Қазақстан республикасы білім және ғылым


Кесте 18- Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мен даму кезеңдері



жүктеу 4,42 Mb.
бет128/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Кесте 18- Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мен даму кезеңдері


Кезең



Мұғалім типі



Тұжырымдама, оның авторы



Формасы

Инновац.

Кәсіби

І

1.1

Жас маман

Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы (М.А.Құдайқұлов, С.И.Архангельский, В.А.Сластенин,
Н.Д.Хмель, Г.К.Ахметова)

Танымдық- педагогикалық тәжірибе

1.2

Тәжірибелі мұғалім

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру тұжырымдамасы (А.М.Гельмонт, Н.В.Кузьмина,
Н.В.Кухарев, Г.И.Горская, П.В.Худоминский)

Әдістемелік кеңес, семинар, курстар (кәсіби
педагогикалық тәжірибе)

ІІ

2.1

Озат
тәжірибелі мұғалім

Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды
ұйымдастыру тұжырымдамасы (Я.С.Бенцион, Е.С.Березняк,
Л.И.Гусев, Х.И.Лийметс, Б.А.Әлмұхамбетов, Н.А.Әбишев)

Ғылыми-
практикалық семинар,
конференция, озат тәжірибе)

2.2

Шығарма- шыл мұғалім

Педагогикалық шығармашылық тұжырымдамасы (Н.Д.Никандров,
М.Н.Скаткин, В.И.Загвязинский, Я.С.Турбовской, Б.А. Тұрғынбаева)

Озат педагогика мектебі
(шығармашылық тәжірибе)

ІІІ

3.1

Жаңашыл мұғалім

Жаңашыл тәжірибені жинақтау тұжырымдамасы (Ю.К.Бабанский,
В.И.Журавлев, В.Ф. Шаталов)

Авторлық мектеп (жаңашылдық
тәжірибе)

3.2

Мұғалім- инноватор

Инновациялық білім беру тұжырымдамасы (В.А.Сластенин,
Л.С.Подымова, Н.Р.Юсуфбекова, Н.Ш.Чинкина, Ш.Х.Курманалина)

Авторлық мектеп (инновациялық тәжірибе)

3.3

Мұғалім- зерттеуші

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы (Н.Д.Хмель, Н.В.Кузьмина,
З.А.Исаева, Ш.Т.Таубаева)

Мектеп-зертхана (ғылыми тәжірибе)

3.4

Жаңа тұрпатты
мұғалім-

Жаңа тұрпатты мұғалімнің тұжырымдамасы (М.Н. Сарыбеков
және т.б.)

Ғылыми мектеп (ғылыми тәжірибе)




3.5

Креативті педагог

Креативті мұғалім тұжырымдамасы (К.Д.Бузаубакова және т.б.)

Деңгейлік курстар (кәсіби
педагогикалық тәжірибе)

54-суретте ғалым Ш.Т.Таубаеваның зерттеуіне сүйене отырып, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлық компоненттері көрсетілді.


Біртұтас




педаго-

гикалық



Сурет-54. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының


компоненттері


МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ




Мұғалімдер типі (инновациялық даярлық дәрежесіне сәйкес)


Педагогикалық іс-әрекет







Креативті мұғалім










Зерттеуші мұғалім










Мұғалім-инноватор









Жаңашыл мұғалім









Шығармашыл мұғалім









Озат тәжірибелі мұғалім









Тәжірибелі маман









Жас маман








ғылыми ізденушілік









ғылыми зерттеушілік









технологиялық








инновациялық

шығармашылық









әдістемелік










кәсіби










педагогикалық











Ғылыми-зерттеу жұмысы




Біртұтас педагогикалық процесс




Әлемдік бәсекеге қабілетті креативті педагог



Сурет-55. Мұғалімнің инновациялық даярлығы мен инновациялық іс-әрекеті арасындағы өзара байланысы


Мұғалімнің инновациялық даярлығы 2 құраушыдан тұрады: біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыруға, жүргізуге педагогикалық даярлық (ПД); біртұтас педагогикалық процестегі ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге кәсіби даярлық (КД).
Мұғалімнің инновациялық дидактикалық іс-әрекеті жалпы әрекеттің реттілігімен, нақтылығымен сипатталады. Педагогтың инновациялық- дидактикалық іс-әрекетке қатысуы мұғалімнің жаңалыққа деген көзқарасы, педагогикалық біліктілік деңгейі, жеке педагогикалық іс-тәжірибесі, мұғалімнің теориялық педагогикалық дайындық деңгейлерімен сипатталады.
Инновациялық дидактикалық іс-әрекет мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы ретінде қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет деп оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге қатысты жаңалықты іздеу, меңгеру, құрастыру, жүзеге асыру, пайдалану, қолдану сияқты әрекеттерді айтады.
Ал мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың вариативті құраушы төмендегідей 6 бөлікті қамтиды:

  • Біртұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің әдістемелік іс-әрекетке даярлығы (ӘӘ);

  • Біртұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің шығармашылық іс- әрекетке даярлығы (ШӘ);

  • Біртұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің инновациялық іс- әрекетке даярлығы (ИӘ);

  • Біртұтас педагогикалық процестегі ғылыми жұмыстарды жүргізу барысындағы мұғалімнің инновациялық ғылыми-ізденушілік іс-әрекетке даярлығы (ИҒІӘ);

  • Біртұтас педагогикалық процестегі мұғалімнің инновациялық технологиялық іс-әрекетке даярлығы (ИТӘ);

  • Біртұтас педагогикалық процестегі ғылыми жұмыстарды жүргізу барысындағы мұғалімнің инновациялық ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке даярлығы (ИҒЗӘ).

Ғалым К.Д.Бузаубакова мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының дәрежесіне сәйкес мұғалімдердің төмендегідей 8 типтерін ажыратады: жас маман; тәжірибелі маман; озат тәжірибелі мұғалім; шығармашыл мұғалім; жаңашыл мұғалім; ізденуші мұғалім; зерттеуші мұғалім; креативті мұғалім (56-сурет).
Жас маман – педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім.
Тәжірибелі маман – педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім.
Озат тәжірибелі мұғалім – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім.
Шығармашыл мұғалім – өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім.
Жаңашыл мұғалім – шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім.
Ізденуші мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ұсынатын жаңашыл мұғалім.
Зерттеуші мұғалім – өзінің ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, басқа аудан (қала), облыс деңгейінде, республика көлемінде қандай деңгейде, қалай өтуіне байланысты тікелей зерттеу жүргізетін, нәтижесін сараптай алатын, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын жаңашыл мұғалім.



Сурет-56. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының дәрежесіне сәйкес мұғалімдердің типтері ( К.Д.Бузаубакова бойынша)


Креативті мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім.
Қазіргі қоғам талабына сәйкес Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында оқушыларға әлемдік бәсекеге қабілетті білім беретін іскер, шебер, талантты, креативті мұғалім қажет болады.
Креативті мұғалім – философия, педагогика, психология ғылымдарының негізін, әдіснамасын терең меңгерген, қоғамдағы, білім беру саласындағы болып жатқан инновациялық өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыратын, өзіндік көзқарасы, белсенділігі қалыптасқан озат, шығармашыл, жаңашыл, зерттеуші мұғалім.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетті атқару даярлығына қатысты төмендегідей түрлері айқындалады:

  1. педагогикалық іс-әрекет;

  2. кәсіби іс-әрекет;

  3. әдістемелік іс-әрекет;

  4. шығармашылық іс-әрекет;

  5. инновациялық іс-әрекет;

  6. технологиялық іс-әрекет;

  7. ғылыми зерттеушілік іс-әрекет;

  8. ғылыми ізденушілік іс-әрекет.

Инновациялық даярлығы қалыптасқан креативті мұғалім педагогикалық іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан қарап, оны әдістемелік жағынан түрлендіріп, өзінің шығармашылығы арқасында инновациялық деңгейге көтеріп, технологиялық операцияларды жүйелеп, педагогикалық іс-әрекеттің жетістіктері мен кемшіл тұстарын зерттеп, себептерін ашып, өзінің іс-тәжірибесінен шыққан технологияны ғылыми жағынан негіздеп, ғылыми ізденушілік іс-әрекет атқарады.
Мамандықты жетілдіру үш бағытта жүргізіледі: тәжірибесі аз мұғалімдер

  • жас мұғалімдерге жекелей, топтық көмек көрсету және әдістемелік жеке тапсырмаларды орындауға тарту жұмыстарын жүргізетін «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысын ұйымдастыру; педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге баулу жұмыстарын жүргізу, ол үшін пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын күшейту; оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру, инновациялық тәжірибені насихаттау және тарату. Әдістемелік жұмыс басқарушылық жүйенің құрамды бөлігі болып табылады.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау