Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет172/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

    Навигация по данной странице:
  • Жылан»
«Трамплин» мансабы басшылар және мамандардың арасында кең тараған. Жұмысшының өмірлік жолы қызмет баспалдағымен ұзақ көтерілуден тұрады, мұнда оның ішкі әлеуеті, білімі, тәжірибесі және кәсіби біліктілігі өседі. Лауазымдары күрделі және жақсы төленетіндерге ауысады. Белгілі мерзімде жұмысшы ең жоғары лауазымды алып, сонда ұзақ уақыт тұрақталуды қалайды.
«Жылан» мансап моделі басшы және маман үшін жарайды. Бұл жұмысшының бір лауазымнан екіншісіне дейін аз уақыттан кейін ауыстыру барысында орын алады (1-2 жыл). Мысалы, мұғалім жалпы орта білім беретін мектепте жұмыс жасағаннан кейін пән бірлестік жетекшісі, жоғары санатты мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, содан кейін директор лауазымына ауысады. Бұл мұғалімге жоғары лауазымда жұмыс жасау үшін басқарудың белгілі функцияларын зерттеуге мүмкіндік береді. Директор болу алдында басшы директордың орынбасары болады және іс-әрекеттің бүкіл бөлімшелерін зерттейді.

Менеджменттің құралдары мен әдістері


Менеджменттің негізгі құралдары төмендегідей:

  1. Алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау: соңғы күтілетін нәтижені білу.

  2. Ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету, бұл міндеттерді орындаудың операцияларын жете білу.

  3. Мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау.

  4. Істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді анықтау.

  5. Жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әр қайсысының міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтау.

  6. Жұмысты орындаушыларды жұмысты бастар алдында, жұмыс барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?»,«Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген сұрақтарға жауап беретіндей нұсқаулармен қаруландыру.

Әрбір адам шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасалуы қажет. Ғылыми іс-тәжірибе көрсеткендей, адамдарды басқару, адами орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға деген сенім.
Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары бойынша шынайы диагностикалық мәліметтер алу үшін ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін, оқушы әрекетінің өнімін зерттеуді, сауалнаманы, сабақты, оқу мен оқудан тыс әрекеттің басқа да түрлерін талдау мен өз бетінше талдауды, бақылауды, әңгімелесуді, социометриялық талдауды, әртүрлі диагностикалық карталар толтыруды, тестілерді, т.с.с. кешенді түрде пайдалану қажет.
Педагогикалық зерттеу әдістерімен алынған мәліметтер салыстырмалы түрде талдануы маңызды, яғни уақыт жағынан бөлек нәтижелерді салыстыру керек. Бұл шартты орындауда диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті әртүрлі кезеңдерінде жөнге келтіруге, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, мұғалімнің жұмыс жоспарларының барлық түрлерін түзетуге негіз болып табылады. Педагогикалық процестің сипаттамаларын зерттеп, мектеп әкімшілігі мен педагогтар ұжымы оқу-тәрбие процесінің қызметі мен жай-күйін өзгертуге бағытталған тиісті басқару шешімдерін әзірлеу үшін ақпаратты іріктейді.
Педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қазіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет.
Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелділігін қамтамасыз етеді (5-сурет).
Диагностикалық мәліметтер педагогикалық процесті басқаруға, мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау