Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының



жүктеу 0,71 Mb.
бет3/5
Дата01.12.2017
өлшемі0,71 Mb.
#2510
1   2   3   4   5

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Әкімші»

Кәсіп коды

3431

Кәсіп атауы

Мейманхана (демалыс үйінің) әкімшісі

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының негізіндегі курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта білім негізіндегі техникалық және кәсіби білімнің бар болуы шартымен.



Еңбек функциялары:

  1. Әр түрлі санатты меймандарды қабылдау, орналастыру және тіркеу

  1. Меймандардың шығуын және олармен есеп айырысуды рәсімдеу.

  1. Бос емес нөмірлер мен бос орындар есебін жүргізу.

1 еңбек функциясы

Әр түрлі санатты меймандарды қабылдау, орналастыру және тіркеу



Біліктер мен дағдылар:

1. Меймандарды орналастыру және тіркеу кезінде қажетті ішкі құжаттаманы толтыру.

2. Меймандар тобын қабылдау және орналастыру, меймандардың тұру мерзімін ұзарту.

3. Мейманды бөлмеге кіргізу/көшіру/тұру мерзімін ұзарту жөнінде деректерді мейманхананың автоматтандырылған жүйесіне енгізу.

4. Магниттік кілттерді белсендіру.

6. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде.



Білім:

1. Меймандарды мейманханаға орналастыру тәртібі.

2. Нөмірлердің түрлері.

3. Меймандар тобын және аса маңызды меймандарды орналастыру технологиясы.

4. Меймандарды алдын ала брондау бойынша және алдын ала брондаусыз орналастыру тәртібі.

5. Магниттік кілттерді белсендіру тәсілдері.

6. Ағылшын тілі.

7. Меймандарға қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар.



2 еңбек функциясы

Меймандардың шығуын және олармен есеп айырысуды рәсімдейді



Біліктер мен дағдылар:

1. Мейманның шығуы жөніндегі құжаттаманы рәсімдеу.

2. Меймандардың шығуы жөнінде ақпаратты мейманхананың автоматтандырылған бағдарламасына және клиенттік деректер қорына енгізу.

3. Нөмірлік қордың ағымдағы жағдайы жөнінде деректерге өзгерістер енгізу.

4. Коммуникациялық дағдылар, оның ішінде ағылшын тілінде.


Білім:

1. Мейманның шығуын рәсімдеу шарасы.

2. Мейманның шығуы жөніндегі құжаттаманы рәсімдеу тәртібі.

3. Мейманхананың автоматтандырылған басқару жүйесі.

4. Алдын ала брондау кезінде мейманмен есеп айырысу, жылдамдатылған есеп айырысу, меймандар тобымен есеп айырысу тәсілдері.

5. Ағылшын тілі.

6. Мейманмен есеп айырысу және мейманның мейманханадан шығуы кезіндегі мейманға қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар

7. Мейманның мерзімінен бұрын шығуы кезінде алдын ала төлемді қайтару ережелері.



3 еңбек функциясы

Бос емес нөмірлер мен бос орындар есебін жүргізу



Біліктер мен дағдылар:

1.Қонақ үйдің автоматтандырылған басқару жүйесінде жұмыс жасау.

2. Меймандардың келу/шығу кестесін құру.


Білім:

1. Мейманхананың автоматтандырылған басқару жүйесі.



Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Жауаптылық, жылдамдық, адамдармен тіл табыса білу

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

4211

2411


-

-


Кассир

Аудитор


Консьерж

Нөмірлерді брондайтын оператор



КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Аудитор»

Кәсіп коды

2411

Кәсіп атауы

Аудитор

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлық (бір жылға дейінгі кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беру ұйымының негізіндегі курстар немесе кәсіпорында оқыту). Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім немесе жалпы орта білім негізіндегі техникалық және кәсіби білімнің бар болуы шартымен.

Еңбек функциялары:

  1. Шоттарды, нөмірлік қор нысандарының күйі мен мәртебесін мейманхана қызметтері мен бөлімшелерінің есептерімен салыстыру.

  1. Өткізілген тексеріс негізінде автоматтандырылған басқару жүйесіне түзетулер енгізу.

  1. Кассалық операциялардың хаттамасын құру және қаржы күнін жабу.

  1. Өткен тәулік үшін теңгерім жасап, мейманхана қызметі жөнінде есепті және өткен күн бойынша қорытынды есепті құру.

1 еңбек функциясы

Шоттарды, нөмірлік қор нысандарының күйі мен мәртебесін мейманхана қызметтері мен бөлімшелерінің есептерімен салыстыру.



Біліктер мен дағдылар:

1. Қонақ үйдің автоматтандырылған басқару жүйесінде жұмыс жасау.

2. Өткізілген тексеріс негізінде автоматтандырылған басқару жүйесінде бөлмелердің мәртебелері жөнінде деректерді түзету.

3. Ағымдағы күн бойынша меймандардың болжамды келуі бойынша деректерді тексеру және тиісті өзгерістерді автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу.



Білім:

1. Біріншілік есеп жүргізу және есептілік құжаттары.

2. Операциялар/сатылым нүктелері бойынша күнделікті теңгерімді өткізу қағидалары.

3. Мейманхананың автоматтандырылған басқару жүйелері және операциялар/сатылым нүктелері бойынша күнделікті теңгерімді жүргізу үшін қолданылатын компьютерлік бағдарламалар жиынтығы.



2 еңбек функциясы

Өткізілген тексеріс негізінде автоматтандырылған басқару жүйесіне түзетулер енгізу



Біліктер мен дағдылар:

1. Автоматтандырылған басқару жүйесінің деректеріндегі қателіктерді жою.



Білім:

1. Мейманхананың автоматтандырылған басқару жүйесі.



3 еңбек функциясы

Кассалық операциялардың хаттамасын құру және қаржы күнін жабу



Біліктер мен дағдылар:

1. Кассалық операциялардың есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру.

2. Меймандардың тіркеу карталарын мұрағаттау.

3. Талдау жасау дағдылары.



Білім:

1. Кассалық операциялардың түрлері.

2. Мейманхана кәсіпорнында қабылданған үлгілік есептілік.

3. Меймандардың тіркеу карталарын мұрағаттау тәртібі.



4 еңбек функциясы

6) Өткен тәулік үшін теңгерім жасап, мейманхана қызметі жөнінде есепті және өткен күн бойынша қорытынды есепті құру.



Біліктер мен дағдылар:

1. Талдау жасау дағдылары.



Білім:

1. Операциялар/сатылым нүктелері бойынша күнделікті теңгерімді өткізу бойынша ішкі үлгілік нұсқаулықтар.



Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Жауаптылық, зейінділік.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

3431

Әкімші

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Супервайзер»

Кәсіп коды

2419

Кәсіп атауы

Супервайзер

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіптік білім (қосымша кәсіптік даярлық), тәжірибелік машық және/немесе кәсіптік даярлық




1) Әріптестермен өзара қарым-қатынасты қолдау

2) Бөлімшеде қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспарды орындау

3) Сыртқы ортаның субъекттерімен өзара іс-қимыл жасау

4) Мейманханалық қызметтерді сату/көрсету

5) Қызметкерлер құрамын жұмыс орнына бейімдеуге және оқытуға қатысу

6) Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау

1 еңбек функциясы

Әріптестермен өзара қарым-қатынасты қолдау



Біліктер мен дағдылар:

1. Коммуникациялық дағдылар.



Білім:

1. Корпоративтік әдеп кодексі.

2. Бизнес-коммуникациялар негіздері.


2 еңбек функциясы

Бөлімшеде қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспарды орындау



Біліктер мен дағдылар:

1. Бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес өз қызметін жоспарлау.

2. Қызметке мониторинг жүргізу.


Білім:

1. Бизнес-жоспарды тиімді түрде іске асырудың қағидалары, әдістері, тәсілдері.



3 еңбек функциясы

Сыртқы ортаның субъекттерімен өзара іс-қимыл жасау



Біліктер мен дағдылар:

1. Коммуникациялық дағдылар (Сендіру, дәлелді қарсылық білдіру, қарсыластардың қарсылықтарын еңсеру).

2. Келіссөз жүргізу.


Білім:

1. Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауға қатысты компанияның саясаты.

2. Қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша нормативтік құжаттама.

3. Тиімді келіссөз жүргізу әдістері.



4 еңбек функциясы

Мейманханалық қызметтерн сату/көрсету



Біліктер мен дағдылар:

1. Мейманханалық қызметтерді сату/көрсету бойынша міндеттерді орындау.

2. Өз қызметіне баға беру.


Білім:

1. Бөлімшенің бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес мақсаттары мен міндеттері.

2. Тиімді сату қағидалары, әдістері және технологиялары.

3. Бизнес-коммуникациялар технологиялары.

4. Өткізу қызметін реттемелейтін нормативтік құжаттар.

5. Сатып алушыларды бағалау белгілерін әзірлеуге қойылатын талаптар.

6. Сатып алушылармен шарт талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістері.

7. Тәуекелді бағалау және барынша азайту әдістері.



5 еңбек функциясы

Қызметкерлер құрамын жұмыс орнына бейімдеуге және оқытуға қатысу



Біліктер мен дағдылар:

1. Коммуникациялық дағдылар.

2. Кәсіби дағдыларды табыстау.


Білім:

1. Қызметкерлер құрамын жұмыс орнына бейімдеуді реттемелейтін нормативтік құжаттар.

2. Корпоративтік әдеп кодексі.

3. Біліктілік талаптары (кәсіби стандарттар).

4. Қызметкерлер құрамын жұмыс орнына бейімдеу және оқыту әдістері.


6 еңбек функциясы

Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау



Біліктер мен дағдылар:

1. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін сақтау.



Білім:

  1. Компанияның корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.

  2. Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.

  3. Ұлттық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты корпоративтік мәдениет мысалдары.

  4. Кәсіпорынның корпоративтік әдеп кодексі.

Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Компанияға шексіз берілгендік, сыпайылық және ақ ниеттілік, сабырлық.

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

1232

Бөлім басшысы

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Бөлім басшысы (брондау, қабылдау және орналастыру, мейманхана шаруашылығы қызметі, тамақтану және сусындар жөніндегі бөлім басшысы)»

Кәсіп коды

1232

Кәсіп атауы

Бөлім басшысы

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

6

БА бойынша біліктілік деңгейі

Санатсыз

Кәсіби білім деңгейі

Жоғары білім немесе бакалавр дәрежесі, бейін бойынша жұмыс тәжірибесі – кемінде 3 жыл, мамандану саласында біліктілікті арттыру сертификатының болуы керек.

Еңбек функциялары:

  1. Өзінің дамуын басқару

  1. Өзінің қызметін басқару

  1. Әріптестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу

  1. Бөлімшеде қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспардың орындалуын ұйымдастыру

  1. Мейманханалық қызметтердің сатылуын ұйымдастыру

  1. Бөлімшенің қызметкерлер құрамын ынталандыруды қолдау

  1. Бөлімшеде бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау

  1. Бөлімшенің қызметкерлер құрамының жұмыс істеуіне жағдай жасау

1 еңбек функциясы

Өзінің дамуын басқару




Біліктер мен дағдылар:

1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, оның ішінде көптеген дерек көздерден).

2. Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.

3. Өзін-өзі бағалау.



Білім:

1. Кәсіби даму қағидалары.

2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өзін-өзі бағалау тәсілдері.

3. Мақсат қою тәсілдері.

4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.

5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.



2 еңбек функциясы

Өзінің қызметін басқару



Біліктер мен дағдылар:

1. Баға беру (тиімділікке, қызметке, қабылданған шешімдерге).

2. Бөлімше қызметінің басымдықтарын анықтау.

3. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.



Білім:

1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.

2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз қызметіне өзі баға беру тәсілдері.

3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.

4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.


3 еңбек функциясы

Әріптестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу



Біліктер мен дағдылар:

1. Коммуникациялық дағдылар.

2. Келіссөз жүргізу дағдылары.


Білім:

1. Корпоративтік әдеп кодексі.

2. Іскери келіссөз жүргізу техникасы.

3. Бизнес-коммуникациялар негіздері.



4 еңбек функциясы

Бөлімшеде қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспардың орындалуын ұйымдастыру




Біліктер мен дағдылар:

1. Бөлімшенің қызметін жоспарлау.

2. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.

3. Бөлімшемен кері байланысты орнату.



Білім:

1. Бизнес-жоспарды тиімді түрде іске асырудың қағидалары, әдістері, тәсілдері.

2. Бизнес-жоспардың орындалуын ұйымдастыру қағидалары мен әдістері.


5 еңбек функциясы

Мейманханалық қызметтердің сатылуын ұйымдастыру




Біліктер мен дағдылар:

1. Бөлімше алдында мейманханалық қызметтерді сату бойынша міндеттер қою.

2. Бөлімшемен кері байланысты орнату.

3. Бөлімше қызметіне баға беру.



Білім:

1. Бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес бөлімшенің мақсаттары мен міндеттері.

2. Мейманханалық қызметтерді сатуды тиімді ұйымдастырудың әдістері, тәсілдері.

3. Ресурстарға қатысты сұрауларды және есеп құжаттамасын құруға қойылатын талаптар.

4. Бизнес-коммуникациялар технологиялары.


6 еңбек функциясы

Бөлімшенің қызметкерлер құрамын ынталандыруды қолдау



Біліктер мен дағдылар:

1. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.

2. Бөлімше қызметіне баға беру.

3. Коммуникациялық дағдылар.



Білім:

1. Ұйымның стратегиялық мақсаттары.

2. Ынталандыру менеджменті.

3. Еңбек нәтижелерін бағалау әдістері.

4. Мейманхана кәсіпорнының еңбекке ақы төлеу және еңбекті ынталандыру нысандары мен жүйелері жөніндегі ішкі нормативтік құжаттары.


7 еңбек функциясы

Бөлімшеде бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау



Біліктер мен дағдылар:

1. Бөлімшеде корпоративтік мәдениеттің сақталуына мониторинг жүргізу.



Білім:

  1. Компанияның корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.

  2. Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.

  3. Ұлттық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты корпоративтік мәдениет мысалдары.

  4. Кәсіпорынның корпоративтік әдеп кодексі.

8 еңбек функциясы

Бөлімшенің қызметкерлер құрамының жұмыс істеуіне жағдай жасау




Біліктер мен дағдылар:

1. Бөлімшенің қызметін жоспарлау.

2. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.

3. Бөлімшемен кері байланысты орнату.



Білім:

1. ҚР Еңбек кодексі.

2. Бөлімше ішінде рөлдер мен міндеттерді тиімді бөлу тәсілдері.


Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар

Сыпайылық және ақ ниеттілік, көшбасшылық, команда мүшелеріне қолдау және көмек көрсетуге дайындық, әділдік,

кәсіпорынға шексіз берілгендік.



Салалық Біліктілік Шеңбері шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс

2419

Супервайзер

КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «Департамент директоры (қаржы, сату және маркетинг, қызметкерлер құрамын басқару, мейманхана шаруашылығының қызметтері, тамақтану және сусындар департаменттері)»

жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау