4
2. Еңбекті ұйымдастыру
2.1. Осы бӛлімде сауықтыру кешендерінде, фитнес-орталықтарында,
сондай-ақ қонақүй және туристік бизнес саласында заманауи техниканы және
дербес компьютерлерді қолдануды кӛздейтін жұмыстарды механикаландыру
және еңбекті ұйымдастыру деңгейі кӛрсетілген.
2.2. Қызмет кӛрсету саласындағы (сауықтыру кешендерінде, фитнес-
орталықтарында,
сондай-ақ
қонақүй
және
туристік
бизнесінде)
қызметкерлердің
қызметі
басшылардың,
мамандардың,
қызметкерлер
лауазымдарының қолданыстағы біліктілік анықтамасына сәйкес әзірленген
лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.
Орындаушылар арасындағы жұмысты бӛлу барысында, олардың
біліктілігін, тәжірибесі мен іскерлік сапасын ескеріп отыру керек, бұл
қызметкерлердің тапсырмаларды тез жүзеге асыруына және қажетті шеберлікке
икемделуіне ықпал етеді.
Сауықтыру кешенінің қызметі демалу мен емдік-профилактикалық алу
шараларына
бағытталған,
олар
тӛрт
түрге
бӛлінеді:
стандартты
физиотерапиялық шара, стандартты бальнеологиялық шаралар, суару мен
тазарту, стандартты балшықпен емдеу шарасы, сонымен қатар клиенттерге
нәтижелі және мәдениетті қызмет кӛрсетуді қамтамасыз ету, қолайлы жағдай
жасау.
2.3. Әр қонақүйде ӛзіндік ұйымдастыру құрылымы бар. Дұрыс
ұйымдастырылған ұжымның жұмысы бірқатар пайда әкеледі. Мұнда жағдайды
жүйелі ойластыру, бүкіл мекеменің күш-әрекетін үйлестіру, тапсырмаларды
нақты қою және тағы басқалар қамтылған.
Қонақүйдің қызметкерлері мынадай жұмыстарды атқарады:
тұрғындарды тиісті сападағы қонақүй қызметтерімен қамтамасыз ету,
оларға қажетті әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық жағдайлар жасау;
ӛмір сүру, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін және қоршаған ортаны
қорғауды қамтамасыз ету;
қонақүйдің материалдық-техникалық базасын оңтайлы (ұтымды)
қолдану;
қонақүйдің бӛлмелерін тиісті жағдайда ұстау.
Қонақүй қызметінің негізгі бағыттарына:
қонақүйдегі нӛмірді (нӛмірдегі орынды) азаматтарға уақытша тұруға
беру, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру, байланыс, тұрмыстық қызмет
кӛрсету түріндегі қосымша қызметтер мен тұрғындарға арналған тағы басқа
қызметтерді кӛрсету;
қызметтер тізбесі, қызметтердің бағалары, прейскуранты туралы ақпарат
беру, тӛлем түрлері мен реті туралы ақпарат беру, және қызметтердің
техникалық нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін растау туралы
ақпарат беру;
қонақүйге орналасуға қажет құжаттарды толтыру;
қонақүйде тұру ақысының дұрыстығын жүйелі бақылауды жүзеге асыру;
5
тұрғындардың шаруашылық-тұрмыстық қызметтеріне байланысты
шағымдары мен ұсыныстарын, арыздарын белгіленген тәртіппен уақтылы
қарау және талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті шараларды қолдану;
қонақүйді разрядтарға және қонақүйдің нӛмірлерін санатқа жатқызу
туралы мәселенің құқықтық және уақтылы кӛтерілуін қамтамасыз ету жатады.
2.4. Фитнес-орталық ерекше мекеме болып табылады, ӛйткені оның
табысы
оңай
есептелетін
факторларға:
орналасуы,
бапкерлердің
мамандандырылуы, залдардың жабдықталуына және тағы басқаларға тәуелді.
Әр құрылымдық бірлік ӛзіне тән кәсіби міндетті атқарады және қызмет
объектісі бар.
Фитнес-орталықтың деңгейіне байланысты, қаражатпен қамтамасыз ету
және мамандандырылған ұжым кӛрсеткішіне қарай тұтынушыларға
(клиенттерге) белгілі қызметтердің тізімі ұсынылады, оның ішінде міндетті
түрде «педагогикалық қызметтер» (клиенттермен жұмыс жасау: фитнес-
технологиялар, қимыл бағдарламалар, педагогикалық бақылау, физикалық
ахуал диагностикасы, диет-бағдарламалар жасау).
Фитнес-орталық қызметтері ерекше еңбек ӛнімі болып табылады, ол зат
пішінді болмайды, және тұтынушылық бағасы, сату-сатып алу объектісі немесе
тұтыну заты бола алатын, «тірі» ӛнімнің пайдалы әсерімен қорытындыланады.
Әдетте, саяхат бизнесінде шағын фирмалар жұмыс істейді. Бұндай
фирмалар кӛп инвестицияларды талап етпейді, есесіне қаражаттың айналымы
тез және басқалармен салыстырғанда жоғары рентабельді (қайтарымы) болды.
2.5. Әр саяхат фирмасына қойылған мақсаты мен талабына байланысты,
ӛзіндік кәсіби ерекшеліктер тән. Біреулері ӛз әрекеттерін қызметтер пакеттерін
ӛндіруге бағыттайды, жаңа аймақтарды бағындырады, саяхаттың жана түрлерін
жетілдіреді, ал басқалары ӛтіміне назар аударады.
Саяхат фирмаларының қызметкерлері мынадай жұмыс түрлерін
атқарады:
саяхатшылардың талабына сәйкес тартымды туристік ӛнімдерді жасау;
ұсыныстарды сұраныс деңгейінде ұстау;
бәсекелестікке сай туристік ӛнімдерді сақтау;
саяхатшыларға сапалы қызмет кӛрсету;
тұрақты клиенттерді табу;
қаражат тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2.6. Орындаушының жұмыс орны жарықтандыру, температурасы,
ылғалдығы мен ауаның тазалығы және шу деңгейі бойынша санитарлық-
гигиеналық нормаларға сай болу керек.
Жұмыс орындарын ұйымдастыру кезеңінде мынандай шарттар
орындалуы керек:
қызмет орындарының түсті безендірілуі орындаушылардың күні бойы
оператордың жұмыс қабілетіне ықпал етуі керек, жиһаздың және
жабдықтардың түсі жалпы түспен сәйкестеніп тұру керек, үстелдерді әйнекке
перпендикуляр түрде қою керек, бұл жағдайда әйнектің сол жағында болғаны
абзал.