Модуль 3
Модульдің атауы және шифры
|
Кәсіби тілдер және жобалау, МММ -3
|
Модульға жауапты
|
Айтбаева Б.М., Хусаинова Ж.С., Ауельбекова А.К.
|
Модуль түрі
|
Мамандық бойынша міндетті модульдер
|
Модуль деңгейі
|
ВА
|
Аптадағы сағат саны
|
3 семестр-4, 5 семестр-4.
|
Несие саны
|
8
|
Оқу түрі
|
Күндізгі
|
Семестрі
|
3,5
|
Білім алушылар саны
|
50
|
Модульдің пререквизиттері
|
Шетел тілі, қазақ тілі
|
Модульдің мазмұны
|
Студент мамандығының пәндік саласында сөйлеу әрекеттерінің іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Оқытылатын шетел тіліндегі базалық категориялылық-түсініктеме аппараты және кәсіби шет тілдік терминология.
Кәсіби-бағытталған шетел тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Шетел тілінде мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының сипаттамасы. Арнайы кәсіби- бағытталған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда қолдану.
Студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру, әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала Білуі тиіс дағдысын қалыптастыру, қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана Білуі тиісге үйрету, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра Білуі тиісге үйрету.
|
Оқу нәтижесі
|
Пәндік құзіреттілік: Өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза Білуі тиісі, теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне Білуі тиісі, монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне Білуі тиісі, аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана Білуі тиісі тиіс.
Пәннен тыс құзіреттілік: Студент берілген деңгей негізінде коммуникативтік тапсырмаларды орындай алу, тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну, ғылыми еңбектерді оқып баяндай Білуі тиіс, мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алу, өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіру, өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай Білуі тиісі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Eмтихан
|
Несиелер алу шарттары
|
Мазмұндама, сөздік диктант, жоба қорғау, коллоквиум, шығармашылық жұмыс
|
Модульдің ұзақтығы
|
1 семестр
|
Әдебиеттер
|
1. Кәсіби қазақ тілі. Қожабаева Х.Ш. Астана, 2010
2. Кәсіби қазақ тілі. Ақжанова А.К. Астана, 2010
3. Қазақ тілі. Бозбаева А.Т. Астана, 2010
4. Ресми-іскери қазақ тілі. Д.Х.Ақанова,А. М.Алдашева, З.Қ. Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова. Алматы, 2007
5. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2011
6. Chris Redston and Gillie Cunningham, Face to face, Pre-intermediate. Student’s book and Work book: Cambridge University Press, 2011
7. Chris Redston and Gillie Cunningham, Face to face, Intermediate. Student’s book and Work book: Cambridge University Press, 2011.
8. Philip Kerr, Straightforward, Pre-intermediate. Student’s book and Work book: Macmillan, 2010.
|
Жаңартылған күні
|
31.08.2017ж.
|
Модуль 4
Модульдің атауы және шифры
|
Физикалық-химиялық, ЖММ-4
|
Модульға жауапты
|
Сыздыкова Н.К., Мерхатұлы Н., Кудусов А.С.
|
Модуль түрі
|
Мамандық бойынша міндетті модульдер
|
Модуль деңгейі
|
ВА
|
Аптадағы сағат саны
|
1 семестр-9, 2 семестр-3.
|
Несие саны
|
11
|
Оқу түрі
|
Күндізгі
|
Семестрі
|
1,2
|
Білім алушылар саны
|
50
|
Модульдің пререквизиттері
|
Мектептік пәндер курсы
|
Модульдің мазмұны
|
Математика. Аналитикалық геометрия мен тізбекті алгебра элементтері, бір немесе көптеген айнымалы шама функцияларын дифференциалды есептеу, дифференциалды теңдеулер, қатарлар теориясы, ықтималдық теориясы мен математикалық статистика элементтері.
Химия. Тіршілік құрылысының деңгейлері, жасушаның құрылымы мен химиялық құрамы. Атомдық-молекулалық ілім. Атом құрылымы мен периодтық заң. Химиялық байланыс. Кешендік қосылыстар. Термохимия және термодинамика. Химиялық үдеріс бағыты. Химиялық тепе-теңдік. Сұйық күй. Сұйық ерітінділер. Тотығу-тотықсыздану реакцииялары.
Физика. Классикалық механика; молекулалық физика мен термодинамика; электродинамика; геометриялық және толқындық оптика; атом мен атом ядросының физикасының заманауй модельдері.
|
Оқу нәтижесі
|
Пәндік құзыреттілік: заманауи математиканың әдістері, биологиялық макромолекулалар құрылысы туралы түсінік, химиялық үдерістерді басқаратын заңдылықтар.
Пәннен тыс құзыреттілік: қолданбалы міндетерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, зертханада жұмыс істеу, химиялық сынақ-әжірибені жүргізу дағдылары.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Eмтихан
|
Несиелер алу шарттары
|
Реферат жазу, аралық бақылау, жазбаша және ауызша жауаптар, бакылау жұмыстары, есеп шығару
|
Модульдің ұзақтығы
|
2 семестр
|
Әдебиеттер
|
1. Бруис П.Ю.Органикалық химия негіздері: оқулық/ П.Ю. Бруис; П. Ю. Бруис. - Алматы: Полиграфкомбинат. - 2013.
2. Кенжетаева С. О. Органикалық химияның теориялық негіздері: оқу құралы/ С. О. Кенжетаева, М. Ж. Буркеев; ҚарМУ. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. - 183 б..
|
Жаңартылған күні
|
31.08.2017ж.
|
Модуль 5
Модульдің атауы және шифры
|
Биотехнология нысандары, МММ-5
|
Модульға жауапты
|
Ауельбекова А.К.
|
Модуль түрі
|
Мамандық бойынша міндетті модуль
|
Модуль деңгейі
|
BA
|
Аптадағы сағат саны
|
1 семестр - 1, 3 семестр-3, 4 семестр-1
|
Несие саны
|
17
|
Оқу түрі
|
Күндізгі
|
Семестрі
|
1,3,4
|
Білім алушылар саны
|
50
|
Модульдің пререквизиттері
|
Химия, физика
|
Модульдің мазмұны
|
Биотехнология нысандары биотехнологияда қолданылатын ағзалар мен биомолекулалар. Әртүрлі ағзалардың химиялық құрылысы, энергия айналу жолдары, функционалды ерекшіліктері және оларды биотехнологиялық үдерістерде қолдану мүмкіндіктері. Ағзалардың метаболизмдік және физиологиялық айырмашылықтарын қолданбалы міндететрді шешу үшін қолдану.
Биохимия ағзаларда жүретін биохимиялық процестерді және олардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін химиялық байланыстарды қарастырады.
Ботаника өсімдіктердің вегетативтік, генеративтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыстық ерекшеліктерін, жеке өсімдіктердің мүшелерінің құрылысының, олардың атқаратын қызметімен байласты екендігін студенттерге таныстырып үйрету және кейбір ерекшеліктердің тарихи даму барысындағы жетілуіне мән беріп оқыту. Әр түрлі систематикалық топтардың өсімдіктерін, олардың шығу тегін, туыстық байланыстарын, таралуын, экологиясын, әртүрлі фитоценоздар мен өсімдіктер бірлестіктерінің түзілуіндегі ролін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қарастырады.
Эволюция теориясы органикалық дүниенің даму тарихы мен эволюция процесіні зерттейтін ілім. Эволюциялық көзқарастардың дамуын, эволюция процесінің дәлелдемелерін қазіргі палентологиялық зерттеу әдістеріне сүйенеді.
Биологиялық ресурстар курсы студенттерді өсімдік, саңырауқұлақ және жануарлар ресурстарының жалпы сипаттамасымен; орман, жайылымдық, батпақ, суқоймалары және синантропты өсімдіктер ресурстарымен;шаруашылыққа пайдалы өсімдіктер , жануарлардың негізгі топтарымен; флора мен фаунаның заманауи ресурстарын анықтау әдістерімен; оларды дұрыс қолдану мен қорғаау ережелерімен таныстыру. Мамандарды даярлау флора, өсімдіктер мен фауна; олардың генетикалық құрылымы (аборигенді, жабайы болып бара жатқан, жабайы және енген түрлер), заманауи ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыруды қажет етеді.
Жануарлар биотехнологиясы жануарлар ағзасындағы физиологиялық процесстерді, ағза мүшелері мен жүйелерінің қызмет ету негіздерін, ағза қызметтерінің біртұтастығын, құрылымын, құрылысын және ағзасының жеке мүшелері мен жүйелерінің физиологиясын қарастырады.
Сүтқоректілер жасушаларының өсіріндісі жануарлар ағзасының түрлі функционалдық жүйесін, олардың динамикалық және функционалдық байланысын есепке ала отырып оқытады.
|
Оқу нәтижесі
|
Пәндік құзыреттілік: биотехнология міндеттерін шешу үшін ағзалар мен биомолекулалар туралы білім.
Пәннен жоғары құзыреттілік: ғылыми және оқу әдебиеттермен жұмыс істеу
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Eмтихан
|
Несиелер алу шарттары
|
Реферат жазу, аралық бақылау, жазбаша және ауызша жауаптар, бақылау жұмыстар
|
Модульдің ұзақтығы
|
2 семестр
|
Әдебиеттер
|
1. Әлмағамбетов Қ. Х. Биотехнология негіздері: ғылыми басылым. - Астана: ҚР БҒМ Респ. микроорганизмдер коллекциясы, 2007. - 204 б
2. Аубакиров Х. Ә. Биотехнология: оқулық. - Алматы : Дәуір, 2011. - 367 б.
3. Кенжебаева С. С. Биотехнологиядағы қазіргі әдістер: оқу құралы. Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2011. - 209 б
4. Глейзер А. Н., Х. Никайдо. Микроағзалық биотехнология: қолданбалы микробиологияның негізгі қағидалары [Мєтін] : оқулық.- Алматы : Дәуір, 2013. - 715 б
5. Еленевский А. Г. Ботаника: систематика высших, или наземных, растений: учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений, обуч. по спец. "Биология" / А. Г. Еленевский, М. П. Соловьева, В. Н. Тихомиров. - 2-е изд., испр. - М. : Academіa, 2007. - 429 с.
6. Яблоков А. В. Эволюционное учение: учеб. для студ. биолог. спец. вузов / А. В. Яблоков, А. Г. Юсуфов. - Изд. 6-е, испр. - М. : Высш. шк., 2007. - 310 с.
7. Кнорре Д.Г., Мызина С.Д. Биологическая химия. - М.: Высшая школа, 2007. - 479с.
8. Биотехнология животных: учебник для ВУЗов/Джамалова Г.А.- Алматы «Маматай»: 2007.- 304 с.
|
Жаңартылған күні
|
31.08.2017ж.
|
Модуль 6
Модульдің атауы және шифры
|
Ағзалар физиологиясы, МТМ-6
|
Модульға жауапты
|
Ауельбекова А.К., Тыкежанова Г.М.
|
Модуль түрі
|
Мамандық бойынша таңдау модульдері
|
Модуль деңгейі
|
ВА
|
Аптадағы сағат саны
|
2 семестр-1, 4 семестр-1, 6 семестр-2
|
Несие саны
|
13
|
Оқу түрі
|
Күндізгі
|
Семестрі
|
2,4,6
|
Білім алушылар саны
|
50
|
Модульдің пререквизиттері
|
Тіршілік қауіпсіздегі негіздері, ботаника, цитология және гистология
|
Модульдің мазмұны
|
Өсімдіктер физиологиясы: физиологиялық үдерістер – транспирация, минералдық заттардың түсуі мен жылжуы, өсімдіктердің өсуі мен дамуы, фотосинтез, өсімдіктердегі физиологиялық үдерістердің сандық және сапалық талдауы. Өсімдіктер алмасуының реттелуі: физиологиялық үдерістер – транспирация, минералдық заттардың түсуі мен жылжуы, өсімдіктердің өсуі мен дамуы, фотосинтез, өсімдіктердегі физиологиялық үдерістердің сандық және сапалық талдауы. Жануарлар физиологиясы: жеке мүшелер мен жүйелердің құрылымы, функциялары. Жануарлар ағзаларында өтетін физиологиялық үдерістер. Адам физиологиясы: жеке мүшелер мен жүйелердің құрылымы, функциялары. Адам ағзасында өтетін физиологиялық үдерістер. Анатомия человека: жеке мүшелер мен жүйлердің – қан айналу, ас қорыту, тыныс алу, жүйке, жыныстық құрылымы. Адам денесінің құрылымында себеп-салдар байланысы. Жас ерекшілік физиологиясы: онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде тіршілік етудің ерекшіліктері, ағзаның өсуі мен дамуы барысында оның және мүше жүйелерінің функциялары.
|
Оқу нәтижесі
|
Пәндік құзіреттілік: физиологиялық үдерістер мен қоршаған орта жағдайлары арасында себеп-салдар байланысын анықтауға дағдыларды қалыптастыру.
Пәннен тыс құзіреттілік: заманауи әдістерді қолдана отырып, қолданбалы мігндетерді қойып шешімін табуды, зерттеу нәтижелерін құжатға енгізуді үйрену.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Емтихан
|
Несиелер алу шарттары
|
Реферат, аралық бақылау, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстарын тапсыру
|
Модульдің ұзақтығы
|
2 семестра
|
Әдебиеттер
|
1. С. Төлеуханов, Н. Торманов. Адам физиологиясы: оқулық.. - Алматы : Қазақ университеті , 2010. - 364 б.
2. Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы: оқулық - Алматы : Арыс, 2009. - 236б.
3. А.Г. Хрипкова Физиология и гигиена детей и подростков. – М.: Высшая школа, 2008. – 223 с.
4. Сағатов К.С. Өсімдіктер физиологиясы [Мєтін] : оқулық.. - Алматы : Ғылым, 2002. – 315 б.
5. Ж. Қалекенұлы. Өсімдіктер физиологиясы: оқулық. - Алматы : Дәуір, 2014. - 454 б
|
Жаңартылған күні
|
31.08.2017ж.
| Достарыңызбен бөлісу: |