Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

және дамуда болатын бұзушылықтарды уақытында алдын алуға мүмкіндік туғызады; 

9) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет 

алушының денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын 

алдын алуға бағытталған. 

41. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан 

адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметке мыналар жатады: 

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру; 

2) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне сәйкес арнаулы оқу 

бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу; 

3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жәрдемдесу; 

4) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне және қол еңбегі машығына үйрету; 

5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы 

өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да 

нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер; 

6) педагогикалық диагностика және тұлғалық, баланың, оның ішінде ТҚА бұзылған баланы және он 

сегіз жастан асқан адамның даму деңгейіне зерттеу жүргізу; 

7) балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды педогогикалық түзеу; 

8) балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, 

арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру; 

9) есту қабілетінің бұзылушылығы бар балалар мен мүгедектерді, сондай-ақ олардың ата-анасы 

мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру; 

10) ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер. 

42. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған 

әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді 

қамтамасыз етеді; 

2) педагогикалық диагностика және тұлғалық зерттеу заманауи аспаптарды, аппаратураларды, 

тестілерді пайдаланып жүргізеді және балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан 

асқан адамдардың жеке басын жан-жақты зерттеу негізінде күйзеліс немесе жанжалдық жағдайға 

ұшыраған қызмет алушыға белгіленген диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсету, 

балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың зияткерлік дамуын 

айқындау, олардың бейімділігін зерттеу және т.б. үшін жай-күйінің объективті бағасын береді; 

3) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқытуды ұйымдастыру білім беру саласындағы 

уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, жеке қажеттіктер негізінде әзірленетін авторлық бағдарламалар (үлгілер) бойынша 

қызмет алушылардың өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және 

когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша қызметтер жіберіледі. 

Авторлық бағдарламалар (үлгілер) сол немесе өзге қызмет алушының тәрбиелеу дағдыларын 

немесе оқу материалдарын қабылдау және игеру қабілетін ескере отырып жасалады; 

4) әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу-дамыта оқытуды жүргізу үшін балаларды, ТҚА 

бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды, олардың жас ерекшеліктерін (бір жарым 



жастан бес жасқа дейін, алты жастан сегіз жасқа дейін, тоғыз жастан он үш жасқа дейін, он төрт 

жастан он сегіз жасқа дейін, он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін және қажетіне қарай одан 

жоғары), әлеуметтік дағдыларын, когнитивтік дағдыларын ескеріп, толықтыра отырып топтарға 

бөлу жүргізіледі: 

өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болмаған жағдайда – алты адамнан 

асырмай; 

қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) өзіне-өзі қызмет көрсету және жеке гигиена дағдылары болған 

жағдайда – сегіз адамнан асырмай; 

қалыптасқан (ішінара қалыптасқан) тұрмыстық дағдылары болған жағдайда – он адамнан асырмай; 

қалыптасқан қолмен жұмыс істей алу дағдылары болған жағдайда – он екі адамнан асырмай 

таратып бөлу (еңбек бағдарын беру бағдарламасын іске асыруға арналған топ алты адамнан 

тұратын кіші топтарға бөлінеді). 

Арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу балаларды, ТҚА бұзылған 

балаларды және он сегіз жастан адамдарды оқыту нысанын айқындауды және олардың әлеуметтік-

педагогикалық бейімсізденуін, білім деңгейін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп 

оқытуды ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетуді қамтиды; 

5) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижелері 

бойынша қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және 

жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді; 

6) педагогикалық түзеу ата-аналарға жіберген педагогикалық қателерін немесе отбасында 

балаларды, ТҚА бұзылған балаларды жаралайтын жанжал жағдайын жоюға және түзетуге, сондай-

ақ ата-аналардың барабар емес нұсқамаларын және балаларды тәрбиелеу кезіндегі мінез-құлқын 

түзетуде білікті және тиімді педагогикалық көмек көрсетуді (әңгімелесу, түсіндіру, ұсынымдар және 

т.б. түрінде) қамтамасыз етеді; 

7) ымдау тілін үйретуге жәрдемдесу және ымдау тіліне аудару қызметтері қызмет алушылардың 

жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарымен өзара байланысын белгілеуге ықпал етеді. 

43. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда он сегіз жастан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға 

көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметке мыналар жатады: 

1) қызмет алушыларда бар еңбек дағдыларын зерттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу; 

2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу; 

3) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау; 

4) мүгедектерді кәсіптік оңалту; 

5) бейін бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру; 

6) қарт адамдарда және он сегіз жастан адамдарда жоғалтқан тұрмыстық дағдыларын қайта 

қалпына келтіру жөніндегі қызметтер; 

7) жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу. 

44. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында он сегіз жастан асқан 

адамдарға, мүгедектерге және қарттарға жеке қажеттіліктерінің негізінде қызмет алушылардың 

тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызатын қол жетімді кәсіптік 

дағдыларға үйрету іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау