Сабақ тақырыбы: “y = ax2 +bx + c квадраттық функциясы және оның графигі”- тақырыбы бойынша есептер шығару.
Сабақ мақсаты: Квадраттық функция графигін симметрия және параллель көшіру түрлендірулерін қолдана отырып салуын қайталау; график бойынша функцияның негізгі қасиеттерін қайталау.
Оқыту мақсаты: Квадраттық функция графигін симметрия және параллель көшіру түрлендірулерін қолдана отырып сала білуін бекіту.
Дамыту мақсаты: Сабақ тақырыбы бойынша қорытынды және талдау жасай білуін жетілдіру. Тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқу материалының ұзақ есте сақтауына көмектесу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқуға саналы сезімге, өздігінен жұмыс істей білуге, ұжымдыққа, шығармашылыққа тәрбиелей отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Білімді бекіту.
Сабақ әдісі: Психологиялық ахуал тудыру, мини- диалог, сұрақ- жауап, графикалық кестемен жұмыс, ізденіс, тест, есептер шығару.
Сабақ көрнекілігі: y = ax2 үлгісі, кестелер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Психологиялық ахуал тудыру: “Көңіл күйді анықтау”, “Бүгінгі сабаққа не тілейік?”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:фронталды: № 36,4 (2,4,6), № 366; № 374 (1,3)
ІІІ. Өткенді саралау:
“КФ еліне саяхат”- атты мини- диалог ретінде төмендегі тақырыптар бойынша шолу жүргізейік. (Әр топ өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды) Мысалы:
Квадраттық функция дегеніміз не?
Квадраттық функция графигі туралы не білеміз?
Квадраттық функция графигін салу алгортимі?
Квадраттық функция қасиеттері?
Графиктік кесте бойынша жұмыс:
Мына кестеден берілген функциялардың графигін дұрыс анықтағанда, әр парабола төбесіндегі әріптерден қандай сөз шығады? Ол нені білдіреді?
а) y = -x2 ;
ә) y = (x+5)2 ;
б) y = -(x-3)2 +4;
в) y =(x+4)2 – 4;
г) y = -(x + 2)2 +3;
д) y = -(x-6)2
е) y = x2 +2
Жаттықтыру кезеңі
І- топ:
а) y = x2 функциясының графигінің үлгісін қолданып берілген функция графигін сал: y = - х2 +7 ; y = - (x-5)2 ; y = (x - 4)2 +8;
ә) Сурет бойынша y = - (x-5)2 функциясының графигін қасиеттері бойынша оқы.
ІІ- топ:
а) y = x2 функциясының графигінің үлгісін қолданып берілген функция графигін сал: y = - х2 +7 ; y = - (x-5)2 ; y = (x - 4)2 +8;
ә) Сурет бойынша y = (x - 4)2 +8; функциясының графигін қасиеттері бойынша оқы.
ІV. Есептер шығару:
а) Оқулықпен жұмыс: № 375 (1,3), № 376 (ауызша)
ә) Карточкамен жұмыс:
І- қатар:
y = - (х - m)2 , мұндағы m 0 түрінде берілген бойынша функция құрастыр және оның графигін схема түрінде көрсет.
ІІ- қатар:
y = - (х - m)2 + n , мұндағы m 0, n 0 түрінде берілген бойынша функция құрастыр және оның графигін схема түрінде көрсет.
V. Бекіту:
Тақырыптық бақылау:
І- деңгей:
Функция нөлдерін тап: y = 3х2 - х
А) 0; 3 В) 0; С) 0; 3 D) 0; -
2. Парабола төбесінің координаттарын тап у = -2х2 + 8х - 13:
А) (2; -5) В)(-2; -9) С) (2;-7 ) D) (2; -5)
у = f(x) функциясының өсу, кему аралығын, нөлдерін және симметрия
осі болатын түзуді атап жаз:
Достарыңызбен бөлісу: |