Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет170/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

ынталандыру – шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру, жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау;

  • қадағалау – талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру ( 61-сурет).

  • Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі топқа бөліп қарастыруға болады:

  • 1) ұйымдастыру-бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс- әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау және т.б.);

  • 2) басқарушылар іс-әрекеттері (мақсатты айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау).



    Ынталандыру


    Ұйымдастыру






    Сурет-61. Басқарудың негізгі қызметтері


    62-суретте басқарудың жалпы және нақты қызметтері ашылды.








    Сурет-4. Басқарудың жалпы және нақты қызметтері
    Сурет-62. Менеджменттің жалпы қызметтері


    Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады.


    Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның негізгi мағынасы сол қалпында сақталады (23- кесте).


    Кесте 23- Мектепшілік бақылау әдістері




    Бақылау әдістері



    Бақылау объектілері

    Пән мұғалімі

    Сынып жетекшісі

    Оқушылар

    Ата-аналар

    1

    Бақылау

    +

    +

    +

    +

    2

    Мектеп құжаттарының зерттелуі

    Сынып журналдар, күнтізбелік жоспарлар, күнделікті
    сабақ жоспары

    Тәрбие жұмысының жоспары, сынып журналы

    Дәптерлер, күнделіктер

    -


    3

    Әңгімелесу

    +

    +

    +

    +

    4

    Хронометраж
    жүргізу

    +

    +

    +

    +

    5

    Бақылау жұмыстарын, ауызша сұрауларды
    ұйымдастыру

    -


    -


    +


    -


    6

    Анкета жүргізу

    +

    +

    +

    +

    7

    Қорытынды
    аттестациялау

    +

    +

    +

    +

    8

    Мемлекеттік және сыныптан-сыныпқа
    көшу емтихандары

    -

    -

    +

    -

    9

    Олимпиада, байқау, конкурстар

    -


    -


    +


    -


    10

    Диагностикалық әдістер-тестілеу, математикалық, статистикалық әдістер, «қиынды» алу, бақылау жұмыстарын алу

    +

    +

    +

    -

    Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

    1. педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, біліктілік санаттары мен атақ- дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);

    2. әкімшілік-ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);

    3. психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (жанға-жайлы, оңтайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдарымен таныстыру);

    4. қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);

    5. қоғамдық ықпал әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау).



    Білім беру жүйесіндегі менеджменттің ерекшеліктері мен инфрақұрылымы. Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тәрбие беру мекемелерінің педагогикалық жүйесін әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

    1. Дидактикалық. Бұл жүйе өз ішіне сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультатив дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау әдістемелерін) өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды.

    2. Тәрбиелік.Үлкен жүйе бола тұрып, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстары, отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және өзіндік тәрбие жүйешелерінен құралады.

    3. Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзін-өзі басқару, әртүрлі іс-әрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер).

    4. Мектептің әкімшілік жүйесі. Оқу процесін басқару, тәрбиелік жұмыстарға жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып жүру жүйешелерінен құралады.

    Әкімшілік жүйенің қажеттілігі – дидактикалық, тәрбиелік, материалдық- техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйеге келтіру мақсатынан.
    Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс- әрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді (комплексті) әрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.

    жүктеу 4,42 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   260




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау