Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет63/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

мысал. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы

болып табылатын терминдерді жазып көрсетіңіздер. Сканер, мо- дем, кэш-жады, пернетақта, тышқан, принтер, монитор, винче- стер, стример, трекбол, джойстик, компьютерлік технологиялар, тасымалдаушы, жедел жады, факс-модем, контроллер, микропро- цессор, жүйелік шина, аналық плата, қоректендіру блогы.
Оқушылар терминдерді жазып біткеннен кейін бірін-бірі бақылай алады, олар өзара дəптерлерін алмастыра отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді. Мұғалім бекіткен норма бойынша жұмыстарын да өздері бағалайды. Оқушыларға үй тапсырмасына осы терминдер бо- йынша əңгіме, тақпақ немесе ертегі құрап келуге тапсырма беруге бо- лады. Мұндай жұмыстарды шығармашылық сипаттағы жұмыстарға жатқызуға болады. Оқушылардың осындай жұмыстарды орындау нəтижесінде жеке тұлғалық қасиеттерін байқауға болады.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды белсенді ойлау іс-əрекетіне жетелеу жəне шығармалығын дамыту. Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай ала- ды, ал мұғалім əр оқушының жұмысын бағалай алады. Сонымен қатар оқушыларды тек қана кроссвордтарды шешуге ғана емес, өз беттерінше кроссвордтар құрастыра білуге де үйрету қажет. Кросс- вордтар құрғанда ескерілетін жайттарды оқушыларға мұғалім ал- дын ала түсіндіргені жөн.
А. М. Горький: «Ойын – балалардың əлемді тану жолы» деп айтқан. Дидактикалық ойындарға алдын-ала мақсат қойылады, оған сөзжұмбақта жатады. Бұл ойындар оқу материалын тез түсінуге, өткен тақырыпты тексеруге көмектеседі. Сөзжұмбақ оқушының ой-өрісін дамытады. Сөзжұмбақ оқу материалын қайталауда жəне білімді тексеруде ең қолайлы ойын түрі болып табылады. Оны сабақтың əр кезеңінде қолдануға болады. Оны жаңа сабақты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекітуде, үй жұмысын тексергенде жəне оқу материалын қайталауда да қолдануға болады [57].
Сөзжұмбақтың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

    1. Сөзжұмбақ – жұмбақ

    2. Чайнворд немесе лабиринт

    1. Сөзжұмбақ-баспалдақ

    2. Сөзжұмбақ-пирамида

    3. Сөзжұмбақ-басқатырғыш

Енді осылардың əрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.

  1. Сөзжұмбақ жұмбақ. Оларды шешу үшін жолда жасырылған екі сөзді табу керек. Бірінші сөздің соңғы əрібі келесі сөздің бірінші əрібі болады.

  2. Чайнворд немесе лабиринт. Толтырудың негізгі ережесі

соңғы əріп келесі сөздің бірінші əрпі болады.

  1. Сөзжұмбақ баспалдақ. Бұл сөзжұмбақта барлық сөздер бірдей əріптен басталады немесе бітеді.

  2. Сөзжұмбақ пирамида. Барлық сөзді таба отырып шыңына шығу керек.

  3. Сөзжұмбақ басқатырғыш. Сөздерді тігінен жəне көл- денеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Əр топқа кроссворд беріледі.
Кроссвордтың тапсырмалары əр топқа əр түрлі етіп таратылады.





5







4







1











































2












































жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау