Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысы. Күші жойылды



жүктеу 422,02 Kb.
Pdf просмотр
бет11/13
Дата25.11.2017
өлшемі422,02 Kb.
#1977
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

      

75. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының аумақтық 

ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық 

даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және 

жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады. 

      


Жұмыс берушілер мен өз еркімен қоныс аударатын азаматтардың Бағдарламаға 

қатысу және олардың мемлекеттік қолдауды алу тәртібі Жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға 

жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын 

көрсету 

қағидаларында

 

айқындалады. 



      

76. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен 

елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және 

экономикалық өсу орталықтарына көшуі: 

      

1) бір ауданның ішінде



      

2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа 

ауданға (облыстық маңызы бар қалаға); 

      


3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады. 

      


77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді 

мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық 

уәкілетті орган әзірлейді және 

бекітеді


      


Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері 

жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті 

төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама 

операторына жібереді. 

      

78. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын 



Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере 

отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді. 

      

79. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау: 



      

1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді; 

      

2) қызметтік тұрғын үй беруді; 



      

3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді; 

      

4) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін 



арттыру курстарында оқытуды; 

      


5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтиды. 

      


80. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс 

берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын 

азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны 

пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға 

жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын 

көрсету 

қағидаларында

 

айқындалады. 



      

Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің 

тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке 

толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның 

ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада 

тұрғанына қарамастан жатақханалардан бөлме беріледі. 

      

Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери 



қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады. 

      


81. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі: 

      


1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-

экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс 

аударуға және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы 



консультация береді; 

      


2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер Халықты жұмыспен 

қамту орталықтарына: 

      

мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете 



отырып; 

      


Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және 

Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды 

қамтамасыз ету мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан 

кейін оларды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып 

өтінім береді; 

      


3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер 

бөледі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, 

жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына, 

құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, 

сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық талаптар қояды; 

      


4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру 

жергілікті бюджет және жұмыс берушінің барабар түрде салған қаражаты есебінен 

немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады. 

      


Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру 

жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің 

есебінен жүзеге асырылады; 

      


5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай 

міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады: 

      

тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі; 



      

қоныс аударған азаматтардың міндетті түрде жұмысқа орналасуы; 

      

жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері; 



      

тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшін таңдау, сондай-ақ жұмыс 

беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен 

жүзеге асырылады; 

      

6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші 



арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді. 

      


82. Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі: 

      


1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын 

қатысуға үміткерлер көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына 

жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын 

адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау 

шараларын көрсету  

қағидаларында

 

көзделген құжаттарды қоса береді; 



      

2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, 

құжаттарды қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш 

берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай 

құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды; 

      


3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша: 

      


өңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударатын 

азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) 

туралы ұсынымдар дайындайды; 

      


аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты 

Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар 

дайындайды; 

      


4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде халықты 

жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына 

қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды. 



жүктеу 422,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау