Қазақстан республикасы білім, МӘдениет және денсаулық сақтау министрлігі



жүктеу 7,44 Mb.
бет4/18
Дата10.12.2017
өлшемі7,44 Mb.
#3684
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

28

Шоғырланған 2,6 кг құрғақ зат қажет. Жасы 6 айдан асқан тананың әрбір 100 кг салмағына 2,3-2,7 кг құрғақ зат беру керек. Азық рационының әрбір азық өлшемінде 1-3 айлық бұзау үшін 125 г., 3-6 айлық бұзау үшін - 120 г., 6-9 айлық үшін - 110 г., 9-10 айлық тана үшін - 100 г., 12-18 айлық тана үшін - 90 г қорытылатын протеин болуға тиіс.

Бордақыланатын малдың азығы мейлінше арзан болғаны жөн. Осы мақсатпен техникалық өндіріс қалдықтары (жем, барда, мезга) кеңінен пайдаланылады. Бордақылау мерзімі уш кезеңге болінеді: бастапқы кезеңде (алғашқы 20-25 күн) бордақылауға қойылған мал негізгі азыққа үйретіліді; келесі кезеңде (ортадағы 40-60 күн) оған негізі азық мүмкіндігінше қош беріледі, соңғы үшінші кезеңде (аяққы 25-30 күн) негізгі азық молшері; біршама азайтылады да, оның орнына малдың төбетін арттырып, етінің сапасын жақсартатын пішен мен жем мөлшері кобейтіледі. Техникалық азық қаідықтары оте сулы (90%) келеді. Олардың химиялық құрамында құнарлы қоректік заттар тым аз, сондықтан бордақыланған малдың егі су татып, дәмсіз болуына осылай жол бермейді. Мал бордақылауға арналған рациондар үлгісі 2()-шы кестеде корсетілген.

Етке тапсырылатын малды жазда жайып семіртеді.



2.5. Тұқымдық бұканы азықтандыру
Асыл тұқымды бұқа тірілей салмағы мен алыңған ұрық мөлшеріне қарай азықтандырылады /21-ші кесте/. Бұл норма ұрық орта деңгейде яғни аптасына қатарынан екі рет шәует алыңғанда қолданылады. Ұрық аптасына 2-3 рет алынса, ұрық алу деңгейі жоғары деп саналады да азықтандыру нормасы 15-20% арттырылады. Ұрық алынбайтын кезде бұл көрсеткіштер, керісінше, 10-15% төмендетіледі де, бұқаның орташа қондылығы сақталады.

Ұрық алынбайтын кезде бұқаның әрбір 100 кг салмағына 1,1-0,8 а.ө., ұрық алу деңгейі орташа болса 1,2-0,9 а.ө., ал жоғары болса 1,3-1,0 а.ө. қажет. Тірі салмағы көбейген сайын бұл көрсеткіш азая түседі, өйткені тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын азық үлесі азаяды. Әрбір азық олшемінде ұрық алынбайтын кезде - 100 г, ұрық алынатын кезде - 125-145 г қорытылатын протеин болуға тиіс. Мұны қамтамасыз ету үшін бұқа рационына бұршақ дақылдарының пішені, ұны, дәні, азықтық ашытқы,1 жануар тектес азықтар кіреді.



Энергия көзі ретінде рационға жеңіл қорытылатын қантқа бай тамыржемістілер кіргізіліп, құрғақ заттағы қант мөлшері 7-ден 9,4-12,4 %-ке дейін көбейтіледі. Каротинге бай



30

азықтар (шөп ұны, сәбіз) беріледі. Ас қорыту барысын жақсарту үшін рацион құрғақ затында клетчатка деңгейі 20-25% жеткізіледі. Ол үшін азық аумағын азайту мақсатында жазда бұқаға пішен немесе бір бөлігі солған не кептіріл-ген көк шөп беріледі. Протеинмен бірге ұрық сапасына минералды элементтер, әсіресе фосфор ықпал етеді. Бұқаның әрбір 100 кг тірі салмағына 0,8-1,2 кг пішен (жазда - 0,5 кг), 0,8-1 кг сапалы сүрлем не пішендеме, 1-1,5 кг тамыржемістілер, 0,3-0,5 кг жем қоспасын (қоспа құнарлылығы оның құрамына кіретін жеке жем түрінің құнарлылығынан артық екенін ескеріп) жегізеді. Тәулігіне бұқа басына 5-10 кг пішен, 1-2 кг шөп ұны, 4-6 кг сәбіз, 5-8 кг азықтық қызылша, 3-5 кг қант қызылшасы, 2-3 кг арпа (жүгері), 0,5-1,5 кг бұршақ дәні, 0,5-1 кг тары, кебек, күнжара беріледі.

Бұқаға оның жыныстық шабытын төмендетіп, ұрығының сапасын нашарлататын қоректілік қасиеттері төмен құнарсыз азықтар (техникалық қалдықтар, сапасыз пішен, сүрлем, сабан, азот қосындыларын) беруге болмайды. Бүқаның тәбетін күшейтіп, жыныстық шабытын қоздыруға оны ауық-ауық серуенге шығарып (моцион), бойын сергітудің үлкен мәні бар. ¥рық сапасына жеткіліксіз азықтандырудан шамадан тыс артық азықтанды-рудың әсері зиянырақ екенің ескеру де қажет.
III. Қой-ешкіні азықтандыру

Дұрыс азықтандырылса ғана қойдың өнімділігі артып, қой шаруашылығы-ның экономикасы ойдағыдай дамымақ. Республика жағдайында қойдың негізгі азығы-табиғи жайылым өнімділігін арттырып, айналымын енгізіп, тиімді пайдаланып, жыл бойы қой басын арзан да құнарлы азықпен қамтамасыз ету керек. Жайылым оты қой мұқтаждығын толық өтей алмаса ғана оған қосымша азықтар беріледі. Әдетте бұл күз, қыс айлары мен көктемге сәйкес келетін күйекке дайындау, ұрықтандыру мен саулық буаздығының екінші жартысына және қоздау, қозыларды емізуге сәйкес келетін кезеңдерде азықтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жайылым оты азыққа деген мұқтаждықты өтей алмаса, қойға қосымша сапалы пішен, турап бапталған жаздық дақылдар сабаны, әртүрлі шөптен жасалған пішендеме беріледі. Өнеркәсіптік кешендерде қой мұқтаждығы сапалы сүрлеммен, басқа да шырынды азықтармен өтеледі. Бүлар жүн түсімін арттырып, сапасын жақсартады.

Сапалы жүн алу үшін қой денесіне тән ерекшеліктерді өскеру қажет: қоректік заттар алдымен тіршілікті қамтамасыз ететін жүйелердің


31

(орталық жүйке жүйесі, қан айналымы өніп өсу, т.б.) жұмысын жақсартуға жұмсалады. Желінген азықпен берілген қоректік заттар жеткіліксіз болса, ең алдымен аталған жүйелерге, содан кейін барып тері мен оның өнімдеріне (жүн, жал, мүйіз, түяқ) жұмсалады. Осының нәтижесінде қоректік заттар үнемделеді, мал ұзақ уақыт аштыққа шыдаиды. Бірақ тіпті аз ғана уақыт жүн талшықтарының түбіріне қоректік заттар қажет денгейде жеткізілмей қалса, жүннің өсуі күрт баяулап талшықтары жіңішкереді де, жүнде «аштықтан жіңішкеру» ізі қалады. Мұның салдарынан жүн сапасы төмендейді де, қырқылған кезде әлгі жіңішкерілген жерлер көрініп тұрады, сөйтіп жүннің табиғи мықтылығы жойылады- ол үзілгіш келеді.




32

3.1. Саулықты азықтандыру

Саулық азықтандыруды денесіндегі зат алмасуына ықпал ететін физиологиялық жағдайды ескере отырып ұиымдастыру қажет. Күзде, күйек алу науқанына 1-1,5 ай қалғанда саулықтың азықтандыру деңгейі жоғарытылады, мұның нәтижесінде саулық тез күйлеп, қысқа мерзімде ұрықтанады, ал көктемде жаппай қоздайды егіз саны көбеиеді

Жаңа туған қозы салмақты әрі өміршең болуы үшін қыстың аяғы мен көктемнің басында, яғни буаздығының екінші жартысында буаз саулықты құнарлы азықтандыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл кезенде саулықтың энергияға мұқтаждығы 30-40%, қорытылатын протеинге деген мұқтаждығы 40- 60% өседі /22-ші кесте/. Осыны ескере отырып рационындағы құнарлы жем мөлшері көбейтіледі. Ол азық қоректілігінің 15-30 процентіне тең болуға тиіс. Сапалы, аралас пішен мөлшері де молайтылады.

Қоздап болысымен саулық қозысын жалатып құрғатады, ұызға, сүтке тойындырып қоректендіреді. Қозыға 100 г. салмақ қосу үшін 0,5 кг қой сүті керек. Сүт түзілуі ушін қосымша 0,3 азық өлшемі, 40 г қорытылатын протеин, 1,9 кальций мен 1,2 г фосфор берілуі керек. 23-ші кестеде шаруашылықта саулық басына шағылған жыддық жемшөп шығыны келтірілген.
23. Саулық басының жылдық жемщөп шығыны


Көрсеткіш

Тұқымы

Жүнді-жүнді етті етті жүнді



Азық өлшемі

500 600

Алмасу энергиясы, МДж

6320 6670

Шикі протеин,кг

90 90

Қорытылатын протеин, кг

58 58

Ірі азық, кг

250 320

Оның кг

150 280

Пішендеме мен сүрлем,кг

400-600 500-650

Көк шөп, кг

1400 1200

Жем, кг

100 125

Рацион құрамы,%




Ірі азық,

16 20

Оның ішінде пішен

12 15

Пішендеме, сүрлем

21 23

Көк азық

44 37

Жем

19 20


3.2. Қозыны азықтандыру
Жаңа туған қозыны енесінің уызына тойдырады да, алғашқы екі аптада негізінен сүтпен азықтандырады, ал 3-4-ші аптадан бастап біртіндеп жемшөпке үйретеді: 4-айлығында 100 г жапырақты аралас пішен не бұршақ тұқымдастар пішені беріледі, 16-айлығында пішен мөлшері 350-400 грамға, жем 50 грамнан 350 грамға жеткізіледі, оның 50-75 грамы протеинді дәннен тұруға тиіс. Қозы денесінде тәулігіне 1,8-2,1 г кальций, 1-1,2 г фосфор сіңірілетінін ескеріп, оған күнделікті 5-10 г минералды (кальций-фосфорлы) қосынды береді.

Ене сүтіне жарымаған қозы мен жетім қалған қозыны Алматы зоотехни-калық малдәрігерлік институты ұсынған (М.Байтурин, Ж.Оразалин, 1977) құрама жеммен азықтандыруға болады /24-ші кесте/.


24. Қой сүтінің орнына берілетін азық құрамы, кг


Азық

Қозының жасы:

1 – 15 күн 16 – 45 күн



Майсыз құрғақ сүт

20 17

«Саломас» майы

4 3

Витаминделген балық майы

1 1

Бидай ұны

- 3

Ас тұзы

0,2 0,2

Қайнаған су

74,8 75,8

Ескерту: Азықтың әрбір 100 литріне 0,8 г хлорлы кобальт, 0,64 г күкірт қышқылды мыс, 3,2г күкірт қышқылды мырыш, 4 г күкірт қышқылды темір, 80 мың Д витаминін х.ө., 0,8 г Е витаминін қосады.


36

26. Қозыға қосымша азық беру жобасы (тәулігіне бір басқа г есебімен)



Минералды қосындыны (ас тұзы, бор, сүйек ұны) жегенінше жеке науаға салып береді.


3.3. Тоқтыны азықтандыру және бордақылау
Тоқты өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес азықтандырылады (27-ші кесте). Тұқымға қалдырылатын тоқты отарларына шөбі шүйгін жайылым бөлініп тәулігіне әр басқа 300-400 г есебінен жем беріледі.

Тұқымға қалдырылмайтын тоқтылар жедел жетілдіріліп бордақыланады да, 6-7 айлығында 40-45 кг салмақпен етке тапсырылады. Олардың азықтандыру нормасы қосылатын салмақ мөлшеріне сәйкестендіріледі (28-ші кесте).

Бордақылауға жасы жағынан шамалас, біркелкі дамыған еркек қозылар қойылады. Олар тәулігіне 180-200 г салмақ косып, 60 күн ішінде 40 кг тартуға тиіс. Әр қозыға күніне 0,5 кг сапалы бұршақ не бұршақ-астық тұқымдастар пішені, 0,1-0,2 кг шөп кесіндісі, 1 -2 кг пішендеме. 2-3 кг сүрлем, 300-400 г жем қоспасы, жегенінше минералды қосындылар берілді.

Қой бордақылау кешендерінде мал азығы өнеркәсіптік технологияға лайықтап әзірленеді. Оны үлестіру оңай. Ондағы қоректік заттар белгілі нормаға сәйкес келтірілуге тиіс. Осы мақсатпен түйіршікті азықтар қолдануға болады. Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институты (Қ.Медеубеков, Т. Сарбасов, т.б, 1981 ) қой бордақылау үшін мынадай азық қоспаларын ұсынады (29-шы кесте).


29. Қой бордақылауға арналған түйіршіктелген азық

қоспаларының құрамы (салмағына % есебімен)





Көрсеткіш

Тоқты, жасы, ай (4-6)

№1 №2


| Ересек қой (6-8)

№1 №2 №1 №2



Пішен 20 20,3 30 34,2 - -

Сабан - 30 - 30,0 35 30

Шөп ұны 25 20 30 20 44,5 44,5


Жем (арпа жарм) 50 20 35 20 20 25

Құнжара шрот - 5 - - 20 25 Фторсыз.фосфат 0,7 1.7 0,5 2,8 0,5 0,5

Аммоний сульфаты - 3 3,8 3,0 - -

Сірне - 3 3,8 3,0 - -

Қосындының 1 кг-ында

-азық өлшемі 0,75 0,70 0,50

-алмасу энергиясы,

МДж 9,0 8,7 7,0

-шикі протеин, кг 130 110 70

-қорытылатын

протеин, г 80 70 70

-фосфор, г 3,5 3 1,5

- кальций,г 9 7 6

- каротин, мг 15 10 7

Түйіршіктелген азық қоспасымен бордақыланған тоқтының салмағы 25-40%, жүн түсімі 30-35% артады. Олардың желінуі мен қоректілігі құрамындағы сабан мөлшерімен реттеледі (тоқты рационында - 30%, саулық рационында – буаздығының басында -60%, аяғында - 40-50%). 6 айға дейінгі тоқты рационының құрғақ затында клетчатка - 13%-тен, 7-15 айлығында 22-25%-тен, ересек қойдікінде 27%-тен аспауға тиіс. Түйіршіктелген азық түсімін арттыруға да мүмкіндік береді.


3.4. Тұқымдық қошқарды азықтандыру
Қой ұрықтандыру нәтижесі әдетте ұрық сапасына, ал оның сапасы қошқардың азықтандырылу деңгейіне байланысты. Демек, асыл тұқымды қошқар азықтандыруға жете көңіл бөлу ажет. Күйек алу кезеңі басталғанша қошқардың қоңдылығы орташа болуға тиіс. Күйек алуға 1,5-2 ай қалғанда және ұрық алу кезеңіңде олардың қоректену деңгейін едәуір жоғарылатып, рацион құнарлылығын арттырады /30-шы кесте/.

Бұл норма қошқардан тәулігіне 3 мәрте ұрық алынғанда қолданылады. Басқа кезеңде ол 25-30% төмендетіледі. Қошқар басына күніне 2-5 кг аралас пішен, 1,5-2 кг шырынды азық, 0,7-0,9 кг жем беріледі. Жайылым оты жеткіліксіз болса, ірі және шырынды азықтар мөлшерін азайтып, құнарлы жем мөлшерін 1,5-2 есе арттырады. Рационға аминқышқылдарына, протеинге бай азықтар енгізеді (азықтық ашытқы, көк сүт, ет-сүйек ұны, тауық жұмыртқасы ж.б.).


3.5. Ешкіні азықтандыру
Азықтандыру нормасы ешкінің жасы мен жынысына, физиология-лық ахуалына, тірілей салмағы мен өнімділігіне сәйкес ілгіленеді (31-ші кесте). Салмағы 50 кг ешкі тіршілігін қамтамасыз ету үшін 0,35-0,4 а.ө., 45-60 г қорытылатын протеин қажет. 1 кг салмақ қостыруға шамамен 17% клетчаткасы бар 50г құрғақ зат керек.
40

Ешкінің кальций мен фосфорға мұқтаждығы қойдікінен жоғары: әр басқа тәулігіне 7 г кальций, 3,5 г фосфор қажет.

Ешкі басқа түліктер тұяқ баспайтын тау-тасты жайылымды, ағаш бұтақтарын пайдаланып, күнелте береді. Ол ірі азықпен де қыстан шыға алады. Сүтті және егіз лақтаған шыбыштың азықтандыру деңгейі 12-15 процент жоғарылатылады. Асыл тұқымды текенің азығы күйек алу науқаны басталарда жақсартылады.
ІҮ. Жылқыны азықтандыру
Жылқы азықтандыруы оның атқаратын жұмысы мен беретін өніміне қарай ұйымдастырылады. Жылқы атқаратын қара жұмыс денеде зат алмасуын жеделдетіп, гликоген, май, ақзат сиякгы қоректік заттардың ыдырауын күшейтеді. Демек, атқаратын жұмысы ауырлаған сайын денеге азықпен бірге түсетін қоректік заттар мөлшері де көбірек болуға тиіс.

Атқарылатын жұмыстың ауыр-жеңілдігі тасылатын жүктің салмағы мен тасмалдау қашықтығына қарай анықталады. Дене энергиясының әрбір килокалориясы 425 кг/м механикалық жұмысқа тән. Соншама энергия шығынын қамтамасыз ету үшін жылқы азығы тез қорытылатын қанттектес заттарға (көмірсуларға) бай болуы керек. Бұл заттар жетіспесе, жылқы денесіндегі гликоген мен май энергия көзі ретінде айналымға түсіп, ыдырай бастайды. Одан кейін ыдырайтыны ет ақзаты. Соның нәтиже-сінде жылқы тез арықтайды. Оған жол бермеу үшін нормалап азықтан-дыру қажет. Тұқымдық жылқы топтарының азықтандыру нормасы 32-ші кестеде келтірілген.

Жылқының қарны кішкентай, көлемі тар, сондықтан жұмыстан бос уақытта үзбей ұдайы азықтанып отырады деуге болады. Демек, аттың жұмысқа пайдалануын реттестіріп, оның тынығуына, түбегейлі азықта-нуына жағдай туғызу қажет. Жылқыға берілетін жемшөп мөлшері 33-ші кестеде келтірілген.

Жылқының ас қорыту жүйесінің ерекшелігі-қарынға келіп түскен азық кері қайтарылмайды, сондықтан оның жеген жемшөбі, ішетін суы таза, сапалы болуы тиіс. Бұл түліктің талғампаздығын қалыптастырады. Еті қызып, терле-ген жылқыны алдынала суьпу қажет. Демек оны азықтандыру тәртібіне қатаң талап қойылады.


41

32. Тұқымдық жылқының қоректік затқа мұқтаждығы




г
42

4.1. Биені азықтандыру.


Бие жасына, тірі салмағына, биологиялық сәйкес азықтандырылады

/34-ші кесте/.


34. Бие азықтандыру нормасы


Сауынды биенің азықтандыру нормасы әр 1 кг сүтіне 0,33 азық өлшемі, 35г қорытылатын протеин келетіндей етіп жоғарытылады. Жеңіл жұмыс атқаратын биенің азықтандыру нормасы 30% жоғары болуға, яғни оған қосымша 3-4 өлшемі берілуге тиіс. Қысыр биенің 100 кг тірі салмағына 1,4-1,5 азық өлшемі керек, ал буаздығының 3-ші айынан бастап, норма 1,6-1,7, буаздығының екінші жартысында 1,8-1,9, құлынын емізіп жүрген кезде 2,0-2,1; сауылатын буаз биеге 2,12-2,15 азық өлшеміне дейін жеткізіледі. Әрбір азық өлшемінде 105- 110 г қорытылатын протеин, 6-8 г кальций, 4-5 г фосфор мен 30 г каротин болуға тиіс.


43

Биеге шалғын пішені, астық-бұршақ тұқымдастар пішені (100кг тірі салмағына - 2-2,5 кг), тазартылған тамыр-жемістілер 5-10 кг), сапалы пішендеме, сұлы, кебек, күнжара мен шроттар беріледі. Пішенді турап, ал дәнінің бір бөлігін (0,5-1 кг) көктетіп, мыжып (сұлыны) берген жөн. Жазда оты шүйгін жайылымда бағып тәулігіне 30-50 кг көк азық жегізеді.

Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені сапасыз, ластан-ған жемшөп биенің ас қорытуын бұзып, іш тастатуы мүмкін. Әсіресе бұзылып, көгеріп кеткен бұршақ тұқымдастар пішенінен сақтану керек. Буаз биені суық сумен суаруға болмайды.
4.2. Құлын-тай, құнан-дөненді азықтандыру
Туғаннан кейінгі алғашқы айдан бастап, құлынды қосымша азық жеуге дағдыландырады (үйретеді). Ол үшін жеке науаға қосымша азық ретінде минералды қоспалар ұнтағын (сүйек үны, бор, ас тұзын) араластырып салып, мыжылған сұлыға кебек, шөп ұны мен күнжара қосады. Қоспаның әрбір азық өлшемінде 110-120г қорытылатын протеин болуға тиіс. Оған біртіндеп үйретіп, екі айлығында 0,5-1кг, енесінен ажыратар 5-6 айлы-ғында 4-5 кг жегізеді. Тұқымға қалдырылатын құлынға 7-8 айға дейін енесін еміздіреді.

Тай, қүнан, дөнен өсіру бағытына сәйкес азықтандырылады. Әрбір 100 кг тірі салмағына 6-12 айлығында - 3 кг, 12-18 айлығында - 2,85 кг, 18-24 айлығында - 2,6 кг құрғақ зат беріледі. Еркек құлынның азыққа деген мұқтаждығы ұрғашынікінен 10% жоғары болады. Дұрыс азықтандырылса құлынның салмағы ересек жылқы салмағының: 2 - айлығында 20-25% -іне, 6-айлығында 40-45%-іне, 12-айлығында 55-60%-іне, 18-айлығында 70-75%-іне, 24-айлығында 75-85%-іне теңестіріледі. Құлын-тайдың қоректік затқа мұқтаждығы. 35-ші кестеде келтірілген.


35. Құлын-тай, құнан-дөнен азықтандыру нормасы

44
35-ші таблицаның жалғасы

Тай, құнан, дөнен жазда мүмкіндігінше ұзақ жайылымда бағылады, ал қыста оларға аралас астық-бұршақ тұқымдастар пішені, пішендемесі беріледі. Жемнің 3/1 бөлігі протеинге бай бидай кебегінен, бұршақ тұқымдастар ұнтағынан, күнжара мен шроттардан құрастырылады. Сұлымен қатар арпа, жүгері жармасы беріледі (құнанға 4-5 кг, дөненге кг).
4.3. Тұқымдық айғырды азықтандыру
Асыл тұқымды айғырды үйірге түсіруге дайындау кезеңінен бастап азықтандырылуын күшейтеді. Басқа уақытта оның азығы орташа қоңды-лығын қамтамасыз ететіндей болса жеткілікті. Өзіне қажет қоректік заттардың /32-ші кесте/ жартысына жуығын ол жайылым отынан алады. Қосымша азық ретінде қажетінше ірі, шырынды және құнарлы азықтар беріледі.

Тәулігіне айғыр басына 20-30 кг жайылым отын жегізеді немесе шабылған көк шөпті біршама солдырып (дегдітіп) барып береді. 10-12 кг шалғын немесе аралас пішен, 10-15 кг шырынды азық беріп, үйірге түсер кезде олардың мөлшерін біршама азайтады да, орнына сұлы мен құнарлы жем қоспасын (арпа, тары, жүгері, бұршақ, күнжара, шрот) үлестіреді. Құнарлы: азықтың 5-10%-ін (қоректілігі бойынша) протеин мен витаминдерге бай жануартектес азық (сүт, көк сүт, ірімшік, қант, ет-сүйек, балық ұны, жұмыртқа) ретінде берген жөн.


45

Сұлыны мыжып, тары, жүгері, бұршақты ұнтатып, арпаны жарып зығыр дәнін қайнатып, оның суына кебек, күнжара мен шроттарды шылап береді. Қыста сұлының бір бөлігін немесе оның арпамен (жартылай) араласқан қосындысын көктетіп барып жегізуге болады, Сөйтіп, үйірге түсер кезінде айғыр рационының энергетикалық қуаттылығын 25% жоғарылатады.


4.4. Жұмыс атын азықтандыру
Қара жұмыс атқарған аттың жүк тарту күші оның салмағының 12-16 процентіне, кейде тіпті 70-100 процентіне дейін жетеді. Демек, салмағы 500 кг ат жарты тонна жүк тарта алады.

Ал енді осыған жұмсалған энергия қанша жерге (м) және қандай

жағдайда (жолмен, жолсыз ба, т.с.) тасымалдауына байланысты.

Сондықтан, жылқының атқарған жұмысы кг/м өлшемімен белгіленіп, келесі топтарға бөлінеді /З6-шы кесте/.


36. Жылқы атқарған жұмыс сипаттамасы


Жегілген ат атқарған жұмыстың әр 100 кг километріне әдетте (тарту күші салмағының 12-16%-і) - 0,43, жүгі жартылай азайтылғанда (тарту күші салмағының 6-8%-і) - 0,55, төрттен бір бөлігіне дейін азайтылғанда (тарту күші салмағының 3-4%-і) - 0,8 азық өлшемі қажет. Тарту күші азайған сайын, жұмыс атының қоректік затқа деген мұқтаждығы арта түседі, жұмыс атқаруға, жүретін жолдың ұзаруына, өз денесін алып жүруге жұмсалатын энергиясының (ол жылқының пайдалы механикалық жұмысының 25-30%-і) өсуіне байланысты. Механикалық 425 кг/м жұмыстың жылуы 1 ккал. Жылқының шын мәнінде атқарған жұмысы бұдан әлденеше есе жоғары. Әр 100кг тірі салмағына шаққанда жеңіл жұмыс атқару үшін -

0,0443; ауырлығы орташа жүмыста - 0,0600; ауыр жұмыс атқару үшін - 0,0767 азық өлшемі қажет.

Бұл жұмыстарды құмдауыт, батпақты жолда не жолсызда жүріп атқаратын жұмыс атының азыққа деген мұқтаждығы 10%, ал жер жырту, шөп шабу жұмыстары кезінде 10-15% өседі. Мініс атының әр 100 кг тірі салмағына 1 км жол жүру үшін жай мінгенде - 0,02 азық өлшемі, ал жегіп жүргенде - 0,03 азық өлшемі қажет. Жылқының атқарған жұмысына сәйкес келетін азықтандыру нормасы 37-ші кестеде келтірілген.

Қара жұмысқа алдымен қанттектес заттар (көмірсулар) энергиясы, содан кей


жүктеу 7,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау