Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысы. Күші жойылды



жүктеу 422,02 Kb.
Pdf просмотр
бет10/13
Дата25.11.2017
өлшемі422,02 Kb.
#1977
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» 

акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы 

мүмкін. 

      


Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында 

жүргізілуге тиіс. 

      

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта 



даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу 

шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады. 

      

66. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды мемлекеттік білім беру 



тапсырысы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және оқу курсының 

мазмұнына қарай ұзақтығы: 

      

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды; 



      

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды; 

      

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды. 



      

67. Жергілікті атқарушы органдар техникалық және кәсіптік білім беру 

ұйымдарында кәсіптік оқыту құнын жыл сайын білім беру процесіндегі шығыстарды 

есепке ала отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес 

мамандығы мен біліктілік деңгейіне байланысты белгілейді. 

      


Жұмыс берушілердің оқу орталықтарындағы кәсіптік оқыту құнын халықты 

жұмыспен қамту орталығымен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және өңірлік 

комиссиямен келісім бойынша оқу орталығы айқындайды. 

      


68. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары 

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген тұрақты жұмыс орнына жібереді. 

      

69. 2013 жылға дейін кәсіптік даярлауға қабылданған адамдардың оқуын 



қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген 

адамдарды оқыту толық аяқталғанға дейін жүзеге асыратын болады. 

      

Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу 



      

70. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы жастар 

практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге 

асырылады. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия 

мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік 

аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк 

қызметтерін ескере отырып) құрайды. 

      


Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар практикасына 

жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражатын есебінен қоса 

қаржыландыруға жол беріледі. 

      


Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 

№ 

1066



 

қаулысымен.

 

      


71. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға 

қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан 

күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады. 

      


Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың 

жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша 

төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және 

пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілген жалақы 

мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық 

бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс. 

      

Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен 



қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 

жылғы 23 қаңтардағы 

Заңын

 

іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан 



Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 

қаулысында

 

айқындалған. 




      

72. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіби оқытуды 

және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетінше не мемлекеттік сатып алу және/немесе 

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен 

қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді. 

      


73. Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау 

шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін 

қалыптастыру тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын 

адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға 

мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және 

қаржыландыру 

қағидаларында

 

айқындалады. 



      

74. Іске асыру тетігі: 

      

1) үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, 



қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа 

орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді 

ұйымдастыру және қаржыландыру 

қағидаларына

сәйкес құжаттарды ұсынады; 

      

2) халықты жұмыспен қамту орталықтары: 



      

ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын 

талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға 

қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және 

дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен 

қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара 

субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін 

жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді; 

      

3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмайтын 



Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер мәлімдеген мамандық бойынша 

кәсіптік оқуға жіберіледі; 

      

4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында 



әлеуметтік келісімшарт жасалады. 

      


Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымдары 

мен жұмыс берушілер де әлеуметтік келісімшарт тараптары бола алады. 

      

Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы 



басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен 

куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт 

жасасуды растайды. 

      


Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын 

ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға 

қойылатын талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып 

отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және 

оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді. 

      


Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру 

ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, 

өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты 

көрсетеді; 

      

5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, 



жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту 

орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) 

жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды. 

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын 

арттыру 



жүктеу 422,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау