«5В070100 - «Биотехнология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В070100 - «Биотехнология» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.
«5В070100-Биотехнология»
мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны –131 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты:
1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі
1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:
1.2.1. Кәсіби қызмет саласы
1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары
1.2.3. Кәсіби қызмет пәні
1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері
1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты
3. Негізгі құзыреттіліктер.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны
5. Модулдерді сипаттау арналған формуляр
Модуль 1. Қоғамдық- коммуникативті
Модуль 2. Саяси – әлеуметтік және жаратылыстану
Модуль 3. Физикалық-химиялық
Модуль 4. Биотехнология нысандары
Модуль 5. Кәсіби тілдер және жобалау
Модуль 6. Ағзалар физиологиясы
Модуль 7. Генетика
Модуль 8. Микроағзалар биотехнологиясы
Модуль 9. Биотехнология негіздері
Модуль 10. Ағзалар биотехнологиясы
Модуль 11. Медициналық биотехнология
Модуль 12. Экологиялық биотехнологиясы
Модуль 13. Гендік иеженерия
Модуль 14. Құжаттану және құқық
Модуль 15. Тәжірибе
Модуль 16. Қорытынды аттестация
6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.
Білім беру бағдарламасының паспорты:
1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі
Бакалавриат түлігіне 5В070100-Биотехнология мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Бакалавр төмендегі мамандықтарға ие бола алады:
- ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-дағы маман;
-өндірістік зертханалардағы технолог;
- биотехнологиялық өнеркәсіптегі технолог-маман
- ауыл шаруашылық биотехнологиясының маманы;
- тамақ өнеркәсібінің маманы;
- биотехнолог-селекционер;
- экологиялық мекемелердің маманы.
1.2.Түлектің біліктілік сипаттамасы:
1.2.1. Кәсіби қызметінің саласы
Мамандықтың кәсіптік қызмет көрсету саласы - әртүрлі мақсаттағы биологиялық өнімдерді өндірістік жолмен алу және жаңа биотехнологиялық өнімдерді өңдеу; микроағза,өсімдік және жануарлар селекциясы.
1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары
Түліктердің кәсіптік қызмет объектісі болып табылады:
- ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық және ауылшаруашалық бағыттарындағы жоғары оқу орындары; тағамды және қайта өңдеу, микробиологиялық, фармацевтік өнеркәсіптік, өндірістік мекемелері мен зертханалары;
-ауыл шаруашалық мекемелері;
- ботаникалық және зоологиялық бақтар;
-өсімдіктерді қорғау станциялары;
-селекциялық станциялар;
- балық және аң өсіру зауыттары;
- ЖОО-лар, орта мектептер, гимназиялар, колледждер;
- экологиялық қызмет көрсету мекемелері;
- ауылшаруашылық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау зертханасы.
1.2.3. Кәсіби қызмет пәні
Биотехнологияда биотехнологиялық үдерістреді, биологиялық объектілер (микробтық, өсімдіктер, жануарлар), табиғи органикалық және бейорганикалық биологиялық белсенді заттарды қолдану мақсатында зерттеу.
1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері
5В070100-Биотехнология мамандығы бойынша техника мен технология бакалаврлар мынандай қызмет түрлерін атқара алады:
өндірістік-технологиялық;
селекциялық;
сервистік-эксплуатациялық;
монтаждық-жөндеушілік;
тәжірибелік-зерттеушілік.
1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
5В070100-Биотехнология мамандығы бойынша түлек келесі функционалдық міндеттерді орындауға дайын болуға тиіс:
-биотехнологиялық өнімдер өндірісін жүзіге асыру;
-биотехнологиялық өнімдер сапасын бақылау;
- биотехнология нысандарын өсіріндіде өсіру және биологиялық жүзіге асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;
- биотехнологиялық өндірістің жеке кезеңдерін ұйымдастыру.
1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
- микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар көмегімен биотехнологиялық үдерістерді жүзіге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ету;
- техноллогиялық режимдерді бұзбау үшін жағдайды қамтамасыз ету;
- биотехнологиялық өнімдердің технологиялық сипаттамаларын жақсарту және биотехноллогиялық өндірістің үдерістерінің тиімділігін арттыру үшін биотехнологиялық әдістер мен үдерістерді жетілдіру;
- биотехнологиялық үдерістерді жүзіге асыру үшін техникалық құжаттарды жасау.
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты
Болашақ мамандарда негізгі кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру, барлық кезеңдерде эксперимент жүргізу саласында студенттердің өзіндік ізденушілік-зерттеушілік іс-әрекеті үшін алғышарт құру; ғылыми-техникалық ақпараттармен жұмыс істеу, кәсіби іс-әрекет ету барысында отандық және шетелдік тәжірибелерді пайдалану, алынған ақпараттарды жинақтау және жүйелеу.
3. Негізгі құзыреттіліктер:
- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;
- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;
- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;
- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;
- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, биотехнология ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, биотехнология технологына қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, биотехнология саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;
- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
Модульдің атауы
|
Цикл және компонент
|
Пәннің коды
|
Пән атауы
|
Бақылау түрі
|
Семестр
|
Кредит көлемі
|
Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)
|
KZ
|
EСTS
|
Жалпы модульдер
|
Қоғамдық-коммуникативті
|
ЖББ/МК
|
KKZT1101
|
Қазақстанның қазіргі заман тарихы(МЕ)
|
eмтихан
|
1
|
3
|
5
|
Біліктілігі болуы тиіс: Қазақстанның қазіргі заман тарихтың басты және жалпы бағыттарын анықтау, негізгі көзқарастық ұғымдарды, ойлаудың категориялық аппараты мен танымның философиялық әдістерін менгеруге, шет тілдерін оқып, танысып, ізденіп, зерттей және шола оқыту дағдыларын қалыптастыруға, орыс тілін үйренушінің танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, жеңілден күрделіге қарай бағытталып, орыс тілін коммуникативтік-прагматикалық дәрежеде меңгеруге, заманауи ақпараттық технологияларды, ғылыми ақпараттың әдістерін тиімді қолдануға бағдарлау.
Білуі тиіс: Қазақстан территориясында болған тарихи оқиғаларды, іргелес-көршілес, нақты бір елдердегі халықтардың тарихымен өзара байланыстарын, әлемдік философиялық ойдың негізгі кезеңдерін, мектептері және ілімдерін, Отандық философияның, өткен және қазіргі заманғы танымал философтардың ойларын, белгілі бағдарламаның көлемінде оқытылатын тілдің коммуникативтік, фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын, орыс тілінің лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін, компьютерлік практика негіздерін.
Дағдылары болуы тиіс: тарихи материалға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының қазіргі территориясындағы адамзат қоғамының қалыптасу үрдісін ашуға, сонымен қатар тарихи оқиғаларды объективті түрде қарастыра отырып, адамзат қоғамы дамуының барлық қарама–қайшылығын анықтап беруге, танымның философиялық әдістерімен, ойлаудың категориялық аппаратымен әлемнің бейнесі құрылатын және сипатталатын негізгі көзқарастық ұғымдарды игеруге, дискурстық компонентке студенттердің тіл нормалары мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес етіп, қарым-қатынас және кәсіби әрекеттеріне мәтіндер мен ой-пікірлерді құрастыруға тіл құралдарын біліп, сөйлесім, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеруге, MS WINDOWS операциялық жүйесі, алгоритмдеу және бағдарламалау, MS WORD мәтін редакторы, MS EXSEL кестелік процессоры, MS ACCESS мәліметтер қоры, желілік технологиялардың негізгі концепциядары бағытындағы дағыдыларды меңгеруге.
Құзыретті болуы тиіс: оқыту барысында Қазақстанның қазіргі заман тарихтың түбегейлі мәселелерін және олардың қазіргі деңгейдегі ғылыми-зерттеулерін арқылы тарихи деректемелерді сараптай алуға, қазіргі заманғы мәселелрді шешуде философиялық тәсілдің дағдыларын пайдалануға, кәсіби қызмет барысында жаңашылдық ойлау тәсілдерін қолданып, үйренуге, сәйкес кәсіби қарым-қатынасты оның әр түрлі жұмыс істеу аясында жүзеге асыру қабілеті, сөйлеу іс-әрекетіне жауапкершілігі, шетел елінің мәдениетінің ерекшеліктерін, тіл иесінің басқа да құнды бағыттарын құрметтеуге; ойлау мәдениетін, шетел әлеуметтік-мәдени ақпаратты іздеу, талдау және өңдеу әдістерін және әдістемелерін, медиамәдениетін игеруге; шетел тіліндегі материалдарды меңгеру әдістемесін және оның кәсіби қызметтегі практикалық қолданысын қолдану қабілетіне, оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта Білуі тиісге; күрделі емес пікірсайысқа қатысып, өз ойын аргументтеуге, дәлелдей Білуі тиісге; өзінің кәсібі туралы әңгіме құра Білуі тиісге; өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп жеткізе алуы тиіс, қолданбалы есептерді талдау және шешу үшін компьютерлік сауаттылықты меңгеру; операциялық жүйелердің негізін Білуі тиіс; алгоритмдеу мен бағдарламалаудың теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру; мәтін құжаттарымен жұмыс істеу барысындағы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру; электрондық кестелермен жұмыс істеуді үйрету; мәліметтер қорымен жұмыс істеуге,
|
ЖББ/МК
|
Fil2102
|
Философия
|
eмтихан
|
4
|
3
|
5
|
ЖББ/МК
|
ShT1103
|
Шет тілі
|
eмтихан
|
1,2
|
6
|
11
|
ЖББ/МК
|
OT1104
|
Орыс тілі
|
емтихан
|
1,2
|
6
|
11
|
|
ЖББ/МК
|
AKT1105
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
|
емтихан
|
1
|
3
|
5
|
Жалпы модуль бойынша
|
|
|
|
|
|
21
|
37
|
|
Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану
|
ЖББ/ТК
|
Saya2106
Ale2106
ZhS2106
|
Саясаттану
Әлеуметтану
Жастар саясаты
|
eмтихан
|
3
|
3
|
5
|
Біліктілігі болуы тиіс: саясаттану, әлеуметтану пәніне тән арнайы даму зандылықтары мен заңдарын, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формаларын анықтауға, негізгі саяси және идеологиялық мектептерге, концепциялар мен бағыттарға бағдарлану, заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға, популяция және экожүйе құрылымдарын қарастыруға және биосфера және ноосфера туралы ілімді, табиғи ресурстар жүйесін және табиғатты тиімді пайдалану негіздерін игеру, азаматтық қорғаныс туралы негізгі анықтамаларды, әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың шығу көзі мен зардаптарын және олардын алдын алуды, ҚР тұрғындарын және аумақтарды бейбіт пен соғыс жағдайларында қорғау жүйесінің негізгі тәсілдерін меңгеруге, төтенше жағдайларда шешім қабылдауға, экологиялық білім негіздерін пайдалануға, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату, ҚР құқық негіздерін білуге, микроэкономикалық көріністегі ұтымды шаруашылықта шығынның төменділігін және пайданың жоғарылату мақсатындағы өзіндік бағалау білімдерін қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін түсінуге, жемқорлыққа қарсы заңдарды және заңға бағынышты актілерді тиімді пайдалануға, латын графикасын оқу, қазақ орфографисының негізгі заңдылықтарын түсіндіру және даму тарихын түсіндіру, қазақ орфографиясының негізгі принциптарымен танысу.
Білуі тиіс: саясаттанудың негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін, адам және азамат құқығын, әлеуметтанудың саяси-конституциялық құрылымының негіздерін, саяси ұғымдарды және әрекеттерді, саясаттану ілімінің ұлы ойшылдарын, экологияның негізгі заңдарын, экожүйе ішінде биотилік және абиотилік өзара тығыз байланыс болатынын, құтқару жұмыстарын жүргізуді, тыныс жолдарын қорғаудың дербес құралдарын және теріні қорғаудың қолда бар құралдарын пайдалануды, дәрігерге дейін алғашқы жәрдем көрсетуді, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын, жазудың пайда болуы және дамуы, жазудың реформасы, казақ орфографисының пайда болу тарихы, қазақ орфографисының принцыптары, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері, сөздіктер түрі, сөзідіктердің негізгі функциялары.
Дағдылары болуы тиіс: саясия және әлеуметтік ғылымдардың жіктелуін, бірігуін, гуманизациясын және зерттеу әдістерін меңгеруге, лтың графикасы негізінде қазақ тілінің орфографиялық заңдылықтарын менгеру курсты оқу барысында саяси талдау және жобалау, саяси механизмдерді және мемлекет саясатының қалыптасу технологиясын меңгеруге, экологиялық қауіпсіздіктің, сондай-ақ, өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайында, төтенше жағдайда әдеттегідей әрекет етудің тиісті нормалары мен талаптарын орындау, құқықтық құбылыстарды дербес талдау қазақ тілінің заңдылықтарын фонетикалық және лексикалық деңгейде байланыстырып білу.
Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға, өзінің кәсіби жұмысында латың графикасы негізінде қазақ орфографисының заңдылықтарын қолдану.
|
ЖББ/ТК
|
ETD1107
TKN1107
|
Экология және тұрақты даму
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Латын графикасы
|
eмтихан
|
2
|
2
|
4
|
ЖББ/ТК
|
KN1108
EN1108
|
Құқық негіздері
Экономика негіздері
|
eмтихан
|
2
|
2
|
4
|
Жалпы модуль бойынша
|
|
|
|
|
|
7
|
13
|
|
Мамандық бойынша міндетті модульдер
|
Физикалық-химиялық
|
БП/МК
|
Fiz1201
|
Физика
|
eмтихан
|
1
|
3
|
5
|
Біліктілігі болуы тиіс: биотехнология есептерін шешу үшін физикалық аппаратты қолдануға, химиялық сынақ-тәжірибелерді өткізуге, биотехнологияда қолданылатын құрал-жабдық пен құрылғылармен жұмыс істегенде матиматикалық есептерді талдауға.
Білуі тиіс: негізгі терминдер, теоремалар, ережелер мен физикалық термодинамика; электродинамика; геометриялық және толқындық оптика; атом мен атом ядросының физикасы негіздерін. әдістерді математикалық және жаратылыстану-қолданбалы есептерді шешу үшін қолдануды, химияның негізгі категорияларын, химиялық репкцияларды басқаратын заңдылықтарды, классикалық механика, матиматикалық әдістерді математикалық және жаратылыстану-қолданбалы есептерді шешу үшін қолдануды. Дағдылары болуы тиіс: ерітінді, қоретік орта жасауға бойынша есептерді шешу үшін пропорция құрастыру және сынақ-тәжірибенің алгоритмдерін жасауға, химиялық жабдықтармен жұмыс істеу және химиялық сынақ-тәжірибені өткізуге, физикалық құбылыстардың математикалық модельдерін құрастыру және қажетті анықтамалар мен оқу әдебиетін қолдану.
Құзыретті болуы тиіс: биотехнология есептерін шешу үшін математикалық аппаратты қолдануда, химия саласында тәжірибелік әдістерге ие болуға, физикалық үдерістердің өтудің негізгі заңдылықтары және қоршаған ортаның физикалық кейпі бойынша білім көрсетуге.
|
БП/МК
|
BAH1202
|
Бейорганикалық және аналитикалық химия
|
eмтихан
|
2
|
5
|
9
|
БП/МК
|
Mat1203
|
Матиматика
|
eмтихан
|
1
|
3
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы модуль бойынша
|
|
|
|
|
|
8
|
16
|
|
Биотехнология нысандары
|
БП/МК
|
BN1204
|
Биотехнология нысандары
|
eмтихан
|
2
|
3
|
5
|
Біліктілігі болуы тиіс: бактерия өсіріндісін егуге, материаалды алуға; бактерияның өсірінділік, кейбір биохимиялық қасиеттерін анықтауға; гербарийлік материал бойынша өсімдіктердің систематикалық орнын анықтауға, морфо-анатомиялық зерттеулерді жүргізуге, міндеттерді анықтап, нәтижеге жету үшін оптималды әдістерді қолдануға, биотехнологиядағы міндеттерді анықтап, нәтижеге жету үшін оптималды әдістерді қолдануға, биологиялық ресурстардың заңды түрде қорғалу жолдарын жаңа көзқарастағы эволюциялық теорияның негіздерін, жануарлар жасушаларында гендерді клондау үшін белгілі бір векторларды қолдану мүмкіндіктерін анықтауға, дәрілік құралдарды жеткізу үшін моноклонды антиденелерді қолдану мүмкіндіктерін, сүтқоректілердің жасушаларының өсіріндісін алу жолдарын анықтауға..
Білуі тиіс: бактерия жасушасының құрылысын; таза өсіріндіні алу әдістерін; қоректік ортаны дайындау әдістерін; негізгі өсірінділік, биохимиялық қасиеттерін, өсімдіктер жасушалары мен ұлпаларының құрылымын, өсімдіктер систематикасының негізгі таксондарын, уақытша гистологиялық препараты дайындау үшін материал дайындауға, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының өсірінділерін және олардың метаболизм ерекшеліктерін, эволюция теорияларын, биологиялық ресурстардың негіздерін, биотехнологиялық үдерістерде қолдану үшін вирусты және вирусты емес клондаушы векторларды, оларды жануарлар жасушаларына тасымалдау механизмдерін.
Дағдылары болуы тиіс: биотехнологиялық және биохимиялық материалдың жұмыс істеуге, бактериялар мен саңырауқұлақтармен жұмыс істеуге, кезеңдерге байланысты эволюциялық өзгерістерді бағалау, биологиялық қорлардың қорғалу мәселелерін айқындау, омыртқасыздардың жіктелуі мен жер бетіндегі таралу аймақтарын бағалау.
Құзыретті болуы тиіс: биологиялық үлгілердің микробиологиялық талдауын жоспарлап, жүргізгенде алған білімдерін көрсету; дипломдық жұмыс жазғанда немесе болашақ тәжірибелік іс-әрекетінде алған білімдерін қолдануға, ботаника саласында алған білімді көрсету, өсімдіктерді анықтау бойынша дағдыларды тәжірибеде қолдануға, цитологиялық зерттеулерді жүргізгенде алған білімдерді қолдануға; дипломдық жұмыс жазғанда немесе болашақ тәжірибелік іс-әрекетінде алған білімдерін көрсетуге, биотехнология міндеттерін шешу үшін ағзалар мен биомолекулалар туралы білімді көрсетуге мал шаруашылығында биотехнологиялық үдерістерді қолдану бойынша білімдерді көрсетуге.
|
БП/МК
|
Bio2205
|
Биохимия
|
eмтихан
|
3
|
2
|
4
|
БП/ТК
|
OS2208
Bot2208
|
Өсімдіктер систематикасы
Ботаника
|
eмтихан
|
3
|
4
|
7
|
БП/ТК
|
BR2209
ET2209
|
Биологиялық ресурстар
Эволюция теориясы
|
eмтихан
|
4
|
4
|
7
|
ПП/ТК
|
ZhB2210
SZhO2210
|
Жануарлар биотехнологиясы
Сүтқоректілер жасушаларының өсіріндісі
|
eмтихан
|
6
|
3
|
5
|
Жалпы модуль бойынша
|
|
|
|
|
|
19
|
34
|
|
Кәсіби тілдер және жобалау
|
БП/МК
|
KOT2206
|
Кәсіби орыс тілі
|
eмтихан
|
3
|
2
|
4
|
Біліктілігі болуы тиіс: орыс тілін кәсіби үйренушінің танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, жеңілден күрделіге қарай кәсіби бағытталып, орыс тілін коммуникативтік-прагматикалық дәрежеде меңгеруге, белгілі бір тақырыптың шегінде анық айтылған негізгі ережелерді түсіну, таныс тақырыпқа өзінің пікірін айту, өзінің жеке әсерлерін, оқиғаларын сипаттау, қысқаша негіздеу және өзінің көзқарасын және ниетін түсіндіру, нақты жағдайды (ситуацияны) талдау кезінде экономикалық сипаттау проблемаларын анықтау, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату, жаһандану болашағы және жобалау жұмыстарының заманауи перспективті мәселелерін меңгеруге, жаңа қоғамдағы биотехнологиялық жобалау міселесінің алатын орны, оны жан-жақты талдау.
Білуі тиіс: орыс тілінің лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін, күрделі емес мәтіндердің негізгі идеясын, таныс тақырыпқа байланысты мәтіндерді, экономика қызметінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын, жаһандану болашағы және жобалау жұмыстарының халықаралық деңгейдегі алатын орнын ажырату, мемлекет деңгейіндегі биотехнологиялық жобалау шаралары саясатын.
Дағдылары болуы тиіс: конвергентті мен дивергентті үдерістерді анықтауға, сөйлесім, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеруге, тіл оқитын елдердегі көпшілік жағдайда туындайтын қарым-қатынастар, микро, макроэкономикалық және құқықтық құбылыстарды дербес талдау, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта шешімдер қабылдау, жобалау үрдістерін жаңа талаптарға сай жоспарлау.
Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.
Білікті болуы: Қазақстан қоғамының жаңғыру процесін зерттеу барысында пайда болатын мәселелердің тиімді шешімін таба білу; Қазақстан қоғамы жаңғыруының өзекті мәселелерін түсіну үшін тиісті кәсіби бағыттылыққа байланысты білімін қолдана білуі; Қазақстан қоғамы жаңғыруы процесін талдау және зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білуі; көзқарастық сипаттағы білімнің негізінде қазіргі заманғы әлеуметтік практиканың шындықтарын ұғыну және талдай білу.
Білу: әлеуметтік жаңғыру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана жаңғыруымен байланысты бағдарламалық құжаттарды, әлеуметтік жаңғыру процесстерін сипаттаудың жаңа заманғы эпистемологиялық модельдерін білу.
Дағдысы: ойлау мәдениетін игеру мен сапалы кәсіби білімді талап ететін әлеуметтік жобалау саласындағы дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; Қазақстан қоғамы жаңғыруы процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу.
Құзіреттілігі: алатын білімдеріне тұлғалық қатынасын көрсете білуі, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, тұжырым жасай білу, оңтайлы және объективті шешімдер қабылдай білу, айрықша белгісіне динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғарғы мобильділік, инновацияларға қабілеттілік пен сыншылдық жататын ашық, демократиялық, құқықтық қоғамды құруға белсенді түрде қатыса білу қабілеттілігі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |