6
Жұмыс орындары біртумбалық немесе екітумбалық, компьютерлік
техниканың ыңғайлы тұруын қамтамасыз ететін қосымшасы бар үстелдермен
жабдықталған, жәшіктерінде ағымдағы құжаттар мен кеңсе заттарын сақталуы
керек. Үстелдің үстінде, жұмыс күні қажет болатын, құжаттардың саны
барынша аз болуы керек. Папкалар, құжаттар және ұйымдастыру техникасы
құралдары ӛз орындарында тұру керек. Үстелдің тартпаларының ішіндегі
нәрселердің тізімі карточкада жазылып тұруы керек. Құжаттары бар
папкаларды жалпы қолдануға арналған шкафтарда сақтау керек.
2.7. Қызмет ету саласындағы қызметкерлер еңбек пен демалыс режимін,
белгіленген күн тәртібі мен ең қиындарын оператордың күннің бірінші
жартысында орындау арқылы міндетті жұмыстар регламентін сақтаулары
керек.
Шаршауды азайту үшін демалыс уақытында гимнастика жаттығуларын
жасау ұсынылады.
7
3. Нормативтік бөлім
3.1. Сауықтыру кешендерінің, фитнес-орталықтардың, сондай-ақ
қонақүй және туристік бизнес саласындағы ұйымдардың жалпы
басшылары санының нормативтері
Жұмыс мазмұны:
Мекемені дамытудың стратегиялық жоспарларын жасау және басқару,
материалдық базаның қолданылуын жақсарту.
Қаражат шаруашылық әрекеттерді жүйелі зерттеу, ұжымның жұмыс
әдістері мен нысандарын жетілдіру. Тәуекелдерді, ресурстарды және мекеме
қызметіндегі ӛзгерістерді басқару, тиімді шешімдер қабылдау.
Кәсіпорын штатын тиісті мамандырылған қызметкерлермен уақтылы
жасақтау, басқарушылардың тиімді командасын қалыптастыру, персоналды
бағалау, оқыту, дамыту және ынталандыру жүйесін, шиеленіс жағдайларын
басқару, ұжымдағы ӛзара тиімді қатынастарды қалыптастыру және қолдау.
Кадрлар резервін дайындау және оларды аттестаттау, қызметкерлердің
біліктілігін арттыру, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын, жұмыс пен демалыс режимін
сақтауын, еңбек заңнамасына бағынуын бақылауды қамтамасыз ету.
Кәсіпорының бюджетін, материалдық-қаражат және материалдық емес
ресурстарға қажеттілігін жоспарлау, нарықты талдау зерттеулерін үйлестіру,
кәсіпорынның
бюджетін
басқару,
кӛрсетілетін
қызметтерді
ӛткізу.
Кәсіпорынды керек жабдықтармен, жиһазбен, құрал-жабдықтармен, азық-
түлікпен, жӛндеу мен құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді жоспарлау,
оларды дұрыс пайдалану, сақтау мен қолдануды ұйымдастыру.
Орындаушылар: кәсіпорын директоры, кәсіпорын директорының
орынбасары.
Бір ұйымға (кәсіпорынға) директордың сан нормативі 1 адамды құрайды.
Қызметкерлердің
санына
байланысты
кәсіпорын
директоры
орынбасарларының сан нормативтері 1-кестеде келтірілген.
1-кесте – Кәсіпорын директоры орынбасарларының сан нормативтері
Қызметкерлер саны, адам
Нормативтік саны, адам
100 дейін
0,9
101 бастап 150 дейін
1,0
151 бастап 200 дейін
1,2
201 бастап 250 дейін
1,3
251 бастап 300 дейін
1,5
301 бастап 350 дейін
1,6
351 астам
1,7
3.2. Сауықтыру кешені қызметкерлері санының нормативтері
8
3.3. Медициналық қызмет көрсететін қызметкерлер санының
нормативтері
3.4. Дәрiгерлер санының нормативтерi
Жұмыстың мазмұны:
Ӛз қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруы үшін қажетті шектерде қайта
даярлаудан ӛту. Қолданыстағы нормативтер, санитарлық ережелер және
нормалармен процедура кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге
асыру. Емделушiлердi қабылдауды жүзеге асыру: санаторлық-курорттық
карточкалары жоқ емделушілермен ауру тарихы туралы әңгімелесу,
температурасын, бойын, қысымын ӛлшеу.
Диагнозға сәйкес процедураларды тағайындауды жүзеге асыру және
санаторлық-курорттық
карточканы
толтыру.
Емделушiнiң
жай-күйін
бақылауды жүзеге асыру. Емделушiлердi қайтадан қабылдауды жүргiзу.
Физиотерапиялық процедураларды орта медициналық персоналдың
дұрыс орындауын бақылауды жүзеге асыру. Аппаратураның дұрыс
пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Физиотерапиялық процедураларды
орындау кезінде қауiпсiздiк техникасы және еңбектi қорғау мәселелері
бойынша персоналмен нұсқама жүргiзу.
Тәжірибеге физиотерапиялық емнің жаңа әдiстерiн, жаңа аппаратураны
енгізуді жүзеге асыру.
Кабинет (бӛлімше) персоналының еңбегін тиімді ұйымдастыруды,
еңбекті ғылыми ұйымдастыру элементтерін енгізуді жүзеге асыру, қаланың
(ауданның) үздік мекемелерінің тәжірибесін пайдалану. Физиотерапиялық
бӛлімше қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыру. Әкiмшiлiктің
бұйрығы мен жарлығын, сонымен бірге әдiстемелiк ұсыныстар мен басқа де
ресми құжаттарды, қызметкерлерге қатысты бӛлiгiнде мәліметтерді оларға дер
кезiнде жеткiзу.
Диагностика, ем, профилактика және оңалтудың заманауи әдiстерiн
қолдана отырып «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша бiлiктi
медициналық жәрдем кӛрсету.
Қажеттi диагностикалық, емдiк, оңалту және профилактикалық
процедуралар мен іс-шараларды жүргiзу.
Орындаушылар: физиотерапевт дәрiгер, дәрiгер-гинеколог.
Қызмет кӛрсету контингентінің санына байланысты, сауықтыру кешенi
дәрiгерлер санының нормативтерiн құрайды: бір лауазымға – 1 адам.
3.5. Аға медбикені санының нормативтері
Жұмыс мазмұны:
Бӛлімшенің орта және кіші персоналының жұмысын тиімді ұйымдастыру.
Бӛлімшенің медициналық персоналының жұмысы мен демалыс
мерзімдерінің кестесін құрастыру, бӛлімшенің қызметкерлерінің уақытша
еңбекке жарамсыздық парақтарын тіркеу.