Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы. Күші жойылды -
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015
№ 42
қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының
қолданысқа енгізілу тәртібін
6-
тармақтан
қараңыз.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы
14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауын
іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020
жол картасы
(бұдан әрі –
Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар
Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-
күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігіне
Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы
жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулыға
қосымшаға
сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңы
қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
Ескерту. Жол картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013
№
1548
қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бағдарлама паспорты
Ескерту. Бағдарламаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014
№
1066
қаулысымен.
Бағдарламаның атауы
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-
2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен
2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы
Әзірлеуге және іске
асыруға жауапты
мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
Мақсаттарға, нысаналы
индикаторларға,
міндеттерге, нәтижелер
көрсеткіштеріне қол
жеткізуге жауапты
мемлекеттік және өзге де
органдар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Бағдарлама мақсаты
Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру,
жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын
арттыруға жәрдемдесу
Бағдарламаның міндеттері
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың
нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010
–
2014 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламаны
іске
асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;
атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.
Бағдарламаны іске асыру
мерзімдері және кезеңдері
1-
кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-
кезең – 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Жұмыспен қамту 2020
жол картасында
қойылған міндеттерді
іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу
жоспарланып отыр:
2016 жылға қарай:
кедейлік деңгейі 6,0 %-дан аспайтын болады;
жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы
нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін
ұлғаяды.
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары
Жұмыспен қамту 2020
жол картасының
бірінші кезеңі
аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
Қаржыландыру көздері және Жұмыспен қамту 2020
жол картасын
іске асыруға