Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сурет-69. Менеджердің этикасы



жүктеу 4,42 Mb.
бет199/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сурет-69. Менеджердің этикасы


Басқару стилінің жіктемесі психологиялық әдебиетте, менеджмент жөніндегі басылымдарда, педагогикалық басқарудакең таралған. Оның авторы негізгі үш стильді: өктемшіл, демократиялық және бетімен жіберуді (либералдық) белгілеп берген Курт Левин болды.


Басшылық стиль – бұл басшының өзінің қарамағындағылармен қарым- қатынас жасау әрекеті. Жалпы басшылық стилінің 3 түрін бөліп қарастыруға болады: авторитарлық; либералдық; демократиялық (жариялылық).
Авторитарлық (өктемшіл) стиль: басшының жеке басының үстемдігіне негізделген басшылық, басшы әрбір қарамағындағылардың іс- әрекетін тек өзі анықтайды, ал қарамағындағылар оны бұлжытпай орындауға міндетті.
Өктемшіл стильге басшының барлық шешімдерді жеке қабылдауы, сол сияқты жұмыскерді жеке адам ретінде елемеуі тән. Басшы қол астындағы адамдарды, кәсіпорынның иерархиялық ұйымынан туындайтын олардың бұлжытпай бағынуын күтіп, өзінің заңды билігінің күшімен басқарады.
Басшы өзі қол астындағылар алдында негізсіз мақсаттар белгілейді, тапсырмаларды бөліп береді, олардың орындалуын қатаң бақылайды. Бұл өзін қол астындағы адамдармен салыстырғанда анағұрлым құзыретті, өзінің ұйымдастырушылық мақсаттары мен оларға жетудің жолдарын жақсы түсінген деген сенімге негізделген. Алайда іс жүзінде бұлар мүлде басқаша болады. Бастықтың шешімі қол астындағылардың бұлжытпай орындауы тиіс болатын бұйрықтар, директивалар түрінде көрінеді. Бағынбаған жағдайда әртүрлі жаза қолдануға дейін жүгінеді. Қызметкерлерге сыйақы беру мен жазалау басшының өз бетімен, бағалаудың қандай да бір нақты, анық жасалған көрсеткіштерінсіз шешіледі, оған қоса бұл туралы қызметкерлерді алдын-ала құлақтандыру белгіленбейді. Сонымен бірге, қызметкерлерге ұйым қызметінің басқа да бағыттары бойынша жалпы жағдай туралы тек аздаған ғана ақпарат беріледі.
Демократиялық (жариялылық) стиль: басшылық бөлінеді, басшылыққа педагогтар да қатыстырылады, жауапкершілік бөлінеді.
Осы стильдерді бөліп көрсетудің басты ерекшелігіне басқарушылық шешімдерін қабылдау және басшының қол астындағы адамдарға қатысы ықпал етті.
Өктемшіл стильге қарағанда, басқарудың демократиялық стилі, басшының ұжымдық шешімдер жасауға тырысуы, адами қатынастардың маңызды екендігін түсінуімен сипатталады. Басшы қызметкерлермен бірлесіп ұйымның мақсаттарын және топ мүшелерінің жеке талап-тілектерімен келіседі, жұмыстарды бөліседі. Қызметкерлердің қызметін бақылау кезінде және оларды бағалауда ол объективті, бәрі білетін белгілерді басшылыққа алады, қол астындағы адамдарға қажетті көмектерін көрсетеді. Олардың мүмкіндіктерін арттыруға тырысып өндірістік міндеттерді, кәсіби құзыреттіліктерін өз бетімен шешеді, қажетті жеке қасиеттерін дамытады, оларға өкілеттіктерін табыстайды. Мұндай басшыны адамдарға үйірлігінен, сын көзбен қарау, өзін-өзі бақылау және қол астындағы адамдармен тең түрде ұстауынан ажыратуға болады.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау