Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (М.Байтурин, А.Ахметов, 1992) енесінен ерте ажыратылған торайға мына құрамда жем беруді ұсынады /41-ші кесте/.
53
41.Шошқа сүтінің орнына берілетін құрама жем
Тез жетіліп, дүрыс өсуі үшін торай рационындағы қоректік заттар мына деңгейге жеткізілуге тиіс /42-ші кесте/.
42. Торай азығындағы қоректік заттар мөлшері
(1 кг құрғақ затында)
54
Тұқымға қалдырылған торай мен жарамсыз деп табылған ересек мегежін, қабанды арзан азықпен (құрама сүрлем, көк азық, жем қалдығы, асхана қалдығы, тамыр жемістілер, бақша дақылдары, т.б.) жедел бордақылап, етке тапсырады. Оларды азықтандыру деңгейі 43-ші кестеде келтірілген.
Бордақылауға қойылған тірі салмағы 25-30 кг тартатын 3-4 айлык, торайды жедел бордақылап,тірілей салмағын 100-110 кг-ға жеткізеді. Шошқа еті, әсіресе майының сапасына ықпалы бойынша жемшөпті үшке беледі:
1. Етінің (тоңмайының) сапасын жақсартатын - арпа, қарабидай, тары, бұршақ, сиыржоңышқа, көк сут, ет ұны, ет-сүйек ұны, майы аз балық ұны, Бұл азықтарды бордақылаудың барлық кезеңінде беруге болады.
2. Ет пен май сапасын едәуір жақсартатын - сапалы құрама жем, көк азық, тамыр жемістілерді-бордақылаудың бас кезі мен ортасында береді.
3. Ет пен май сапасын төмендететін - күнжара, майлы балық ұны, сірне, кебек, сұлы, соя, жүгеріні-бордақылаудың соңында беруге болмайды.
55
5.3. Тұқымдық қабанды азықтандыру
Асыл тұқымды қабанның азыққа деген мұқтаждығы оның жасы мен салмағына, ұрық алыну жиілігіне байланысты. Екі жасқа дейінгі қабанның өсіп-жетілуін қамтамасыз ету үшін қосымша қоректік заттар керек: 100 кг тірілей салмағына шаққанда ересек қабанға 1,5 азық өлшемі, яғни 16,6 МДж алмасу энергиясы, жас қабанға 2 азық өлшемі, яғни 22,2 МДж алмасу энергиясы қажет. 1 азық өлшемінде 150 г шикі протеин, 120 г қорытылатын протеин, яғни рацион құрғақ затында, сол ретпен, 20% және 15,5%, ал толық рационды құрама жемде 17%-\е 13,3% болуға тиіс. Протеин құрамында жеткілікті мөлшерде лизин (құрғақ затта - 0,95%, шикі протеинде - 4,8%) және метионин + цистин (сол ретпен, 0,63%-пен 3,2%) аминқышқылдары болуы керек. Рацион құрғақ затында кальций - 0,93%, фосфор - 0,76% болып шикі клетчатка 7%-тен аспауға тиіс /44-ші кесте/.
Қабанның энергия мен қоректік затқа деген мұқтаждығы қамтамасыз ету үшін көлемі аз, тез қорытылатын, энергияға қаныққан, протеин мен витаминге бай, құнарлы азықтар беріледі. Ол үшін рацион жалпы қоректі-лігінің 75-85%-і құнарлы жемнен (0,5 кг сұлы, 0,5 кг арпа, 0,6 кг бидай, 0,05 кг жүгері, 0,1 кг бұршақ, 0,1 кг күнбағыс шроты, 0,2 кг балық ұны), 10-15%-і шырынды азықтан (1-3 кг буланған картоп, қызылша, құрама сүрлем), 3-5%-і шөп ұнынан (0,4 кг), 6-8%-і жануартектес азықтардан (1-2 кг көк сүт, 0,2 кг балық, қан, ет-сүйек ұны) құрастырылады. Минералдық қоректілігін арттыру үшін рационға 15-18 г ас тұзы, 13-15 азықтық фосфат, 30-35 г минералды-витаминді қосынды не премикс қосылады.
56
ҮІ. Құсты азықтандыру
Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшелігіне сәйкес азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне әсіресе азық энергиясы күшті ықпал етеді. Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азық энергиясына тәуелді; сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.
Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші бір көрсеткіш - азықтың протеині (жалпы өнімділігінің 20-25% соған тәуелді)- Оның энергиямен арақатынасы 1 кг азықтағы 1% протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептеледі, мұны энергиялық-протеиндік қатынас (ЭПҚ) деп атайды. Бұл арақатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақзат түзілу барысы қамтамасыз етілмейді де, құстың өсімталдығы мен өнімділігі төмендейді, ал керісінше, протеин шектен тыс болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады.
Құс азығындағы протеиннің аминқышқыддық құрамы да сапалы болуға тиіс. Осы мақсатпен протеин құрамындағы лизин, метионин + цистин, триптофан, аргинин, гистидин, лейцин, изолейцин, фенилаланин, тирозин, треонин, валин мен глицин мөлшері, олардың бір-бірірінің сіңіріліп, игерілуіне әсер ететін арақатынасы бақылауға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |