Түзету принципі. Кез-келген адам өзінің практикалық әрекетінде қате жібермеуден сақтанбағандықтан, қандай да бір себептерге байланыссыз
(қателердің саны, уақыты және жіберген жері, т.б.) мұқиятты түрде психологиялық мазасыздануды және жағымсыз эмоцияларды түсіре отырып, кәсіби сөйлесу арқылы өзара түсіністікпен өзінің қатесін түзетуі қажет.
Қызметкерлерді бағалау. Қызметкерлерді бағалау олардың лауазымға сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылады және үш әдіс арқылы жасалады:
Жұмысшының ішкі әлеуетін бағалау. Жұмысшының ішкі әлеуеті – бұл жұмысшының кәсіби білімі, өндірістік тәжірибесі, іскерлік және рухани қасиеттері, тұлға психологиясы, денсаулық және жұмысқа қабілеттілігі, жалпы мәдениет деңгейі.
Жеке үлесті бағалау. Жұмысшының белгілі еңбегінің сапасын, күрделілігін, нәтижелілігін арайы әдіспен тексеру.
Кадрлар аттестациясы. Бұл ішкі әлеует және жеке үлесті ескеру.
Басқару принципі – қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже, қағида.
Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі:
Мұғалімге ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу. Мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынасты ұстау.
Жұмыс күні біткенге дейін мұғалімге ешқандай ескертулер жасамау, әсіресе сабақ барысында.
Сабаққа қатысқанда мұғалімнің жетістіктері мен жеберген кемшіліктеріне әділ баға беру.
Сабақты талдағанда ұдайы сабақтың жетістігінен, мұғалімнің қол жеткен табыстарынан бастау.
Ең алдымен мұғалімнің жетістігін айтып, соңында жеберген кемшіліктерді көрсету.
Сабақты талдағанда, мұғалімнің жұмысына баға бергенде мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерін (мінез-құлқын, қабілеттерін) ескеру.
Сіздің айтар сөзіңіздің мұғалім жүрегіне қалай әсер ететінін алдын- ала болжай алу.
Мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру.
Мұғалімді толық, сөзінің соңына дейін тыңдап алуға тырысу.
Қандай жағдайда да сабырлық, төзімділік сақтау.
Өзінің жеке басының үлгісі арқылы мұғалімді жауапкершілікке, іскерлікке үйрету.
Берген сөзіңде тұру, уәдеңді орындау, әділ болу.
Достарыңызбен бөлісу: |