тысына және шығын материалдарына қажеттілікті есептеу әдістері.



2 еңбек функциясы

Тауар-материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету және сақтау тәртібін орындау



Біліктер мен дағдылар:

1. Қоймаланатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын және оларды сақтау тәртібін қамтамасыз ету.



Білім:

  1. Тауар-материалдық құндылықтардың тапсырыс берілген санға және сапаға сәйкессіздігі анықталған кездегі әрекеттер тәртібі.

  2. Мейманханалық төсек-орын тысын қолдану мерзімдері.

  3. Тауар-материалдық құндылықтарды сапасы мен саны бойынша қабылдау ережелері.

3 еңбек функциясы

Тапсырыстар бойынша мейманханалық төсек-орын тысын, шығын материалдарын үлестіруі және беру, қорлар есебі мен қозғалысын жүргізу



Біліктер мен дағдылар:

1. Тапсырыстар бойынша мейманханалық төсек-орын тысын, шығын материалдарын үлестіру және беру.

2. Қорлар есебі мен қозғалысын жүргізу.


Білім:

1. Тапсырысты рәсімдеу ережелері.

2. Мейманханалық төсек-орын тысын және шығын материалдарын сақтау үшін орналастыру ережелері.

3. Тауар-материалдық құндылықтардың сапасын тексерудің визуалдық және органолептикалық әдістері.



4 еңбек функциясы

Қосымша мейманханалық төсек-орын тысына тапсырысты рәсімдеу



Біліктер мен дағдылар:

1. Қажет болған жағдайда қосымша мейманханалық төсек-орын тысын және шығын материалдарын алу үшін тапсырысты рәсімдеу.



Білім:

1. Мейманханалық төсек орын тысы мен шығын материалдарына тапсырыс беруге және оларды қабылдауға қатысты үлгілік құжаттама.



5 еңбек функциясы

Түгендеуді жүргізу



Біліктер мен дағдылар:

1. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу.



Білім:

1. Берілген деңгейдегі қызметкердің алған тауар-материалдық құндылықтардың сапасы мен саны үшін жауапкершілігінің дәрежесі.

2. Жарамсыз деп табылған тауар-материалдық құндылықтарды қайтару ережелері.


Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Жауаптылық, жылдамдық

Салалық Біліктілік Шеңбері шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс

9132

Қызметші әйел

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Арнаулы жұмыс киімін жуу және жөндеу бойынша қызметші»

Кәсіп коды:

9333

Кәсіп атауы:

Арнаулы жұмыс киімін жуу және жөндеу бойынша қызметші

Салалық біліклік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

1

-


БА бойынша біліктілік деңгейі

2-ші разряд

Кәсіби білім деңгейі

Негізгі орта, бірақ бастапқы білімнен төмен емес білімнің бар болуымен жұмыс орнындағы нұсқамалық және/немесе қысқа мерзімді курстар.

Еңбек функциялары

  1. Мейманханалық киім-кешекті сақтау үшін сұрыптау.

  1. Жуғыш құралдарды таңдау.

  1. Киім-кешекті жуу және үтіктеу.

  1. Мейманханалық киім-кешекті жөндеу.

  1. Тігін жабдығын қолдану.

  1. Мейманханалық киім-кешекті тігу.

1 еңбек функциясы

Мейманханалық киім-кешекті сақтау үшін сұрыптау



Біліктер мен дағдылар:

1. Мейманханалық және меймандардың жеке киім-кешегін сақтауға тапсыру үшін немесе клиенттерге беру үшін сұрыптау, қаттап жию және буу.



Білім:

  1. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандардың киім-кешегін жөндеуге қабылдау ережелері.

  2. Тігін жабдығын күту ережелері.

  3. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандар киім-кешегінің құрылымына, түсіне, сапасына және басқа да сипаттамаларына қарай кір жуу тәртіптері.

  4. Әр түрлі маталардан дайындалған киім-кешекті өңдеу технологиясы.

  5. Киім-кешекті жуу мен кептірудің оңтайлы әдістері мен тәсілдемелері.

2 еңбек функциясы

Жуғыш құралдарды таңдау



Біліктер мен дағдылар:

1. Мейманханалық және клиенттердің жеке киім-кешегі дайындалған маталардың түрлеріне сәйкес кір жуғыш, ағартқыш және крахмалдауыш құралдарды таңдау, оларды дұрыстап мөлшерлеу және сақтау.



Білім:

  1. Ас жаулығын, төсек-орын тысын және өзге мейманханалық киім-кешекті, клиенттердің киімін жуу кезінде қолданылатын кір жуғыш және ағартқыш құралдардың түрлері.

  2. Әр түрлі өңдеу әсерлерін алу үшін қолданылатын крахмалдауыш құралдардың түрлері.

  3. Мейманхалық төсек-орын тысын және клиенттердің киім-кешегін жуу және кептіру кезінде қолданылатын кір жуатын-сығатын және кептіретін машиналардың түрлері және оларды қолдану ережелері.

  4. Келесі қолдану үшін тағайындалған кір жуғыш, ағартқыш және крахмалдауыш құралдарды қауіпсіз сақтау ережелері.

3 еңбек функциясы

Киім-кешекті жуу және үтіктеу.



Біліктер мен дағдылар:

1 Кір жуатын-сығатын, кептіретін және үтіктейтін жабдықты қолдану технологиясына сәйкес мейманханалық және клиенттердің жеке киім-кешегін жууды және үтіктеуді жүзеге асыру;

2. Матаның түсі мен түріне және киім-кешектің мөлшеріне қарай кір жуу мен кептірудің қажетті бағдарламасын таңдау,

3. Мата түріне қарай үтіктердің, каландрлардың, жазғыштардың, және пресс плиталарының жұмыс беткейлерін қыздыру температурасын белгілеу.



Білім:

  1. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандар киімін жөндеу үшін қолданылатын тігін жабдығының түрлері.

  2. Әр түрлі маталардан дайындалған бұйымдарды жөндеу үшін қолданылатын инелер мен жіптердің түрлері.

  3. Тігіс түрлері және әр түрлі тігістерді қолмен және тігін жабдығында орындау техникасы.

  4. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандар киімін жөндеу сапасына қойылатын талаптар. Киімді жуу және кептіру кезінде сапасын сақтауға мүмкіндік беретін амалдар.

  5. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандар киімін үтіктеу үшін қабылдау ережелері.

  6. Мейманханалық төсек-орын тысы мен меймандар киімін жуу мен кептіруге және жуылған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.




Біліктер мен дағдылар:

1. Қолмен және тігін жабдығын қолдана отырып мейманханалық киім-кешек (төсек-орын тысы мен жамылғылар, жастықтар, халаттар, перделер және мейманхананың басқа да тұрмыстық заттары) пен меймандар киімін жөндейді, персоналға арналған нысанды киімді жөндейді және қиыстырып келтіреді.



Білім:

1. Тігін жабдығын күту ережелері.



5 еңбек функциясы

Тігін жабдығын қолдану.



Біліктер мен дағдылар:

1. Тігін жабдығын қауіпсіз пайдаланады және оны ұқыпты күйінде ұстайды.



Білім:

1. Үтіктеу жабдығын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары.

2. Тігін жабдығын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары.


6 еңбек функциясы

Мейманханалық киім-кешекті тігу.



Біліктер мен дағдылар:

1. Төсек-орын тысы мен ас жаулықтардың шеттерін тігеді, тозған мейманханалық киім-кешекті шүберектерге өзгертіп тігеді.



Білім:

  1. Мейманханалық киім-кешек пен меймандар киімін жөндеу тәсілдері.

  2. Мейманханалық киім-кешек пен меймандар киімін жөндеу кезіндегі жұмыстарды орындаудың оңтайлы әдістері мен тәсілдемелері.

  3. Мейманханалық киім-кешек мен меймандар киімін жөндеу сапасына қойылатын талаптар

Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Жауаптылық, жылдамдық, зейінділік

Салалық Біліктілік Шеңбері шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс

9132

Киім-кешекті қараушы әйел

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Бөлмелерді брондау бойынша оператор»

Кәсіп коды

КЗ-да жоқ

Кәсіп атауы

Бөлмелерді брондау бойынша оператор

Салалық біліклік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

2

БА бойынша біліктілік деңгейі

КС-да жоқ

Кәсіби білім деңгейі

Жалпы орта, бірақ негізгі орта білімнен төмен емес білімнің бар болуы, практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымының негізіндегі қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).

жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау