Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы
АҚПАРАТ
(Құжаттарды тапсыру үшін азаматтар жеке өздері келулері қажет )
ҚР азаматының паспортын айырбастау үшін ҚР азаматы құжаттарды толық жинап,
Консулдық бөлімге жеке өзі келуі қажет. Төмендегі құжаттардың бәрі екі данадан болуы
тиіс:
1. Орнатылған үлгідегі жаңа паспортқа арыз –
2 дана;
2. Туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және көшірмесі –
2 дана.;
3. ҚР азаматының паспорты және оның көшірмелері (паспорттың жеке мәліметтер
туралы парақтары, Германияға тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің белгісі,
консулдық тіркеу және де тұруға ықтиярхаты) – 2 дана;
4. Германия мекемелерінен Сізде неміс азаматтығы жоқтығын және неміс азаматтығын
алуға
арыз
бермегеніңізді
растайтын
анықтама
және
оның
көшірмесі
(Negativebescheinigung) (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен- 2
дана)
5. Неке қию туралы куәлігінің төл нұсқасы және оның көшірмесі -
2 дана. Егер неке қию
ГФР аумағында болса, неке қию туралы куәлігіне қоса фамилияңызды өзгерткенді
растайтын отбасы кітабынан көшірменің төл нұсқасы мен көшірмесін қоса тапсыру
қажет (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен ) - 2 данадан;
6. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және олардың
көшірмелері (Егер балалар ГФР аумағында туса, туу туралы куәліктерінің қазақ
немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен) –
2 дана;
7. 3,5х4,5 фотосурет –
4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек,
тура
алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем
болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек
қалдырылуы керек.
8. Есеп-шотқа
40,- Евро ақы төлегеніңізді растайтын түбіртегіңіздің төл нұсқасы және
көшірмесі (Kontoauszug)
Берлин
қаласындағы
Қазақстан
Республикасы
Елшілігінің
консулдық
бөліміне, Елшіліктің Бонн қаласындағы
бөлімшесіне,
Ганновер
аласындағы
Консулдық бөліміне немесе Мюнхен
қаласындағы Консулдық бөліміне барсаңыз,
ақшаны төмендегі есеп-шотқа аударуды
сұраймыз:
Empf.: Botschaft von Kasachstan
KONTO 756970000
BLZ 10070000
Deutsche Bank Berlin
Қазақстан Республикасының Майндағы
Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына
барсаңыз, ақшаны төмендегі есеп-шотқа
аударуды сұраймыз:
Generalkonsulat der Republik Kasachstan
Konto-Nr.: 0984873301
BLZ: 500800 00
Dresdner Bank Frankfurt/Main
9. Сіздің мекен-жайыңыз жазылған маркалы конверт (0,55 ц.) - 1 дана.
Азаматтың жаңа паспорт алу туралы өтініші Қазақстанға жіберіледі. Құжаттарды
қарастыру мерзімі орташа алғанда 3-6 ай.
Назар аударыңыз: ГФР-ға уақытша (жеке сапар, туристік сапар) кеткен
азаматтарға Паспорттары тек ГФР-дағы ҚР консулдық мекемелері арқылы ҚР құзырлы
органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы арыз беріп, оң жауап алынғанда ғана
ауыстырылады.
ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің жұмыс уақыты: сәрсенбі, сенбі, жексенбі,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының
мейрам күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 12.00 сағатқа дейін.