20
Қонақүйдің кіреберісінде қонақтарды қарсы алады. Автокӛліктен түсіп-
кіргенде қонақтарға кӛмектеседі. Багажды арбасына тиіп қонақ үйдің холына
кіргізеді. Автокӛліктің аялдамаларын, кіреберісте кептелуін болдырмай,
реттейді. Қонақтардың автокӛліктерін қояды. Қажет жағдайларда қонақтарды
қолшатырмен қарсы алып шығарып салады. Қонақтарға ӛз жауапкершілігінің
шегінде қонақүйдің және оның маңайындағы қызметтер туралы ақпарат береді.
Қонақтарды орналастыратын жерге алып барады. Стандартты емес жағдайда
тез арада қауіпсіздік қызметтеріне хабарлайды, сигналдау жүйесін және жарық
жарнамасын уақтылы қосып, сӛндіреді.
Орындаушы: швейцар.
Швейцарлардың бір ауысымда бір постқа сан нормативтері – 1 адам.
3.21. Шабармандар санының нормативтері
Жұмыс мазмұны:
Қонақтардың тапсырмаларын шабарман ретінде жүзеге асыру. Газеттерді,
сәлемдемелерді, пошталық хабарламаларды, хат-хабарды және тағы сол
сияқтыларды қонақтардың нӛмірлеріне жеткізу. Қонақтардан хат-хабарды,
сәлемдемелерді тағы сол сияқтыларды жеткізу үшін қабылдау, конверттердің
және орамалардың бүтіндігін және адресаттың болуын тексереді және
сақталуын қамтамасыз ете отырып, жеткізу. Қонақүйдің маңайынан тыс жерде
қонақтардың ұсақ тапсырмаларын жүзеге асыру.
Орындаушы: шабарман.
Жеткізудің жылдық санына байланысты шабарман санының нормативтері
15-кестеде кӛрсетілген.
15-кесте – Шабарман санының нормативтері
Жылына жеткізу саны, бірл.
Нормативтік саны, адам
1
2
3500 дейін
0,5
3501 бастап 6950 дейін
1,0
Кестенің жалғасы
1
2
6951 бастап 10400 дейін
1,5
10401 бастап 13850 дейін
2,0
13851 бастап 17300 дейін
2,5
17301 бастап 20750 дейін
3,0
20751 бастап 24200 дейін
3,5
24201 астам
4,0
3.22. Жүк тасушылар санының нормативтері
21
Жұмыс мазмұны:
Қонақтарды холда қарсы алу. Қонақтардың қолжүгін, ыңғайлы маршрут
таңдап, нӛмірге дейін, нӛмірлерден автокӛлікке дейін қолмен немесе жүк
арбалармен жеткізу. Қонақтарға қолжүгін нӛмірде орналастыруға кӛмектеседі
және қонақүйдің және оның құрылымы туралы ӛз жауапкершілігінің шегінде
ақпарат береді. Қонаққа нӛмірді кӛрсетеді, құлыптардың, жарықтың,
кондиционердің, теледидардың және тағы басқа жабдықтардың жұмысын
кӛрсетеді және түсіндіреді. Таңғы газеттерді қонақтың нӛміріне жеткізу және
қонақтың хабарламаларын, хаттарын, сәлемдемелерді отель қызметіне апарады,
қажет болса аяқ киімін тазалайды.
Орындаушы: жүк тасушы.
Қонақтардың жылдық санына байланысты жүк тасушылар санының
нормативтері 16-кестеде кӛрсетілген.
16-кесте – Жүк тасушы санының нормативтері
Жылына жеткізу саны, бірл.
Нормативтік саны, адам
1600 дейін
0,5
1601 бастап 3300 дейін
1,0
3301 бастап 5000 дейін
1,5
5001 бастап 6700 дейін
2,0
6701 бастап 8400 дейін
2,5
8401 бастап 10100 дейін
3,0
10101 бастап 11800 дейін
3,5
11801 астам
4,0
3.23. Консьерж санының нормативтері
Жұмыс мазмұны:
Қонақүйдің холында қызмет кӛрсетуді реттейді, швейцардың, жүк
тасушының, шабарманның жұмыстарын, такси шақыруды және тағы
басқаларды сырттай қарап қадағалайды. Ауызша ақпарат береді және
қонақтарға қонақүй қызметінің жұмысы мен оның ерекшеліктері, демалу
орындары мен мұражайлар, театрлар және серуендеудің басқа мүмкіндіктері
туралы әртүрлі ақпарат қорларын пайдаланып қазақша, орысша, ағылшынша
хабарлайды. Қонақтардың қалауларын жүзеге асыру және қызметтер ұсыну.
Қонақүйдің ғимаратынан тыс кӛрсетілетін қызметтерге сұраулар қабылдағанда
қонақтардың талаптары мен қалауларын анықтау. Қонақтардың сұрауы
бойынша авиа және теміржол билеттеріне, театрларға, мұражайларға, спорттық
және мәдени шараларға билеттерге тапсырыс беру және жеткізуді қамтамасыз
ету. Қонақтарды қарсы алу және шығарып салу үшін кӛлікке тапсырыс беру.
Қонақүйдің кӛлігін қонақтарға жалға беру үшін тапсырыстарды тіркеу. Қажетті
құжаттарды
толтыру
және
сақтау.
Жабдықтардың
сақталуы
мен
жарамдылығын, жұмыс орнында тазалықты ұстауды және тиянақтылық
сақтауды қамтамасыз ету.
22
Орындаушы: консьерж.
Тапсырыстардың жылдық санына байланысты консьерж санының
нормативтері 17-кестеде кӛрсетілген.
17-кесте – Консьерж санының нормативтері
Жылына тапсырыстар саны, бірл.
Нормативтік саны, адам
4000 дейін
0,5
4501 бастап 8500 дейін
1,0
8501 бастап 13000 дейін
1,5
13001 бастап 17500 дейін
2,0
17501 бастап 22000 дейін
2,5
22001 бастап 26500 дейін
3,0
26501 бастап 31000 дейін
3,5
31001 астам
4,0
3.24. Нөмірлерді броньдау операторы санының нормативтері
Жұмыс мазмұны:
Телефон, факс, e-mail, Интернет арқылы, қонақтармен сұхбаттасқанда,
броньдаудың орталық жүйесі және GDS арқылы нӛмірлерді броньдауға
тапсырыстарды қабылдау. Қонақтарға нӛмірлердің түрлері, тұру бағасы,
тӛлеудің әдістері мен шарттары, қонақүйдің ерте келу мен кеш шығу
жағдайдағы ұстанатын саясаты және тағы басқалар туралы ақпарат беру.
Нӛмірлерді және қызметтерді броньдауға қабылданған тапсырыстардың есебін
жүргізеді және тіркейді. Қонаққа талап етілген нӛмірді, қабылданған
тапсырысқа сәйкес іздеу және тіркеу. Броньдағанын және толық немесе
бӛлшектеп алдын ала тӛлеу шотын жібергенін растап, қонаққа нӛмір беру
сонымен қатар қажет болғанда нӛмірді резервтеу және визалық демеуді растау.
Броньдауға тапсырысқа ӛзгертулерді енгізу және броньдауды жою. Аванстық
депозиттерді ӛңдеу мен тіркеу. Бір күндік нӛмірлер қорын жүктеудің жоспарын
қарастыру, сонымен қатар қолданбаған броньдардың есебін және клиенттер
мәліметтерінің базасын жүргізу. Броньдалмаған нӛмірді сату үшін орналастыру
қызметіне тапсыру. Қонақүйдің қажетті қызметтерін қонақтардың нӛмірге
қойылған ерекше немесе қосымша талаптары туралы хабардар ету. Қажетті
құжаттарды толтыру және сақтау.
Орындаушы: нӛмірлерді броньдау операторы.
Ӛтінімдердің жылдық санына байланысты нӛмірлерді броньдау бойынша
оператордың санының нормативтері 18-кестеде кӛрсетілген.
18-кесте – Нӛмірлерді броньдау жӛніндегі операторлар санының нормативтері
Жылына өтінімдер саны, бірл.
Нормативтік саны, адам
2300 дейін
0,5
2301 бастап 4800 дейін
1,0
4801 бастап 7300 дейін
1,5