Білім беру бағдарламасының деңгейі: Бакалавриат Дайындау бағыты: Білім



жүктеу 222,31 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.01.2020
өлшемі222,31 Kb.
#27080
түріБілім беру бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

ШЫМКЕНТ  УНИВЕРСИТЕТІ

5В011600 - География  мамандығының  

БІЛІМ БЕРУ  БАҒДАРЛАМАСЫ 

Білім беру бағдарламасының деңгейі:  Бакалавриат

Дайындау бағыты:  Білім

Академиялық дәреже: 5В011600-География мамандығы бойынша білім бакалавры

1



Шымкент,  2016ж.

«5В011600   -   География»  мамандығы   бойынша   білім   беру   бағдарламасы   жоғары

білім берудің МЖМС негізінде,  23.08.2012 жылғы  №  1080 ҚР Үкіметінің қаулысымен

(Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   2016   жылғы   13   мамырдағы   №   292   қаулысымен

толықтырулар мен өзгертулер енгізілді), 20.04.2011 жылғы №152 ҚР БҒМ «Оқу үрдісін

ұйымдастыруда   кредиттік   технологияны   оқытудың   Ережелерін»   бекіту   (ҚР   БҒМ   2014

жылғы   02   маусымдағы   №198   бұйрығымен   толықтырулар   мен   өзгерістер   енгізілді)

бұйрығымен,  16.08.2013 жылғы ҚР БҒМ № 343 (ҚР БҒМ 2016 жылғы 5 шілдедегі №425

бұйрығымен   толықтырулар   мен   өзгерістер   енгізілді)   бұйрығына   сәйкес   жасалынған



«5В011600 - География» мамандығының типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары

негізінде құрастырылған. 

Құрастырушылар:    1. т.ғ.к.,доцент  Тапалов Д.Ж.

2.  г.ғ.к., аға оқытушы Мырзалиева З.Қ.

3.  магистр, аға оқытушы Ералиева Ғ.Ж.

 

«Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының әдістемелік



комиссиясында (2016 жылдың _____ ________ № ___ хаттама) және мәжілісінде (2016

жылдың _____  ________  № ___  хаттама) талқыланып, бекітуге ұсынылды.

Кафедра меңгерушісі                                  Тапалов Д.

ӘК төрайымы                                            Бишеева Б.

Гуманитарлы-құқық   факультетінің   әдістемелік   кеңесінде   (2016   жылдың   _____

________  № ___  хаттама) мақұлданды.

ӘК төрайымы                                           Қожабергенова Н.

Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен (2016 жылдың _____ ______ 

 № _____ хаттама) бекітуге ұсынылды.

ОӘК төрайымы                       

                Қозбағарова Б.С.

2



МАЗМҰНЫ

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы ............................................. 5

1.1 Бағдарламаның мақсаты  мен  міндеттері ................................................................. 5

1.2 Дайындық бағыты бойынша білім беру бағдарламасының сипаттамасы ............ .5

1.2.1 Мамандықтар тобындағы білім беру бағдарламасының орны ............................ 5

1.2.2   Білім   беру   бағдарламасы   бойынша   күтілетін   траекториялар   тізбесі

Студенттердің жеке оқу жоспарында көрсетілген .................................................................. 5 

1.2.3. Мамандарды  жұмысқа орналастыру  перспективалары

1.3 Кәсіби қызметінің сипаттамасы ................................................................................. 5

1.3.1 Кәсіби қызмет сферасы ............................................................................................ 5

1.3.2 Кәсіби қызмет объектісі . .......................................................................................... 6

1.3.3 Кәсіби қызмет түрлері .............................................................................................. 6

1.3.4 Кәсіби қызмет функциясы ....................................................................................... 6

1.3.5 Кәсіби қызмет бойынша типтік тапсырмалары ..................................................... 6

1.3.6 Кәсіби қызметінің мазмұны ..................................................................................... 6



2. Оқытудан күтілетін нәтижелер ................................................................................. 7

3.  5В011600   –   География   мамандығы   бойынша   бітіруші   түлекке

тағайындалатын құзыреттіліктер .................................................................................... 7

3.1 Шешуші құзыреттіліктер ............................................................................................ 7

3.1.1. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар ............................................................. 7

3.1.2 Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар ................................... 7

3.1.3   Экономикалық   және   ұйымдастыру-басқару   құзыреттеріне   қойылатын

талаптар........................................................................................................................................ 8 

3.1.4   Өзгерістер   мен   белгісіздіктер   серпінінің   өсуі   жағдайында   әлеуметтік,

экономикалық,   кәсіби   рөлдердің   ауысуына,   географиялық   және   әлеуметтік   ұтқырлыққа

байланысты дайындыққа қойылатын талаптар ...................................................................... 8

3.2  Кәсіби құзыреттіліктер .............................................................................................. 8

3.2.1  А - білуі және түсінуі тиіс ...................................................................................... 8

3.2.2  В - білім мен түсінгенін қолдануы ........................................................................ 8

3.2.3  С- пікір айтуды қалыптастыру .............................................................................. 9

3.2.4  Д - Даралық коммуникативтік мүмкіндіктер ....................................................... 9

3.2.5  Е - оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік ............................................ 9

4. Оқыту нәтижелерін бағалау  саясаты .................................................................... 9

4.1 Білім  беру бағдарламасына түсушілердің деңгейін айқындау ережесі ................. 9

4.2 Оқыту нәтижесін ағымдағы бақылау ...................................................................... 10

4.3 Оқыту нәтижесін қорытынды бақылау ................................................................... 10

4.4  Кредиттерді жинақтау және бағалау ережесі ........................................................ 10

4.5 Түлектердің жұмысқа орналасу динамикасын бақылау ........................................ 11



5. Білім беру бағдарламасын іске асыруға қойылатын талаптар ....................... 12

5.1 Міндетті пәндер каталогы .................................................................................. 12  

3



5.2 Элективті пәндер каталогы ................................................................................ 12

5.3 Практика бойынша бағдарламалар  ........................................................................ 12

5.4 Мамандықтың үлгілік оқу жоспары ....................................................................... 12

5.5 Студенттің жеке оқу жоспары ................................................................................. 12

5.6 Жұмыс  оқу  жоспары ............................................................................................... 12

5.7 Академиялық календарь ........................................................................................... 12 

5.8 Білім  беру  бағдарламасының мазмұны .................................................................. 12

5.9 Жиынтық кесте 

.......................................................................................................... 12

 5.10 


Формуляр ................................................................................................................. 12 

5.11 Кәсіби құзыреттілік және пәндер құзыреттілігінің матрицасы .......................... 12

5.12 Білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер .... 12

6. Білім беру бағдарламасын қолдау 

6.1 Интелектуалды ресурстар (Профессор-оқытушылар құрамы туралы) ................. 12

6.2 Материалды ресурстар (Материалды-техникалық база туралы) ........................... 13

6.3 Білім беру ресурстары (Оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы) ..................... 13



7.   5В011600-География   мамандығының

 білім   беру   бағдарламасы

компоненттерін бөлу нормасы және құрылымы ........................................................... 13

8. Білім беру бағдарламасын модернизациялау ....................................................... 14

4



1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 

1.1 Бағдарламаның мақсаты  мен  міндеттері:

Университет   миссиясы:  Қазақстанның   оңтүстік   аймағының  

еңбек   нарығы

  үшін

білімді,   бәсекеге   қабілетті   және   ұлтжандылыққа   тәрбиеленген   мамандар   дайындау



мақсатында білім беру қызметтерінің сапасын 

үнемі жақсарту

.

Білім  беру бағдарламасы - еліміздің экономикасының еңбек нарығында өркендеп

даму мүмкіншіліктері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім

беру   саласындағы   үздік   әлемдік     тәжірибелерге   сай   келетін   жоғары   білім   сапасының

жоғары деңгейіне қол жеткізуді  мақсат етеді. Географияның әртүрлі салаларында кәсіби

құзіреттілікті толық игеріп, сапалы кәсіби білім алу үшін жағдайлар жасау.

Білім   беру бағдарламасы  білім, ғылым және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету

мақсатында жалпы  орта  білім, орта арнаулы  кәсіби білім беру мекемелерінде мұғалім,

жоғары   оқу   орындарында   оқытушы,   география   мәселерімен   шұғылданатын   ғылыми-

зерттеу институттарында,  жоғары  оқу орындарында  ғылыми қызметкер ретінде  жұмыс

жасай   алатын   білімі   мен   құзыреті   жеткілікті   ғылыми   және   ғылыми-педагог   маман

дайындауға бағытталған міндеттер қояды. Сол себепті:

-

білім алушы саналы ұрпаққа сапалы білім  беру;



-

дүниетаным,   тіршіліктің   ғылыми-философиялық,   діни   негіздері,   адам   өмірі   және

қызметінің мазмұны мен теориялық мәні туралы терең білім беру;

-

кәсіби қалыптасқан  маман дайындау;



-

білім саласында толыққанды және сапалы кәсіптік білім алуы;

-

білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау;



-

оқу   процесін   барлық   қажетті   ақпарат   көздерімен,   атап   айтқанда,   оқулықтармен,   оқу

құралдарымен, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдармен, нұсқаулықтармен, өзіндік

жұмыс   бойынша   белсенді   үлестірмелі   материалдармен   және   нұсқаулықтармен,

электронды   оқулықтармен,   желілік   білім   беру   ресурстарының   қол   жетімді   болуын

қамтамасыз ету;



1.2 Дайындық бағыты бойынша білім беру бағдарламасының сипаттамасы

1.2.1 Мамандықтар тобындағы білім беру бағдарламасының орны 

5В011600   –   География   мамандығы   сол   саладағы   кәсіби   қызмет   мазмұнын

толыққанды және сапалы кәсіптік білім алуы тиіс болғандықтан Білім тобына жатады. 

1.2.2 Білім   беру   бағдарламасы   бойынша   күтілетін   траекториялар   тізбесі   студенттердің

жеке оқу жоспарында көрсетілген. 

5В011600 – География мамандығы бойынша бітірген түлекке «География мамандығы

бойынша білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Олар   жалпы   білім   беретін   мектептерде,   лицей,   колледж,   гимназияларда   гография

мұғалімі,  Білім беру, ғылым мекемелері,басқару органдары,жер ресурстары мен табиғат

қорғау және экология ұйымдары, мемлекеттік қызмет және т.б. қызметтерін атқара алады.



1.2.3 Мамандарды  жұмысқа орналастыру  перспективалары

Осы   мамандықты   бітіруші   түлектердің   кәсіби   қызметтің   төменгі   бағыттарына

жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар:

- білім беру;

- тәрбие беру;

- ұйымдастыру-басқару;

5



- ғылыми-зерттеу.

1.3 Кәсіби қызметінің сипаттамасы

1.3.1 Кәсіби қызмет сферасы

1.3.2 Білім беру, ғылым мекемелері,басқару органдары,жер ресурстары мен табиғат қорғау және

экология ұйымдары, мемлекеттік қызмет және т.б.



1.3.3 Кәсіби қызмет объектісі

1.3.4 Оқу   бітіруші   түлектердің   кәсіптік   қызмет   объектісіне   жалпы   білім   беретін   мектептер,

лицей,   гимназия,   колледж,   ғылыми-зерттеу   орындары,   шығармашылық   ұйымдар,

мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады.

1.3.5 Кәсіби қызмет түрлері

5В011600   –   География   мамандығы   бойынша   білім   бакалаврлары   мынадай   кәсіби

қызмет түрлерін атқара алады:

білім беру (педагогикалық):  әр түрлі білім беру мекемелерінде география мұғалімі;

мектепте   экология   мен   экономика   негідерінен   факультативтік   сабақ   және   туристік

өлкетану   жұмысын   ұйымдастырушы;     ғылыми-зерттеу   (ғылыми-зерттеу   мекемелерде,

яғни   гидрология,   сейсмология);     жобалау   (топографиялық   түсірілім,   карталар   жасау);

ұйымдастыру-басқару   (орта   мектептерде,   гимназиялар   мен   лицей,   колледждерде

мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде).

1.3.6 Кәсіби қызмет функциясы

5В011600  -   География   мамандығы   бойынша   білім   бакалавры  мынадай  кәсіптік

қызметтерді   (функцияларды)   орындауға   мүмкіндігі   бар:  әр   түрлі   білім   мекемелерінде

(жалпы   білім   беретін   орта   мектептерде,   гимназиялар   мен   лицейлерде,   орта   арнайы,

техникалық, жоғары білім беру) география пәндерінен дәріс беру, мамандығына қатысты

ғылыми, әдеби, мәдени шаралар ұйымдастыру. 



Кәсіби қызмет бойынша типтік тапсырмалары

5В011600   –   География   мамандығы   бойынша   білім   бакалавры   кәсіби   қызметіне

байланысты келесі типтік міндеттерді шешуге даярланған болу тиіс:

білім беру қызметі саласында:

- білім алушыларды оқыту және дамыту, тәрбие және оқыту процесін ұйымдастыру,

педгогикалық   процессті   басқару   және   жобалау,   педагогикалық   қызмет   нәтижелерін

жобалау, түзету және диагностикалау

- білім беру мекемелерінде сабақ жүргізу; 

нақты жағдайларда әдістемелік білімін және 

практикалық дағдыларын жүзеге асыру;

оқу-тәрбие қызметі саласында:

           5В011600 – География бакалавры келесі міндеттерді шешуге даярланған болу тиіс: 

адамға, қоршаған орта, ойлау мәдениетіне қарым-қатынасты реттейтін гуманитарлық 

мәдениет, этникалық және құқықтық нормаларын игерту; студенттің жеке білім 

бағдарламасын таңдауы;  жоғары білімнің келесі баспалдағында білімді жалғастыру.

оқу-технологиялық қызметі саласында:

-

 инновациялық педагогикалық технологиялары оқу процесіне пайдалану;

- ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, 

жаратылыстану ғылымдары бойынша ақпаратты іздеу мен өңдеуді ұйымдастыру 

процесіне қатысу.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметі саласында:

- студенттердің білім алушылардың дамыту және тәрбиелеу педагогикалық қолдау көрсету

үшін қолайлы ортасын құру;

эксперименталды-зерттеу 

қызметі саласында:

ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- география пәнін оқытуда озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту;

- оқу процесінде олардың нәтижелерін енгізу арқылы білім беру эксперименттерін 

жүргізу

6



ұйымдастыру-басқару  қызметі саласында

- білім берудің түрлі деңгейлеріндегі география курсының мазмұнын жоспарлау;

- оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру және өткізу жолдарын анықтау;

1.3.7 Кәсіби қызметінің мазмұны

География   мамандығы   бойынша   білім   бакалавры   атқаратын   кәсіби   қызметтің

мазмұны:

- білім беру процесін сапалы ұйымдастыру және басқару;

білім берудің даралық маңызы, білім алушылардың танымдық қызметтің әдістерін 



белсенді дамытуға бағдарлау;

- барлық білім беру процесін білім алушының жеке басына бағыттау, 

оның өзін-өзі 

ашу және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- студенттерді кәсіби бағдарлау және өз бетінше білім алуға қолайлы жағдайлар 

жасауға әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану.



2. Оқытудан күтілетін нәтижелер: 

2.1 Оқыту   нәтижесі   Дублин   дескрипторларының   бірінші   деңгейі   (бакалавриат)   негізінде

анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық

деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.

 Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:

1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы

сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;

3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;

4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар

жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман

еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

География мамандығы бойынша білім бакалаврының жалпы құзыреттілігі  шешуші

(әлеуметтік-этикалық,   экономикалық   және   ұйымдастыру-басқару,  өзгерістер   мен

белгісіздіктер   серпінінің   өсуі   жағдайында   әлеуметтік,   экономикалық,   кәсіби   рөлдердің

ауысуына, академиялық  ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар) және

кәсіби құзыреттіліктер негізінде қалыптасады.

3. 5В011600   –   География   мамандығы   бойынша   бітіруші   түлекке   тағайындалатын

құзыреттіліктер:

3.1 Шешуші құзыреттіліктер

Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:

1)   ойлау   мәдениеті   мен   кең   көзқарасы   қалыптасқан   жоғары   білімді   тұлға

қалыптастыруға негіз болатын жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық,

құқықтық пәндер бойынша базалық білім меңгеру;

2)   кәсіби   қызметі   аясында   ақпараттық   технологияларды   қолдана   білу,  қазіргі

техникамен жұмыс жасай алу дағдысының болуы; 

3)  магистратурада білімін жалғастыруға және күнделікті кәсіби қызметіне қажетті

жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.



Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:

1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-

этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;

2)   іскерлік   этика   нормаларын   сақтау,   мінез-құлықтың   этикалық   және   құқықтық

нормаларын игеру;

7



3) Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;

4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;

5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;

6) азаматтық, патриоттық, толеранттық өмірге белсенді көзқарас тәрбилеу;

7) ғылым және ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;

8) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;

9) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;

10) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын әдеппен  дәлелдей



алу, жаңа шешімдер ұсына білу;

11) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;

12) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.

13) педагогика мен психологияның ұғымдары мен әдіснамалық негіздерін білу;

14)   мектеп   жасындағы   балалардың   анатомиялық-физиологиялық   негізгі

заңдылықтары мен дамуын білу;

15) әдістеменің теориялық негіздерін білу;

16) географияны мониторингілеудің ғылыми-педагогикалық  негіздерін білуі тиіс;



Экономикалық   және   ұйымдастыру-басқару   құзыреттеріне   қойылатын

талаптар:

1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с.

жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;

2)   экономиканы   мемлекеттік   реттеу   мақсаттары   мен   әдістерін,   экономикадағы

мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.

3) оқыту мен тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыру;

4) оқыту мен  тәбиелеудің қазіргі технологияларын пайдалану;

5) оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторингін жасау;

6) рухани-адамгершілік, патриоттық, экологиялық және оқушылардың денсаулығын

сақтайтын тәрбиені ұйымдастыру және өткізу керек;

7) педагогикалық  процессте инновациялық технологияларды пайдалануы тиіс;

8)   мектеп   жасындағы   балалардың   шығармашылық   және   сыни   ойларын   дамытуға

арналған сабақтарды ұйымдастыру және өткізу.

Өзгерістер   мен   белгісіздіктер   серпінінің   өсуі   жағдайында   әлеуметтік,

экономикалық,   кәсіби   рөлдердің   ауысуына,   географиялық   және   әлеуметтік

ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:

1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы серпінді

түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;

2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу;

3)   белгісіздіктер   мен   қауіп-қатер   жағдайында   экономикалық   және   ұйымдастыру

сипатында шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.



3.2 Кәсіби құзыреттіліктер:

А - білуі және түсінуі тиіс:

А1 – негізгі географиялық ұғымдар, табиғи құбылыстар мен процестердің даму 

заңдылықтары; 

А2 –география және аралас (экология, туризм және т.б.) пәндері, олардың жалпы ғылым 

жүйесіндегі теориялық негіздерін білу

;

А3 –географиялық ғылымның даму тарихы мен қазіргі жай-күйін, құндылығын білу



А4 –әлеуметтік – экономикалық және физикалық географияның құбылыстар мен 

процестер заңдылықтарын талдау және синтездеуді жалпы білу;

А5 – географиядағы инновациялық технологияларды білу; 

А6 –білім беру бағдарламаларының әр түрлі деңгейдегі білім беру және тәрбиелеу, сондай

ақ оқыту теорияларын білу



В - білім мен түсінгенін қолдануы:

8



В1 –географияны оқу және күнделікті өмірде теориялық білімін қолдану және зерттеу 

негіздері; 

В2 –географиялық қабықтағы негізгі проблемалары және өзара іс-қимыл, табиғат туралы 

қоғамдық ақпаратты талдау және қорыту;

В3 –физикалық, экономикалық-географиялық зерттеулер мен тәжірибелер нәтижелерін 

талдау және бағалау,  далалық зерттеулер мен инновациялық технологияларды пайдалана 

отырып өз бетінше жүргізу;

В4 –


компьютерлік модельдеу әдістерін теориялық талдау, нәтижелерін бақылау мен 

эксперименттер тәсілдерін меңгеру;

В5 – білім алушылардың оқу-тәрбие процесінің және қызметінің әр түрлі түрлерін 

модельдеу және жүзеге асыру;

В6 –диагностика, даму қарым-қатынас білім алушылардың әртүрлі жастағы сапалық және 

сандық әдістері арқылы психологиялық- педагогикалық зерттеулер жүргізу;

В7  –инновациялық идеяларды жүзеге асыру, стандартты емес және альтернативті шешім

және білім қабілетін қабылдау.



С- пікір айтуды қалыптастыру:

С1 – педагогикалық шындықты жүйелі ойлау және тұтас қабылдау;

С2 – сыни, аналитикалық, диагностикалық дағдыларды тәуелсіз ойлау;

С3 – педагогикалық мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын сақтау, кәсіби этикалық 

қағидаттарын түсіну;

С4 – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ғаламдық экологиялық проблемаларды 

пайымдау қабілеті туралы талдау қалыптастыру;

 

D – жеке тұлғалық қабілеттері: 

D1 –қарым-қатынас, дағдылары, педагогикалық риторика, коммуникация стратегиялары 

технологиясын меңгерген;

D2 – төзімділік қабілеті мен педагогикалық ынтымақтастық;

D3 –интеллектуалдық, моральдық-адамгершілік, мәдениеттілік, коммуникативтік, 

ұйымдастырушылық-басқарушылық дағдыларын дамуға ұмтылу; 

D4 – инновациялық педагогикалық тәжірибені, жоғары мотивация, педагогикалық 

қызметке деген ұмтылыс, өзін-өзі зерделеу қабілеті және қолдану мен өз білімін жетілдіру;

D5 –салауатты өмір салтын қалыптастыру және сақтау, еңбекті қорғау қабілеті.

D6-географиялық   ғылымның:   жаратылыстану,   физикалық,экономикалық,   әлеуметтік,

саяси география, туризм және өлкетану сияқты негізгі салалары бойынша құзырлы болуы.

Е – оқу дағдылары және оқуға қабілеттілік

Е1- білім беру жүйесіне қажетті ақпаратты талдау, меңгеру және жеткізе білу қабілеті; 

Е2- білім алушының өз бетінше оқуды әрі қарай жалғастыру үшін қажетті материалдарды 

үйрену; 


Е3 - өз бетінше білім алу, оны үздіксіз толықтыру және еңбек бағыттарын ғылымы негізде 

ұйымдастыру бағыттары;

Е4- География бойынша алған білімдерін географиялық алаңда, агробиологиялық,   жас

натуралистер, жас туристер орталықтарында іс жүзінде қолдана алуы дағдысы болуы тиіс.



4. Оқыту нәтижелерін бағалау  саясаты

4.1 Білім  беру бағдарламасына түсушілердің деңгейін айқындау ережесі

Білім   беру   бағдарламасына   қабылдау   Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   2012

жылғы «19» қаңтардағы № 111қаулысымен бекітілген  (2012 жылғы 19 сәуірдегі № 487,

2012   жылғы   30   маусымда   №   896   қаулыларымен   өзгерістер   енгізілген)  «Жоғары   білім

берудің   кәсіптік   оқу   бағдарламаларын   іске   асыратын   білім   беру   ұйымдарына   оқуға

қабылдаудың үлгі қағидаларына» сәйкес жүргізіледі.

Білім беру бағдарламасына түсуге тілек білдерген талапкерлер үшін бейінді пән –

география  пәні болып табылады.

9



Шымкент   университетінің   География   мамандығына   түсуге   тілек   білдерген

талапкерлер ҰБТ-дан КТ-дан 50 баллдан кем емес жинау керек.

2, 3 курста  академиялық білім беру бағдарламасы  бойынша тілек білдірген білім

алушылардың   оқу   жоспарларында   пән   айырмасы   белгіленген   міндетті   компоненттен

аспауы тиіс. 

4.2 Оқыту нәтижесін ағымдағы бақылау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№   125  «Жоғары   оқу   орындарында   білім   алушылардың     үлгеріміне   ағымдық   бақылау,

аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесіне» бұйрығына (2010 жылы

бірнеше өзгерістер енгізілді) сәйкес жүргізеді.

Модульдерді   оқыту   барысында   оқыту   нәтижелерін   анықтау   түрлі   нысанда

жүргізіледі:

- ауызша сұрақ-жауап  – пәннің бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша оқылған

материалдарды   өткен   соң   сұраққа   жауап   айту   және   ситуацияны   талқылау   түрінде

жүргізілетін бақылау;

- жазбаша бақылау  – пәннің әр тақырыбы бойынша практикалық тапсырмаларды

орындау,  ситуацияларды   талдау,  шешім   қабылдау,  қойылған   сұрақтар   бойынша   жұмыс

жүргізілетін бақылау;

- аралас (комбинированный) сұрақ-жауап –  бір немесе бірнеше тақырып бойынша

білімді   бағалауда   ауызша   және   жазбаша   нысандарын   бір   мезгілде   қолдануды

қарастыратын бақылау;

- үй тапсырмасын презентациялау және қорғау – алынған білімді жеке және топтық

үй тапсырмаларының дұрыс орындалғандығын тексеру мақсатында өткен материалдарды

игеру мүмкіндігі және оны жарияға ұсыну, пән тақырыптарының арасындағы логикалық

байланысын байқау; 



- лабораториялық жұмыстарды қорғау  – техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып,

лабораториялық жұмыстарды жүргізу әдістерін бақылау;



-   тесттер  –   білім   алушылардың   оқу   жетістіктерін   сапалылық   және   объективті

тұрғыдан бағалауды іске асыратын белгілі нысандардағы тапсырмалар жиынтығы;



- бақылау жұмыстары – теориялық материалдарды бақылау;

- практикалық жұмыстар -  техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып, практикалық

жұмыстарды жүргізу әдістерін бақылау;



4.3 Оқыту нәтижесін қорытынды бақылау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы

№   125  «Жоғары   оқу   орындарында   білім   алушылардың     үлгеріміне   ағымдық   бақылау,

аралық   және   қорытынды   аттестаттау   өткізудің   Үлгі   ережесіне»   (бұл   бұйрыққа   2010

жылында бірнеше өзгерістер енгізілді) сәйкес жүргізеді.

Семестрдің соңында әр пән бойынша ауызша, жазбаша немес тест түрінде емтихан

тапсырады.

Жазбаша   емтиханның   (тест   бойынша   және   билет   бойынша   жазбаша   өткізілетін)

кешенді емтиханның жалпы уақыты 3 сағаттан аспауы керек;

Тесттік   тапсырмаларға   белгіленген   уақыт   әрбір   тапсырмаға   1-2   минут   көлемімен

есептелініп алынады.

Пән бойынша қорытынды бақылау ағымдық, аралық қорытынды бақылау бағаларын

есепке алады. Бағалау 100 жүйемен жүргізіледі.

8   семестрде   білім   беру   бағдарламасынан   игерілген   білім   бойынша   мемлекеттік

емтихан тапсырады және (немесе) дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды. Дипломдық

жұмыс (жоба) мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында жария түрде қорғалады.  



4.4 Кредиттерді жинақтау және бағалау ережесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №

152 бұйрығымен бекітілген «

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін

ұйымдастырудың қағидаларына» сәйкес жүргізіледі. 

10



Білім   беру   бағдарламасы   бойынша   бакалавр   академиялық   дәрежесін   алу   үшін

белгіленген 168 ҚР кредиттері және 250 ECTS   кредиттерді жинау керек.

Бір   оқу   жылында   36-48   ҚР   кредиттері,   60-65     ECTS   академиялық   кредиттері

есептелген.

Бір семестрде  студенттер 18-22 ҚР кредиттері, 29-33  ECTS академиялық кредиттері

игеруі тиіс.

Студент белгіленген модуль (пән, пәннің бөлімі, және пәнаралық блок, т.б.) бойынша

қорытынды бақылаудан оң баға алған кезде ғана кредиттер игерілді деп есептеледі.

Кредиттер саны алған бағаға байланысты емес, баға міндетті түрде оң баға болуы

тиіс.


Баға бағалау кестесіне сәйкес А мен D арасында болса, кредиттер есептеледі.

Егер студент модульді игере алмаса, жалпы кредит саны есептелмейді.

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бағалау жүйесі (кесте 1).

Кесте 1.

Дәстүрлі жүйе

бойынша

бағалау

Әріптік

жүйе

бойынша

бағалау

Балдарды

ң сандық

эквивален

ті

Пайызды

қ

мазмұны

Бал

л 

ECTS бойынша

бағалау

Өте жақсы

А

4,0


95-100

95-


100

А (өте жақсы)

А-

3,67


90-94

90-94


Жақсы

В+

3,33



85-89

85-89


В (өте жақсы)

В

3,0



80-84

80-84


В-

2,67


75-79

75-79


С

(жақсы)


Қанағаттанарлы

қ

С+



2,33

70-74


70-74

С

2,0



65-69

65-69


D

(қанағаттанарлық)

С-

1,67


60-64

60-64


D+

1,33


55-59

55-59


Е

(қанағаттанарлық)

D

1,0


50-54

50-54


Қанағаттанарлы

қсыз


F

0

0-49



0-49

F(FX)


(қанағаттанарлықс

ыз)


4.5

Түлектердің жұмысқа орналасу динамикасын 

бақылау.

Жоғары білім беру бағдарламасының талаптарын орындап, мемлекеттік қорытынды

аттестациядан сәтті өткен тұлғаларға 5В011600 - «География»  мамандығы бойынша білім

бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.  

Білім бакалавры жалпы орта, орта арнайы және жоғары оқу орындарында, ғылыми-

зерттеу орталықтарында,  жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істей алады. География

мамандығын бітірушілердің жұмысқа орналасу динамикасы жылдан жылға артып келеді.

11



5. Білім беру бағдарламасын іске асыруға қойылатын талаптар

5.1 Міндетті пәндер каталогы

Міндетті   пәндер   -   белгіленген   кредит   шеңберінде   және   үлгілік   оқу   жоспарында

көрсетілген   пәндер   бойынша   білім   алушылардың   жеке   дайындығын   айқындайтын

міндетті компонентке кіретін оқу пәндері. 

Қосымша 1.

 

5.2 Элективті пәндер каталогы

Элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін

таңдау   бойынша   білім   алушылардың   жеке   дайындығын   көрсететін   әлеуметтік-

экономикалық   дамытудың   ерекшеліктерін   және   нақты   өңірдің   қажеттіліктерін   есепке

алатын таңдау компонентке кіретін оқу пәндері.

 Қосымша 2.

 

5.3 Практика   модулі   бойынша   бағдарламалар  (оқу,   педагогикалық,   өндірістік   және   т.б.).



Практика   модулінде   алынған   теориялық   білімдерді   практика   жүзінде   бекіту   болып

табылады. Сондықтан білім алушының оқу, педагогикалық және өндірістік-дипломалды

практикалардан өтуі шарт. 

Қосымша 3.

 

5.4


Мамандықтың   үлгілік   оқу   жоспары  (міндетті   компонент   пәндерінің   тізбесі   мен

кредиттердің   ең   аз   көлемін   және   практиканың,   қорытынды   аттестаттаудың   барлық

түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы

мен   көлемін   регламенттейтін   білім   беру   саласындағы   уәкілетті   орган   бекіткен   оқу

құжаты). 

Қосымша 4.

Үлгілік   оқу   жоспары   (бұдан   әрі   -   ҮОЖ)   -   білім   берудің   кәсіптік   оқу

бағдарламасының   оқу  пәндерінің   тізбесі   мен   көлемін,   оларды   оқытудың   тәртібін   және

бақылау нысандарын реттейтін құжат.

 

5.5 Студенттің   жеке   оқу   жоспарының   үлгісі  (білім   беру  бағдарламасын   игеру  бойынша



студенттің жұмыс бағдарламасы). 

Қосымша 5.

 

5.6 Жұмыс  оқу  жоспарының үлгісі 



Қосымша 6.

Оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының

жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін оқу құжаты;

5.7 Академиялық календарь

Қосымша 7.

Академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін

(каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби

практикаларды өткізу күнтізбесі. 

5.8 Білім  беру  бағдарламасының мазмұны

Қосымша 8.

Модульдердегі   пәндердің   Дублин   дескрипторларына   сәйкес   қалыптасатын

құзіреттіліктер. 

5.9 Жиынтық кесте

Қосымша 9

.  

Білім   беру   бағдарламасындағы   модульдер   кесіндісінде   меңгерілген   кредиттер



көлемін бейнелейтін жиынтық кесте.

5.10


Формуляр. Қосымша 10.

Модульдердегі   пәндердің   Дублин   дескрипторларына   сәйкес   оқыту   нәтижелері

көрсетілген.

5.11


Кәсіби құзыреттілік және пәндер құзыреттілігінің матрицасы. Қосымша 11.  

Пәндерді   бойынша   Дублин   дескрипторларына   сәйкес   қалыптасатын   кәсіби

құзыреттіліктер мен  оқыту нәтижелері көрсетілген.

5.12


Білім   беру   бағдарламасының   бітірушілері   меңгеруі   тиіс   негізгі   құзыреттер

Қосымша 12.

Білім   беру   бағдарламасының   паспорты,   сондай-ақ   білім   беру   бағдарламасының

бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер.



6. Білім беру бағдарламасын қолдау

12



6.1 Интелектуалды ресурстар (Профессор-оқытушылар құрамы туралы)

Интелектуальды ресурстар - кафедрадағы оқытушы-профессор құрамының ғылыми

дәрежелілігімен сипатталады. 

Бүгінгі   таңда   мамандықтың   кәсіби   пәндерін   оқытатын   12   профессор-оқытушы

жұмыс істейді, соның ішінде 4- ғылым кандидаты,доцент - 2,   ғылым кандидаттары, аға

оқытушы-2. Жалпы алғанда  кафедрада ғылыми дәрежелік  50 %  пайызды құрайды.

Мамандыққа жалпы білім беру циклдері пәндерін оқытатын оқытушылар да бар.

Кафедраның   оқытушы-профессорлық   құрамы   жыл   сайын   біліктілігін   көтереді.

