кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті курстарынан өткені туралы растайтын
құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер
бола алады;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем
көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру
құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не
микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;
микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға
қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік)
ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру
қағидаларына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді
іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін
сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны
сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және
басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті
өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік
серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті
органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды
және/немесе жетіспейтіндерін салуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске
асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін
жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімдер жібереді;
Бағдарламаға қатысушылар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым
объектілерін дамыту үшін қажет болса, техникалық паспортты, жер актісін, жер
учаскесін бөліп беруді және техникалық жағдайларды ұсынады;
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып
жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар
сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қажетті қаржыландыру көлемі
туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;
7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен
инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
Тірек ауылдарды кешенді дамыту
42. Тірек ауылдарды кешенді дамыту ауылдарды мемлекеттік қолдау шараларын
шоғырландыру есебінен тірек ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтарды нәтижелі
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
43. Тірек ауылдық елді мекен – ауылдық елді мекендердің белгіленген тобына
мемлекеттік, білім беру, медициналық, қаржылық-делдалдық, мәдени-демалыс және
сервистік қызметтердің кең ауқымын көрсететін дамыған әлеуметтік-инженерлік
инфрақұрылымы бар жайластырылған елді мекен.
44. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму
мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және
бекітеді
.
45. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек
ауылдарды айқындау, тиісті қорытындыны келісу әдістемесінде айқындалған
критерийлерге сәйкес баға беру үшін өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті
органға тиісті негіздемелерді қоса тірек ауылдар тізбесінің жобасын жібереді.
46. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға енгізу үшін және тірек
ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін өңірлік даму мәселелері
жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен
тірек ауылдарды таңдап алады.
47. Тірек ауылдың мастер-жоспары тірек ауылдық елді мекенді дамытудың
кешенді жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады, ол кәсіпкерлікті дамытуды
мемлекеттік қолдау арқылы экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану
есебінен азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған.
Тірек ауылдың мастер-жоспары:
тірек ауылдың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне талдауды;
оның экономикалық қызметтің нақты түрін мамандануын ескере отырып, тірек
ауылды дамыту мүмкіндіктері мен шарттарын айқындауды;
қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін
мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ жеке инвестицияларды қамтитын мастер-
жоспарды іске асырудың тетіктері мен құралдарын;
инвестицияларды тартуды көздейтін тірек ауылды дамыту жөніндегі шараларды
іске асырудың қадамдық жоспарларын, шикізат базасын, қайта өңдеуді дамытуды,
ілеспе және қосалқы өндірістерді, инфрақұрылымды дамытуды, өзін-өзі жұмыспен
қамтығандарды, жұмыссыздарды және табысы аз азаматтарды ауылды дамыту жөніндегі
жұмыстарға тартуды;
қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік
қолдау шараларының көлемдерін және басқа қаржыландыру көздерін, іске асыру
мерзімдері мен жауапты орындаушыларды айқындауды қамтиды.
48. Тірек ауылдың мастер-жоспарында көзделген іс-шараларды қаржыландыру
Бағдарламаны, сондай-ақ қолданыстағы басқа мемлекеттік және салалық
бағдарламаларды іске асыруға бөлінген жалпы лимиттер шегінде жүзеге асырылады.
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр
өңірде бір тірек ауылдан) пилоттық режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың
мастер-жоспарларын қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген лимиттердің жалпы
сомасының 10 пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланады.
Тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бөлінген қаражатты өңірлер арасында бөлу тірек
ауылдарды дамытудың бекітілген мастер-жоспарларының негізінде тиісті республикалық
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімі бойынша ВАК шешімінің негізінде жүзеге
асырылады.
Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2014
№
726
қаулысымен (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
49. Тірек ауылдың мастер-жоспарын іске асыру барысында Бағдарламада
көзделген құралдар шектеусіз қолданылатын болады.
50. Тірек ауылдардағы жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға
қатысушыларды қосымша ынталандыру:
1) 5 жылдан аспайтын мерзімге 5 млн. теңгеге дейінгі сомада микрокредит
беру;
2) бір айға дейінгі мерзімге кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, жол жүруге
және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, бизнес-жоспар даярлауға көмек көрсету,
жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер және ИКИ дамыту, Бағдарламаға
қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу;
3) Бағдарлама қаражатынан тыс тірек ауылдарда жобаларды іске асырып жатқан
адамдарға берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы