Кәсіп коды
|
КЗ-да жоқ
|
Кәсіп атауы
|
Департамент директоры
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі
|
7
|
БА бойынша біліктілік деңгейі
|
Санатсыз
|
Кәсіби білім деңгейі
|
Жоғары білім, магистр немесе маман дәрежесі. Бейін бойынша жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл, мамандану саласында қосымша кәсіби білімі болуы керек.
|
Еңбек функциялары:
|
1) Өзінің дамуын басқару
|
2) Өзінің қызметін басқару
|
3) Бөлімшенің бизнес-жоспарын әзірлеу және келістіру
|
4) Функция аралық өзара іс-қимыл жасау
|
5) Сыртқы ортаның субъекттерімен өзара іс-қимыл жасау
|
6) Нарықты талдау
|
7) Бөлімшенің жұмыс істеуіне жағдай жасау
|
8) Ұйымдық құрылымды және еңбек ресурстарын жоспарлау
|
9) Мейманхана кәсіпорнының қызметкерлер құрамының еңбек қызметін реттемелейтін құжаттардың әзірленуін басқару
|
10) Қызметкерлер құрамының таңдалуын, жұмысқа қабылдануын, бейімделуін және жұмыстан шығарылуын басқару
|
11) Қызметкерлер құрамының бағалануын басқару
|
12) Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту үдерісін басқару
|
13) Мейманхана кәсіпорнында қызметкерлер құрамын ынталандыру жүйесін басқару
|
14) Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
|
15) Жанжалды жағдайларды басқару
|
16) Сапа жүйесін және бөлімшенің ағымдағы қызметінің нәтижелерін басқару
|
1 еңбек функциясы
Өзінің дамуын басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, оның ішінде көптеген дерек көздерден).
2. Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
3. Өзін-өзі бағалау.
|
Білім:
1. Кәсіби даму қағидалары.
2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өзін-өзі бағалау тәсілдері.
3. Мақсат қою тәсілдері.
4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.
5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
|
2 еңбек функциясы
Өзінің қызметін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Баға беру (тиімділікке, қызметке, қабылданған шешімдерге).
2. Бөлімше қызметінің басымдықтарын анықтау.
3. Бөлімше қызметіне мониторинг жүргізу.
|
Білім:
1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.
2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз қызметіне өзі баға беру тәсілдері.
3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.
|
3 еңбек функциясы
Бөлімшенің бизнес-жоспарын әзірлеу және келістіру
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Коммуникациялық дағдылар.
3. Бөлімшенің қызметін жоспарлау.
|
Білім:
1. Бизнес-жоспарды әзірлеу әдістері.
2. Бизнес-коммуникациялардың технологиялары.
|
4 еңбек функциясы
Функция аралық өзара әрекет
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
|
Білім:
Мейманхана кәсіпорнының ұйымдық құрылымы.
Мейманхана кәсіпорнының өзара іс-қимыл саласындағы нормативтік құжаттары (реттемелер, ережелер және т.б.);
Мейманхана кәсіпорнындағы бизнес-үдерістердің ерекшеліктері;
Функция аралық коммуникациялардың тәсілдері мен түрлері;
Тиімді қатынасу, келіссөз жүргізу әдістері;
Даулы және жанжалды жағдайлардың алдын алу тәсілдері.
Мейманхана кәсіпорнында қабылданған мінез-құлық қағидалары мен үлгілері.
Мейманхана кәсіпорнында қабылданған саясат және өзге нормалар.
|
5 еңбек функциясы
Сыртқы ортаның субъекттерімен өзара іс-қимыл жасау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Келіссөз жүргізу.
2. Сендіру.
3. Дәлелді қарсылық білдіру.
4. Қарсыластардың қарсылықтарын еңсеру.
5. Қызметке баға беру.
|
Білім:
1. Сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасауға қатысты компанияның саясаты.
2. Қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша нормативтік құжаттама.
3. Тиімді келіссөз жүргізу әдістері.
|
6 еңбек функциясы
Нарықты талдау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Салыстыру.
3. Ақпаратты басқару.
4. Нарық мониторингін жүргізу.
|
Білім:
1. Жеткізушілер мен сатып алушылар нарығының құрылымы.