Біліктілігін көтергеннін растайтын құжат ретінде сертификаттың көшірмесін кафедраға

өткізіп отырады. Кафедра оқытушылары марапаттаулар мен алғыс хаттарға ие. Сонымен

қатар,   кафедраның   жетістіктері   ретінде   халықаралық   түрлі   марапаттауларға   ие   болған

төмендегі профессорларды атап өтуге болады:

1. т.ғ.д., профессор Эшчанов Камил «За заслуги в психологии» МАПН орденімен

марапатталды. Москва, 15 ноябрь 2013 жыл.

2. Б т.ғ.д., профессор Эшчанов Камил «Человеческий фактор» ғылыми жетістіктері

үшін   Международная   академия   психологических   наук,   Межрегиональная   эргомическая

ассоциация медальмен марапатталды. Москва, 20 сентябрь 2013 жыл.

6.2 Материалды ресурстар (материалды-техникалық база туралы)

Материалды-техникалық   база   -   География   мамандығының   спецификасына   сәйкес

жабдықталған. Оқу пәндеріне байланысты    2 оқу лаборатория және 3 оқу кабинеттері

жабдықталған: интерактивті тақтасы бар 1 кабинет, 1 мультимедиалық кабинет бар.

Сонымен   қатар,   студенттерді   практикадан   өткізу   үшін   төмендегі   базалық

мекемелермен келісімшарттар жасалған:

1. Шымкент университеті базасындағы зертхана;

2. «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»

3. Сайрам ауданы. Манкент ауылы. С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі

4.

 



Шымкент қаласы. №103 жалпы орта мектебі, 

5.

 



Шымкент қаласы Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі

6.ОҚО статистика басқармасы

      Осы мекемелерде студенттер іс-тәжірибеден ғана емес, кейбір пәндерден зертханалық

тәжірибеден өтеді.

6.3 Білім беру ресурстар (Оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы)

Білім   беру   ресуртары   -   кітапхана   қоры   мен   электронды   оқулықтармен   және

кафедрада дайындалатын оқу-әдістемелік кешендермен, интернет желісімен сипатталады.

университетте   электронды   оқу   залдары   ұйымдастырылған.   Аталған   оқу   залында

Республикалық кітапхана қорында бар барлық кітаптармен жұмыс жасай алады.

Сонымен   қатар,   студенттерді   ғылыми   жұмыстарға   тарту  мақсатында   шетел   елдік

ұйымдармен халықаралық келісімшарттар жасалған.

1.

 



Халықаралық ғылыми байланыстар:

2.И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті,  Бишкек.



7. 5В011600-География   мамандығының

 білім   беру   бағдарламасы

компоненттерін бөлу нормасы және құрылымы 



Қызмет түрлері 

Кредиттер

саны

Апта

саны

Жалпы

сағат

саны

1

Теориялық оқыту (1:2), соның ішінде: 



129

105

5805


1) Міндетті пәндер компоненті 

46

2) Таңдау пәндері компоненті



83

2

Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0)



8

60

240

13



3

Қорытынды аттестация (1:6), соның 

ішінде:

3

6

315



1) Мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 

1

2



105

2) Дипломдық жұмысты жазу және қорғау

2

4

210



Жиыны:

140


177

6360

4

Практика (кәсіби), соның ішінде:



20

19

570



1) оқу (1:0)

14

7



210

2) педагогикалық (1:1)

2

2

60



3) өндірістік (1:4)

4

10



300

5

Демалыстар



-

63-57


-

6

Экзаменационная сессия (7х3 нед.)



-

21

-

БАРЛЫҒЫ: 



(52 апта х 4 жыл - 8 апта=200) 

160

200

6930


      Ескертпе:

      1. Бакалавр дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және

кәсіби   практиканың   кемінде   6   кредитін   игеруі   тиіс   (мамандықтың   ҮОЖ-ында

жоспарланған кредит санына қарамастан).

      2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға

және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит

санына қарамастан).

       3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Оқу практикасы 2

кредит көлемінде, сондай-ақ педагогикалық және/немесе өндірістік практиканың жалпы

көлемі кемінде 4 кредит көлемінде жоспарланады.

       4.   Қорытынды   аттестаттаудың   жалпы   көлемі   (сағатпен)   және   дене   шынықтыру

сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.

       5. Қызмет түрлері бойынша апта  сандары  өзгеруі  мүмкін, бірақ студенттің орташа

апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).

       6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда, оқу жылы бойында 7 аптадан кем

болмауы   керек.   Оқу   жылындағы   7   аптадан   артық   демалыс   уақытын   ЖОО   өздігінен

қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.

       7.   Жазғы   семестр   демалыс   есебінен   немесе   академиялық   күнтізбе   бойынша   бөлек

жоспарлануы мүмкін.

       8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО

өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

8. Білім беру бағдарламасын модернизациялау

Білім   беру   бағдарламасын   оқытудың   соңғы   нәтижесін   талдауды   есепке   ала

отырып, модернизациялау (жаңашаландыру)

Дублин дескрипторлары және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру 

бағдарламаларын қалыптастыру тиімділігі мен тұрақтылығының әлеуетті жыл сайын 

өткізілуі тиіс.



14


 

15

жүктеу 222,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау