і н май, ал олардың қоры таусылған соң, ет өрімінің энергиясы жұмсалады, сондықтан жұмыс атының рационын денесіндегі зат алмасуына сәйкестіріп кұру қажет. Атқаратын жұмысы ауырлаған сайын, рационға тез қорытылатын энергетикалық жемшөп көбірек қосылады, рацион құрылы-мында құнарлы азық үлесі өседі. 100 кг тірі салмағына берілетін ірі азық мөлшері жұмыс ауырлаған сайын 1,5-2 кг-ға дейін төмендейді.
Жұмыс атын азықтандыру тәртібін қатаң сақтау қажет. Еті қызған, тері басылмаған атты суаруға болмайды. Оны алдымен суытады. Ол үшін алдына берілетін ірі жемшөптің жартысын салады да, кейін шырынды азық береді. Содан кейін суарып, жем жегізеді. Артынан ірі азықтың қалған жартысын алдына салады.
Жұмыс аты термен бірге сыртқа көп су, тұз шығарады. Күн сайын қажетті мөлшерде жылқыны таза сумен (40-50 кг) қамтамасыз етіп, әр 100 кг тірі салмағына жеңіл жұмыс атқарғанда - 6 г, орташа жұмыс атқарғанда - 7 г, ауыр жүмыс атқарғанда - 9 г ас тұзын береді.
Арықтаған атқа азықтандыру нормасы жемнің үлесін арттыру арқылы 3-4 азық өлшеміне жоғарылатылады. 1 азық өлшемінде 80 г қорытылатын протеин, 5-6 кальций, 4-5 г фосфор, 10-15 мг каротин болуға тиіс.
Жеңіл жұмыста шамамен 6-8 кг пішен, 3-5 кг жаздық сабан, 2-3 кг жем, 10-15 кг пішендеме не сүрлем, ал жазда 30-40 кг көк шөп жеткілікті болса, жұмыс ауырлаған сайын аумақты азық мөлшері азайтылып, орнына жем мөлшері 3-4 килограмға дейін көбейтіледі.
Ү. Шошқаны азықтандыру
Шошқа бір қарынды малға жатады. Ол әдетте азық, талғамайды, көбін жей береді. Шошқа азықтандыруда құнарлы жеммен қатар оған 20-30%-тей шырынды азық (құрама сүрлем тамыр-түйнек жемістілер), асхана қалдығы мен көк балауса беруге болады. Сонда ғана оның өнімі арзандайды. Сонымен қатар, бір қарынды малдың ас қорыту ерекшелігі ескеріліп азықтандыру сапасын жақсарту керек. Шошқа - көп төлді өсімтал мал, сондықтан оны жеткілікті де құнарлы азықтандыруға ерекше талап қойылады.
Шошқа рационы тез қорытылатын, энергиясы мол протеині амин қышқылдарына бай, витаминді азықтардан тұруға тиіс. Өнімділігі артқан сайын азық құрғақ загындағы алмасу энергиясы мен қоректік затгар дәрежесі арта түседі. Броди деректері бойынша өсіп келе жатқан шошқа денесінде 1 г ақзат түзуге 41,8-48,1 кДж, ал 1 г май жинауға 53,5-54,2 кДж алмасу энергиясы жұмсалады екен. Демек, өсіп есейген сайын шошқа денесінде май түзілуі басым болады да, салмақ қосуға (1 кг-на шаққанда) жұмсалатын энергия шығыны өсе түседі 20-30 кг аралығында 18,4 МДж болса, 90-100 кг аралығында одан жарты есе өседі. Азық шығыны 4-5 азық өлшемінен 6-8 азық өлшеміне деиін көбейеді.
Бордақылаудағы торай жеген азық энергиясының 36-40%-ін тіршілігін қамтамасыз етуғе, 30-35%-тін дене ақзаты мен май қорына жинаиды. Торайдың бір тәулікте қосатын салмағы жоғарылаған саиын, азық энергиясының тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалған бөлігі азайып, өнім түзуге жұмсалатын бөлігі көбеиеді. Осы заңдылыққа сүйене отырып, бағытты азықтандыру арқылы сала өнімділігін өсіріп, өнім кұнын арзандату қажет.
5.1. Мегежін азықтандыру
Азықтандыру нормасы мегежіннің жасына, салмағына физиологиялық ахуалы мен қондылығына сәйкес анықталады (38-ші кесте). Буаздық мерзімінің аяғына оның азыққа деген мұқтаждығы 15-20%-ке артады. Бұл желінген азықтың құрғақ затын молаиту арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп 114 күнде бір мегежіннен әр біреуінің салмағы 1,2-1,3 кг тартатын 10-12 торай алынады.
Қысыр мегежінге күйін келтіріп, көп торай табатындай жағдай туғызады: ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда оның азықтандыру деңгейі . 25-30%-ке жоғарылатылады. Арық мегежіннің қоңын жақсарту үшін қосылатын салмақтың әр килограмына шағып, азықтандыру денгейін 4 азық өлшеміне, яғни 44,2 МДж алмасу энергиясына ұлғайтады. Бірақ тым семіздіктің де ұрықтануға кері әсер ететінін ескеру керек.
Әрбір 100 кг салмағына шағып, ересек мегежінге әр килограмында 1,05 азық өлшемі, яғни 11,6 МДж алмасу энергиясы бар 1,5-1,8 кг, ал өсуі тоқтамаған 2 жасқа дейінгісіне 1,8-2,4 кг құрғақ зат беріледі.
50
Құрғақ заттағы энергия деңгейі шикі клетчаткамен реттестіріледі. Қысыр мегежін рационының құрғақ затында оның көлемі 12%-ке, ал торайын емізіп жүргең мегежін рационында 7-8%-ке дейін төмендетіледі.
Буаз мегежіннің энергетикалық алмасуы жалпы алғак 25-45%-ке өседі. Ұрықтың өсіп дамуына органикалық және минералдық заттар жұмсалып (10-12 бас торай дамыса 1,5-1,7 ақзат, 150-160 г кальций, 80-85 г фосфор), мегежін денесінде, бұлардың қоры 1,5-2 есе өседі, сөйтіп дұрыс азықтандырылға ересек мегежіннің салмағы 35-40 кг, жас мегежіндікі 50-55 кг ауырлайды.
Буаздығының алғашқы 84 күнінде мегежін салмағының әрбір 100 кг-на шағып, 1 килограмында 130 г қорытылатын протеин, 10-12 г кальций, 8-9,6 г фосфор бар, екі жасқа дейінгі мегежінге 1,8-2,4 кг, 2 жастан асқанына 1,2-1,6 кг құрғақ зат беріледі, ал буаздығының соңғы 30 күнінде азық өлшемі 1,5-1,7 қорытылатын протеин 170 грамға дейіи жоғарылатылады.
Торайын емізіп жүрген мегежіннің әрбір 100 кг салмағына 0,33-0,38 азық өлшемі беріледі. Рацион құрғақ затының әрбір килограмында 1,3 азық өлшемі, яғни 14,4 МДж алмасу энергиясы, 186 г шикі, 145 г қорытылатын протеин, 8 г лизин, 4,8г метионин мен цистин, 9,3 г кальций, 7,6 г фосфор болуға тиіс. 1 кг сүтпен бірге 300-350 г ақзат сыртқа шығарылады, сондықтан мегежін рационың құнарлы протеинмен қамтамасыз ету керек. Әрбір азық өлшемінде орны толмас аминқышқылдарына бай 110-112 г қорытылатын протеин болуы керек. Күнделікті сүтімен (6 кг) бірге 13 г кальций, 7 г фосфор сыртқа шығарылатындықтан мегежін рационының минерралдық құнарлылығы да жоғары болуы шарт.
Мегежін рационы шамамен 2-4 кг жем қоспасынан (0,1-0,3 кг бұршақ ұнтағы, 0,3-0,5 кг күнбағыс шроты, 0,1-0,2 кг балық ұны, 1-2 кг жүгері, арпа, бидай, сұлы жармасы, бидай кебегі), 1-1,5 кг көк сүттен, 0,5-0,7 кг шөп ұнынан, азықтандыру типіне сәйкес 4-5 кг буланған картоптан, 2-3 кг қызылшадан, 4-5 кг құрама сүрлемнен, 30-60 г преципитаттан, 15-30 г ас тұзынан, 30-50 г премикстен тұрады. Жазда шөп ұны мен тамыр-түйнек жемістілер орнына 5-7 кг бұршақ тұқымдастар көгі беріледі. Рациондағы қоректік заттар мелшері 39-шы кестедей болуы керек.
51
39. Мегежін азығындағы қоректік заттар мөлшері
(1 кг-на шаққанда)
Торайлануына бірнеше күн қалғанда рацион көлемін картылай азайтып, торайлаған мегежінге алғашқы күні жылы су іщкізіп, ертеңіне оған 0,5-0,6 кг сұлы, арпа ұнтағы мен кебек, шрот араластырылып береді. Толық көлемді рационға 5-6 күнде көшіреді. Тәулігіне мегежін басына 8-10 л су береді.
5.2. Торай азықтандыру және шошқа бордакылау
Дұрыс азықтандырылса, 1 айлық торайдың салмағы туғандағы салмағынан 5 есе, 2 айда 15-17 есе өсіп 18-20 кг-ға жетуі керек. Ол үшін оны туа салысымен енесінің уызына қанықтырады. Уыз ақзатының 40%-не жуығы торайдың ауруға төтеп беру қабілетін (иммундық қасиетін) күшейтетін гамма-глобулиндерден тұрады. Бірақ шошқаның уызы мен сүтінде кальций, фосфор, темір мен мыс жеткіліксіз, сондықтан қанындағы гемоглабин 9%-тен алғашқы 2 аптада 3-5%-ке дейін төмендеп, торай алиментарлық қан азаюына, яғни анемияға ұшырайды. Сондықтан оларға алғашқы күннен бастап,
52
минералдық қосындылар (преципитат, 0,5%-тік күкірт қышқылды темір мен мыс ерітіндісі) беріледі.
Басқа түліктердің төлімен салыстырғанда торай,
физиологиялық жағынан жете дамымай туады. Әсіресе қан түзу, ас қорыту жүйелері жетілмейді. Алғашқы кезде оның қарын шырынында тұз қышқылы болмайды (ахлоргидрия), тек үшінші айда қарын өз қызметін атқаратын деңгейге жетеді.
Алғашқы үш аптада негізінен ене сүтімен қоректенген торай 1 кг салмақ қосу үшін 1,5-4 кг сүт қажет етеді. Торайды туғаннан кейін 5-7 күн өтісімен енесінен бөлек жерде таза, қуырылған арпа, жүгері дәніне, бор, қызыл, топырақ секілді минералды қоспалар жеуге дағдыландыра бастайды (үйретеді). Енесінен неғүрлым ерте ажыратылса (60 күннің орнына 45; 35, тіпті 26 күннен кейін), қосымша азыққа соғұрлым ерте дағдыландырылуы керек. Ерте ажыратылған торайға ене сүтінің орнына арнайы құрама жем беріле бастайды. Оның құрамына 71% құрғақ көк сүт, 19,5% шошқа майы, 4% өсімдік майы, 1% жүгері крахмалы, 1% витаминді әрі антибиотикті премикс, 1,5% минералды премикс кіреді. Мұндай жем 40-шы кестеде келтірілген жоба бойынша беріледі.
40. Торай азықтандыру жобасы (тәулігіне бір басқа, г)
Жасы, күн
|
Рацион түгелдей жемнен тұрғанда
|
Азық қоспасын бергенде
|
|
сүт, көк сүт
|
аралас жем
|
шырынды және көк азық
|
|
|
|
|
10-15
|
25
|
-
|
25
|
-
|
|
16-20
|
50
|
100
|
50
|
-
|
|
21-25
|
100
|
200
|
75
|
-
|
|
26-30
|
225
|
300
|
350
|
20
|
|
31-35
|
330
|
400
|
250
|
50
|
|
36-40
|
450
|
500
|
350
|
100
|
|
41-45
|
550
|
550
|
450
|
150
|
|
46-50
|
650
|
600
|
600
|
180
|
|
51-55
|
750
|
650
|
700
|
200
|
|
56-60
|
850
|
700
|
800
|
300
|
|
Барлығы
|
20000
|
20000
|
17000
|
5000
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |