Мұғалімнің кәсіби мәдениеті
Педагогикалық (кәсібилік)
|
Моральдық- этикалық
|
Психологиялық
|
Жеке тұлғалық
|
Ұйымдастыру- шылық
Білімнің тереңдігі
Ғылыми білім
Дарындылық
Шығармашылық
Зерттеушілік
|
Адамгершілік
Ақиқатқа құштарлық
Мейірімділік
Қарапайым- дылық
Жауапкершілік
|
Мінезі
Ерік күші
Ұстамдылық
Тұрақтылық
Темперамент
Эмоционалдық
|
Сыртқы келбеті
Киім киісі
Жүріс-тұрысы
Сөйлеу мәдениеті
Әдептілік
|
Сурет-68. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті
Басшының этикасы, жалпы адами адамгершілік талаптармен негізгі басқарушылық қағидаттарды (кәсіптік) біріктірудің қажеттілігінен тұрады. Бұл, сондай-ақ, басқарушының адамдар, тұлға және топ пен ұжымның, ұжымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың мәнісін және негізгі нормаларын білуді көздейді. Қызметтік этика, басқарушылық қызметтерді іске асыру процесіндегі адамдардың өзара қарым-қатынастарына тікелей қатысы бар тәртіп нормаларына көңіл бөледі. Осылайша, қызметтік этика басшыға оған қол астындағы адамдармен қатынаста әділ, талапшыл, сонымен қатар, шыдамды,
әдепті, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру жөнінде қамқорлық көрсетуді ұсынады.
Кәсіби этиканың нормаларына қатынастың жоғары мәдениеттілігіне сәйкес келетін белгілер жатады. Бұл басшының құзыреттілігімен қатар, өзінің мамандығында оның беделін қалыптастырады және қолдап отырады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, басшы уақытының көп бөлігі орындаушымен, сондай-ақ жоғарғы және төменгі жақта отырған басшылармен қатынасқа кетеді. Әдетте, бұл нормаларға жататындары:
басшының қол астындағы адамдарымен, жұмыс бабындағы әріптестерімен қатынасының демократиялығы;
оның қолжетімділігі, ұқыптылығы;
жолдастық сенім атмосферасын жасай білуі;
өз сөзіне қатысты нақтылығы мен жауапкершілігі жатады.
Жинақылық, ұқыптылық және нақтылық сияқты сыртқы сипаттамалар да белгілі мәнге ие. Басшының сыртқы тәртіп жоспары мен ішкі адамгершілік мақсаты сай келгенде, біршама басқарушылық нәтижеге жетуге болады.
Басшының қолжетімділігі, қол астындағы адамдармен жиі байланысуға тырысуы оның беделіне оң әсерін тигізеді, оған деген сенімділік деңгейін көтереді.
Егер басшының қызметін адамдармен өзара іс-әрекет саласында деп қарастырсақ, онда қызметкерлер құрамын басқару саласының зерттеушілерімен, үш топқа біріктірілген, менеджер құзыреттілігінің 11 негізгі саласы берілген:
Достарыңызбен бөлісу: |