2. Нарықты зерттеу және оған мониторинг жүргізу әдістері.
3. Нарықтардың дамуы туралы ақпараттың дереккөздері және жинау тәсілдері.
4. Нарықтардың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
5. Шығындар мен нәтижелерді талдау әдістері.
6. Компанияның бәсекелік артықшылығын қамтамасыз ету әдістері.
7. Нарықтық тәуекелдерді бағалау әдістері.
8. Тәуекелдерді азайту тәсілдері.
9. Нарықты зерттеу туралы есеп-қисаптарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.
|
7 еңбек функциясы
Бөлімшенің жұмыс істеуіне жағдай жасау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімшенің қызметін жоспарлау.
2. Бөлімшенің жұмыс жасауына арналған жағдайларға мониторинг жүргізу.
3. Бөлімшемен кері байланысты орнату.
4. Шешім қабылдау.
|
Білім:
Кәсіпорынның мақсаттары, бағыттар бойынша ағымдағы қызметтің жоспарлары.
Қызметтің ұйымдастырылуын реттемелейтін нормативтік құжаттар.
Рөлдер мен міндеттерді тиімді түрде бөлу тәсілдері.
|
8 еңбек функциясы
Ұйымдық құрылымды және еңбек ресурстарын жоспарлау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Шешім қабылдау.
3. Кері байланысты орнату.
4. Ақпаратты басқару.
|
Білім:
ҚР Еңбек кодексі;
Мейманхана кәсіпорнының кадрлық саясаты;
Қызметкерлер құрамын басқару қағидалары;
Мейманхана кәсіпорны басқармасының ұйымдық құрылымы;
Қызметкерлер құрамының біліктілік талаптары;
Мейманхана кәсіпорнының еңбек ресурстарына қатысты қажеттілігін есептейтін ішкі нормативтер;
Еңбек ресурстарының жоспарын әзірлеу әдістері және оны іске асыру механизмдері.
|
9 еңбек функциясы
Мейманхана кәсіпорнының қызметкерлер құрамының еңбек қызметін реттемелейтін құжаттардың әзірленуін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Шешім қабылдау.
3. Кері байланысты орнату.
4. Ақпаратты басқару.
|
Білім:
1. Мейманхана кәсіпорнының қызметкерлер құрамының еңбек қызметін реттемелейтін құжаттарды құрастыруға қойылатын талаптар.
2. Еңбек қатынастарын, еңбектің ұйымдастырылуын және кәсіпорынның басқарылуын реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттар.
|
10 еңбек функциясы
Қызметкерлер құрамының таңдалуын, жұмысқа қабылдануын, бейімделуін және жұмыстан шығарылуын басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Ұйымдастыру машықтары.
3. Ақпаратты басқару.
4. Тиімді шешім қабылдау.
5. Кері байланысты орнату.
6. Жанжалды жағдайларды шешу.
|
Білім:
Қызметкерлер құрамын басқару теориясы.
Ұйымдық мінез-құлық теориясы.
Қызметкерлер құрамын іздеу және іріктеу әдістері;
Қызметкерлер құрамын бейімдеу әдістері мен түрлері;
Жұмысқа қабылдау мен іріктеуге, бейімдеу мен жұмыстан шығаруға байланысты тәуекелдерді бағалау әдістері.
ҚР Еңбек кодексі;
Кадрлық іс жүргізуді реттемелейтін нормативтік актілер.
|
11 еңбек функциясы
Қызметкерлер құрамының бағалануын басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Тиімді шешім қабылдау.
3. Кері байланысты орнату.
4. Талдау жасау дағдылары.
|
Білім:
1. Мейманхана кәсіпорнының қызметкерлер құрамын басқару саласындағы саясаты.
2. Қызметкерлер құрамын бағалау әдістері мен белгілері.
3. Қызметкерлер құрамын Бағалауды реттемелейтін нормативтік құжаттар.
|
12 еңбек функциясы
Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту үдерісін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Коммуникациялық дағдылар.
|
Білім:
1. Қонақ үйінің қызметкерлер құрамын оқыту әдістері мен нысандары.
2. Қонақ үйінің қызметкерлер құрамын кәсіптік оқыту және олардың біліктілігін арттыру жоспарларын әзірлеу қағидалары.
3. Тәлімгерлік технологиясы;
4. Оқыту тиімділігінің критерийлері.
|
13 еңбек функциясы
Мейманхана кәсіпорнында қызметкерлер құрамын ынталандыру жүйесін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Коммуникациялық дағдылар.
|
Білім:
1. Қонақ үйінің қызметкерлер ынталандыру әдістері мен үлгілері.
2. Тәлімгерлік технологиясы.
|
14 еңбек функциясы
Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Бөлімше ішінде корпоративтік мәдениеттің сақталуына мониторинг жүргізу.
|
Білім:
Компанияның корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.
Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.
Ұлттық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты корпоративтік мәдениет мысалдары.
Кәсіпорынның корпоративтік әдеп кодексі.
|
15 еңбек функциясы
Жанжалды жағдайларды басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Келіссөз жүргізу.
2. Коммуникациялық дағдылар.
3. Жанжалды жағдайларды шешу.
4. Жанжалды жағдайдың туындау себебін талдау.
5. Ықпал ете білу.
|
Білім:
Жанжалдардың типтері мен түрлері;
Жанжалды жағдайларды шешу әдістері;
Жанжалды жағдайларды болдырмау тәсілдері;
Тиімді коммуникация қағидалары;
Корпоративтік мәдениет;
Жанжалдарды шешуге арналған заңнама негіздері.
|
16 еңбек функциясы
Сапа жүйесін және бөлімшенің ағымдағы қызметінің нәтижелерін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Коммуникациялық дағдылар.
3. Ақпаратты басқару.
|
Білім:
1. Кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты.
2. Сапаға әсер ететін факторлар.
3. Сапаның бақылау көрсеткіштерін анықтау әдістемелері.
4. Сапа саласындағы нормативтік құжаттама.
5. Ішкі аудиттерді өткізудің қағидалары мен әдістері.
|
Жеке тұлғаның құзыретіне қойылатын талаптар
|
Әділдік, талапшылдық, стратегиялық тұрғыдан ойлау,
Икемділік, бейімделгіштік, әртүрлі жағдайларда, соның ішінде күрделі жағдайларда төзімділік таныту және өзін ұстай білу, кәсіпорынға шексіз берілгендік, бағыныштыларға қолдау және көмек көрсетуге дайындық.
|
Салалық Біліктілік Шеңбері шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс
|
1210
|
Бас директордың орынбасары
|
КӘСІП КАРТОЧКАСЫ: «(Бас) директордың орынбасары»
|
Кәсіп коды
|
1210
|
Кәсіп атауы
|
(Бас) директордың орынбасары
|
Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі
|
7
|
БА бойынша біліктілік деңгейі
|
Санатсыз
|
Кәсіби білім деңгейі
|
Жоғары білім, магистр немесе маман дәрежесі. Бейін бойынша жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл, мамандану саласында қосымша кәсіби білімі болуы керек.
|
Еңбек функциялары:
|
1) Өзінің дамуын басқару
|
2) Өзінің қызметін басқару
|
3) Әріптестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу
|
4) Өкілеттікті табыстау
|
5) Команданы құру және оның қызметін үйлестіру
|
6)Қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспардың іске асырылуын басқару
|
7) Тиімді шешім қабылдау
|
8) Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
|
9) Жанжалды жағдайларды басқару
|
10) Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу
|
1 еңбек функциясы
Өзінің дамуын басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Ақпаратты басқару (ақпаратты іздеу, түсіндіру, талдау, оның ішінде көптеген дерек көздерден).
2. Қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау.
3. Өзін-өзі бағалау.
|
Білім:
1. Кәсіби даму қағидалары.
2. Бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз қызметін өзі бағалау тәсілдері.
3. Мақсат қою тәсілдері.
4. Жекеше оқыту стильдері және оларды анықтау тәсілдері.
5. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
|
2 еңбек функциясы
Өзінің қызметін басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Тиімділікке, қызметке, қабылданған шешімге баға беру.
2. Қызмет басымдықтарын анықтау.
3. Қызметке мониторинг жүргізу.
|
Білім:
1. Уақытты жоспарлау және басқару әдістері.
2. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, өз қызметіне өзі баға беру тәсілдері.
3. Өз қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары.
4. Өзін-өзі ынталандыру тәсілдемелері.
|
3 еңбек функциясы
Әріптестермен өзара қарым-қатынас орнату және оны үзбеу
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Коммуникациялық дағдылар.
2. Келіссөз жүргізу дағдылары.
|
Білім:
1. Корпоративтік әдеп кодексі.
2. Іскери келіссөз жүргізу техникасы.
3. Бизнес-коммуникациялар негіздері.
|
4 еңбек функциясы
Өкілеттікті табыстау
|
Біліктер мен дағдылар:
Коммуникациялық дағдылар.
Талдау жасау дағдылары.
Ықпал ету.
Анық мақсаттар қою.
Кері байланысты орнату.
|
Білім:
1. Мейманхана кәсіпорнындағы өкілеттікті тиімді түрде табыстау тәсілдері мен қағидалары.
2. Бақылау әдістері мен түрлері.
3. Нәтижелерді талдау әдістемесі.
|
5 еңбек функциясы
Команданы құру және оның қызметін үйлестіру
|
Біліктер мен дағдылар:
Мейманхана кәсіпорны мен команда қызметінің күйін талдау.
Жүргізілетін талдаудың негізінде шешім қабылдау.
Қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін оқыту, ынталандыру, көтермелеу және жаза қолдану саласындағы кадрлық саясатты оңтайлы түрде және дұрыс жүргізу.
Жұмыс көлемі мен функциялық міндеттерді анықтай отырып, қызметті үйлестіру.
|
Білім:
Мейманхана кәсіпорнының миссиясы, мақсаты және стратегиясы;
Еңбек ресурстарын басқару саясаты;
Еңбек ресурстарын басқару негізі;
Еңбек заңнамасының негізі, еңбек саласындағы нормативтік актілер.
|
6 еңбек функциясы
Қызметтің бағыты бойынша бизнес-жоспардың іске асырылуын басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Сендіру.
2. Дәлел келтіру.
3. Анық және сауатты түрде тұжырымдау, қарсылықтарды еңсеру.
|
Білім:
Мейманхана кәсіпорнында бекітілген бизнес-жоспарды қорғау әдістемесі мен пішімі.
Тиімді қатынасу, сендіру, келіссөз жүргізу қағидалары мен әдістері.
Мейманхана кәсіпорны қызметінің стратегиялық және жедел мақсаттары.
Коммуникация құралдары.
|
7 еңбек функциясы
Тиімді шешім қабылдау
|
Біліктер мен дағдылар:
1. Талдау жасау дағдылары.
2. Негізделген қорытынды шығару.
3. Салыстыру.
4. Ақпаратты басқару.
|
Білім:
1. Тиімді шешім қабылдау қағидалары;
2. Тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері;
3. Жоспарлау қағидалары, әдістері, тәсілдері.
4. Басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау тәсілдері.
|
8 еңбек функциясы
Мейманхана кәсіпорнындағы бірыңғай корпоративтік мәдениетті сақтау
|
Біліктер мен дағдылар:
Мейманхана кәсіпорнындағы корпоративтік мәдениетке мониторинг жүргізу.
Кәсіпорын қызметіне баға беру.
Коммуникациялық дағдылар.
|
Білім:
Компанияның корпоративтік мәдениет саласындағы саясаты.
Корпоративтік мәдениеттің ұғымы мен қағидалары.
Ұлттық және халықаралық тәжірибеден алынған табысты корпоративтік мәдениет мысалдары.
Корпоративтік әдеп кодексі.
|
9 еңбек функциясы
Жанжалды жағдайларды басқару
|
Біліктер мен дағдылар:
Келіссөз жүргізу.
Коммуникациялық дағдылар.
Жанжалды жағдайларды шешу.
4. Жанжалды жағдайдың туындау себебін талдау;
5. Ықпал ете білу. |